Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Жангелдин ауданы



Дата21.02.2023
өлшемі29.5 Kb.
#469851
Күлдір пікір


Қостанай облысы әкімдігі білім
басқармасының Жангелдин ауданы
білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин
атындағы жалпы білім мектебі»КММсі
Жоғары санат Зерттеуші педагог
санатына өтуші бастауыш сынып мұғалімі

Бекентай Күлдір Ескедірқызына


Әріптестік пікір


Күлдір Ескендірқызы Ыбырай Алтынсарин мектебінде 2007 жылдан бері қызмет етіп келеді. Күлдір өз оқушыларына үлкен сүйіспеншілікпен қарайды. Өткізген әрбір сабағына өте ыждахаттылықпен дайындалып ,үнемі ойын , әдіс тәсілдермен өткізеді. Бастауыш сыныптар қауымдастығының мүшесі , үнемі математикалық олимпиадаларды әділқазы болып іс тәжірибесінде үлкен жұмыстар өте көп. Жеке авторлық бағдарламасы , оқушысы қорғаған ғылыми жұмыстары бас жүлде алып аудан абыройын асқақтатты. Күлдір өткізген математика апталығы өз әріптестері арасында үлкен беделге ие. Әр күнгі жұмыстық тақырыбы мен бағдарламасына асқан жауапкершілікпен қарап өте қызықты өтуіне атсалысады. Оқушылары Күлдір Ескендірқызын өз анасындай көріп ерекше сезіммен қарайды, әр қайсысының күнделікті күн тәртібінің қалай сақталып , сыныпқа келіп есеп беруі ,оқушыларының болашақтағы өмірлеріне қандай көзқараспен қарайтынына іргетас қалап жүргені екенін білуге болады.. Көптеген олимпиадалар мен білім байқауларынан жүлделі бірінші орындарды иеленген шәкірттері және ата аналары үнемі зор алғысын білдіріп жүреді.


Күлдір пайдаланатын білім платформалары мектебіміздегі білім сапасының артуына көп ықпалын тигізіп ,іс тәжірибесінің таратылуы мектеп беделін өсіріп отыр. Білім негізі- бастауышта -,деген қағиданы мықты ұстайтын Күлдір Ескендірқызы әр шәкіртінің даму мониторингісін күнделікті жасап ,бәсекеге қабілетті шәкірт дайындауда өте іскер ,шебер педагог деп айта аламын.Әліппемен қоштасу ертеңгіліктерін әр түрлі бағдарламамен өткізіп ,одан алған мың алғысы шәкірт алдындағы ұстаз беделінің жоғары екенін көрсетті. Қаншама жылдар бойы жоғары сыныпқа барған шәкірттерінің әр алғысын ұстаз өзіне зор мәртебе тұтады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет