«отан тарихының Өзекті мәселелері» пәні бойынша


Дәріс 9. Қазақ хандығы тарихының мәселелері



бет9/12
Дата22.02.2016
өлшемі0.57 Mb.
#2223
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Дәріс 9. Қазақ хандығы тарихының мәселелері

1. Қазақ хандығы сыртқы саясатының негізгі бағыттары

2. Оның жүзеге асу жолдары



1. Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде XIV-XV ғасырларда орын алған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды қоғамдық құбы-лыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың ершуі, әлеуметтік қай-шылықтардың үдеуі XV ғасырдың екінші жартысында бүл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.

Дешті Қыпшақ жеріндегі көшпелі еңбекшілер бүқарасы феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстар мен тартыстардың өршуіне, хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударумен жауап берді. Сөйтіп, XV ғасырдың 50-70 жылдары арасында Әбілхайыр хандығынан Жетісу-дың Шу мен Талас өзендерінің жазығына 200 мыңдай адам көшіп келді. Бүл кезде Жетісуды билеп отырған Моғол-стан ханы Есенбүғы (1434-1462) казақтардың мүнда қоныс аударуына қарсы болмады. Өйткені оның да өз есебі бар еді. Есенбүғы қазақ ру-тайпаларын өзінің ішкі және сыр-тқы саясатында, атап айтқанда, Әбілхайыр хандығына және Шығыстан күшейіп келе жатқан ойраттар шапқыншылығына қарсы күресте, сондай-ақ хандықтың өз ішіндегі феодалдық алауыздықпен талас-тартысты тоқтату үшін пайдалануды көздеді. Ал қазақтардың Жетісу жеріне қоныс ауда-руының басты бір себебі, Әбілхайырдың қол астында қанаушылықтың күшеюі болса, екінші бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей мен Жәнібек сүлтандардың жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін қүру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өзінің ықпалын тигізді. Олардың халық қолдаған дербес мемлекет қүру саясатының нәтижесінде Жетісудағы рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталығына айналды. Бүл арада түңғыш казақ хандығын құруға Керей мен Жәнібек сүлтандардың сіңірген еңбегін көрсете отырып, олардың саясатты кәсіп деп түсінген, жасынан қоғамдық-әлеуметтік өмірдің бағыт-бағдарын ойластырып, халық, ел тағдырына байланысты шешім қабылдап үйренген хандар-Дың отбасында өскен адамдар екенін айта кеткен жөн. Жәнібек қазақ хандығының түңғыш шанырағын көтерген Барақ ханның үлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғ-астыруы, әрине, табиғи құбылыс.



Бұл кезде жаңадан кұрылған Қазақ хандығының алдын-да тарихи үш үлкен міндеттурщл. Біріншіден, жаңа қоныс-танған аймақта бұрыннан Дешті-Қыпшақ даласында қалып-тасқан дағдылы мал жайылымдарын қалпына келтіру. Екіншіден, "¥лы Жібек жолы" бойында орналасқан ірі қолө-нер-сауда орталықтары - Сығнақ, Созақ, Сауран, Отырар, Ясы (Түркістан) және т.б. қалаларды қазақ хандығына қара-ту. Үшіншіден, бытырап жүрген қазақ ру-тайпаларын бір орталыққа біріктіріп, қазақтың этникалық территориясын қалыптастыру.

Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды /1458-1473 жж./. Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайлан-ды /1473-1480 жж./. Бүлардың түсында Жетісудың қазақ рулары мен тайпалары 1462 жылы Моғолстан ханы Есен-бүғы өлгеннен кейін, ондағы феодалдық тартыстардың күшеюіне байланысты, езара ынтымақтықты нығайта түсуге күш қосты. Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан жерінен бірқатар рулардың ауа көшіп, Жәнібек пен Керейдің кол астына келуі Қазақ хандығын бүрынғыдан да күшейтті. Бүлар жаңадан қүрылған Қазақ хандығының үкімет билігін нығайтып, оның беделі мен әскери саяси күш-қуатын арт-тыра түсті. Едәуір әскери күш жинаған және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шық-қан сүлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолын-у дағы күресіне қосылды. Бүл күрес 1468 жылы ӘбілхайырІ өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Оның елінде қиян-кескі қырқыс басталып, халық ыдырай бастады. Мүны қазақ хані дары Керей мен Жәнібек тиімді пайдаланды. Олар бүдан 12 жыл бүрын өздері көшіп кеткен ата қонысы Дешті Қып-шаққа қайта оралды. Сөйтіп, Әбілхайыр ханның мүрагер-леріне қарсы күрес жүргізді. Бүл күрестің барысында Әбіл-қайыр ханның орнына отырған мүрагер баласы Шайх Хай-дар өлтірілді. Әбілхайыр ханның немерелері Мүхаммед Шайбани мен Махмүд сүлтан Астраханға барып паналады. Күресте жеңіске жеткен Қазақ хандары 40 жыл Әбілхайыр билеген Дешті Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тай-паларды езіне қосып алды. Қазақ хандығының жері едәуір кеңейді.

Керей мен Жәнібек, олардан кейін Бүрындық Шығыс пен Батыс арасындағы сауда жолының үстіне орнаған Сыр-дария жағасындағы Сығнақ, Созақ, Отырар, Ясы (Түркістан) т.б. қалаларды Қазақ хандығына қарату үшін бітіспес күрес жүргізді. Сырдария бойындағы қалалар үшін соғыс Әбілхайырдың немересі Мүхаммед Шайбани ханмен отыз жылдан астам уақытқа созылды. Өйткені Мүхаммед Шай-бани Астрахань қоршауынан кашып шығып, Түркістан ай-мағына келді. Мүнда ол өзінің билігін жүргізіп отырған Әмір Темір түқымынан шыққан Мүхаммед Мәзит тархан-ды паналады. Ол Қазақ хандығына қарсы Мүхаммед Шай-баниды айдап салу мақсатын көздеді. Бірақ бүдан ештеме шықпады. 1470 жылы қыста қазақ ханы Керей әскерлерімен Түркістанға шабуыл жасады. Ал Жәнібектің үлкен баласы Махмүд сүлтан Созақ қаласын бағындырды, екінші баласы Еренжі Сауранды иемденді. Сауран түбінде соққы жеген Мүхаммед Шайбани Бүхараға қашты.

1472 жылы Мүхаммед Шайбани Түркістанға қайта ора-лып, Ноғай Ордасының әмірі Мүса мырзаның көмегімен Аркок бекінісі мен Сығнақ қаласын басып алды. Бүл уақыт-ша жеңіс еді. Бүрындық сүлтан мен Махмүд сүлтан бастаған қазақтың біріккен жасақтары Қаратаудағы Соғүнлық асуында Мүхаммед Шайбанидің әскерлерін талқандады. Бүрындық сүлтан Сығнақ қаласын қайтарып алды. Бүл соғыста күйрей жеңілген Мүхаммед Шайбани Маңғыстауға қашты. Сырдария жағасындағы калалар қайтадан Қазақ хан-дығына өтті.

Бүл кезде Қазак хандығына Мүхаммед Шайбанимен қатар Моғолстан ханы Жүніс және Орта Азия жерінде билік етіп түрған Әмір Темір әулетімен де күрес жүргізуге тура келді. Өйткені бүларда Сырдария жағасындағы маңызды сауда орталықтарын ездеріне қаратып алуды көздеді. 1482-1485 жж. Моғолстан ханы Жүніс әскерлерімен Ташкент пен Сайрам қалаларын басып алды. Ал XVI ғ. басында Моғолстан билеушісі Жүністің баласы Сүлтан Махмүд хан Отырар қаласын басып алып, оны Мүхаммед Шайбаниға берді. Моғолстан ханының қолдауына сүйеніп және Оты-Рарға ие болған Мүхаммед Шайбани тағы да Сауран мен Ясы (Түркістан) қалаларына шабуыл жасап, басып алды.

Сонымен қорытып айтқанда, қазақ хандығының құрылуына ХҮ ғ.ІІ-жартысында Қазақстан жерінде екі мемлекеттің - Әбілхайыр хандығы /көшпелі өзбек мемлекеті/ мен Моғолстанның ішкі саяси ахуалы нақты жол ашты.



2. Моңғол шапқыншылығы салдарынан Қазақстан жерінде-гі ру-тайпалардың арасындағы тарихи қалыптасқан жағрафиялық ортақтастық пен мәдени-экономикалық байланыс-тар бұзылды. Моңғол басқыншылары көптеген қалалар мен елді мекендерді, егіншілік ошақтарын талқандап, өлкенің өндіргіш күштерін күйзелтті. Мүндағы экономикалық және мәдени байланыстарды үзді. Көптеген бейбіт халық: егінші, малшы, зергер тағы басқа да кәсіп иелері қырылды. Ірі ру-тайпалардың бірсыпырасы қоныс аударуға мәжбүр болды. Мәселен, қыпшақтардың бір бөлігі Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірге көшті. Моңғол феодалдарының Шығыс Қа-зақстан мен Жетісуда таңдаулы жайылымдарды тартып алуы, әсіресе жергілікті халықтың жиі-жиі ығысуына әсерін тигізді. Моңғол әмірлері өз үстемдігін берік үстау үшін жаулап алған елдерді үлыстарға бөліп, этникалық жағынан туыстас жергілікті халықты бір-бірінен бөліп тастауға тырысты.Қазақстан жерінде қаншалықты жойқын шапқыншылық оолғанымен, халық болып қалыптасудың негізгі шарты тіл бірлігі жойылмады. Қайта, керісінше, уақыт өткен сайын моңғол шапқыншыларының өздері ез тілдерінен айырьілып, жергілікті ру-тайпалардың қалыптасқан түркі тіліне, әдет-ғұрпына, салт-санасына көшіп, XIV ғ. өзінде-ақ толық түркіленіп кетеді. Бірақ бүл кезде бүрынғы екі үлкен Расаның /нәсілдің/ байырғы еуропеидтік және кейін қосылған моңғолоидтық нәсілдердің күрделі араласу нәтижеде қазіргі қазақ халқы қүрамының /антропологиялық этникалық және лингвистикалық негізде/ бірыңғай тұтас қосындысы /қорытпасы/ келіп шығады.

Алайда, бүкіл Қазақстанның жерінде өмір сүрген ру-тайпалар түркі тілінде сөйлегенімен территориялық бөлінуге үшырап, Ақ Орда, Моғол, Әбілхайыр, Ноғай, Көшім хандықтарының қол астында өмір сүріп жатты. Олар сая-си, мәдени және экономикалық жағынан бытыраңқы бол-ды. Атақты "92 баулы қыпшақ" атты шежіреде көрсетілген бүл ру-тайпалардың барлығы кейін қазақ халқының құрамына кірген.

ХІУ-ХУ ғасырларда феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында толассыз тоқтамай жүріп жатқан феодалдық со-ғыстар мен тартыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға үмтылу процестері барған сайын белең алды. Қазақстанның ежелгі тайпалары өз мекендері-нің тарихи-жағрафиялық, экономикалық және саяси оқша-улануының тарихи қалыптасқан жағдайларына /түрлі тай-палық одақтар мен ертедегі феодалдық мемлекеттерге кіруі/ байланысты этникалық жағынан біртүтастық пен бүтіндікке үмтыла отырып, үш негізгі этникалық - шаруашылық то-пқа бөлінді. Яғни, жағрафиялық жағдайына байланысты үш жүз қалыптасты. Олар: ¥лы, Орта және Кіші жүз. ¥лы жүздің орталығы - Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Орта жүздің орталығы - Орталық Қазақстанда және Кіші жүздің орта-лығы - Батыс Қазақстанда болды.

¥лы жүз Сырдариядан бастап Жетісу жерін түгел жай-лайды. Оның қүрамына үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, жалайыр, шанышқы-лы, қатаған, т.б. ру-тайпалар кіреді. Орта жүз Орталык Қазақстан аудандары мен Солтүстік-Шығыс Қазақстаннын бір бөлігін қоныс етеді. Оның қүрамында қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ, тарақты тайпа-рулары бар. Кіші жүздің мекені - Сырдарияның төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей бөлігі. Оның қүрамындағы тайпалар одағы - Әлімүлы /қарасақал, қаракесек, кете, төртқара, шемекей, шекті/; Байүлы /адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, есентемір, қызылқүрт, шеркеш, ысық, таз, масқар/; Жетіру /табын, тама, кердері, жағалбайлы, кереит, телеу, рамадан/.

Жүздердің үйымдасқан уақыты, қалай қүрылғаны әлі жете зерттелмеген.

Үш жүздің пайда болуына ертедегі ел билеудің әскери тәртіпке негізделуінің де әсер етуі ықтимал. Қазақтың үш жүзі ешқашанда бір-бірімен жауласып, өзара араздыққа ба-рьш көрмеген. Керісінше, олар қазаққа қауіп тенгенде, казақ халкының тағдыры шешілер сәтте хандары, батырлары, билері, тағы да басқа беделді адамдары арқылы бір жерден табылып, мәселені бірігіп шешіп отырған. Жоңғарларға кар-сы соғыста солай болды. Қазақтар үш жүздің бірлігін қадірлеп, қастерлеп келе жатқан халық. Төле бидің "Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін" - деуі де осыдан.

Мүндай үштіктің шығуына, бір жағынан, Ақ Орда, Но-ғай Ордасы және Әбілхайыр хандығының қүрылуы, Мо-ғолстанның оқшаулануы түрік және түріктенген моңғол тай-паларының қазақ халқы больтп бүрынғыдан да жедел әрі топтасу процесінің күш алуы комектесті. Екінші жағынан, қазақ тайпаларының феодалдык мемлекеттердің бұл жүйесінде үзақ болуы қазақ халқының үш этникалық тар-мақ, үш жүз болып қалыптасуын негіздеді.

Әрбір жүздің тайпалары жалпы шаруашылық мүдделер негізінде топтасқан, өз шекарасында экономикалық жағы-нан оқшауланған еді. Олардың тілі, материалдық тұрмыс-мәдениеті жөнінен басқа жүздердің тайпаларынан ешбір айырмашылығы болған жоқ. Жалпы алғанда, XV ғасыр қар-саңында бүл тайпалар түрік тектес халық болып топтасты да, кейінірек "қазақ" деген этникалық ортақ атауға ие бол-ды, сөйтіп халықтың қалыптасу процесі негізінен аяқтал-Ды. Бірақ бүл процесс кейбір себептермен байланысты кешеуілдеп барып іске асты. Оған қазақ халқының этника-лық қүрамына кірген тайпалардың бірнеше мемлекет қүра-мына енгені, кейбір жеке тарихи қалыптаскан бөлшектердің бытыраңқылығы себеп болды. ХІУ-ХУ ғғ. көптеген жүрттың көшіп-қонып, сапырылысуы орын алды. Мәселен, Темірдің соғыстары кезінде моғол топтары Жетісудан Орта Азияға қоныс аударады. Әбілхайыр түсында оған Моғол-станнан калучи және бүлғашы тайпалары кошіп келеді. Бір кездері керейлер Жетісудан Орта жүзге кетіп қалады, маң-ғыт-ноғайлар батыстан Сырдария бойына ауып келеді.

ХҮ-ғасырдың ІІ-жартысы мен ХҮІ-ғасыр қазақ халқының негізгі этникалық территориясы мемлекет етіп біріктіру, халықтың да қалыптасу процессінің аяқталуын тездетті.Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың Оңтүстік Батыс территориясы баяғыдан бері қазақ халқының құрылып, қалыптасуының басты этникалық орталығына айналды.XIV-XV ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан халқы моңғол шапқыншылығының ауыр зардаптарынан бірте-бірте арыла бастады. Бүліншілікке ұшыраған шаруашылықты, қираған қалаларды қалпына келтіруге бағытталған шара-лар жемісін беріп, феодал-байлардың экономикалық және әлеуметтік жағдайлары біраз жақсарды. Қазақстанның онтүстігі мен оңтүстік-шығысында кала мәдениеті, егіншілік, қолөнер өндірісі жандана түсті. Өлкенің батыс, орталык, далалық өңірі мен оның оңтүстігі, Жетісу және Орта Азия аймақтарымен сауда байланыстары қалпына келтірілді. Сонымен бірге бүл тұста моңғолдардың қол ас-тында болып келген көптеген үлыстар мен елдер дербес тәуелсіз мемлекеттер қатарына шықты. Осындай тәуелсіздіктің арқасында Қазақстан жерінде алғашқы рет жергілікті этникалык негізде пайда болған ірі мемлекет -Ак Орда хандығы. Оның шекарасы Жайық озенінен Ертіске, Батыс-Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созы-лып жатты. Ақ Орданың мегізгі халқы ерте заманнан осын-да мекендеген түркі қыпшақ тайпалары, сондай-ақ, Алтай-дан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керей-ттер, үйсіндер, қарлүқтар және басқалары. Бүл тайпалар тілі жағынан бірін-бірі түсінетін біртекті түрік тілдес болды. Олар әлеуметтік-экономикалық жағынан, мәдени әдет-ғүрып, салт-дәстүрлері де бір-бірімен үқсас, туыстас тайпалар еді.

Ақ Орданың негізін қалаған Шыңғыстың немересі Жошы ханның үлкен үлы Орда Ежен. Ақ Орда алғашқы қүрылған кезде Алтын Ордаға тәуелді иелік болып есептелді, ал іс жүзінде өз алдына тәуелсіз саясат жүргізіп отыр-ды. Ол кезде Алтын Орданың астанасы Еділ бойындағы Сарай қаласы еді. Ал Ақ Орданы билеген Орда Еженнің ордасы алғашында Ертіс алқабында Алакөл маңында, яғни әкесі Жошы ханның алғашқы қоныстарында бол-ды. Ақ Орда хандарының кестесі оларды болған уақытына қарай мынадай ретпен тізеді. Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасы-Бүқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Ұрыс хан, Қой-ьіршақ, Барақ, т.б.

Ақ Орданың кемеліне келіп, толысқан шағы XIV ғ. екінші жартысы. Бүл кезде Ак Орда мемлекетінің шаруа-шылғы, мәдениеті қарыштап дамып гүлденді. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы өркендеді. Ақ Орда хандары қалаларды қалпына келтіріп, қайта қүруға зор күшжұмсады. Олар хандықтың астанасы Сығнақ қаласында өз аттарынан металл ақша шығарды.

1361 жылы Ақ Орданың билеушісі болған ¥рыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағына оты-руға күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жылдары Еділ бойы-мен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хаджы-Тарханды (Астраханды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ ¥рыс ханның үстемдігі үзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Ал-тын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. Өйткені бүл кезде Орта Азиядағы Мауеренахр жерінде билікті өз қолына алып күшейе түскен Әмір Темір Ақ Ор-даның оңтүстік шекарасына шабуыл қауіпін төндірген еді. Ақ Ордаға қарсы шабуылда Әмір Темір Маңғыстау үлесінің билеушісі Түйқожа оғланның баласы Тоқтамысты пайда-лануға тырысты. Түйқожаны ¥рыс хан Алтын Ордаға қар-сы жорықта қолдамағаны үшін өлтірген болатын. Ал Тоқ-тамыс Самарқандка кашып келіп, Әмір Темірді паналады. Әмір Темір Ақ Орданы жаулап алу мақсатын жүзеге асыру үшін қару-жарақ, әскери күш беріп, Тоқтамысты Ақ Ор-даға қарсы айдап салды.



Тоқтамыстың алғашқы жорығы (1374-1375) сәтсіз аяқталды, Ақ Орда әскерлері Тоқтамыстың шоғырларын талқандады. Бүл соғыста Үрыс ханның баласы Қүтылық Бүға қаза тапты. Әмір Темірден жаңадан әскер алған Тоқ-тамыстың екінші жорығы да ¥рыс ханның баласы Тоқтақия басқарған Ақ Орда әскерлерінен жеңілді. Әмір Темір Ақ Ордаға жорық жасау үшін Тоқтамысты үшінші рет әскермен жасақтады және бүл жорықты өзі бастап шықты. Әмір Темір әскерімен Сырдариядан өтіп,Отырар маңына орналасты. Үрыс хан әскерімен Сығнаққа келіп тоқтады. Алайда екі әскер тобы осылайша бір-біріне жақындамай, аталған жерлерде үш айдай түрып, шайқаспай кері қайтып кетті. Тек төртінші жорық кезінде Үрыс ханның және оның баласы Тоқтақияның қайтыс болуы Әмір Темірдің жеңіске жетуіне мүмкіндік берді. 1377 жылы ¥рыс хан қайтыс бол-ғаннан кейін, Ақ Орда иелігі оның баласы Темір Мәлікке көшкен-ді. Осы кезде Тоқгамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды, сөйтіп 1379 жылы өзін Ақ Орданың ханы деп жариялайды. Ак Орданың көптеген әмірлерінің қолдауына ие болған ол 1380 жылы Сарайды, Хаджы-Тарханды, Қырымды және Мамай ордасын басып алады. Тоқтамыстың бүл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 жылы Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі нәтижесінде мүмкін болды. Тоқтамыс мүнымен тоқтаған жоқ, әбден күшейіп алғаннан кейін ол Ақсақ Темірдің қам-қор-қамтуынан босануға тырысады. Бірақ, 1388, 1391 және 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қиратылады. Темірден жеңілген Тоқтамыс Сібірге қашып кетті, оны 1406 жылы Сібір ханы Шәдібек өлтірді. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі та-лас-тартыстан XIV ғ. аяғы мен XV ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсірейді. Ол Әмір Темірдің боданына айналды.

1423-1424 жылдары ¥рыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жедіп шығып, Ақ Ордада хандық-ты ез қолына алады. Бүл кезде, Ақ Орданың басты қала-сы Сығнақ, сондай-ақ Сырдың орта ағысындағы қала-лар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жылдары Барақ Ақсақ Темірдің немересі Үлықбекке қарсы жо-рыққа аттанып, Сығнақты және Сырдария бойындағы басқа да қалаларды босатты. Осы жеңістін нәтижесінде Ақ Орда Темір әулетінің үстемдігінен тәуелсіз болып алды. Алайда, Ақ Орданың ішіндегі феодалдық талас-тартыс тоқтамады. Осының салдарынан 1428 жылы Ба-рақ хан жауларының қольшан қаза тапты. Ол Ақ Орда-ның ең соңғы ханы болды. Барақ хан өлгеннен кейін Ақ Орда ыдырады да, билік Жошының кіші үлы Шайбан түқымынан шыққан Әбілхайыр сүлтанның колына көшті. Шайбан әулетінен шыққандар Барақ өлгеннен соң, Ак Орда жерінің елеулі болігін басып алды. Сөйтіп, 1227 жылы Жошы өліп, оның үлысы екіге жіктелгенде жа-рыққа шыққан Ақ Орда хандығы екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Кешпелі аудандарда мал шаруашылығы кеңінен дамы-ды. Қыруар мал бай-феодалдардың қолына жинақталды, олар жердің нағыз қожасына айналды. Олар қазақ халқының жеке халық болып қалыптасуында үлкен рөл атқарды.

XIV ғасырдың ортасына қарай Шағатай ұлысы дербес екі иелікке - шығыс және батыс бөліктерге бөлінді. Шаға-тай ұлысы қоныс еткен Мауеренахрдың батыс бөлігінде 50-60 жж. феодалдық ыдыраушылық әрекеті жойылып, Әмір Темір мемлекеті құрылды. Ал оның шығыс бөлігінде Моғолстан мемлекеті орнады. "Моғолстан" тарихи-жағрафиялық термині "моңғол" атауынан шыққан. "Моңғол" есімі Орта Азия мен Қазақстанда түрік және парсы тілдері-ндегі тарихи туындыларда "моғол" деп аталып, жазылатын болған. Моғолстан мемлекеті алғашқы құрылған кезде билік Шағатай ханға адал қызмет еткен Дулат тайпасы әмір-лерінің бірі - Болаттың қолында болған. Шыңғыс тұқымы-нан шықпаған, сондықтан хан болуға құқы болмағандыктан Болат озінің айтқанына кенетін әлі жас 18 жастағы Піағатай ұрпағы Тоғылық Темірді 1348 жылы хан тағына отырғызды.

Моғолстан мемлекетшің құрамына Шығыс Түркістан, Онтүстік-Шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір жер-лері кірді- Мемлекеттін шекарасы батыста Ташкент пен Түркістан аймағынан шығыстағы Баркөл мен Хами қала-сына дейінгі, солтүстікте Балхаш, Тарбағатай мен Қара Ер-тістен онтүстіктегі Ферғана мен Қашғарияның егінді аймактарына дейін созылып жатты. Сонымен XIV ғасырдың ортасында ыдыраған Шыңғысхан империясының жерінде тағы бір хандық - Моғолстан мемлекеті қүрылды (орта-лығы - Алмалық қаласы). Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бүл мемлекеттің негізін қала-ған жоғарыда айтылғандай монғол әмірлерінің бірінің баласы - Тоғылық-Темір хан (1348-1362 жж.). Ол Шығыс Түркістаннан бастап Жетісу енірінен Оңтүстік Сібірге дейінгі келемі зор, таулы-тасты, езенді-көлді, ашық дала-лы, орман-тоғайлы жерлерді мекендеген түркі тектес тай-палардың басын қосты.

ХІ^-Х^ғасырларда Моғолстан қүрамына кірген тайпа-лар: дүғлаттар (дулаттар), каңлылар (бекшіктер), керейт-тер (керейлер), арғьшдар (арғинут), баириндер, арлаттар, барластар, булғашылар және басқалары. Кейбір тайпалар-дың, мәселен, үйсіндердің аты аталмағанымен, олардың да осы бірлестікте болғанына ешбір күмән жоқ.

Моғолстанда мемлекеттің саяси басшысы және жер-судьң жоғарғы иесі хан болды. Ақ Ордадағы сияқты мүнда Да бай-феодалдар жерді шартты иеленудің икта, инджу, сойүрғал сияқты түрлерін пайдаланған. Көшпелі аймақтар-Да жер жалпы қауымның қарауында болған. Бірақ мал ірі ақсүйек байлардың колында шоғырлануьшен байланысты көшпелі аудандарда қоныс - өрістердің бәрі шынында да солардың меншігіне тиді. Хандар мен ел билеуші ақ сүйектердің пайдасына қала мен ауыл түрғындарынан, егінші пен көшпелі халыктан күпшір, зекет, тағар, баж, қарадж Және тағы басқа да салықтар жиналды. Бүқара халық әртүрлі міндеттерді: әскери, кірешілік, еңбек, пошта т. б. Мщдеттерді атқарды. Мемлекетті басқару ісінде ханға үлыстар көмектесті.

XIII ғасырдың ортасынан бастап Жошы ұлы Орда Ежен негізін қалаған Ақ Орданың батыс жағында Шыңғысхан-ның тағы бір немересінің атымен Шайбан ханының үлесті жері даралана бастайды. Ол Боз орда деп те аталған. Тари-хи деректердің көрсетуі бойынша, Шайбан бүл жерлерді Бату ханның батыстағы соғыстарына қатысқаны үшін алса керек. Шайбан ханның Батудан сыйлық ретінде алған үле-сіне алғашқы кезде қосшы, найман, бүйрақ, кдрлүқ тайпа-лары кірген. Шайбани хан Орал бөктеріндегі Тобыл, Жайық, Ырғыз өзендерінің аралығындағы кең байтақ жерлерді жа-зғы жайлау қылса, Арал жағалауында, Шу, Сарысу, Сыр-дария бойларының теменгі ағыстарында қыстаған.

Шайбани түқымдары Алтын Орда тағында ешуақытта билік етпеген және олар Батый хан үрпақтарына үнемі ба-ғынып отырған. Сөйтіп олар Ақ Орда хандары сияқты Ал-тын Орда тағы үшін жан аямай күреспеді, өздерінің материалдық және адам ресурстарын ысырап етпеді. Шайбанилер Әмір Темір мен оның мүрагерлерінің басқыншылық соғыстарына тойтарыс беруге де аз тартылды. Өйткені Әмір Темірді Шайбан үрпактары көшіп жүрген далалык аймақ-тардан гөрі бірінші кезекте Сырдария бойындағы бекініс-қалалар кебірек қызықтырды.

XIV ғасырда Орда-Ежен мен Шайбани ұрпақтары иеліг-індегі ұлыстар мен ру-тайпалар Ақ Орда мемлекетінің қүра-мында болды. Мүнда Орда-Ежен мен Тоқа Темір әулетінен шыққан хандар билік жүргізді. Дегенмен, осыған қара-мастан Шайбани үрпақтары өз иелігіндегі билігін сақтап қалды. Ал XV ғасырдың 20-жылдарының аяғына карай Шыңғыс үрапақтары мен көшпелі түрік шонжарларының қиянкескі күресінің нәтижесінде билік Орда-Ежен мен Тоқа-Темір мүрагерлерінен Шайбан үрпақтарына ауысады. Оған Ақ Орданың әлсіреуі мен қүлдырауы, оның соңғы ханы Барақтың 1428 жылы қаза табуы себепші болды. Бүл кезде Ақ Орданың жерінде бір-біріне тәуелсіз екі саяси бірлестік нығайды. Олардың біріншісі - Жайықтан және оның батысына қарай Еділге дейінгі жерлерді қамтыған Ноғай Ордасы. Ал Жайықтың шығыс жағында Ырғыз, Елек, Торғай, Сарысу бойында, Тобыл мен Есілдің жоғарғы ағыс-тарына Шайбани үрпақтары иеліктерін жүргізді. Олар: Аралдан солтүстікке қарай Шайбани әулеті Жүмадық ханның үлысы, Шайбани әулетінің екінші бір түқымы Мүстафа хан Атбасарда, үшінші бір түқымы Махмүд-Қожа Тобылда, маңғыт Кепек би мен Адабек Бүркіт Батыс Сібірдегі Тура оңірінде билік еткен. Жазба тарихи деректерде бүл феодалдық иеліктер Көшпелі өзбектер хандығы деп те ата-лған. Бүл үлыстардың арасында жер үшін, билік үшін ешбір тоқтаусыз, қиян-кескі үрыстар үнемі болып түрған. Осы талас-тартыстың барысында Жошының Шайбан үрпағынан тараған Дәулет-Шайхоғылының баласы 17 жасар Әбілхайыр жеңіске жетті. Ол 1428 жылы Батыс Сібірде Тура (Тюмень) қаласында хан болып жарияланды. Оны Шайбани ұлысына кірген рулар мен тайпалдардың 200-ге жуық ірі өкілдері қолдаған.

Әбілхайыр хандығы Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарының көптеген жерін камтыды. Ха-лқының құрамына Ақ Ордаға кірген түрік және түріктен-ген түрік-монғол тайпалары жатты. Олардың бастылары: қыпшақ, найман, қият, маңғыт, қарлүқ, қоңырат, қаңлы, үйылын, шынбай, күрлеуіт және тағы басқалары. Бүл тай-палар тілі, шаруашылығы, мәдениеті және түрмысы жағынан туыстас тайпалар. Сондықтан олар "өзбек" деген атпен саяси жағынан бірге аталған.

Шығыс Дешті-Қыпшақтың феодалдық бытыраңқы жерлерін біріктірген "Көшпелі өзбектер мемлекетінің" яғни Әбілхайыр хандығының Қазақстан тарихында елеулі орны бар. Оның иелігі Ноғай Ордасының шығыс бетін, батыста -Жайыққа, шығыста - Балқашқа дейінгі, оңтүстікте - Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысына, солтүстікте - То-был мен Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді қамтыды.

Әбілхайыр басқарған 40 жылдай уақыт ішінде (1428-1468 жж.) елдің саяси жағдайында түрақтылық пен тыныштық болмады. Оның қолынан билікті алу үшін күрескен әр түрлі топтар мен күрес жүргізуге тура келді. Жошы әулеті - оның ішінде Ибак-хан, Береке-сүлтан, ¥рыс ханның үрпақ-тары Жәнібек пен Керей тағы басқалары - Әбілхайырға үнемі қарсы шығып отырды. Сондықтан Шығыс Дешті Қыпшақтың аумағы саяси жағынан бытырыңқы болып қала берді. Бүған Әбілхайыр ханның тоқтаусыз жүргізген соғы-стары мен жорықтарының да үлкен әсері тиді. Әбілхайыр да хандық билікті өз қолына алған соң, басқа хандар сияқ-ты, елдегі үстемтап өкілдерінің талабына сай қызмет етуге әрекет жасады. Осы мақсатта ол басқа елдерге жорық жа-сау, жаңа елдерді басып алу, соғыс барысында қолға бай-лық түсіру, оны ақсүйек-феодал арасында бөліске салу ісімен айналысты.Әбілхайыр хан өзінің жаулаушылық әрекетін XV ғасыр-дың 30-шы жылдарынан бастайды. Ең әуелі ол Тобыл бой-ында Шайбани үрпағы Махмүд Қожа ханды талқандайды. Жошы балаларының бірі Тоқы-Темірдің түқымдары Махмүд ханмен Ахмед ханның иелігіндегі Арал, Сырдария жерлері үшін Екіретүпте болған шайқаста жеңіске жетіп, Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанға жол ашады. Әбілхай-ыр Алтын Орданың әлсіреуін пайдаланып, Еділ бойындағы көптеген жерлерді басып алады. Өзінің орталығын Тура-дан Орда-Базарға көшіреді. 1430 жылы аз уақыт Хорезмді басып алып, Үргеніш қаласын тонайды. 1446 жылы Әбілхайыр өзіне қарсы болып жүрген күшті шонжарлар-дың бірі - Мүстафа ханның әскерлерін талқандайды. Сол жылы Әбілхайыр хан Сырдария өзені мен Қаратау бау-райындағы Созақ, Сығнақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алып, Сығнақты өз хандығының астанасына ай-налдырды. Сырдария бойындағы қалаларды Әбілхайыр-дың бағындыруының үлкен саяси-экономикалық маңы-зы болды. Өйткені кәсіпшілік пен сауда орталықтары болып саналатын Сырдария қалалары Әбілхайыр хан-дығын нығайтуға айтарлықтай ықпал ететіні сөзсіз еді. Қалалар көшпелі өзбек хандығының әмірлері мен сүлтан-дарына берілді. Созақ өзіне қарасты барлық жерлерімен Бақтияр сүлтанның, кейін оның баласы Әлеке сүлтанның иелігіне кешті, Үзгент - маңғыт Уақас би қол астына берілді. Ал Отырар, Ясы, Сайрам мен Сауран Темір әулетінің қара-мағында қалды.

Әбілхайырдың Сыр бойындағы қалаларды басып алу ағайындас Шайбани үлысы мен Ақ Орда үлысы ру-тайпа-ларының арасындағы қырғи-қабақ қатынастарды одан әрі шиеленістіре түсті. Себебі бүл қалалар мен оның төңірегі-ндегі алқаптарды қарату Барақ ханның түқымдары Керей мен Жәнібек сүлтандардың және оларға тәуелді, Сырда-рия мен Қаратау өңірінде көшіп-қонып жүрген қазақ рула-рының мүдделеріне қайшы келді. Бүл олардың арасындағы күрестің қайта жанданып, қазақ сүлтандары мен оларға Қарасты рулар мен тайпалардың Моғолстан жеріне көшіп кетуіне әкеліп соқтырды.XV ғасырдың 50-ші жылдары Әбілхайыр Мәуеренах-Рдағы Темір үрпақтарының ішкі тартысына араласып, Самарқанд пен Бүхараға талау-тонау жорықтарын жүргізді. Әбілхайырдың шапқыншылықтарының табысты болуына, оның жергілікті бай-феодалдармен келісімге келуі ықпалын тигізді.

Көшпелі өзбектер мемлекеті ішкі қайшылықтардың әсерінен ыдырап кетеді.



Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

  1. Қазақ халқының қалыптасуында түрік тектес халықтар қандай роль атқарды?

  2. Не себептен мемлекеттік бірлестік ретінде алғашқы Қазақ хандығы берік болмады?

  3. Қазақ деген этнонимнің шығуы жөнінде қандай ғылыми болжамдар бар?

  4. Жүз деген атау жөнінде қандай ғылыми болжамдар бар?

Ұсынылатын әдебиет:

1.Қазақстан тарихы Көне заманнан бүгінге дейін. 4 томдық 2т. А-1996. 201-248 б.

2.Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан летопись трех тысячелетий. А-1992. гл. 6.

3. Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. А-1995. тарау 6.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет