Отбасында бала тәрбиелеудің негізгі тетіктері


Отбасылық тəрбие дегеніміз



бет2/3
Дата13.09.2022
өлшемі5.34 Mb.
#460676
1   2   3
Отбасында бала тәрбиелеудің негізгі тетіктері

Отбасылық тəрбие дегеніміз – ата-ананың баласының рухани жəне дене бітімінің қасиеттерін саналы түрде қалыптастыру үрдісі. Тəрбиелеу əдістерінің түрлі топтамасынан да, оның ерекшеліктерін байқаймыз. Отбасылық тəрбиеде біз келесі əдістерді қолданамыз:
сендіру
тіршілікті ұйымдастыру
түзету
марапаттау жəне жазалау
Сендіру əдісінің басты мақсаты тəрбиеленушілердің саналығын дамытуда, көзқарастар мен пікірлер жүйесінің қалыптасу үрдісін ұйымдастыруда, өзіндік ойлауды дамытуда (ақпараттық, іздестіру, өзара ағарту, дискуссиялық əдістерінің көмегімен).
баланың дене бітімінің, əлеуметтік жəне рухани қалыпты дамуы үшін ересектердің тиімді жағдай жасауы. Бұл əлеуметтік, шаруашылықтұрмыстық, санитарлық-гигиеналық жағдай, отбасындағы еңбек жəне рухани атмосфера, ата-ананың білімділік деңгейі.
педагогикалық тəсілдердің көмегімен баланың жағымсыз мінезқұлық көріністерін түзету. Марапаттау мен жазалау педагогикалық ынталандыру əдістері, олар баланы қоғамдық пайдалы қызметке итермелей отырып, сонымен бірге жағымсыз мінезқұлық пен əрекеттерді тежейді
 Ата-ана баласының алдында беделді болуы тиіс. Адамдардан «бала тыңдамаса не істеу керек?» деген сұрақты жиі естуге болады. Осы «тыңдамайды» дегеннен ата-ананың беделінің жоқтығын аңғаруға болады.
Ата-ана беделі, оны қалай ұйымдастыру керек?
Балаларын тыңдата алмайтын ата-аналар, беделді табиғи, ерекше дарын деп ойлайды. Олар егерде дарын болмаса, онда ештеңе істеуге де болмайды, дарын иелеріне сырттай қызығуға болады деген ойда болады. Мұндай түсініктегі ата-аналар қателеседі. Бедел әр отбасында ұымдастырылуы тиіс, бұл қиын мәселе емес.
Өкінішке орай, кейбір ата-аналар отбасында жалған беделді ұйымдастырады. Бала айтқаннан шықпаса болды деген мақсатты көздейді. Бұл үлкен қателік. Бала тәрбиесіндегі ата-анның беделі мен баланың тіл алғыштығы шынайы тәрбиелік мақсат емес. Басты мақсат біреу, ол баланы дұрыс тәрбиелеу. Осы мақсатты іске асыра білу керек.
Отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін көтеру жанұядағы тәрбие үрдісінің әртүрлі ыңғайсыздығына алып келетін көптеген мәселелерді шешуді қарастырады. Медициналық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерде тәрбие ауытқуының гипо және гипопротекциялар, қараусыздық, эмоционалды, бетін қайтару және т.б. түрлері қарастырылған. Бұл бұзылыстар ата-аналардың жеке дара-психологиялық ерекшеліктерімен байланысты болғандай, бала есебінен шешімін табатын белгілі бір жеке мәселелердің болуымен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет