Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі


Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі



бет2/2
Дата02.01.2022
өлшемі70.5 Kb.
#454198
1   2
Білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында

Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі

Заңды тұлғалар үшін

Заңды тұлғалар үшін

  1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысандағы өтініш (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)

  2. "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі беріледі (міндетті түрде, біліктілік талапта)

  3. Дайындалатын мамандық біліктіліктері бойынша жұмыс оқу жоспарларының № 604 бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі; медициналық және фармацевтикалық мамандықтар үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 647 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12007 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 647 бұйрық) бекітілген техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, үлгілік оқу жоспарларына (бар болса), кәсіби стандартқа (бар болса) (қазақ және орыс тілдерінде) сәйкестігі. Білім беру саласында мамандар даярлау үшін: - дайындалатын мамандық біліктіліктері бойынша оқу жұмыс жоспарларының № 604 бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, салалық біліктілік шеңберіне, "Педагог" кәсіби стандартына, № 604 бұйрықпен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың және/немесе бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын ескере отырып үлгілік оқу жоспарларына (бар болса) (қазақ және орыс тілдерінде) сәйкестігі. Рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін, Діни қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісілген жалпы білім беру және діни пәндерді қамтитын білім беру бағдарламаларының болуы. № 604 бұйрықпен бекітілген және (немесе) № 647 бұйрықпен бекітілген техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, үлгілік оқу жоспарына (бар болса), салалық біліктілік шеңберіне, кәсіптік стандартқа (бар болса), білім беру ұйымының жұмыс берушілермен келісілген тиісті мамандықтың "Педагог" кәсіби стандартына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген қазақ және орыс тілдерінде дайындалатын мамандықтар бойынша жұмыс оқу жоспарының көшірмелері Толық оқу кезеңіне әзірленген мамандық бойынша білім беру бағдарламасының көшірмесі және діни қызмет саласындағы уәкілетті органның қорытынды хатының көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта)

  4. Мәдениет және спорт саласындағы білім беру ұйымдарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын, бітіру жылы ішінде мамандығы бойынша бітірушілердің кемінде 90%-ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 500 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17564 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 500 бұйрық) бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктілігінің сыныптауышында көрсетілген білім беру саласында мамандар даярлау үшін кемінде 5 мамандық бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болуы № 500 бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының және біліктілігінің сыныптауышында көрсетілген денсаулық сақтау саласындағы мамандарды даярлау үшін, бітіру жылы ішінде мамандық бойынша бітірушілердің кемінде 90%-ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарын қоспағанда, кемінде 4 мамандық бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болуы. Жұмыс орнынан растайтын құжаттың көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)

  5. Колледждердің мамандық бойынша білім алушыларды соңғы 2 жыл үздіксіз қабылдауды жүзеге асыруы (міндетті түрде, біліктілік талапта)

  6. Даярланатын мамандық біліктілігі бойынша оқу жұмыс жоспарының пәндеріне сәйкес педагогтердің болуы, оның ішінде педагогтер білімінің оқытылатын пәндер бейініне сәйкес болуы немесе білім беру саласындағы заңнамаға сәйкес педагогикалық қайта даярлаудан өткен педагогтердің болуы, және/немесе бейіні бойынша соңғы 3 жылда кемінде 72 сағат көлемінде ұйымдарда және/немесе өндірісте тағылымдамадан өткен өндірістік оқыту шеберлерінің болуы. Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын педагогтер мен өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі даярланатын мамандық біліктілігі бойынша педагогтердің жалпы санынан кемінде 70%, оның ішінде медициналық білім беру бағдарламасын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мамандық бойынша педагогтердің жалпы санынан қолданбалы бакалавриат, бакалавриат, магистратура деңгейі бар мейіргерлерден педагогтердің үлесі - кемінде 10%. Даярланатын мамандық біліктілігі бойынша педагогтердің жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын өнер және мәдениет саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін педагогтердің үлесі - кемінде 50%; даярланатын мамандық біліктілігі бойынша педагогтердің жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін педагогтердің үлесі - кемінде 50%. Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша) (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)

  7. Даярланатын мамандық біліктілігі бойынша педагогтер санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын жоғары және бірінші санатты педагогтердің, педагог- сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің және (немесе) магистрлердің үлесі - кемінде 30 %; Даярланатын мамандық біліктілігі бойынша лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын педагогтер санынан ұйымдарда және/немесе өндірісте кемінде соңғы 3 жылда кемінде 72 сағат көлемінде тағылымдамадан өткен арнайы пәндер педагогтерінің және өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі - кемінде 10%. Даярланатын мамандық біліктілігі бойынша педагогтер санынан рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша жоғары білімі бар, бейіндеуші пәндер бойынша - бейіні бойынша жоғары білімі бар және/немесе діни салада кемінде бес жыл жалпы жұмыс өтілі бар рухани семинарияны немесе медресені бітірген педагогтердің үлесі - кемінде 50%. Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша) (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)

  8. № 604 бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес, дайындалатын мамандық біліктіліктері бойынша оқудың толық кезеңіне білім алушылар контингентіне қатысты, оның ішінде оқыту тілі бойынша оқу жұмыс жоспарына сәйкес баспа және электрондық басылымдар форматында оқу және ғылыми әдебиеттің кітапханалық қорының болуы. Рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін білім беру бағдарламаларына сәйкес дінтану сараптамасынан өткен оқу әдебиеті қорының болуы. Оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін діни қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның оқу әдебиеті қорының дінтану сараптамасының оң қорытындысының көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта)

  9. Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы. Медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пункттің және медициналық қызметке берілген лицензияның болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша) (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)

  10. Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы. Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша) (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)

  11. Білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында, тиесілі материалдық активтердің (оқу кабинеттерінің, шеберханалардың, зертханалардың, өткізу пункттерінің, санитариялық тораптардың болуы, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы), оның ішінде № 611 бұйрықпен бекітілген санитариялық нормаларға және № 439 бұйрықпен бекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін алаңы бар оқу үй-жайларының болуы. Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері; Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының/ актінің көшірмесі; Өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестігін тексеру нәтижелері туралы актілердің көшірмелері (міндетті түрде, біліктілік талапта)

  12. № 66 бұйрыққа сәйкес студенттердің тұруы үшін жағдай жасау, меншікті не шаруашылық жүргізу, немесе жедел басқару, немесе сенімді басқару құқығында немесе жалдау құқығында оқудың толық кезеңінде тұруды қамтамасыз ететін жатақханалардың және/немесе хостелдердің және/немесе қонақ үйлердің болуы - мұқтаждар санының кемінде 30%. Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Жатақхананың және/немесе хостелдің және/немесе қонақ үйдің болуын растайтын толық оқу кезеңіне жеке немесе шаруашылық жүргізу, немесе жедел басқару, немесе сенімді басқару құқығында тиесілі студенттерді орналастыруға арналған құжаттардың көшірмелері (міндетті түрде, біліктілік талапта)

  13. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдайлардың болуы. Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша) (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)

  14. Уәкілетті орган бекіткен даярланатын мамандық біліктілігі бойынша оқу-зертханалық жабдықтармен және техникалық оқыту құралдарымен, сондай-ақ № 79 бұйрықпен бекітілген талаптарға сәйкес интернет желісіне қосылған, бағдарламалық-аппараттық кешенге және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын ең төменгі талаптарға сәйкес келетін компьютерлік сыныптармен, компьютерлермен жарақтандырылуы. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары үшін симуляциялық кабинеттердің болуы. Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары үшін жоғары оқу орындарымен бұйрықтардың және меморандумдардың көшірмелері (міндетті түрде, біліктілік талапта)

  15. Тиісті бейін бойынша 5 жыл ішінде кемінде 180 сағат көлемінде педагогтердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету; Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының педагогтері үшін көлемі кемінде 108 сағат; білім беру ұйымдарының басшы кадрлары үшін "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1-тармағына сәйкес біліктілікті арттыру. 5 жыл ішінде педагогтердің біліктілігін арттыру туралы мәліметтер көлемі кемінде 180 сағат; денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының педагогтері үшін көлемі кемінде 108 сағат; білім беру ұйымдарының басшылары үшін 5 жылда кемінде бір рет біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларына сәйкес және оқытылатын пәндердің/модульдердің бейіндері бойынша біліктілікті арттыру (осы біліктілік талаптарына 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша) (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)

  16. Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес контингент туралы өзекті деректер базасы бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы және нақты деректердің Ұлттық білім беру деректер қорына сәйкестігі. edu.kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы (міндетті түрде, біліктілік талапта)

  17. Толық оқу кезеңін қамтитын даярланатын мамандық біліктілігі бойынша сәйкес практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен шарттардың болуы. Кәсіптік практикадан өтудің толық кезеңін қамтитын даярланатын мамандық біліктілігіне сәйкес практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың көшірмелері. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары үшін жоғары оқу орындарымен бұйрықтардың және меморандумдардың көшірмелері (міндетті түрде, біліктілік талапта)

  18. Мамандық бойынша білім беру ұйымының түлектерін жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту туралы мәліметтер, бұл ретте мамандық бойынша бітірушілердің жалпы санынан жұмысқа орналасқандардың және жұмыспен қамтылғандардың үлесі - 75%-дан кем емес. Жұмыс орнынан растайтын құжаттың көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта)



  1. Оснащенность учебно-лабораторным оборудованием и техническими средствами обучения по подготавливаемым квалификациям специальности, утвержденным уполномоченным органом, а также компьютерными классами, компьютерами, подключенными к сети интернет, соответствующими минимальным требованиям к программно-аппаратному комплексу и прикладному программному обеспечению, по подготавливаемым квалификациям специальности в соответствии с требованиями, утвержденными приказом № 79; Для организаций образования, в области здравоохранения наличие симуляционных кабинетов. Сведения о материально-техническом обеспечении образовательного процесса, в том числе о наличии компьютеров, наличии учебных лабораторий, учебных предметных кабинетов и технических средств обучения (по форме согласно приложению 6 к настоящим квалификационным требованиям). Для военных учебных заведений Министерства обороны Республики Казахстан наличие копии приказов и меморандумов с высшими учебными заведениями (обязательно, квалификационные требования)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет