«Отбасы рухани құндылықтары» тәрбие сағаты Сынып сағатының мақсаты



бет4/4
Дата25.05.2023
өлшемі14.73 Kb.
#474284
1   2   3   4
«Отбасы-тәрбие басы, мектеп оның жаршысы» тәрбие сағаты-dereksiz.org

5- ережесі

Әйел өзінің орнын біліп, ерін өзінен жоғары қоюы керек. Себебі күйеуіңізді “пірім” деп аялай отырып, сізді “асыл жарым” деп айтар жолға жетелейсіз. Тамағын дәмділеп беріп, жағдайын жасау арқылы, сізді “отбасымның берекесін кіргізіп отырған берекелі қосағым” деген ой қалыптастырасыз. Сырымен бөлісіп, мұңын тыңдау арқылы жан досына, ақыл айтар ақылшысына айналасыз.

6- ережесі

Бақытты ерлі-зайыптылар бір-біріне көңіл бөледі. Әсіресе әйелдер қауымы өзіне ерекше көңіл бөлгенді, сыйлық алғанды жақсы көреді. Сол секілді жігіттер де сүйгенінен жылулықты, қамқорлықты қалайды. Бір-бірлеріңіздің жағдайларыңызды жасау арқылы, өмірлеріңіздің жандандыру ісін жасайсыздар.

7- ережесі

Ортақ келісім мен ортақ шешім. Отбасы – қос жүректің одағы. Сондықтан кез келген мәселе мен қиындықта бірге ақылдасу мен бір-бірінің ойына құлақ асу, көзқарасымен санасу одақтың орнықты, орынды болуына алып келеді.

8 - ережесі

Сүйген адам кешірімді. Әйел мен ердің кішіпейілділігі мен мол түсінігі түсініспеушілік атаулының кез келгеніне төтеп бере алады. Сонымен қатар бақытты отбасыдағы ерлі-зайыптылар бір-бірінің кез келген қателіктерін кешіре алады. Отбасында түсіністік пен сенімді басты орынға қояды.

9 - ережесі

Жақсы отанасы болыңыз. Себебі, отбасында барлығы әйелдің қолында. Үй тірлігін міндетсімей, тау қопарып жатқандай жасамаңыз және күйеуіңізге тұрмыстық ауыртпалықты түсірмеңіз. Сонымен қатар үйдегі кеңістікті ұтымды үйлестіріңіз. Тәтті тағамыңыз бен таза үйіңіз, жылы қабағыңыз үйдің берекесін келтіреді.

10 - ережесі

Өзара түсінетін әзіл мен жеке мерекелеріңіз болсын. Отбасы – кішкентай ғана мемлекет. Сондықтан олардың өз ұраны, өз құпиясы, өз мерекелері (алғаш танысқан күн, үйленген күн, туған күн) және өздері ғана түсінетін қалжыңдары болуы тиіс.



http://dereksiz.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет