Өткізілген күні: 2014 жылғы 21 қараша Өткізілген жері: Павлодар қ., Солтүстік өнеркәсіптік аймақ, 3-жэо мәжіліс залы. Жария тыңдауын ұйымдастырған: «Павлодар қаласының кәсіпкерлік бөлімі»



Дата16.06.2016
өлшемі47.45 Kb.
#138650
2015 жылға «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО № 5 градирнясын орнату кезеңіне

қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс- шаралар жоспарының жобасы бойынша

жария тыңдауының хаттамасы


Өткізілген күні: 2014 жылғы 21 қараша

Өткізілген жері: Павлодар қ., Солтүстік өнеркәсіптік аймақ, 3-ЖЭО мәжіліс залы.

Жария тыңдауын ұйымдастырған: «Павлодар қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ

Жария тыңдауын өткізу туралы ақпарат мына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылыққа жеткізілді: «Звезда Прииртышья» және «Сарыарқа самалы» газеттерінің №124 сандарында мемелекеттік және орыс тілдерінде 01.11.2014 ж. жария тыңдауының өткізілетін күні мен орны, сондай-ақ іс-шаралар жоспарының жобасын сұратуға болатын мекенжайы және телефоны көрсетілген хабарландыру жарияланды.

Пайдаланылған материалдар:

2015 жылға «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО № 5 градирнясын орнату кезеңіне қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс- шаралар жоспарының жобасы бар стендтер.



Қатысқандар:

Жергілікті атқарушы органның өкілі Мырзабаева А.М - «Павлодар қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы-заңгер (2014 ж. 3 қарашадағы № 9-7367 хабарлама, апарушы арқылы жолданды), Орлик Т.Ю. – ҚР ЭМ Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті Павлодар облысы бойынша экология департаментінің аға мемлекеттік инспекторы (2014 ж. 3 қарашадағы № 9-7369 хабарлама, апарушы арқылы жолданды); Сиюнич Т.Н.- «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ экологиялық сараптау және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру бөлімінің бас маманы (2014 ж. 3 қарашадағы № 9-7368 хабарлама, апарушы арқылы жолданды); Гринев И.Н. – 3-ЖЭО директоры, Верголяс А.Г. – 3-ЖЭО бас инженері, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО персоналы – 13 адам, жұртшылық өкілдері - 3 адам (қатысушылардың тізімі қоса берілген).



Сөз сөйлегендер:

Коновалова Т.В. – «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жетекші инженер, жария тыңдауына қатысушыларды қарсы алып, жария тыңдауын ашу үшін жергілікті атқарушы органның өкілі «Павлодар қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы-заңгер А. М. Мырзабаеваға сөз берді.

А. М. Мырзабаева – «Павлодар қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы-заңгер күн тәртібінің мәселелерін атап өтті:

Жария тыңдауының күн тәртібі:

  1. Жария тыңдауының төрағасын және хатшысын сайлау.

  2. 2015 жылға «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО № 5 градирнясын орнату кезеңіне қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс- шаралар жоспары бойынша баяндама.

  3. Жобаны талқылау, баяндамашыға сұрақ қою, сұрақтарға жауап.

Сөз сөйлеу регламенті ұсынылды - баяндамаға 15 минут, талқылауға – 10 минут.

Сөз сөйлегендер:

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша №4 цехтың химиялық зертханасының инженер-лаборанты Герасименко Т.В. сөз алып, жария тыңдауының төрағасы етіп 3-ЖЭО директоры И.Н. Гриневті, хатшысы етіп – ҚОҚБ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жетекші инженер Е.В. Харченконы сайлау жөнінде ұсыныс жасады.

Дауыс берудің нәтижесі бойынша жария тыңдауының төрағасы болып И.Н. Гринев., хатшысы болып Харченко Е.В. бірауыздан сайланды.



Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша төраға И.Н. Гринев баяндама жасау үшін сөзді қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженер Т.В. Коноваловаға берді.

Коновалова Т.В. 2015 жылға «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО № 5 градирнясын орнату кезеңіне қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс- шаралар жоспарының жобасы бойынша баяндама жасады (баяндаманың материалдары хаттамаға қоса берілген).
Баяндамадан кейін.

Жұртшылық өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары және ескертулері:

Гринев И.Н., 3-ЖЭО директоры:

3-ЖЭО алаңында төрт мұнаралы градирня орнатылған. №13 градирнялар 1972-1976жж. пайдалануға енгізілген, №4 градирня – 2006ж. пайдалануға енгізілген, 2005-2009жж. суландырғыштардың полимер блоктарын орнатумен №13 градирняларын қайта жаңарту орындалды. Қолданыстағы 4 градирняның жұмысы кезінде максималды салқындатуға 7,0м3/(м2/с) аспайтын гидравликалық жүктеме кезінде қол жеткізіледі, және қолданыстағы №1-4 градирнялар арқылы 44800м3/сағ. салқындатқыш судың шығыны 44800м3/сағ. аспайды. Жазғы конденсациялық режимде ЖЭО жұмысының есептік режимінде турбина конденсаторлары арқылы салқындатқыш судың шығыны 55 488м3/сағ. құрайды. Төмен гидравликалық жүктеме жазғы конденсациялық режимде 3-ЖЭО-ның орнатылған электр қуатын 100МВт дейін төмендеуіне алып келеді. Орнатылған қуатын сақтап қалу мақсатында 5-ші градирня құрастырылатын болады.



Сұрақ: Сиюнич Т.Н., «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ

Градирнялардың жұмысында қандай су пайдаланылады?



Жауап: Гринев И.Н., 3-ЖЭО директоры

3-ЖЭО-ның қолданыстағы салқындату жүйесі – айналымдық, су жүйе бойынша циркуляцияланады.



Сұрақ: Сиюнич Т.Н., «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ

Баяндамада техникалық су туралы айттыңыздар. Егер градирня айналымдық суда жұмыс істесе, онда техникалық су не үшін пайдаланылады?



Жауап: Гринев И.Н., 3-ЖЭО директоры

Градирня 3-ЖЭО-ның негізгі жабдығының тұйық айналымдық салқындату жүйесінің элементі болып табылады. Жобаланып отырған №5 градирняға техникалық судың шығыны тамшы әкету және булану сияқты қайтарылмайтын шығындарды қалпына келтіруге градирняны толықтыру көлемінен құралады.


Төраға Гринев И.Н.: (талқылаудан кейін) Қатысқандарыңыз үшін рахмет!

Жария тыңдауының қорытындысын жасауға рұқсат етіңіздер. Жария тыңдау өткізілді деп санаймын. Жария тыңдауының нәтижесі жасалған ескертулер мен бүгінгі талқылаудан кейін түскен ұсыныстар ескеріліп, хаттамамен ресімделеді. Сондай-ақ, жария тыңдауының хаттамасы Павлодар қаласы кәсіпкерлік бөлімінің интернет –ресурсында тыңдау өткізілген күннен соң Жария тыңдауын өткізу ережесінде көзделген мерзімде жарияланатынын хабарлаймын.


Құрметті жұртшылық, сіздер Жария тыңдау хаттамасының мазмұны бойынша өздеріңіздің ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды 7 күнтізбелік күннің ішінде беруге құқылысыздар.
Жария тыңдауының төрағасы ______________________________ Гринев И.Н.

Жария тыңдауының хатшысы _________________________________ Харченко Е.В.



Қосымша:


  1. Жария тыңдауын өткізу туралы газетке берілген хабарландырудың көшірмесі;

  2. Жария тыңдауының материалдары (баяндамалар);

  3. Жария тыңдауға қатысушылардың тізімі.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет