Отандық тарих ғылымында өзінің өектілігімен ерекшелентін әрі әлі де болса тыңғылықты зерттеуді талап ететін мәселелердің бірі демография саласындағы зерттеу жұмыстары болып табылады



Дата29.01.2022
өлшемі43.88 Kb.
#454923
түріДиссертация
сын


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, тарих, археология және этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасы «6М011400 – Тарих» мамандығының 2 курс магистранты Досымова Гүлдерхан ---қызының «Оңтүстік Қазақстандағы қазіргі демографиялық үдерістер» атты тақырыбындағы магистрлік диссертациясына сыртқы пікір білдірушінің
СЫН ПІКІРІ
Отандық тарих ғылымында өзінің өектілігімен ерекшелентін әрі әлі де болса тыңғылықты зерттеуді талап ететін мәселелердің бірі – демография саласындағы зерттеу жұмыстары болып табылады. Еліміз егемендігіне қол жеткізген тұста дағдарыс пен дамудың түрлі кезеңдерінен өткен демография саласы бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстары өте аз. Бүгінгі жаһандану жағдайында демографиялық үдерістерді оңтайландырудың тың жолдарын анықтап, тың ғылыми тұжырымдау жасау аса өзекті. Осы тұрғысынан келгенде Досымова Гүлдерхан ---қызының «Оңтүстік Қазақстандағы қазіргі демографиялық үдерістер» деп аталатын магистрлік диссертациясы қолдауға лайықты. Рас еліміздің оңтүстігі өзінің белсенді демографиялық үдерістерімен ерекшеленетін аймақтардың бірі. Оңтүстіктегі халықтың тығыз орналасуы мен еліміздің өзге де аймақтарына арнайы мемлекеттік бағдарлама негізінде орналастыру саясаты соның айқын дәлелі болса керек. Міне еліміздің оңтүстігіндегі демографиялық үдерістерді жан-жақты зерттеу және алынған нәтижелерді өзге аймақтармен салыстыру арқылы тың тұжырымдар жасау өз кезегінде осы салада жаңа аймақтық ұстанымдарды қалыптастыруға негіз болары анық.

Осы маңыздылықты Досымова Гүлдерхан ---қызы терең түсініп, өзінің магистрлік диссертациясын барынша жүйелі ұйымдастырып, белсенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алған және осы тақырып шеңберінде тың ғылыми тұжырымдар жасаған. Мысалы өзінің магистрлік диссертациясының алғашқы тарауында Досымова Гүлдерхан ---қызы мәселенің теориялық негіздеріне мән беріп, демографиялық үдерістердің мәні мен еліміздегі демографиялық үдерістерді оңтайландырудың бағыттарын сәтті аша алған. Ең бастысы магистранттар еліміздегі демографиялық үдерістерді оңтайландыру бағыттарын шетелдік тәжірибелермен салыстырмалы жағдайда қарастыра алған. Дамыған елдердің тәжірибелерін алға тарта отырып, оның тиімді тұстарына арнайы талдау жүргізеді. Сөзсіз мұндай тәжірибе қазіргі зерттеу жұмыстарына аса қажет.

Екінші тарау барысында магистрант Түркістан облысындағы демографиялық үдерістерге жан-жақты тоқталып, халқының саны мен олардың орналасуына, аймақтағы көші-қон үдерістеріне жеткілікті мән бере алған. Әсіресе көп ұлтты осы аймақтағы халықтың орналасуын этникалық белгі бойынша жасаған сараптамалық жұмыстары сәтті шыққан. Магистрант әр тараудың соңында өзіндік ұсыныстарын білдіріп, қорытынды тұжырымдарын жасайды. Ұсыныстар және тұжырымдармен таныса келе, оның орындылығы мен тарихи негіздерінің жоғары деңгейіне көз жеткізуге болады. Сонымен қатар магистрант өзінің магистрлік диссертациясының үшінші тарауында Жамбыл облысындағы демографиялық үдерістерді айқындап, өзекті мәселелеріне қатысты тұжырымдар жасай алған. Магистрант облыс көлеміндегі халық саны, оның өсу динамикасын елімізде жүрген ресми санақ негізінде айқындаған. Облыс аумағында өмір сүретін түрлі ұлт өкілдері мен олардың облыс аумағы және сыртқы аймақтардағы көші-қон үдерісіне тартылу дәрежесіне ерекше мән берген. Сөзсіз магистрант ғылыми-зерттеу жұмыстарының үлкен топтарын пайдаланып, ресми құжаттарды барынша салыстырмалы түрде талдау арқылы қолдану диссертациялық жұмысты барынша құнды ете түскен.

Диссертация жұмысымен танысу барысында магистрант өзінің ғылыми жұмыстарды ұйымдастыруға қабілетті екендігіне көз жеткізуге болады. Өйткені жұмыстың ішкі мазмұнында логикалық байланыс сақталған әрі толықтай аяқталған жұмыс. Жұмыстың жоспары тақырып пен қойылған мақсатты ашуға бағытталған. Диссертациялық жұмыс мақсат пен міндеттеріне сай ұйымдастырылған. Магистрант диссертациялық жұмыс барысында объетивтілік принципін басшылыққа ала отырып, мәселені жан-жақты қарастыра алған. Өзіндік талдаулар, оқиғаларды салыстыру, жүйелілік пен нақтылық сынды әдістер мен қағидалар да басшылыққа алынған.



Досымова Гүлдерхан ---қызының «Оңтүстік Қазақстандағы қазіргі демографиялық үдерістер» атты магистрлік диссертациясын ғылымилығы жоғары жұмыс деп атап, оны «өте жақсы» (100) деп бағалаймын. Досымова Гүлдерхан ---қызы «6М011400 – тарих» мамандығы бойынша тарих ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін алуға толықтай лайықты деп санаймын.
Қожа Ахмет Яссауи атындағы

Халықаралық қазақ-түрік университетінің

Гуманитарлық ғылымдар факільтетінің

Хххххххххххх ххххххххххх

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет