Қостанай облысы таран ауданының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған жоспары таран, 2015 жыл мазмұНЫ



жүктеу 1.25 Mb.
бет1/7
Дата23.02.2016
өлшемі1.25 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

Мәслихаттың 2015 жылғы

24 желтоқсандағы № 325 шешіміне

қосымша



ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ

ТАРАН АУДАНЫНЫҢ

АУМАҒЫН ДАМЫТУДЫҢ

2016-2020 ЖЫЛДАРҒА

АРНАЛҒАН ЖОСПАРЫ

Таран, 2015 жыл

МАЗМҰНЫ

  1. Бағдарлама паспорты (негізгі сипаттамалар)……




3

  1. Ағымды жағдайды талдау………………………………




9

2.1. Таран ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау


9

      1. Аудан экономикасын талдау …………………………………………




9

      1. Ауданның әлеуметтік саласын талдау……………………………..




19

      1. Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті талдау ……………………………………………………..




30

      1. Инфраструктураны талдау …………………………………………..




31

      1. Экология мен жер ресурстарын талдау ………………………….




36

      1. Мемлекеттік көрсетілген қызметтерді талдау ………………………




37

2.2. Негізгі мәселелер, тәуекелдер, тежеушілік факторлар, бәсекелестік басымдылықтың және қысқаша мерзімді болашақта аумақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіндігінің кешенді сипаттамасы ……………………………..


39

3. Оларға қол жеткізудегі негізгі бағыттар, мақсаттар нысаналы индикаторлар ……………………………………………………………


40

  1. Қажетті ресурстар……………………………………..

58


  1. Бағдарлама паспорты


Атауы

Қостанай облысы Таран ауданының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

«Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығы.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы»


Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы.


Ауданның негізгі сипаттамасы

Таран ауданы 1936 жылы 29 шілдеде құрылған, облыс орталығының батыс бағытында, Зауралья, Батыс Сібір және Орталық Қазақстан қиылыстарында орналасқан. Аудан Ресей Федерациясы және облысымыздың бес ауданымен шектеседі (Федоров, Қостанай, Әулиекөл, Қамысты және Денисов).

Аудан орталығы – Таран селосы, 1903 жылы құрылған, Аят өзенінің оң жағалауында орналасқан.

Ауданның құрамына 3 село, 1 кент және 9 селолық округтер мен 42 ауылдық елді мекен кіреді.

Аудан аумағында отыздан астам ұлт және халықтық ұлыстар тұрады. 2014 жылғы 1 қаңтарға қарасты жағдай бойынша аудан тұрғындары 27388 адамды құрады, Аудан орталығы – Таран ауылы, тірек ауылдар - Асенкритовка және Новоильиновка. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша 10 ауыл дамудың жоғарғы потенциалына, 19 – орта және 13 ауыл төменгі потенциалына жатады. Тобыл кенті, Таран, Баталы, Қызыл-Жар және Приреченское аулдары өте тығыз қоныстанған, ең кем қоныстанған - Достияр, Жамбаскөл, Нелюбинка , олардағы халық тығыздығы бір шаршы шақырымға 0,06-дан 0,22 адамды құрайды.

Бағыттар

Экономика

Әлеуметтік сала

Қоғамдық қауіпсіздігі және құқық тәртіп

Инфрақұрылым

Экология және жер ресурстары

Мемлекеттік қызметтер



Бағдарлама мақсаттары

1. Өңдеу өнеркәсібінің көлемін және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

2. Ішкі нарықтың қажеттілігін жабу және экспорттық қорларды қалыптастыру үшін агро өнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігінің өсуі.

Еттің экспорттық әлеуетін арттыру.

3. Ішкі сауданы даму есебінен ауданның экономикалық шамасын арттыру.

4. Ауданның әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік және жеке серіктестіктердің тиімді қарым-қатынасы үшін жағдай жасау.

5. Инвестициялық салымдарды тарту арқылы аудан экономикасының тепе-тең және тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Кәсіпорындар мен ұйымдардың инновация саласындағы белсенділік деңгейін арттыру.

6. Табиғи-математикалық пәндерді оқыту барысында тәжірибелік және техникалық бағыттарды күшейту. Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру.

7. Әлеуметтік маңызы бар аурулардың санын азайту. Халықтың денсаулығын нығайту.

8. Аз қамтылған азаматтарды тиімді жұмыспен қамтуға қол жеткізу. Азаматтарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру.

9. Отандық мәдениетті сақтау, көпшілікке тарату және насихаттау.

10. Дене тәрбиесiмен және спортпен жаппай айналысу, спорт резервiн сапалы әзiрлеу және жоғары класстық спортшылар үшiн жағдай жасау

11. Саяхаттау саласын дамытуға жағдай жасау.

12. Ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде үштілділікті дамыту. Тілдің алуан түрлігін сақтау.

13. Көшелер мен басқа қоғамдық орындарда құқық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін дамыту. Жол – көлігінің апатты оқиғасынан және олардың салдарынан жол қозғалысына қатысу азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау деңгейін арттыру.

14. Жұмылдыру дайындығын, азаматтық және аумақтық қорғаныс жүйесін дамыту және жетілдіру, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру.

15. Телекоммуникациялық жүйелерді даму.

16. Құрылыс көлемін, оның ішінде тұрғын үй құрылысы көлемін арттыру.

17. Мүгедектердің әлеуметтік объектерге қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау.

18. Автомобиль жолдарының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Жолаушылар көлігінің қатынасымен қамтылған елді мекендердің санын арттыру.

19. Халықтың жайлы өмірін қамтамасыз ету және коммуналдық инфрақұрылымның жағдайын жақсарту.

20. Өңірдің экожүйесін сақтау және қайта құру бойынша жағдайды қалыптастыру

21. Орманды алқаптар телімдерін азайтуға жол бермеу.

22. Ауылшаруашылығын жүргізу үшін тағайындалған жерлерді орынды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.

23. Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар өткізуге инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдай жасау.



24. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын бюрократизм көрністері мен құқықбұзушылықты болдырмау. Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру.

Нысаналы

индикаторлар

  1. Өңдеу өнеркәсіп өнімдерін шығарудың физикалық көлемінің индексі

  2. Ауданның өнеркәсіп өндірісі құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі.

  3. Ауыл шаруашылық өнімнің (қызметтің) жалпы шығу физикалық көлемінің индексі

  4. Өсімдік шаруашылық өнімнің (қызметтің) жалпы шығу физикалық көлемінің индексі

  5. Мал шаруашылық өнімнің (қызметтің) жалпы шығу физикалық көлемінің индексі

  6. Біріккен шаруашылықтардағы ірі қара мал мен ұсақ қара малдар басының үлесі.

  7. Асыл тұқымдық қайта құруға қатысатын ірі қара мал мен ұсақ қара малдар басының үлесі.

  8. Тіркелген кәсіпкерліктің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрған орташа және шағын кәсіпкерлік субъектерінің үлесі.

  9. Бөлшек сауда физикалық көлемінің индексі.

  10. Мемлекеттік-жеке серіктестік механизмі арқылы жобаларды жүзеге асыру.

  11. Адам басына шаққандағы негізгі капиталға инвестициялар өсімінің қарқыны.

  12. Негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялар үлесі.

  13. Шикізат емес сектордың негізгі капиталына 2015 жылға инвестициялардың өсуі (мемлекеттік бюджеттен инвестицияларды қоспағанда)

  14. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санынан инновациялық-белсенді кәсіпорындар үлесі.

  15. Инновациялық өнім өндірісі көлемінің өсуі.

  16. Мектеп түлектері арасында табиғи-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша білім беру бағдарламаларын табысты (үздік/жақсы) игерген оқушылар үлесі

  17. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан инклюзивтік біліммен қамтылған балалар.

  18. Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту, оның ішінде жеке мектепке дейінгі ұымдар желісін дамыту арқасында

  19. 100 мың тірі туғандарға қатысты ана өлімін азайту

  20. 1000 тірі туылғандарға қатысты бала өлімін азайту

  21. 100 мың халыққа қатерлі ісіктен қайтыс болуды азайту.

  22. Адамның иммунотапшылық вирусының 15-49 жас топтарында 0,2-0,6% шегінде тараушылығы.

  23. Тіркелген жұмыссыздық деңгейі

  24. Құрылған жұмыс орындарының саны

  25. Жұмыспен қамтуға көмекке жүгінген жұмысқа қабілетті жастағы жұмысқа орналастырылған мүгедектер саны

  26. Жұмысқа орналасу мәселелері бойынша жүгінген адамдар санынан жұмысқа орналастырылғандар үлесі

  27. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар санынан жұмысқа қабілеттілер үлесі

  28. Табыстары кедейшілік деңгейінен төмен тұрғындар үлесі ( күнкөріс деңгейінен 40%)

  29. Мәдениет ұйымдарына (кітапханалар, концерттік ұйымдар, клубтар) келушілердің (барғандардың) 1000 адамға шаққандағы орташа саны

  30. Дене тәрбиесі және спортпен айналысатын азаматтарды қамту

  31. Балалар мен жасөспірімдердің жалпы санынан балалар-жасөспірімдер мектептерінде, спорт клубтарында дене тәрбиесі және спортпен айналысатын 7-ден 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерді қамту

  32. Ішкі туризм бойынша (резиденттер), орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілердің өткен жылмен салыстырғандағы санының артуы

  33. Сыртқы туризм бойынша (резиденттер емес), орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілердің өткен жылмен салыстырғандағы санының артуы

  34. Өткен жылмен салыстырғандағы берілген тәуліктік кереует санының артуы

  35. Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі

  36. Ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі

  37. Үш тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі (мемлекеттік, орыс, ағылшын)

  38. Көшеде жасалған қылмыстардың үлес салмағы

  39. Жол-көліктік оқиғаларда жасалған қылмыстардығ 100 жапа шеккендерге шаққандағы үлес саны

  40. Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың үлес саны

  41. Бұрын қылмыс жасағандардың жасаған қылмыстарының үлес саны

  42. Есірткі қылмысының жалпы санынан есірткі сатуға байланысты қылмыс үлесінің төмендеуі

  43. Тіркелген жалпы қылмыстық қылмыстардың жалпы санынан есірткі қылмысы үлесінің төмендеуі

  44. Есірткі қылмысы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдар санының артуы

  45. Төтенше жағдайға қарсы инфрақұрылымдармен қамтамассыздықтың деңгейі

  46. Тіркелген телефон желілерінің 100 тұрғынға шаққандағы жиілігі

  47. Ғаламтор пайдаланушылар үлесі

  48. Құрылыс жұмыстарының физикалық көлемінің индексі

  49. Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттарының жалпы ауданы

  50. Мүгелектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылмдар объектерінің паспортталған әлеуметтік, көліктік инфрақұрылым объектерінің жалпы санынан үлесі

  51. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдаға облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі

  52. Жолаушылар автокөліктік қатынасымен қамтылмаған елді мекендердің үлесі

  53. Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминимум объектері үлесінің төмендеуі

  54. Ауылдық елді мекендердің орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге, су келтіруге қол жеткізулері

  55. Жылу-, газ-, электр қуатымен қамтамасыз етудің жлпы ұзындығынан жетілдірілген желілердің үлесі

  56. Жылу-, газ-, электр қуатымен қамтамасыз етудің жетілдірілген желілерінің ұзындығы

  57. Қатты тұрмыстық қалдықтардың олардың пайда болуына қатысты кәдеге жаратылу үлесі

  58. Аудан тұрғындарын қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша қызметпен қамту

  59. Экологиялық талаптарға және санитарлық нормаларға сай келетін қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру объектерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан)

  60. Стационарлық көздерден шыққан лас заттардың атмосфераға шығарылуы

  61. Мемлекеттік орман қорының аумағындағы орман алқабы алып жатқан ауданы

  62. Мемлекеттік орман қорының аумағындағы бір орман өртінің орташа ауданы

  63. Елді мекендерді көгалдандыру (көшеттер)

  64. Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін бөлінген жерлердің ауылшаруашылық айналымына тартылған жерлер үлесінің артуы

  65. «Алюминий Казахстана» КБРУ АҚ филиалының жер қойнауын пайдалану мұқтаждары үшін жерлерді сақтық қорда сақтау

  66. «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылардың үлесін арттыру

  67. «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылардың үлесін арттыру

  68. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылу санын азайту

  69. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер сапасына түскен шағымдар санын азайту

Қаржыландыру көздері және мөлшерлері

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың жеке қаражаты, заем қаражаттары

Қаржыландыру көлемдері:

2016 жылы – 6307,4 млн. теңге

2017 жылы – 6422,3 млн. теңге

2018 жылы – 6599 млн. теңге

2019 жылы – 6701,2 млн. теңге



2020 жылы – 6903,3 млн. теңге

Барлығы: – 32933,2 млн. теңге



2. АҒЫМДЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

2.1. Таран ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау

2.1.1 Аудан экономикасының талдауы

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өнімдерін өндірумен ауданда бір ірі кәсіпорын екі орта, төрт шағын кәсіпорын айналысады. Бұл сала аудан экономикасы дамуының және аудан бюджетін қалыптастырудың негізгі бағыты болып табылады, оның бюджет құрылымындағы үлесі 40 % құрайды.


2010-2014 жылдар ішіндегі өнеркәсіп өнімдерін

өндіру көлемінің динамикасы, млн. теңге


2010 жылмен салыстырғанда 2014 жылы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 34% немесе 7 млрд. теңгеге артқанына қарамастан, 2013 жылдан өнімдер өндіру қарқынының төмендеуі байқалады. Фкөлем индексі 108,5%-дан 85,2%-дейін төмендеді. Бұл факт «Варваринское» АҚ алтын өңдеу зауытындағы өндіріс көлемінің қысқаруына байланысты.
Мыс концентратының өндірісі, Доре қоспасының өндірісі, кг

мың тонна

Мыс концентратын өндірудің қысқаруына мыс кенін өндіру көлемінің қысаруы және алтынды кенде алтынның аз болуы себап болды.

2012 жылмен салыстырғанда 2014 жылы мыс кенін өңдеу 12% немесе 72 мың тоннаға төмендеді, өңделетін кендегі алтын қоспасы 8% төмендеді.

Сонымен қатар, кен өндіру 10,4% артты, алтынды кенді өңлеу көлемі 61% өсті.

2015 жылдың 11 айы ішінде кәсіпорында өнеркәсіп өнімінің көлемі 33,5% төмендеді. 2176,8 кг Доре қорытындысы мен 5,1 тыс. тонна мыс концентраты өндірілді. 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қорытынды өндірісі 23,7%, мыс концентраты 68% төмендеді.

Өндірістік көрсеткіштің көлемін сақтап қалу үшін алтын өңдеуші кәсіпорнында кен өңдеу үшін Баталы бекеті – «Варваринское» бекеті темір жолымен тасымалданатын сырттағы кен орындары пайдаланылады, темір жолы 2015 жылы енгізілді.

Орта өнеркәсіп кәсіпорнына «Тобыл» МКК мен «Тобыл локомотивтік сервистік орталығы» АҚ жатады.



«Тобыл» МКК-де өндіріс көлемі



«Тобыл ЛСО» АҚ-та өндіріс көлемі


2011 жылмен салыстырғанда «Тобыл» МКК-де су өндірісінің (?) 9,5% өсуіне байланысты өндіріс көлемі 40,7% немесе 44 млн. теңгеге артты. Тобыл кентінде газ өткізуге байланысты жылу энергиясын тұтынушылар саны төмендеді, сондықтан шығарылған Гкалорий мөлшері 10,4% қысқарды.

2015 жылдың 11 айы ішінде кәсіпорын 159,9 млн.теңге өндірді, бұл 2014 жылдың тиісті кезеңінен 24% артты.

«Тобыл ЛСО» АҚ ТО-2 циклі бойынша локомотивтерге техникалық қызмет көрсетумен айналысады, Қостанай ЛСО жабылуына байланысты 2015 жылғы қазан айынан бастап ТЭМ-2 сериялы локомотивтерге ТО-3 циклі бойынша қызмет көрсете бастады.

2015 жылдың 11 айы ішінде кәсіпорын 162,2 млн. теңгеге қызмет көрстті, бұл 2014 жылдың деңгейінен 31% төмен. Көлемнің қысқаруы Қостанай жол бөлімшесі бойынша тасымалдаудың жалпы көлемі 30 % төмендеуге және Тобыл бекетінен локомотивтерді жөнелтудің төмендеуіне байланысты. Тобыл бекетіне Астана бекетінен келетін 10-15 электровоздардан ТО-2 орташа 5-7 электровоз кіреді.

Шағын кәсіпорындарға «Тарандық» МКК, «Казинтерфуд» ЖШС, «Жарас» ЖШС жатады. 2014 жыл ішінде олар 117,3 млн. теңгеге өнім шығарды, бұл 2011 жылдың деңгейінен 29% артық.

2015 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде құны 485,3 млн. теңге, жылдық қуаттылығы 552 мың м3 ұсақ тас зауытының ұсақтау-сұрыптау кешенінің құрылысы жүргізілді.

Жобаның бастамашысы «Первомайский Щебзавод» ЖШС болды. Кәсіпорынның меншікті қаражаты 285 млн. теңгені құрады, 200 млн. теңге сомасындағы қарыз қаражаттары Бизнестің жол картасы арқылы қаржыландырылды.

Кешеннің қуаттылығы сағатына 200 тоннаға жетеді, күніне 780 м3 түрлі фракциядаға ұсақ тастар шығарылады.

Кәсіпорын 44 жаңа жұмыс орнын құрды, 90 мың м3 ұсақ тас шығарды. Өнім Лисаковск темір бетон бұйымдары зауытына, «БК Строй» ЖШС, «ВАН» ЖШС, «Кардинал» ЖШС-на тиеліп жіберіледі.

Ағымдағы жылдың 11 айы ішінде кәсіпорын 230,5 млн. теңгеге 188,3 м3 ұсақ тас шығарды.

Сала құрылымының өзгеруінде оң беталысын атап өткен жөн.

Егер 2013 жылы тау-кен қазушы саласының көлемі айтарлықтай өсіп, өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемінен 63% дейін жетсе, 2015 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша оның үлесі 10%-ға дейін төмендеп кетті.

Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 15 млрд. теңгеге жетті, өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемінен салыстырмалы салмағы 89% құрады.
Күшті жақтары

- өндірістік қуаттылқтардың пайдаланылмаған қорларының барлығы;

- минералды – шикізат ресурстарының барлығы.

Әлсіз жақтары:

- өнеркәсіптің шикізаттық бағыты;

- ғылымды көп қажетсінетін технологияларды енгізу деңгейінің төмендігі;

- инвестициялық ресурстардың тапшылығы;

- облыстың басқа аудандарында осындай өнім шығарушылар тарапынан бәсекелестік туындау.

Қауіп - қатерлаер

- аудан экономикасының шикізатқа тәуелділігінің өсуі;

- таукен өндіру сеторының өнімдеріне бағаның төмендеп кет мүмкіншіліктері

Мүмкіндіктер

- ауданның, мультикөліктік торап ретінде РФ шекарасында гоеэкономикалық қолайлы орналасуы;

- таукен өндіру саласындағы белгілеген инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда аудан экономикасы даму потенциалының артуы.




Аграрлық-өнеркәсіп кешені

Ауыл шаруашылығы саласы аудан материалдық өндірісінің екінші жетекші саласы болып табылады.

Ауыл шаруашылық өнімінің жалпы шығарылымы 2010 жылы 8 млрд. теңгеге артық, бұл 2014 жыллы 10,5 млрд. дейін артық.

2015 жылдың 11 айында осы көрсеткіш 10,4 млрд. теңге көлемінде құрылды, физикалық көлемінің индексі 109% тең.


Өсімдік шаруашылығы

2015 жылы жаздық егіс 182 мың гектар аумағында себілді, 2011 жылдың деңгейіне 97% .

Ауылшаруашылық дақылдарын әртараптандыру мақсатында 2011 жылдың деңгейімен салыстырғанда май дақылдарының ауданы 3 есе, жемшөп дақылдарының ауданы 12%-ға, көкөністер, бақша өнімдері және тамыр жемістілер ауданы 11%-ға артты. Бидайдың егіс ауданы 2011 жылы 126,2 мың га болса, 2015 жылы 98,2 мың га дейін төмендеді.
Ауылшаруашылық дақылдарын әртараптандыру


А/ш дақылдары

Жазғы егісте салыстырмалы салмақ,%

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

Бидай

67,3

64

67

49

54

Май дақылдары

5,2

4,9

8,3

11,7

16,5

Жемшөп

13

11

10

13,9

15

Көкөністер, бақша өнімдері, тамыр жемістілер

0,5

0,5

0,6

0,5

0,6

Дәнді дақылдар шығымдылығы 2011 жылмен салыстырғанда 2011 жылғы 18,9 ц/га-дан 2015 жылы 11 ц/га төмендеді.

Майлы дақылдар шығымдылығы 2011 жылғы 6,7 ц/га 2015 жылы 8,2 ц/га дейін өсті,

Дәнді және дәнді –бұршақты дақылдар шығымдылығы, ц/га


2015 жылы дәнді дақылдар бөлігі 72% бастап 66% дейін азайды.

Май дақылдарының егістігі керісінше, 8,4 мың га. артып, 30 мың га. жетті, бұл 2014 жылдың көрсеткішінен 39% артық(21,7 мың га.).

Мал шаруашылығының азық жемшөп қоры алқаптары 3 мың га. артты, бұл 27,4 мың га. құрады.

Астық түсімі гектарынан 11 центнерді құрап, 123,6 мың га. астық бастырылды,бидай түсімі 135,7 мың тонна, бұл өткен жылдың астық өнімінен 30% (105 мың тонна) артық.

Май дақылдарының жалпы түсімі 24,3 мың тоннаны құрады, бұл өнім шығымдылығы 8,2 ц\га. болған жағдайда.

Ауылшаруашылығы құрылымдарында көкөніс өсірумен айналысатындар үшін жемісті жыл болды, өнімділігі гектарынан 151,2 центнер жинағанда, 4,9 мың тонна картоп, шығымдылығы 241,6 ц\га. жинағанда 3 мың тонна көкөніс жиналды.

19,3 мың тонна тұқым дайындалды, 11,5 мың тоннасы бірінші классқа жатады.

2015 жылы индустрияландыру картасы аясында, ағымдағы жылы «Olzha storage» астық сақтау қоймасы пайдалануға енгізілді, жобаның құны 1,6 млрд. теңгені құрады, жобалық қуаты- 40-60 мың тонна астықты сақтау, бұл 44 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.

Элеватор, Таран, Қамысты, Жітіқара және Денисов аудандары шаруашылықтарының бидайын сақтау, кептіру және қайта өндеу бойынша қызметтерді көрсетеді. Элеватордың инфрақұрылымы сағатына 50 тоннаға дейін бидайды өткізу қабілеті бар.

Қазіргі уақытта элеваторға 6,5 мың тонна бидай сақтауға тапсырылды, соның ішінде 2,5 мың тоннасы жеке меншігінде.

Индустрияландыру картасынан тыс, қуаты 1000 тонна тамшылап суаруду қолданумен жылыжай конструкциясының құрылысын салу бойынша жоба іске қосылды. Жобаның құны 20 млн. теңгені құрады.
Мал шаруашылығы

Ауданымызда мал шаруашылығы саласын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру нәтижелі болып табылады.

2012 – 2014 жылдар бойынша «Сыбаға» бағдарламасы аясында, ауданның ауылшаруашылықтармен 1087 ірі қара мал сатып алынды, жоспар бойынша 112% құрды.

2015 жылы ауылшаруашылықтары 256 ірі қара мал сатып алды немесе жылдық жоспары бойынша 168,4% құрды.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша, жоспар бойынша 280 бастың орнына, 367 бас қой сатып алынды, соның ішінде аналық қой 350 және асыл тұқымды 17 бас қой сатып алынды.

«Ырыс» бағдарламасы бойынша, шаруа қожалықтарымен симменталь тұқымынан асыл тұқымды қашарлардың 129 басы сатып алынды.

«Жайылымдарды сумен қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша екі су ұңғымасын бұрғылап қазу жүзеге асырылды, бұл жоспарға 100% көрсеткішті құрады.

Ауылшаруашылық малдарының саны



а/ш малдары

өлшем бірлігі

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2014 ж. 2011 ж-ға қатысты, %

2014 ж. 2013 жылға қатысты, %

ІҚМ

бас

23583

20661

21642

22892

97

105,8

Қой мен ешкі




15389

11719

12692

12700

82,5

100

Жылқылар




2576

2374

2597

2704

105

104

Шошқалар




15415

10583

6395

6594

42

103

Құс

мың бас

1139,2

846,3

197,9

88,3

7,7

45

Құс басының айтарлықтай төмендеуі «Север-Птица» АҚ құс шаруашылығының өз жұмысын тоқтатуына байланысты болды.

2015 жылы аылшаруашылық мал басының өсу динамикасы байқалуда. Ірі қара малдың саны 0,9% артты (23572 бас);

қой және ешкі– 8,5% (16 189 бас);

жылқы – 6,3% (2956 бас);

шошқа – 1,7% (12540 бас);

құстар – 8,5% (175 352 бас).

Индустрияландыру картасынан тыс, құны 30 млн. теңге «Мұғалжар» тұқымы жылқыларын өсіру бойынша асыл тұқымды шаруашылығын құру жобасы іске қосылды. Шаруашылық асыл тұқымды 20 бас жас мал басын сатып алды.


Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру

Өнім атауы

өлшем бірлігі

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2014 ж. 2011 жылғы қатысты, %

2014ж. ж. 2013 жылға қатысты, %

Ет, тірі салмақ

тонна

14767,2

9894

4839

4181,6

28,3

86,4

Сүт




41666,5

17689

18804

20102

48,2

107

Жұмыртқа

Млн. дана

117,4

92,4

41,5

8,8

7,5

21,2

2015 жылғы 11 ай ішінде, 2014 жыл деңгейімен салыстырғанда еттің тірі салмағы 3,8 мың тонна немесе 105,4%, сүт 19,6 мың тонна немесе 102,7%, жұмыртқа 8,7 млн. дана немесе 109,2% өндірілді.

2015 жылы ауданымыздың мал шаруашылықтары сомасы 211,3 млрд. теңге субсидия алды, бұл өткен жыл деңгейімен салыстырғанда 3% немесе 6,1 млн. теңгеге артық.

Қайта өңдеу саласын дамыту мәселесі өте өзекті, ет және сүт өнімдерінің өсіміне қарамастан, ауданымызда тек қана 2 шұжық цехы жұмыс істейді, ал бірде- бір сүт өндіретін цех жоқ.

Нашар жемшөп базасына, мал шаруашылығының ұсақ тауарлығына, асыл тұқымды ет малы басының жеткіліксіздігіне қатысты негізгі мәселелерді шешу үшін ауданда шабындық шөп пен жайылымдарды жаңарту, азған және жапырылған жайылымдарды қалпына келтіру, егіс аумақтарының құрылымына дақылдарды енгізу және арттыру, ұсақ тауар өндірушілерді біріктіру үшін кооперативтер мен кластерлер құру бойынша жұмыстар жүргізіледі.


Асыл тұқымды мал шаруашылығы
Бес ауылшарыушылық кәсіпорны асыл тұқымды мал өсірумен айналысады. «Викторовское» ЖШС-ы қара-ала тұқымды сауын малдарын өсіреді, «Әділет-Т» ЖШС-ы – қазақи ақ бас ет бағытындағы және қара-ала сауын малдарын өсіреді, Қалиев ШҚ – молочного скота сементалды тұқымды сауын малдарын, «Трифонов» ШҚ - қазақи ақ бас ет бағытындағы және Герефорд тұқымды малдарды өсіреді, «Global beef» ЖШС-ы - қазақи ақ бас ет бағытындағы және Герефорд пен Ангус тұқымды малдарды өсіреді.

2015 жылдың басында шаруашылықтарда 6091 бас ІҚМ болды, бұл жалпы мал басынан 15,9% құрайды. 2012 жылы – 2724 бас, жалпы мал басынан 24,3%. 2015 жылдың 10 айы ішінде мал басы 4430 жетті.

Аналық мал басын жасанды ұрықтандыратын 4 аттестатталған пункт жұмыс істейді.

Ауданда мал шаруашылығын дамытуға «Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінген қаржылық қаражаттар айтарлықтай ықпал етеді.


Ветеринария

Ауданда мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі мен эпизоотикалық қолайлылықты қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдануда.

2011 жылғы 5 қаңтардан бастап, бөлек ветеринария бөлімі құрылып, жұмыс істей бастады, 2012 жылғы 20 наурыздан бастап, шаруашылық жүргізу құығындағы, 16339,1 мың теңге жарғылық қорымен ГКП «Ветеринария» МКК ұйымдастырылды.

Жергілікті атқарушы органдардың ветеринарлық қызметі 17 мал дәрігерімен қамтамасыз етілген, қажеттілігі 85% (20 мал дәрігері).

2014 жылы жұқпалы ауруға қарсы алдын алу іс-шараларына 32 222,6 мың теңге бөлінді және ветеринарлық препараттарды сақтауға 166,0 мың теңге оның ішінде республикалық бюджет қаражат есебінен бөлінді.

25 жұқпалы аурға қарсы эпизоотикаға қарсы, қан алу бойынша 39436 манипуляция және алдын алу екпелерібойынша 151131 әр түрлі іс шаралар өткізілді.

Ауданда үш мал сою пункті қызмет етеді, 3 мал сою алаңдары бар.

Инфекцияланған малды жерлеу 19 мал моласында жүзеге асырылады.

2014 жылдан бастап ауданда адам мен мал үшін жалпы ауруларды диагностикалау мақсатында 73981 бас малды бруцеллез, туберкулез, туберкулинге зерттеу жүргізілді.

600 бас қараусыз жүрген малдарды ұстау үшін 1219мың теңге жұмсалды.

2015 жыл ішінде қан алу бойынша 47923 зерттеу жүргізілді, аллергия зертеулер бойынша 45600, алдын ала егулер бойынша әр түрлі 10370 жасалды.

26 жұқпалы аурға қарсы эпизоотикаға қарсы, қан алу бойынша 47923 манипуляция және алдын алу екпелері бойынша 103700 әр түрлі іс шаралар өткізілді.

Күшті жақтары

- тұрғындар мен қайта өңдеуші кәсіпорындарды өздік шикізатпен толығынана қамтамасыз ету;

- өндірістік инфрақұрылымның барлығы :астық токтары, темір жолдары жақын элеватор;

- ірі құс өсіру шаруашылығының барлығы ;

- ірі қара мал өсіру бойынша тұқымдық шаруашылықтардың барлығы.

Нашар жақтары

- нарықтық инфрақұрылым, менеджмент пен маркетингтің нашар дамуы;

-мал азығы бағасының қымбаттығы ауданның қоғамдық және үй шаруашылықтарында мал мен құсты сойыуға мәжбір етеді;

-ауылшаруашылық құрылымдарындағы техника мен жабдықтардың тозуы.

Қауіп-қатерлер

- ауданның қауіпті егіншілік аумағында орналасуы;

- меншікті энергетикалық ресурстардың жоқтығы;

- ауданнан еңбекке жарамды тұрғындардың кетуі .

Мүмкіншіліктер

- географиялық орналасқан жерінің тиімділігі (Ресей шекарасына және өнім тұтынушы қалаларға жақындығ);

- мемлекеттің қаржылай қолдауы (көктемгі егіншілік және астық жинау жұмыстарыа субсидиялар).



Шағын және орта кәсіпкерлік
Жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпкерлік субъектілер саны соңғы бес жыл ішінде 156 бірлікке артты және 2015 жылдың 1 желтоқсанына қарасты 1076 бірлікті құрады.

Ауданында әр 1000 тұрғынға шағын және орта бизнес 44 субъект тіркелген.

Бөлшек тауар айналымы 2014 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 357 %-ға артты және 1, млрд. 538,8 млн. теңгені құрады.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы іске асыру басынан 1млрд. 005 млн. теңге сомасына 9 жобаға рұқсат берілді.

«Жаңа бизнес- бастамаларды қолдау» бірінші бағыты бойынша

Бағдарламалар – банк несиелері бойынша пайызды төлемге қаржыландыру 6 жобаға:

«Альдаир» ЖШС - лизингке 150,0 млн. теңге сомасына транспорт сатып алынды;

«Мақсұт Н» ЖШС- 114,0 млн. теңге техниканы сатып алуға;

Холостова ЖК–3,0 млн. теңге наубайхана жабдықтарын сатып алуға.

Черных ЖК 18,930 млн. теңге нан өнімдерін пісіруге бойынша цехі үшін жабдықтауды сатып алуға рұқсат берілді.

2015 жылы 2 жобаға рұқсат берілді:

«Калиев Аскар Уразбаевич» ШҚ жоба «Жаппай жүк тиегішті сатып алу», несиенің сомасы 5,5 млн. теңге;

«Первомайский Щебзавод» ЖШС жобасы «Ұсақталған тасты қайта өндеу бойынша заводты ұйымдастыру», несиенің сомасы – 200,0 млн. теңге;

«Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» екінші бағыты бойынша несиесі бар процентік ставкаға қаржыландыру:

«Сұлу» ЖШС шикі өсімдік майды (рапс, шемішке)және жомды өндіруге 490,0 млн. теңге сомасына кредит берілді.

Екінші деңгей банктерінің несие кепілдігі бойынша- жеке кәсіпкер Черных кепілдік алды.

«Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдігін төмендету» үшінші бағыты бойынша –

«Жарас» ЖШС айналым қаражатын толықтыру және қайта қаржыландыруға қаражат 24,0 млн. теңге бөлінді.

Үстіміздегі жылы екінші деңгей банктерімен 3 жоба мақұлданды:

«Шукалов»ЖШС жобасы, Набережное а. - «Техно Лизинг» ЖШС арқылы КАМАЗ самосвал 6,0 млн. теңге сомасына саып алынды;

Тютюник ЖК жобасы, Приозерное а. – жолаущыларды тасмалдау үшін автокөлік Газель сатып адуға 3,0 млн. теңге сомасы;

«ЖК Ленинское» ЖШС жобасы - «Банк Центр Кредит» АҚ арқылы ангарды сатып алуға несиені қаржыландыруға 12,0 млн. теңге бөлінді.

«Кәсіпкерлік потенциалды нығайтудың» төртінші бағыты шеңьеріндекеңестер берілді: 2014 жылы – 320, 2015 жылы – 519, өсу қарқыны 162%.

Үдемелі Индустриялды-Инновациялық даму мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 7 млрд. 362,8 млн. теңге сомасындағы 4 жоба жүзеге асырылды. 162 жұмыс орны ашылды.

Индустрияландыру картасынан тыс 2 млрд. 665,5 млн. теңге сомасындағы 11 жоба жүзеге асырылды. 158 жұмыс орны құрылды.


Негізгі капиталға инвестициялар
  1   2   3   4   5   6   7


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет