«Отан тарихының өзекті мәселелері» пәні бойынша 050114 «Тарих» мамандығының 4 курс студенттеріне арналған


«Өлкеміздегі оқу-ағарту ісінің тарихы»



бет4/7
Дата13.06.2016
өлшемі0.74 Mb.
#132164
1   2   3   4   5   6   7

«Өлкеміздегі оқу-ағарту ісінің тарихы»
Оқу-ағарту жұмысының тарихы елімізде ерте кезден бастау алған. Әсіресе, отырықшы аудандарда орта ғасырдың өзінде-ақ (VII-VIII ғасыр) көптеген мектептер мен медреселер, діни білім беретін жоғарғы оқу орындары жұмыс істеген.
19 ғ-дың бас кезінде Орта Азияда 600-дей медресе жұмыс істеген. Семей қаласында кезінде ташкенттіктер, бұхарлықтар мен татарлар салғызған Сарт мешіті, Тоқал мешіті, Ғадият мешіті болған. Хамитұлы, Мусин, Ахрам мен Тінібай мешіттері осы күнге дейін жақсы сақталған. Ал Семей губерниясына қарайтын Өскемен уезіндегі 17 болыс көшпелі қазақ елінде Ұлан, Қалба, Тарғынды, Ахмер сияқты елді мекендерде ғана медреселер болған. Медреселердің көпшілігі Кеңес өкіметінің атеистерінің кесірінен жойылып кетті.
Қазақ елінің Ресейге қосылуынан кейін, патша өкіметінің саясатын жүргізіп, қазақ даласын билеу ісінде өкімет орындарына көмектесе алатын білімді қазақ шенеуніктері жергілікті жердегі ел билеушілеріне керек болды. Сондықтан патша үкіметі амалсыздан қазақ ақсүйектері мен байларының балаларына біраз білім беріп, олар үшін орыс-қазақ мектептерін ашуға тиісті болды. Бірақ патша үкіметі қазақ даласын біліммен толық қамти алмады, қазақтардың білімді болғаны патша үкіметіне тиімді де емес еді.
Кеңес үкіметі кезінде халыққа білім беру саласында орасан зор жұмыстар жүзеге асырылды. Ең бастысы, халық ағартудың біртұтас жүйесі құрылып, мектеп жасындағы балаларды оқуға тарту, жаппай сауатсыздықты жою жұмыстары жүргізілді. Халық түгелдей сауаттанды, елімізде мектептер, жоғары оқу орындары көптеп ашылып, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту, оқудың сапасын жақсарту ісіне ерекше мән берілді.
Өлкетану құралында өлкеміздегі білім беру тарихының осы кезеңдері барынша ашып көрсетілді. Төмендегі ұсынылып отырған өлкетану құралынан көпшілік  оқырман  қауым білім берудің тарихы туралы өздерін қызықтырар мәліметтерді таба алады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ЫСБН 9965-36-367-6

"Қазақ Энциклопедиясы" Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.

Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІСБН 9965-34-515-5

Довженко Г.П. Экскурсионное дело М.,Р-на-Д, 2005

Ердавлетов С.Р. География туризма. Алматы 2000

Никонова М.И. Географическое краеведение, М., 1999

Никонова М.И., Данилов П.А. Практикум по землеведению и краеведению. М., 2001

Руководство по ориентированию на местности. Выбор маршрута и планирование путешествия. М., 2004

Вавилова Е.В. Основы международного туризма. М.,2005

Сапрунова В. Туризм: эволюция, структура, маркетинг. М.,199

3-Тақырып: Қазақстанда революцияға дейінгі кезеңдегі өлкетанулық жұмыс.

1. Әр түрлі тарихи кезеңдерде Қазақстанда болған шет ел саяхатшылары, ғалымдары мен қоғам қайраткерлерінің еңбектерінің тарихи өлкетанудағы маңызы.

2. Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
1.Әр түрлі тарихи кезеңдерде Қазақстанда болған шет ел саяхатшылары, ғалымдары мен қоғам қайраткерлерінің еңбектерінің тарихи өлкетанудағы маңызы

Зерттеудің көкейкестілігі. Дүниежүзілік қауымдастықтың қазіргі кезеңдегі дамуында адам мен табиғат арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы экологиялық мәселелерді шешу жолын іздестіруді талап етеді. Адамзаттың жаҺандық дағдарысы жершарының экологиялық үйлесімділігінің жеке бөліктері болып табылатын аймақтық деңгейдегі мәселелерден туып отыр. Бұл жағдайда антропогенді өркениеттің қоршаған табиғи ортамен тиімді арақатынасын ұйымдастыруға бағытталған барлық әлеуметтік институттарын жұмылдыру қажет.


Ел Президенті «Қазақстан – 2030» бағдарламасында табиғат жағдайының қиын кезеңде тұрғанын нақты атап өтіп: «...экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің жиырма пайызына себеп болып отыр. Қоршаған ортаны ластаушыларға берік тосқауыл қойылу қажет», - деген болатын. Бұл мәселенің тиімді шешілуі мектепте оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру арқылы олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру барысында мүмкін болатыны анық.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «...білім беру жүйесі міндеттерінің бірі ретінде белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру» атап көрсетілген. Осы тұрғыдан келгенде, үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны болып саналатын жалпы орта білім беру мектептерінің оқушыларына саналы тәртіп пен сапалы білім беріп, туған жерінің табиғатын қорғайтын мәдениетті тұлға етіп қалыптастырудағы атқарар рөлі зор екені даусыз.
Қазіргі таңдағы қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуындағы жаңару процестері өткен тарихымыз бен мәдени мұраларымызды қайта қарауды, рухани құндылықтарымызды саралап, оны мектептің оқу-тәрбие процесіне ендіру арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға қолайлы жағдайлар жасалып отыр. Экологиялық мәдениетті халық педагогикасы арқылы қалыптастыруда өлкетану жұмыстарының мүмкіндіктері мол.
Өлкетану жұмыстары оқушылардың қоршаған табиғи құбылыстары мен заттары туралы, олардың өзара байланыс заңдылықтары туралы түсініктерін қалыптастыруға көмектесіп, өмірге деген қызығушылықтарын арттырады. Өлкетану материалдары қоршаған ортаға тікелей бақылау жасауға мүмкіндік береді. Ол туған өлке табиғатын, оның байлықтарын, даму заңдылықтарын, жергілікті жердің халқы мен шаруашылық түрлерін және олардың байланыстарын ұғынуға көмектеседі. Оқу-тәрбие процесінде халық педагогикасының құралдарын өлкетану жұмысында пайдалану арқылы оқушылар тек нақты білім мен ұғымды меңгеріп қана қоймай, дүниенің біртұтастығы мен әртүрлілігі, дамудың үздіксіздігі, өзара байланыс пен әрекеттестік, дүниенің нақты заттар мен құбылыстардан тұратындығын танып, олардың дүниетанымдық көзқарастары кеңейеді.
Өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыра отырып, жаңа заманның көкірегі ояу, ұлттық сана-сезімі жоғары саналы азаматын тәрбиелеу ұзақ әрі күрделі процес болып табылады. Сондықтан бұл мәселе бүгінгі таңда өткір қойылып, өз шешімін табуды қажет етіп отыр. Аталмыш мәселені шешуде көптеген ғалымдар өз үлестерін қосқан.
Қазақ халқының біртуар данышпандары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов т.б еңбектерінде табиғат пен адам өмірінің тіршілігін ажырамайтын, бөліп қарастыруға келмейтін біртұтас дүние ретінде қарастырған.
Оқушылардың қоршаған ортаға саналы көзқарасын қалыптастыру арқылы жан-жақты тәлім-тәрбие беру, оқу-тәрбие процесін жетілдіру, мектепке кәсіби білігі жоғары мамандарды даярлау мәселелері қазақстандық көрнекті ғалымдардың Қ.Ж.Аганина, Б.Р.Айтмамбетова, Қ.М.Арынғазин, Б.Әбдікәрімұлы, Ш.Ә.Әбдіраман, Ғ.З.Әділғазинов, А.А.Бейсенбаева, Қ.Қ.Жампейсова, Ж.А.Караев, С.Т.Каргин, Қ.М.Кертаева, Р.М.Қоянбаев, К.Қ.Құнантаева, Н.Ә.Мыңжанов, Ж.Ы.Намазбаева, Г.Қ.Нұрғалиева, И.Н.Нұғыманов, Т.С.Сабыров, Э.М.Сағындыкова, Ш.Т.Таубаева, Е.К.Төлемісов, Г.А.Уманов, Э.И.Шыныбекова, Н.Д.Хмель, т.б еңбектеріне арқау болды.
Жас ұрпаққа тәрбие беруде құндылығы шексіз халық педагогикасын пайдаланудың әдіснамалық негіздері Қ.Бөлеев, Р.Қ.Дүйсембінова, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, К.Ж.Қожахметова, Ж.Ж.Наурызбай, Ә.Табылдиев, С.А.Ұзақбаева, қолданбалы салалары Р.М.Айтжанова, С.Қ.Әбілдина, Ш.М.Мұхтарова, Қ.А.Сарбасова, Л.С.Сырымбетова т.б. ғылыми зерттеулерінде қарастырылды.
Сол сияқты экологиялық білім беру мен тәрбие беру мәселесін шешуде Ә.С.Бейсенова, Н.А.Бекенова, Ж.Бұламбаев, Ж.Ж.Жатқанбаев, Ғ.Қ.Ділімбетова, З.К.Конурова, А.Кушенов, М.А.Лигай, Г.Мұқышева, Ө.Өмірәлиев К.Ж.Сарманова, Н.С.Сарыбеков, М.Н.Сарыбеков, Г.М.Смирнова, Н.М.Стукаленко, С.Т.Шалғынбаев, Ж.Б.Шілдебаев, В.И.Фурсов, және т.б. ғалымдар еңбектерінің құндылығы зор.
70-жылдарда зерттеу әдіскерлерінің көңілі, әсіресе, табиғат қорғау мен экологиялық түсініктердің қалыптасуы жайындағы сұрақтарды қарастыруға, оқушылардың биоэкологиялық білімін игеруге бағытталды (Я.И.Габеев, С.Д.Дерябо, Т.В.Кучер, В.И.Иоганзен, Э.А.Тұрдықұлов т.б.).
Адамның қоршаған ортамен байланысы А.Н.Захлебныйдың, И.Д.Зверевтің, И.Т.Суравегинаның және т.б. зерттеулерінде көрініс тапса, табиғатты тәрбие факторы ретінде М.Верзилин, Н.А.Рыков т.б. дәлелдеген.
Экологиялық білім беру мәселесін мәдениеттану ғылымы саласы бойынша Э.В.Гирусов, Ж.Тлепов, В.Шинкарук және т.б. ғалымдар қарастырған.
Экологиялық мәдениет пен оның қалыптасу процесі Б.Т.Лихачев, Д.А.Урсул, Е.В.Никанорова, Ж.Тастанбекованың және т.б. зерттеулерінде әдіснамалық тұрғыдан негізделсе, болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың жолдары С.В.Алексеев, Г.А.Вахромова, Г.А.Иванов, И.П.Сафронов, А.В.Миронов және т.б. ғалымдар еңбектерінде ғылыми-практикалық тұрғыда шешімін тапқан.
Экологиялық тәрбие берудің педагогикалық алғышарттары А.К.Егенисова Ф.Н.Жұмабекова, А.Е.Манкеш, Г.М.Сәбденалиева Г.Қ.Тұрабаева еңбектерінде қарастырылған.
Экологиялық білім мен тәрбие беруді пән сабақтарында жүзеге асыру да көптеген ғалымдардың зерттеу пәні болды. Мәселен, қазақ тілі мен әдебиеті (Ә.Дайырова, Қ.Құрманбаева, Ө.Танабаев), химия ( Қ.О.Шайхеслямова) физика (Р.С.Басекеева), математика (Қ.Н.Сарыбекова), табиғаттану (Д.І.Жангелдина), ағылшын тілі (Ж.Базарбекова, Ж.Тілешова) пәндерін оқытуда экологиялық білім беру мен тәрбие мәселері жан-жақты қарастырылған.
Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда (И.К.Исламова), оқушыларының агроэкологиялық мәдениетін қалыптастыруда (Ш.М.Абеуова), мектепалды топ балаларының экологиялық мәдениетін қалыптастыруда (Н.С.Сайлауова) бастауыш сынып оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру (Ж.Р.Жексембаева) т.б ғалымдардың ғылыми еңбектерінде экологиялық білім мен тәрбие беру процесі барысында жан-жақты талданып, нақтылай түсті.
Дегенмен, педагогикалық, психологиялық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, арнайы зерттеулерді талдаудың нәтижесі бүгінгі күнге дейін өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдарын пайдалану арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға болатындығы назардан тыс қалып келгендігін көрсетеді.
Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өлкетану жұмыстары барысында қазақ халық педагогикасы құралдарын пайдалану мүмкіндіктері мен олардың мектептің оқу-тәрбие процесінде өз деңгейінде толығымен пайдаланылмауы арасындағы және өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру қажеттілігі мен бұл мәселенің педагогикалық теория мен практикада жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-қайшылықтар анық байқалады. Сондықтан табиғатты қорғау негізінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың бір жолы қазақ халық педагогикасы құралдарын өлкетану жұмыстарында пайдалануды қамтамасыздандыратын әдістеме дайындау, педагогикадағы жалпы теориялық бағыттағы зерттеулерді кеңейту және тереңдету қажеттілігін қарастыру біздің зерттеу мәселемімізді айқындауға және тақырыпты «Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесін теориялық тұрғыдан негіздеп, құрастыру.
Зерттеудің нысаны: оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру процесі.
Зерттеу пәні: өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары экологиялық бағытта пайдаланылса, онда оқушылардың экологиялық мәдениетінің қалыптасуы нәтижелі және тиімді болады, себебі бұл жағдайда игерілген экологиялық білімдер, біліктер және дағдылар ұлттық құндылықтармен бірлікте, тұтастықта қалыптасады.
Жетекші идея: жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларының өлкетану жұмыстары барысында қолданған қазақ халық педагогикасының құралдары олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыра отырып, туған жерінің табиғатына аялы көзқарас пен атамекенге деген сүйіспеншілік рухында тәрбиеленуіне негіз болады.
Зерттеу міндеттері:
 өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау;
 оқушылардың экологиялық мәдениетін өлкетану жұмыстары арқылы қалыптастырудың моделін құрастыру;
 өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесін құрастыру;
 өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесінің тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі. Адам мен қоршаған ортаның өзара қатынасы туралы философиялық ілімдер, қазақ халық педагогикасы мен этнопедагогика сабақтастығы туралы тұжырымдамалар, таным теориясы, жеке тұлғаның іс-әрекет теориясы, табиғат пен оқушының өзара қатынасы туралы тұжырымдамалар, философиялық ілімдер, педагогикалық-психологиялық ой-пікірлер, экологиялық білім беру мен тәрбие туралы тұжырымдамалар, тұлғалық-бағдарлық, жүйелілік тұғырлары.
Зерттеу жұмысының әдістері: философиялық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік және арнаулы ғылыми әдебиеттерге теориялық талдау жасау, өлкетану бойынша бағдарламаларды, оқулықтарды, жеке әдістемелік құралдарды талдау, мектептердің алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелік жұмыстарын қорыту, зерттеу бойынша арнайы сауал-сұрақ, әңгіме, бақылау жүргізу, шығарма жаздыру, пікір алысу, педагогикалық моделдеу, педагогикалық эксперимент, математикалық және статистикалық өңдеу.
Зерттеу көздері: педагогика, психология, философия ғылымдары классиктерінің еңбектері, Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми құжаттары (заңдар, қаулылар, бағдарламалар, актілер, тұжырымдамалар, т.б.), жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары, оқу бағдарламалары, оқулықтар және жалпы білім беретін мектептердегі мұғалімдердің тәжірибелері.
Зерттеудің негізгі кезеңдері.
Бірінші кезеңде (1994-1999) зерттеу тақырыбы таңдап алынып, осы проблема бойынша философиялық, ғылыми-педагогикалық, оқу-әдістемелік жұмыстарға талдау жасалынды, зерттеудің теориялық негізі анықталды.
Екінші кезеңде (1999-2005) өлкетану жұмыстары барысында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесі құрастырылып, арнайы тәжірибелік жұмыстар жүргізілді.
Үшінші кезеңде (2005-2006) тәжірибелік жұмыстың нәтижелері математикалық және статистикалық тұрғыдан өңделіп, алынған педагогикалық диагностикалық мәліметтер талданды, әдістемелік ұсыныстар жасалды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
 экологиялық мәдениеттің түсінігі педагогикалық тұрғыдан талданып, қарастырылып отырған мәселенің төңірегінде нақтыланды және оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда қазақ халық педагогикасының мүмкіндіктері анықталды;
 өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері ашылды;
 өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетінің қалыптасу өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері айқындалды;
 өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың моделі құрастырылды;
 өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесі құрастырылып, нәтижелілігі дәлелденді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
Жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесіне ендірілді: «Экологиялық өлкетануда халық педагогикасының алатын орны» атты мұғалімдерге арналған ғылыми әдістемелік семинардың және «Экологиялық өлкетануда халық педагогикасының алатын орны» атты ата аналар Университетінің бағдарламасына қосымшалар; «Қасиетті қазыналы өлке» атты оқушылар үйірмесінің бағдарламасы мен іске асыру шараларының жоспары; «Өлке қорықтары» атты факультатив курсының бағдарламасы мен оның әдістемелік кешені; «Дәрілік өсімдіктер, оларды қорғау және тиімді емге қолдану» атты жазғы өлкетану экспедициясының бағдарламасы; «Қарқаралы Мемлекеттік Ұлттық табиғат саябағы» атты экологиялық соқпақтар бағдарламасы; «Табиғаттың тарылтпайық тынысын, пәк табиғат жүректің ән-жырысың» атты оқу-танымдық экологиялық-мәдени апталықтар бағдарламасы мен өткізу іс-шаралары; «Табиғатым – тағдырым» атты экологиялық олимпиада бағдарламасы және әдістемелік нұсқауы.
Жоғары оқу орындарының оқу процесіне енгізілген: «Педагогика», «Педагогика негіздері», «Сыныптан тыс тәрбие жұмысының әдістемесі» атты оқу-әдістемелік құралдар және «Педагогикаға кіріспе» атты электронды оқулық.
Алынған ғылыми нәтижелерді мұғалімдер мен болашақ мамандар дайындаудағы білім беру мекемелері басшылыққа алып, пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
 өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері;
 педагогикалық процесті ұйымдастыру формаларынан құралатын өлкетану жұмыстары барысындағы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың моделі;
 өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштері;
 өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша жүргізілген эксперименттің нәтижелері.
Зерттеу базасы: Қарағанды қаласының № 68 мектеп-интернат балабақша кешені, С.Саттаров атындағы № 57 мектеп-лицей, Қарқаралы қаласының Мәди Бапиұлы атындағы № 44 мектебі, Қарқаралы Мемлекеттік Ұлттық Табиғат саябағы т.б білім беретін мекемелер.
Зерттеу жұмысының дәлелділігі мен негізділігі: зерттеу нәтижелері әдіснамалық және ғылыми әдістемелік негіздерге сүйеніп айқындалған теориялық дәйектілігімен, теориялық және тәжірибелік материалдар нәтижелерінің үйлесімділігімен, кешенді әдіс тәсілдердің қолданылуымен, зерттеу жұмысының ғылыми ақпаратқа сәйкестілігімен, өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру тиімділігінің тәжірибе жүзінде тексеріліп, нәтижесі әдістемелік нұсқаулар, бағдарламалар арқылы дәлелденуімен, ұсыныстардың жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің іс-тәжірибесіне енгізілуімен, пайдаланылған әдіс-тәсілдердің тиімділігін арттыруымен қамтамасыз етілді.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу мен іс-тәжірибесіне енгізу.
Ғылыми зерттеу жұмысының мазмұны халықаралық (Алматы, 2000; Көкшетау, 2001; Қарағанды, 2005, 2006, 2007), республикалық (Қарағанды, 2004, 2006, 2007), аймақтық (Қарағанды, 1996, 1998, 1999, 2001, 2002, 2003, 2004, 2005, 2007) ғылыми-практикалық конференцияларда, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің педагогикалық факультетінің ғылыми-әдістемелік семинарларында баяндалды; «Ізденіс» (2005), «Білім берудегі менеджмент» (2005), «География және табиғат» (2006), «Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы» (2007), «Қарағанды мемлекеттік университетінің хабаршысы» (2007) журналдарында жарық көрді.
Диссертацияның құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған дерек көздері және қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде тақырыптың көкейкестілігі анықталады, зерттеу жұмысының мақсаты, міндеті, зерттеудің нысаны, пәні сипатталады.
Диссертацияның әдіснамалық негізі, болжамы, әдістері, ғылыми жаңалығы, теориялық-практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынылатын қағидалар қарастырылады.
«Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері» деген бірінші тарауда оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру педагогикалық мәселе ретінде философиялық, психологиялық, педагогикалық ғылыми еңбектерге талдау жасалып, өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы орны мен ерекшеліктерінің маңызы айқындалады, мектептің өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың теориялық моделі жасалынады.
«Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша тәжірибелік жұмыс» атты тарау аясында өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесі айқындалады, өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері баяндалады.
Қорытындыда өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша нақты тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.
Қосымшада өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша әзірленген әдістемелік материалдар ұсынылады.

Негізгі бөлім



Философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектерді жан-жақты талдау негізінде зерттеу проблемамызды тұлғалық-бағдарлық, жүйелілік, іс-әрекеттік тұрғыдан қарастыруды ұйғардық. Осыған орай оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық мәні анықталды. Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселесінің теориялық негізін айқындау «мәдениет», «мәдениеттілік», «экология», «экологиялық тәрбие», «экологиялық мәдениет» ұғымдарының бірлігі мен ерекшеліктерін қарастырумен тығыз байланысты.
Жеке тұлғаның мәдениетін қалыптастыру және дамыту үшін оның ғылыми әдебиеттерде кездесетін қайнар көздерін, түпкі нәтижелерін анықтауға назар аудардық. Осыған байланысты психологиялық, педагогикалық тұрғыдан экологиялық мәдениеттің мәні және құрылымы ашып көрсетіледі. Экологиялық мәдениет дүниежүзілік мәдениеттің маңызды кезеңі және құрамды бөлігі деп қарастырылады және экологиялық қауіпсіздікті болжау, айнала қоршаған табиғи ортаны қорғау мен жақсартуды қамтамасыз ету қажеттілігін түсінумен тығыз байланысты. Экологиялық мәдениет адамның тіршілік әрекетінің рухани-адамгершілік саласы ретінде оның табиғатпен өзара әрекетінің ерекшелігін сипаттайды және экологиялық сана, экологиялық қарым-қатынастар, экологиялық іс-әрекеттер элементтерінің өзара байланыс жүйесін қамтиды. Экологиялық мәдениет ұғымы педагогика саласында экологиялық білім беру мен тәрбиелеу мәселесіне айналады. Бұл педагогикалық мәселеге тұлғалық тұғырына сәйкес адамды табиғаттың ажырамас бөлігі, жер бетіндегі материалдық және рухани мәдениеттің, тарихи процестің дамуының субъектісі ретінде қарастыруды талап етеді. Сонымен қатар тұлғаның экологиялық мәдениетінің қалыптасуы оның жергілікті, аймақтық, ұлттық, ғаламшарлық экологиялық байланыстар жүйесіндегі әрекетіне тәуелді болғандықтан, халық педагогикасының құралдарын пайдаланудың қажеттігін туғызады. Халық педагогикасының құралдары туған жерін, туған тілін, туған мәдениетін, туған тарихын біліп және құрметтейтін, өзара қатынас жасай білетін, өзін-өзі жетілдіру арқылы өмірлік мақсаттарына жете алатын, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды қастерлейтін, жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қоғам талаптарымен үйлестіре білетін тұлғаны қалыптастыруға бағытталғандықтан, өлкетану мәселесін көтереді. Олай болса, қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы өлкетану жұмыстарын ғылыми тұрғыдан қарастырып, ұйымдастыру жолдарын зерттеуге баса назар аударуды талап етеді.
Жоғарыда айтылғандар қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өлкетану жұмыстарының төмендегі ерекшеліктерін анықтауға негіз болды:
біріншіден, халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өлкетану жұмыстары жетекші фактор болып табылады;
екіншіден, өлкетану жұмыстары экологиялық мәдениетті қалыптастыруда жаратылыстану пәндерімен, әсіресе экология және географиямен тығыз байланыстылығымен ерекшеленеді;
үшіншіден, өлкетану жұмыстарының ерекшелігі топонимика, ономастика сияқты ғылымдардың, білімдердің өзгешеліктерімен анықталады;
төртіншіден, аталмыш жұмыстардың келесі ерекшелігі тарихи мәліметтермен тығыз байланыста болғандықтан, тарих ғылымдары және тарих оқу пәнінің негізгі ұстанымдары, әдістері, құралдарымен сипатталады;
бесіншіден, өлкетанудың тағы бір ерекшелігі сыныптан тыс уақытта танымжорық, оқу-танымдық соқпақ, саяхат, экспедициялар сияқты жұмыс түрлерін ұйымдастырылуымен байланысады;
алтыншыдан, өлкетану жұмыстары экологиялық ақпараттарды жинау барысында мектеп оқушылары өзінің тұрғылықты жерінің жағдайы, жергілікті тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі, олардың табиғатпен бұрынғы және қазіргі қарым-қатынастары бойынша әр түрлі дерек көздерін, мұрағат қорларын, мұражай материалдарын қолданумен ерекшеленеді;
жетіншіден, өлкетану жұмыстары оқушыларды алған теориялық білімдерін практикада қолдануға нақты мүмкіндік беріп, туған жеріне, отанына деген сүйіспеншілігін арттыруға, ұлттық құндылықтарға баулуға бағытталған өзіндік ерекшелігі бар оқу-тәрбие процесіне айналады.
Адамзаттық мәселе болып табылатын экологиялық мәселелер жаҺанданушылық, аймақтық, ұлттық, мемлекеттік, локалды және жеке деңгейлерде қарастырылады. Өлкетану жұмыстарының түрі, әдістері мен құралдары пайдалану эмпирикалық жүйеде жасалады. Тұлғаның жерді ортақ мекен, Қазақстанды ортақ Отан есебінде жақсы көру сезімі секілді қасиеттерін айқындайды.
Бұл ерекшеліктер экологиялық мәдениет кірістірілген тұлғалық білім ретінде мынадай міндетті компоненттерді қамтиды деген тұжырымға келуге негіз болды:
танымдық компоненті жаратылыс пәндері бойынша теориялық білімдері берік, әрі терең қабылдаудағы, қосымша білімдер арқылы өлкетану білімінің жүйелі түрде қалыптасуындағы, халықтың рационалды және иррационалды білімдері бойынша түсініктерін меңгерудегі тұлғаның мүмкіндіктерін жүзеге асырады;

2. Қазақстан өлкетануына орыс ғалымдары мен саяхатшыларының қосқан үлесі.

Орхон жазуындағы жәдігерліктер. Көне түркі әдебиеті. (ҮІ-ІХғ).Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі қазіргі  Қазақстан   мен  Орта Азияны, Алтай өңірін мекен еткен ру-тайпалар, ұлыстар туралы тарихи деректер. «Ұлы жібек жолының» ашылуы .Сол кездегі Қытай,Үндістан,Греция,Иран,Си-

Рия,Месопатамия,Вавилон,Мысыр,т.б. елдермен сауда,мәдени,рухани

байланыстар.Сақтардың тайпалық бірлестіктері,аландар  мен  ғұндар.Есік қаласы маңынан табылған сақ көсемінің «алтын адамның» киіміндегі зергерлік өрнектердің,сақтардың «Алтын обасынан»(Оңтүстік  Қазақстан ) шыққан әшекей-сәндік бұйымдардың,Таңбалытас,Саймалташ жартастарына ойып салынған орасан үлкен суреттердің,т.б. ғылыми мәні.Сақтардың салт-дәстүрі,наным-сенімі,әдет-ғұрпы,діні,олардың ата-баба әруағына,аспан денелеріне,Күнге, Айға,Жұлдыздарға және Жер анаға табынуы

Зороастризм діні. «Авеста» кітабы-

Ежелгі діни ұғымдар  мен  мифтік аңыздардың жинағы.Ежелгі жазу-сызулар.Арамей,авеста,соғда,кушан,көне ұйғыр, руна жазулары. «Түрік» сөзінің мәні. Түрік қағанаты немесе Түрік қағандығы (552-745ж).Түрік қағандығының екіге бөлініп кетуі.Шығыс түрік қағандығы. Батыс түрік қағанаты-көне түрік қағандығының негізінде603-ж құрылған феодалдық мемлект. Батыс түрік қағанатынан кейін өмірге келген мемлекеттік дәрежедегі бірлестіктер. Түркеш қағанаты(704-766ж) Қарлұқ қағанаты(766-940ж).Оғыз мемлекеті(ІХ- ХІғ)Қыпшақ қоғамының ертедегі феодалдықмемлекет бірлестігі ретінде өмірге келгендігі. Түрік мұсылмандарының алғашқы феодалдықмемлекеті-Қарахан мемлекеті(940-1212ж). «Ұлы жібек жолындағы» ежелгі кент қалалары;Отырар(Фараб),Сүяб,Тараз,Құлан,Мерке,Испаджап(Сай-рам),Баба-Ата, Сығанақ, Созақ, Талхиз (Талғар)

Ежелгі түрік таңбалары. Көне жазу- сызулар. Ежелгі түрік әріптері. «Орхон»немесе «руна» деп аталатын жазулар. Ежелгі түріктердің наным-сенімдері, исламға дейінгі діни ұғым-түсініктер. Табыну; Көк тәңірі, Жер тәңірі, Ұмай-ана.

Ежелгі түрік мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы Күлтегін батыр(684-731ж),оның ағасы елбасы Білге қаған(683-734ж) және қағанның кеңесшісі Тоныкөк туралы тасқа қашап жазылған дастандар. Орхон(руна)жазба ескерткіштерін табу,руна жазуын оқу,аударма жасау, ғылыми мәтін дайындау ісіне мол үлес  қосқан   орыс  және Еуропа  ғалымдары  Н.К.Видзен,И.Т.Старленберг,Н:М:Ядринцев,В.В:Радлов,В.В.Томсен,С:Е:Малов

Ю:Немет,Х:Н:Оркун,И:В:Стеблева,т.б.туралы мәлімет. Орхон жазуындағы жәдігерлікті қазақ тілі  мен  әдебиеті тұрғысынан зерттеушілер С.Аманжолов,

Ғ.Мұсабаев,Ғ.Айдаров,А:Аманжолов,М:Жолдасбеков,,Қ.Өмірәлиев,т.б. еңбектері

2-тақырып. «Күлтегін» жырының көркемдік ерекшеліктері.

М.Әуезовтың пікірі. Жырдағы кескілескен шайқастардың,соғыстағы батырлар ерлігінің, әскери жорықтардың шежіресі. Күлтегін батыр туралы жырдың авторы ИОллығ-тегіннің сөз зергері ретіндегі шеберлігі.Көне түрік жырының дыбыстық құрылысы.Мұнда үннің жүйелі,мерзімді ,мөлшерлі қайталануы. Жырдағы бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталанып қиысуы-аллитерация.

Ұйқас түрлері,соңғы бунақтағы дыбыстар үндестігі.

«Күлтегін», «Білге қаған» және «Тоныкөк» жырларында жиі қолданылатын теңеу, метафора,аллегория,гипербола,эпитет,қанатты сөздер,мақал-мәтелдер туралы. Тасқа жазылған дастандардың компазициялық құрылысы.Автор ойының циклдық жүйе арқылы берілуі. Ежелгі түркі позициясының өзіндік әдеби дәстүрі. «Күлтегін» жыры  мен  қазақ эпосы. Күлтегіннің 16 жастан бастап

47 жасқа дейін,яғни өлгенге дейінгі ерлік істерінің эпостық сарынмен баяндалуы. Руна жазуындағы дастандардың идеялық мазмұны.Түрік елін ішкі

бірлік-ынтымаққа,сыртқы жауға қарсы күреске шақыру. Күлтегін-тарихи тұлға,

жеңілуді білмейтін батыр. «Күлтегін» жырының сюжеттік құрылысы,баяндау тәсілі,ерлікті мадақтау,батыр тұлғасын бейнелеу,көріктеу құралдарын қолдану жағынан қазақтың батырлық жырларына жақындығы.Тайпа-ұлыстық дәуірде өмірге келген «Алпамыс батыр», «Қамбар батыр», «Қобланды батыр», «Шора батыр» сияқты қазақ эпостары  мен  «Күлтегін» жыры арасындағы үндестік.

Қорқыт ата кітабы ( «Кітабы дедем Қоркуд»)

Қорқыт ата туралы ақиқат пен аңыз.Қорқыт атаҮІІІғ Сыр бойында өмір сүрген тарихи тұлға,аңызға айналған күйші-сазгер, мәшһүр жырау,кемеңгер филосов.Қорқыт ата адамзат баласына өлмейтін өмір,мәңгілік тіршілік іздеуші

Аңыз кейіпкері.

«Қорқыт ата кітабы»-оғыз-қыпшақ әдеби ескерткіші. Қорқыт атаның сыйқырлы күйлері.Қорқыт атаның өсиеттері,ғибрат сөздері,мақал-мәтелдері. «Қорқыт ата кітабын» зерттеуші,тәржімелеушіЕуропа және  орыс   ғалымдары .Қорқыт ата мұрасын зерттеу,қазақ тіліне аудару ісінеқазақ ғалымдарының  қосқан   үлесі . «Қорқыт ата кітабы».

Тақырыбы мазмұны,компазициясы,қаһармандары,көркемдік ерекшеліктері.

Оғыз-қыпшақ дәуірінің эпикалық туындысындағы тарихи шындық пен аңызға айналған бейнелер. «Қорқыт ата кітабы» 12 жырдан тұрады.



«Оғыз наме» («Оғыз-қаған» эпосы).

«Оғыз-наменің» түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін аңыздар негізінде

көркм баяндайтын эпостық шығарма екендігі. «Оғыз-қаған» эпосына негіз болатын аңыз-әңгімелер  мен  тарихи деректер.Оғыз қаған және оғыз тайпа-ұлысы туралы мәліметтер.Оғыз қаған-жазба шежіре  мен  аңыз шежіренің тарихи кейіпкері. «Оғыз наме» эпосының сюжеттік желісіне тән ерекшеліктері.

«оғыз-наме» эпосының жанры,композициясы,сюжеттік желілері.

«Оғыз-наме» эпосының қаһармандары-Оғыз қаған,оның балалары,Ұлы Түрік,Алтын Қаған,Урум қаған,Урус бек,Сақлаб,Ұлы Орда бек,Қағарлық ер,Темір Қағұл Жосун ер,Көк Бөрі,т.б. «Оғыз-наме»эпосының нұсқалары.Ұйғыр әрпімен және араб әрпімен жазылған нұсқалары. «Оғыз қаған» еңбегін қазақ тілі  мен  әдебиеті тұрғысынан тұңғыш зерттеуші Қ:Өмірәлиевтің ғылыми еңбектері. «Оғыз-наме» эпосы  мен  және қазақ әдебиеті. «Оғыз қаған» эпосы  мен  «Қобланды батыр» жырындағы ұқсас көріністер. Эпостың тілі, көркемдеу әдістері.

Әбу Насыр әл-Фараби (870-950)

Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған әмбебаб ғалым,әдебиет зерттеушісі,ақын. Әл-Фарабидің философия, этика, логика, тіл білімі, әдебиеттану,музыка,т.б. салалар бойынша жазған зерттеулері.Философиялық трактаттары ; «Данышпандықтың інжу маржаны» «Ғылымдардың шығуы», «Философияны оқу үшін алдымен не білу керек.», «Ааристотель еңбектеріне түсіндірме»,т.б.

М.Қашқари. «Диуани лұғат ат- түрік»

М.Қашқари (ХІ ғ)-ұлы филолог, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеуші ғалым, саяхатшы.

«Диуани лұғат ат-түрік»-түрікше-арабша түсіндірме сөздік.Қазіргі түркі тілді халықтардың барлығына ортақ мұра. «Диуани лұғат ат-түрік» -тек сөздік қана емес, сонымен бірге орта ғасырдағы түркілердің қоғамдық, рухани, ғылыми, мәдени, әдеби, саяси өміріне, көне тарихы  мен  әдет-ғұрпына, салт-санасы  мен  наным-сеніміне,т.б. қатысты бағалы деректері мол жинақ.

«Түркі сөздерінің жинағының» зерттелуі, тәржімалануы, басылымдары. «Сөздікті» зерттеуші түркі, Еуропа,  орыс   ғалымдары : А.Рифат, Басым Аталай,

Броккельман,Т:А:Боровков,А:Н:Кононов,В:А:Гордлевский,т.б.

М:Қашқари «Сөздігінің» қазақ тіл білімінің тұрғысынан зерттелуі: Н:Т:Сауранбаев, С.А.Аманжолов, А.Н.Ысқақов, Ғ.Мұсабаев, Ә.Құрышжанов,

Қ.Бекетаев, Ә.Ибатов.

«Сөздікте» мысал ретінде келтірілген көркемсөз үлгілері: бәйіттер, ғазалдар, тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, ғибырат сөздер, сажыдар (ақ өлең), насыр (проза), т.б.

«Сөздікте» аңшылық жайындағы өлеңдер.Алғашқы қауым адамдарының тіршілік көзі аңшылық бейнлейтін көркмсөз үлгілері,еңбек, егін салу, мал бағу тақырыбына арналған өлең-жырлар.

«Сөздікте» батырларды көтере мадақтайтын өлең жолдары.Алып Ер Тұңғаны

(Афрасиф) мадақтау. «Сөздіктегі» түрмыс-салт жырлары.Қадым заманда өмір сүрген адамдардың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, кәсібін,тотемдік түсініктерін танытатын өлең-жырлар.

М.Қашқари жинаған бәдік, бақсы өлеңдері, бата-тілек, бесік жыры, той бастар, жар-жар, жоқтау, естірту,т.б.жыр үлгілері.

«Диуани лүғат ат-түріктегі» мақал-мәтелдер, ғибрат сөздер, афоризмдер. Қазіргі қазақ тілінде қаз-қалпында қолданылатын мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.

Ж.Баласағұн «Құдатғу біліг»

Баласағұн-ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, данышпан-ойшылы,ғылымы, белгілі қоғам қайраткері. «Құтты білік» дастанының бізге үш нұсқасының-ВЕНА (яки Герат),Каир және Наманған нұсқаларының жеткендігі.Дастанды зерттеуші ғалымдар, аудармашылар,бастырып шығарушылар: Ж.Амадес,Г.Вамбери, В.В.Радлов, Е.Э.Бэртельс,А.Валитова,С.Е.Малов, С.Муталибов,К.Каримов,С.Иванов,А.Егеубаев,Б:Сағындықов,т.б.

«Құтты білік» дастанының негізгі идеясының мемлекетті дұрыс басқару мәселесі екендігі. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделіп жазылғаны: әділдік, бақ-дәулет, ақыл-парасат, қанағат.

«Құтты білік»-дидактикалық дастан.Төрт принциптің символы ретінде көрінетін төрт қаһарманы: Күнтуды патша, уәзірі Айтолды, уәзірдің баласы Ұғділміш, дәруіш Одгурміш.

«Құтты білік» дастанының негізгі сюжеттік желісінің шығарманың негізгі төрт қаһарманының өзара әңгімесінен,сұрақ-жауаптарынан, бір-біріне жазатын хаттарынан тұратындығы. Дастандағы ел басқарған әкімдер бейнесі. Ел басқарған әкімдер  мен  қалың бұқара арасындағы қарым-қатынас мәселесі .Патшалар, уәзірлер, қолбасшылар, елшілер, ғалымдар, саудагерлер,дихандар, малшылар, қолөнер шеберлері,аспаздар,түс жорушылар,тәуіптер,т.б. қоғамдағы рөлі жөніндегі дастан авторының ой-пікірлері.

Дастанда ел басқаратын әкімдерге қойылатын талаптар: әділдік,ақыл- парасат,өнер білімге жетік болу,ниеті түзу,сөзі шырын,пейілі кең,кек сақтамайтын болу. Дастандағы ақыл-парасат,өнер-білім, әдептілік,тәлім-тәрбие, мінез-құлық, кішіпейілділік,жомарттық, мейірімділік,тіл мәдениеті, әке-шешені құрметтеу,т.б.мәселелер. Дастанның көркемдік ерекшеліктері,түр-


8-тақырып. А.Игүнеки. «Ғибатул Хақайық»

А.Игүнеки- ХІІ ғ.есімі бүкіл Қарахан мемлекеті түркілеріне мәшһүр болған атақты ақын.Дастанды зерттеушілер, аударма жасаушылар: Р.Арат,Е.Э.Бертельс, В.В.Радлов,С.Е.Малов,Қ.Махмудов,Э.Нәжіп,Б.Сағындықов,Ә.Құрышжанов,т.б.

«Ақиқат сыйы»- дидактикалық сарында жазылған шығарма.Компазициялық құрылысы, идеялық мазмұны. Қоғамдағы моральдық ұғымдар  мен  мінез- құлық,әдептілік, тілді тыйып ұстау, жомарттық, мейірімділік, ізгі қасиеттер туралы.Дастанның негізгі тарауларының тақырыптық атаулары: «Бұл кітаптың жазылу себебі  мен  оның қажеттілігі», «Білімнің пайдасы  мен  оның қажеттілігі»,

«білімнің пайдасы  мен  надандықтың зияны туралы», «Тілді тию әдептілік пен

тәртіптіліктің шарты екендігі туралы.

«Ақиқат сыйы» дастанының көркемдік ерекшелігі.Ақынның бір-біріне қайшы екі құбылысты қатар қойып, жұптап суреттеу әдісі.Дастанның 11 буынды аруз жүйесімен жазылуы.

9-тақырып.Қожа Ахмет Иассауи «Диуани хикмат»

Қ.А.Иассауи –сопылық әдебиеттің ірі өкілі, әйгілі ақын, есімі ислам әлеміне мәшһүр болған ойшыл қайраткер. «Диуани хикмат» - түркі халықтарыныңХІІ ғасырдан сақталған әдеби ескерткіші. «Даналық кітабын» зерттеуші

М.Ф.Кепрюлю –заде,А.К.Боровков, А.Н.Самойлович,Е.ЭБертельс,Э.Р.Рус-

Тамов,Н.М.Маллаев, Г.Ф Благова,т.б. «Диуани хикматтың» қазақ тіліне тәржімалануы : М.Жармұхамедұлы, С.Дәуітұлы, М.Шафиғи,Б.Сағындықов,т.б.

«Диуани хикмат» -исламның дін-шариғат жолдарын дидактикалық мазмұнда поэзия тілімен бейнелеген жыр жинағы. «Даналық кітабы» адамзатты туыстыққа,бауырмалдыққа,ізгілікке, имандылыққа шақырып, мұсылман дінінің

қағида, шарттарын,Алланы танудың жолдарын баяндайды. «Диуани хикматтың» сопылық ағымның философиялық ой-пікірлері: әділдік жолына түсу,ақиқатты іздеп табу,адамның рухани өмірінің таза болуы.



Сүлеймен Бақырғани. «Бақырғани кітабы»

Сүлеймен Бақырғани –сопылық сарындағы хикмат жырлармен есімі мәшһүр ақын.Қожа Ахмет Иассауидың философиялық ой-пікірлерін ислам қағидалары бойынша жалғастырушы шәкірті.

«Бақырғани кітабының» негізгі идеясы- сопылық дәстүрді мадақтау, адамгершілікке, адалдыққа,бауымалдыққа үндеу. Гуманистік ой-пікірді ислам діні қағидалары тұрғысынан баяндау. «Бақырғани кітабының» қазақша аударылуы (Б.Сағындықов).

Н.Рабғузи «Рабғузи қиссалары».

Рабғузи –Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі. «Рабғузи қиссалары» (1310ж)- табиғат, дүние құбылыстары, жаратылыстың пайда болуы,халифтар, пайғамбарлар, Адам ата, Жер ана,Көк, Ай  мен  Жұлдыз, шайтан  мен  періште т.б. туралы шығыстық сюжеттегі қисса-аңыздар,өлең-жырлар жинағы.

Қиссадағы қоғамдық өмір, тарихи оқиғалар, ізгілік пен зұлымдық ,адамгершілік пен жауыздық, достық пен қастық,т.б жайындағы қисса-хикаялар,аңыз-әңгімелер.

«Рабғузи қиссаларына» енген «Нух алайка с-салам хикаялары» ,»Лұқпан Хаким

хикаялары», «Харут пен Марут хикаясы,т.б. «Рабғузи қиссаларының» зерттелуі,қазақ тіліне аударылуы: Б.Кенжебаев, А.Қыраубаева, Н.Сағындықов

«Кодекс Куманикус»

«Кодекс Куманикус –кумандардың кітабы, қыпшақ тілінің сөздігі,қыпшақ тілінің сөздігі, қыпшақ тілі туралы жинақ. «Кодекс Куманикустің» (1303ж) екі бөлімнен тұратындығы.1-бөлім- латынша, парсыша, куманша сөздік.

«Кодекс Куманикустағы» жұмбақтар, христиан аңыздарынан алынған түрлі уағыз-өсиет сөздер. Христостың өмірі,Мария Ананың әулиелігі, киелі апостолдар жөніндегі діни хикая-аңыздар.

Хорезми «Мұхаббат-наме»

«Мұхаббат-наме» дастаны (1353ж)-Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ең көрнекті үлгісі. «Махаббат-наменің» қолжазба нұсқалары. Көне ұйғыр жазуындағы және араб жазуындағы екі нұсқаның табылуы. «Махаббат-намені» зерттеуші, аударушы, бастырып шығарушы ғалымдар: Э.Н.Нәжіп, А:М:Щербак,С.Қасымов, В.Валиходжаев, Н.Маллаев,А.Қыраубаева туралы.

Дастан негізінен жігіттің 11 хатынан (намеден) тұратыны, қыздың жігітке жауап хаты берілмейтіні, жігіттің хаты арқылы-ақ қыздың махаббаты айқын бейнеленгені.

«Мұхаббат-наме»-адам бойындағы ең ізгі қасиеттер болып саналатын махаббатты ,ізгілікті, бауырмалдықты ,жомарттықты,т.б. ту етіп көтерген дастан. Дастанның көріктеу құралдары, өлең құрылысы,тілі. «Мұхаббат –наменің» Алтын Орда түркілерінің бәріне бірдей түсінікті болған шағатай тілінде жазылғандары, дастанда қыпшақ тілі элементтерінің басым екендігі.



Құтб «Хұсырау-Шырын» дастаны.

Құтбтың «Хұсырау-Шырын» дастаны- азербайжанның ұлы ақыны Низамидың осы аттас поэмасының еркін аудармасы.Құтыбтың Низами поэмасын парсы тілінен қыпшақ-оғыз тіліне еркін аударғандығы.

Құтб аудармасының көркмдік ерекшеліктері. Низами поэмасында қала өмірінің,патша сарайындағы сән-салтанаттың, ал Құтб-тың дастанында мал бағумен тіршілік еткен көк майсалы дала көріністерінің көбірек бейнеленетіні.

«Хұсырау-Шырын» дастанының негізгі тақырыбы.Дастанның қаһармандары:

Шырын патша, Хұсырау патша, құрылысшы Фархад, Хұсыраудың досы Шамур, Мариям, Шеруя,т.б. «Хұсырау- Шырын» дастанының қазақтың лиро-эпостық жырларымен сарындастығы,үндестігі,ал баяндау тәсілдері  мен  композициялық құрылысы жағынан ұқсас болып келетіні.

Сайф Сараи «Гүлстан бит-түрки»

Сайф Сараи-Алтын Орда әдебиетінің ХІҮ ғ аса көрнекті өкілі. С.Сараи-лирик және эпик ақын, аудармашы. «Гүлстан бит-түркидің» (1391ж)-прозамен жазылған қыпшақ тіліндегі көркм шығарма екендігі. «Түркі тіліндегі Гүлістанның»парсы-тәжік әдебиетінің классигі әйгілі Сағди-Ширазидың «Гүлстан» атты шығармасының еркін аудармасы екендігі. «Түркі тіліндегі

Гүлстанның» парсы-тәжік әдебиетінің классигі әйгілі Сағди Ширазидің «Гүлстан» атты шығармасының еркін аудармасы екендігі. «Түркі тіліндегі

Гулистан» қолжазбасының табылуы, зерттелуі, жариялануы. Э.Н.Нәжіп- «Гүлістан бит-түрки» қолжазбасын зерттеуші, аудармашы, кітап етіп шығарушы тюрколог-ғалым..Дастанның компазициялық құрылысы,тілі.

Қисса-хикаят түрінде баяндалатын 8тараудан тұратыны,1-ел билеуші әкімдер туралы; 2-халық бұқарасы жайында; 3-қанағат жайында,4- тілге сақ болу туралы,  5 - жігіттік шақ хақында, 6- кәрілік туралы,7- тәлім-тәрбие жайында, 8- әңгімелесудегі әдептілік туралы.

Көркемдік ерекшеліктері, бейнелеу құралдары, тілі.



Дүрбек. «Жүсіп-Зылиха» дастаны.

Дүрбек 14 ғ. соңы  мен  15 ғ. басында өмір сүрген ақын. Жүсіп пен Зылиха арасындағы махаббат сезімін арқау еткен қисса –хикаяттардың кезінде Шығыс әдебиетінде кең тарағаны.

Дүрбектің Жүсіп пен Зылиха туралы тартымды сюжеттерді бетке ұстай отырып, өзінің төл туындысын жазғаны.

«Жүсіп-Зылиха » дастанының идеясы – ел билеушілер арасында тәж бен тақ, байлық пен мансап үшін болатын қанды соғыстарды, адамдар арасындағы алауыздық зардаптарын паш ету.

Дүрбектің «Жүсіп-Зылиха» сюжетіне тұңғыш рет түркі (шағатай) тілінде көркем туынды жазған ақын екендігі.

«Жүсіп-Зылиха » дастанының басты қаһармандары : Жүсіп, оның он бір бауыры, Зылиха, Жүсіптің әкесі Жақып, Мағриб елінің патшасы Таймус, Мысыр патшасы Райян.

«Жүсіп-Зылиха » дастанының зерттелуі(Бертельс, С.Хайдаров)

«Жүс!п-Зылиха» дастаны негізінде назирагөйлік дәстүрі бойынша қазақтың бірқатар «кітаби ақындары» қисса-хикаяттар жазғаны.



Әбілғазы. «Шежіре и- түрк»

«Түрік шежіресі»- бертін келе қазақ халқын құраған рулар  мен  тайпалардың көне тарихы, тұрмыс-тіршілігі, түркі елін басқарған қайраткерлердің өмірі  мен  қоғамдық қызметі туралы құнды деректері мол шежіре. «Түркі шежіресінің» Шыңғысханнан бұрынғы және одан кейінгі дәуірлерде Дешті Қыпшақ, Орта Азия, Таяу Шығыс елдерінде болған түрлі оқиғалар  мен  әртүрлі мемлекет қайраткерлері жүргізген саясаттың жылнамасы екендігі. Шежіре 9 баптан тұрады: 1- Құдай тағаланың Адам ғалиссаламды жаратқанының баяны; 2- Моңғол хан және оның Шыңғыс ханға дейінгі ұрпақтары жайында; 3- Шыңғыс ханның дүниеге келгенінің тарихы; 4- Үкідай қағанның және басқа да Шыңғысхан нәсілінен патша болғандарының баяны;  5 - Шыңғысханның екінші ұлы Шағатай әулетінің Мауреннахр  мен  Қашқарда болғанының баяны; 6- Шыңғыс ханның кіші ұлы –Толы хан нәсілінен Иран жұртында патша болғандардың тарихы; 7- Жошы хан әулетінен Дешті Қыпшақта патшалық құрғандардың тарихы; 8- Жошы ханның бесінші Шибан ханның әулетінен Тұранда, қазақта, Қырымда және Мауренахрда патшалық құрғандардың тарихы; 9- Жошы хан әулетінен Хорезмде патша болғандардың баяны; «Түркі шежіресінің» алғаш табылуы (18 ғасыр), басқа тілдерге тәржіме жасалуы, түркология ғылымы тұрғысынан зерттелуі.



Қадырғали Жалайыри «Жәми-ат -тауарих».

«Шежірелер жинағында» (1602жыл) 14-16 ғасырлардағы қазақ елінің ішкі және сыртқы жағдайы, басқа елдермен қарым-қатынасы. Бірқатар қазақ хандарының генеологиясы, қазақ даласындағы саяси-әлеуметтік оқиғалардың баяндалатыны.

«Шежірелер жинағы» - тарихты баяндайтын шығарма, соның өзінде ұйқасты-ырғақты ақ өлеңге, толғауларға ұқсайтыны, онда қазақтың шешендік сөздеріне тән эвфония (аллитерация және ассонанс тәсілдері)  мен  параллелизмнің мол екендігі.

«Шежірелер жинағындағы»тұрақты сөз тіркестері, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер.

«Шежірелер жинағының»алғашқы басылымының зерттелуі (И.Березин, Ш. Уәлиханов,Ә.Марғұлан,Қ.Жүнісбеков,Т.Р.Қордабаев, Р.Сыздықова,З.А.Хисамиева,т.б.)

Х.Дулати «Тарих-и-Рашиди»

М.Х.Дулати (1499-1551)-өз дәуірінің ғұлама ғалымы,тарихшы, сөз зергері,ақыны,қоғам қайраткері.

«Тарих-и рашиди» шежіресінде негізіненХІҮ-ХҮІ ғасырлар аралығында Моңғолстан  мен  Қашқарияда болған тарихи оқиғалар баяндалатыны. Шежіренің екі дәптерден тұратыны, біріншісінде Монғолстанда билік жүргізген хандар шежіресінің, ондағы халық тарихының баяндалатыны, екінші дәптерде қазақ елінің өз көршілерімен қарым-қатынасының жан-жақты сөз болатыны. «Тари-и-Рашидиде» 15-16 ғасырларда Орта Азия, Шығыс Түркістан, Ауғанстан және Үндістанда орын алған маңызды тарихи оқиғалардың көркем тілмен баяндалатыны. «Тарих-и-Рашидидің» зерттеуші, аудармашылары.

Бабыр (1483-1530) – көрнекті мемлекет қайраткері, даңқты қолбасшы, дарынды лирик ақын, белгілі жазушы, атақты тарихшы- ғалым. «Бабыр –наме» - үш бөлімнен тұратын прозалық шығарма. Бірінші бөлімінде 15-16 ғасырлардағы Орта Азиядағы халықтардың тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық-әлеуметтік, саяси оқиғалар, осы өлкенің табиғаты сөз болады. Екіншісінде – қазіргі Ауғанстан жерінде («Кабул уәлләяты») орын алған маңызды тарихи оқиғалар, үшіншісінде – Үндістанның бай табиғаты, халқы, салт-санасы, ғылым, мәдениеті, әдебиеті, тілі, тарихы, ондағы саяси оқиғалар баяндалатыны. «Бабыр-намені» зерттеу, басқа тілдерге тәржімелеу, бастырып шығару ісіне көп елдердің ғалымдарының ат салысқаны: үндістандық М.Н.Хайдар, С.А.Шарми, Р.П.Трипатке, ауғанстандық А.Х.Хабиби, А.А.Кохзат, түркиялық Р.Р.Арат, И.Н.Банор, пакистандық Р.А.Надви, А.Мавлийат. «Бабыр-наменің» идеялық мазмұны, тарихы, тілі.



Әдебиеттер:

1.Ашурков В.Н., Кацюба Д.В., Матюшин Г.Н. Историческое краеведение.М., 1980.

2.Матюшин Г.Н. Историческое краеведение М. 1987.

3.Матюшин Г.Н. Археология в школе. М., 1964

4.Матюшин Г.Н. У истоков человечества М., 1982

5.Акишев К.А., Байпаков К.М. Вопросы археологии Казахстана, А. 1979

6.Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана, А., 1993
4-Тақырып: Тарихи өлкетанудағы археологиялық деректер мен материалдар

1.Тарихи өлкетанудағы археологиялық деректердің ролі

2.Археологиялық ескерткіштердің түрлері

3.Археологияда зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары. Археологиялық материалдың өңдеу әдістері.

4.Археологиялық материалдарды мектептегі өлкетануда қолдану

1).Археологиялық деректердің өлкетанудағы атқаратын рөлі.

Өлкетану- мазмұны мен жекелеген зерттеу әдістері бойынша бір-бірінен ерекшеленетін, бірақ, бір тақырыптық жиынтықты құрай отырып, өлкені ғылыми тұрғыдан жан-жақты тануға мүмкіндік беретін бірнеше ғылыми пәндер кешені. Археология сияқты белгілі бір ғылыми принциптерге негізделген тарихи өлкетану бойынша негізгі тақырыптық мәселелерді білуі, сондай-ақ, жоғары оқу орнында оқытылатын тарих курсы мен туған өлкені зерттеп-тану барысында алған білімдері мен дағдылары арасындағы байланыстарды бақылап, айқындай алуы қажет. Сол сияқты, өлкенің тарих және мәдени ескерткіштерін өз бетімен ғылыми зерттеу тұрғысынан тану жұмыстары дағдыларын меңгеру гегорафиялық ортадағы орындарын белгілей білу, ауданның белгілі бір бөлігіінң қоныстану тарихы туралы, сол ауданның топонимикасы туралы түсініктерді меңгеру, жекелеген аудан немесе облысқа сипат дарытатын ерекшеліктерді ажыратып, айқындай білу әдістемесін меңгеріп практикалық жұмыс барысында қолдана білу осылардың барлығы өлкетану бойынша білімін құрайды. Тарихи өлкетанудағы этнографиялық деректер мен материалдар, Қазақстандағы өлкетанулық жұмыстар, мұражайлар, мұрағаттар мен ескерткіштерді қорғау қоғамының атқаратын рөлдері, қазіргі кездегі тарихи өлкетану өзгешілігін қарастырады. Қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасы болып табылатын тарихи ескерткіштер, салт-дәстүр мен әдет-ғұрып тарихы оқытылады археолгоияда қарастырылса өлкетанумен бір байланысы сонда деп ойлаймын. XIX ғасырдың екінші жартысы мен - XX ғасырдың басында таң ғажайып құбылыс пайда болды ол семейлік өлкетану.Әлбетте,өлкетану Қазақстанның басқа да аймақтарын да пайда болды,Семей өңірінде бұл оқыту жүйесі өзіне тән болды.Ең маңыздысы, ол ең басында ұжымдық шығармашылық ретінде қалыптасты.Өлкетануды XIX ғасырдың ортасында Сібір және Солтүстік-Шығыс Қазақстанда тек ғылыми саяхатшылар мен ғылыми экспедициялық қатысушылар ғана оқыды.Бірақ бұл жергілікті тұрғындардың өздерінің өлкетану тарихы туралы ізденбегені деп түсінбеу керек.Жеке тұлғалардың өлкетануда ғылыми ізденісте жүрмей –ақ, өз өмірлерін бұл жұмысқа арнаған.Осыған жақсы үлгі ретінде И.Г.Андреевтің тынымсыз еңбегі.

4) Археологтың жұмысы дала жұмыстары кезінде өте жауапты, өйткені табылған артефакттарды сақтау қажеттілігі туады. Экспедиция кезінде табылған материалдар мұқият тазаланып, жуылады, арнайы нөмірлер мен коллекциялық жазбаға жазылады.

Археологияда ең маңызды рөлді табылған ескерткіштің жасын мөлшерлеу болып табылады. Қазіргі кезде классикалық зерттеуден басқа: археомагниттік, дендрохронологиялық және де радиокөміртекті (С-14) және тағы басқалары.

Археомагнитті әдіс күйдірілген қыш, кірпіш,керамика бұйымдардың жасын анықтауда пайдаланылады. Өйткені балшық магниттелетін қасиеті бар, бірақ оны алдымен қатты қыздыру керек, сонда керамиканың бойында термостатикалық магниттілік пайда болады. Сондықтан керамиканың немесе кірпіштің қай уақытта күйдірілгенін дәл анықтауға болады.

Геологтар мен физиктер зерттеулері тау қыртыстары мен топырақ қыртыстары жер бетінде пайда болған кездегі магниттілігін сақтайтыны дәлелдеді.

Дендрохронологиялық әдіс ағаш құрылыстар мен бұйымдардың жасын дәл анықтауға мүмкіндік береді. Мысалға дендрохронологиялық әдіс арқылы Шілікті қорғанындағы ағаш бөренелерден құралған саркофагтың жасын дәл анықтады.

Радиокарбондық әдіс тірі жануарлар мен жәндіктер мен атмосферадағы бірдей радиоактивті көміртек көлемін зерттеу кезінде қалыптасқан. Көміртектің ағзаға тұрақты келіп отыруы ағзаның өзінің қызметін тоқтатуымен доғарылады. Радиоактивті көміртек тіршілігін тоқтатқан қсімдік пен жануардың ағзасында біртіндеп ыдырайды. Жартылай ыдырау периоды 5730 жылға тең келеді. Табылған ескерткіш көне болған сайын онда көміртек азая береді. Қазіргі кезде бұл әдіс ең дәл көрсететін әдістерге жатады. Қазіргі кезде осы әдіс арқылы 2000-нан астам ескерткіштің пайда болу кезі осылай белгіленді.

Соңғы кездері термолюминесценция әдісі қолданысқа ене бастады. Әдіс бойынша ежелгі керамиканы 400-500 градусқа дейін қыздырғанда жарқырай бастайды. Жарық неғұрлым қатты жарқыраған сайын, керамика соғұрлым ежелгі.

Археологтар әрқашан көптеген заттармен жұмыс істейді, олар: құралдар, ыдыстар, адамдардың қалдықтары, қорғандар мен қалалардың орындары жатады.

Көптеген сынақтардан кейін көптеген заңдарға ауыр соққы тиді. Генетика археологтарға мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу тегін анықтауға мүмкіндік береді. Ұзақ уақыт бойы иттің арғы тегі қорқау қасқыр деп есептелді. Бірақ генетиканың дамуымен қорқау қасқыр мен иттің хромосомалары екі түрлі болғаны соншалық, иттің арғы тегі қорқау қасқыр емес екендігін дәлелденді.

5)археологиялық материалды мектептегі оқушыларға пайдалану, оқушыларды ғылыми ізденушілік жұмыстарына, ежелгі мәдениет ескерткіштерін қорғауға, қастерлеуге үйретеді. Бұның бәрі оқушыларға жағымды әсер етеді.

Жергілікті археологиялық материалды тарих сабақтарында кең қолдануға және сыныптан тыс шараларда қолдануға болады.

Археологиялық материалдың ерекшелігі, оны тек кітаппен ғана зерттеу мүмкін емес. Мұғалім оқушыларды тек қана кітап жүзінде ғана емес, археологиялық коллекциялар көрсетіп, жергілікті мұражайларға апаруы тиіс. Жас ерекшеліктеріне байланысты 5-7 сынып оқушыларын сабақ бойынша экскурсиялар мен жергілікті өлкетану мұражайына апарған жөн.экскурсия кезінде оқушыларды тек қана аралатумен ғана шектелмей, экспонаттарды түсіндіру керек.

Экскурсия сабағы. Оқу экскурсиясы кезінде әдетте оқушылармен әңгімелесу және осы уақыт кезінде мұражай ішінде оларға өздік жұмыс, сосын өздерінен бірге қарандаштармен дәптерлер әкелу тапсырлады. Тәжірібе көрсеткендей мындай әнгімелесу экскурсия сабақтың тиімділігін артырады. Оқушылардын өздік жұмыстарынан мынадай тапсырмалар беруге болады: 1) олардын көзқарасы бойынша тас дәуірі кезіндегі адамдардың ең маңызды деген 3-4 құралдарын салып келу, 2) палеолит, мезолит, неолит кезіндегі тұрақтардың тізбегін салып әкелуді тапсыру, 3) неолит, кола, ерте темир дәуірі ыдыстарынын сыртындағы орнаменттерді салдырту, 4) мұражайдан алғашкы адамдар ойлап тапкан бірнеше курылгылардын казіргі кунге дейінгі турлерін көрсету.

Археологиялық үйірмелердін көбі өзиндік зерттеулер жасаса, кейбіреулері тек археология жайлы сырттай тусінік қана жасайды.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Строев К.Ф. Краеведение. М., 1974.

2.Ивлев Н.П. Находки краеведа. А., 1977.

3.Жиренчин А.М. Из истории казахской книги. А., 1971.



5-Тақырып: Тарихи өлкетанудағы этнографиялық деректер мен материалдар

1.Өлкетану жұмысының этнография ғылымының дамуына ықпалы

2.Этнографиялық деректер түрлері

3.Тарихи өлкетануда қолданылатын этнографиялық категориялар

4.Туған өлкені зерттеуде этнографиялық дереткерді қолдану

Этнография – тарихи ғылымның жеке бөлімі, халықтардың мәдениетін, тұрмысын және мәдениетін зерттейді. Этнография термині гр. «этнос» - халық, «графос» - жазамын, яғни халықты сипаттау, халықтану болып табылады. Этнографиялық зерттеудің негізгі әдістемесі - әлем халықтарының тұрмысы мен өмірін тікелей бақылау, олардың қоныстануы, тарихи-мәдени қарым-қатынасын зерттеу. Соңғы онжылдықта этнография термині, ғылым саласы ретінде этнология терминімен алмасты. Көптеген шетелдерде этнография (этнология) жалпы адамзатты танып-білетін – антропология саласының бірі ретінде қарастырылады.

Этнография ғылым саласы ретінде ХІХ ғ., ортасында бөлініп шықты, осыған дейін тарихи зерттеулердің бір саласы ретінде қолданыста болды.

ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. «белгісіз халықтардың» өмірін зерттеу мақсатында бірнеше экспедициялар жарақталды. Олар өз зерттеулерінде Ресейдің көршілес елдерін зерттеумен айналысты. Ғылым Академиясының экспедициясы Сібір, Орал, Орта Азия және басқа да аудандарды зерттеумен айналысты. Кейде этнографиялық алғашқы ғылыми еңбектерде жарыққа шығып жатты. Солардың бір бөлігі Қазақстанға айналды. Міне, нақты осы кезеңде қазақ халқының дәстүрлері, салттары жайында алғашқы жазбалар пайда болды. Олар өлкенің тарихи, табиғи ерекшелігін сипаттады.

Этнографиялық өлкетанудың объектісі ретінде мәдени өміріне тұрмыстық ерекшеліктер, олардың шығу тектері, өзгерістер ескерілді. Қоныстардың орындары, олардың сыртқы құрылымдары тұрғын үйдің ішкі ерекшеліктері, әртүрлі қоныстар зерттелінді.

Этнографиялық бақылаулардың негізгі міндеті өткен кезеңнің оқиғаларын өзгертпей баяндау, сонымен қатар қандай жаңа өзгерістер келді. Халықтың тұрмыс-тіршілігі этнографиялық зерттеудің басты объектісі болып табылды.

Қазақстан аумағында мал шаруашылығы шаруашылықтың жетекші саласы ретінде қола дәуірінде орнықты. Алдыңғы андронов кезінде-ақ отырықшы тайпалардың кешенді шаруашылығы, үй жанында мал өсіру, кетпенді егіншілік, аң және балық аулау пайда болған. Алғашқы кездерде бұл бірыңғай өндіруші шаруашылык болды, онда мал шаруашылығы мен егіншілік әлі де дербес өндіріс салалары ретінде бөлінбеген еді. Б. з. б. II мыңжылдықтың ортасына карай көрініс өзгерді: шаруа- шылықта, археологиялык деректердің көрсетіп отырғанындай, алыс жерлерге көшуге және қыстыгүні тебінгілі жайылымға бейімделген қой мен жылқы сияқты жануарлардың үлес салмағы күрт еседі. Тұрғындардыңкөшіп-қонуы артып, далалық жайылық алқаптарды игеру үрдісі жүріп жатты. Мал шаруашылығының жеделдете дамуы барысында ежелгі тұрғындар арасынан шаруашылықтың осы саласымен айналысатын бақташы тайпалар бөлініп шықты. Қазақстан аумағында б. з. б. II мыңжылдықтың орта шенінде болған тұңғыш ірі қоғамдық еңбек бөлінісі шаруашылық қызметінің жаңа түрі — көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығының біржола калыптасуы үшін қажетті алғышарттар жасады.

Б. з. б. I мынжылдықың бас кезінде-ақ Қазақстанның далаларыңда, шөлейт және таулы аудандарда жартылай көшпелі және көшпелі мал шаруашылығы негізгі, ал содан соң үстем шаруашылық түріне айналады. Мұндай өзгерістер бірқатар себептерге байланысты еді, ал олардың ішіндегі ең бастысы бір-бірімен аса тығыз байланысты табиғи-географиялық және әлеуметтік-экономикалық факторлар болатын

Б. з. б. II мыңжылдыктың аяғы мен I мыңжылдыктың басында, басқа далалық аудандардағы сияқты, Қазақстанда да климат өзгеріп, ол барған сайын қуантарта берді. Табиғи су көздері кеміді, оның өзі үлкенді-кішілі өзендердің жайылмаларында егіншіліктің өрістеуін тежеді, ал кейбір аудан-дарда оны күрт кысқартты. Уақыт өткен сайын малшылық-егіншілік тайпалары ішінде үздіксіз көбейе түскен халык пен ндіргіш күштердің осы халықты күнкоріс құралдарымен қамтамасыз ете алмайтын үйлесімсіз төмен деңгейі арасында сәйкессіздік пісіп-жетіле бастады. Ежелгі тайпалар өз өндірісін тез жетілдіре алмады да, орын алған жағдайдан шығудың жолы бір ғана нәрсе — жер аумағын кеңейту деп білді. Қазақстанның суы аз жерлердегі суармалы егіншілікті дамытуға мүмкіндік бермеген далалық аудандары халқының көпшілігі үшін алғашқы экономиканың халық саны артуының өндіргіш күштеріне қысымын жоятын бірден-бір бағыты мал шаруашылығының көшпелі және жартылай көшпелі түрлеріне ауысу болды. Орасан зор жайылымдық алқаптары жағдайында мұндай шаруашылык бағыты мүмкін әрі тиімді болған еді.тайпаларының өмірінде экономикалық ірі прогресс, алғашқы коғамның өндіргіш күштері дамуына ілгері басқан қадам болды. Адам еңбегі неғүрлым өнімді бола түсті, өйткені шаруашылықтың мамандандырылуы мал, сондай-ақ ет, сүт, тері, жүн және т.б. түрінде артық өнім өндіруге кең мүмкіндіктер ашып берді.
Әдебиеттер:

1.Ашурков В.Н., Кацюба Д.В., Матюшин Г.Н. Историческое краеведение.М., 1980.

2.Матюшин Г.Н. Историческое краеведение М. 1987

3.Громов Г. Методика этнографических исследований. М., 1966

4.Алексеев В.П. Становление человечетсва, М., 1984.

5.Чебоксаров Н.Н., Чебоксарова И.А. Народы, расы, культуры, М., 1985

6.Сейдимбек А. Қазақ әлемі А., 1999

7.Этносы Казахстана: историко-демографичсекий справочник Астана, 2001





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет