Өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы


Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Каменскорал ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы



бет4/8
Дата19.06.2016
өлшемі81.85 Kb.
#146865
1   2   3   4   5   6   7   8

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Каменскорал ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы

1. Жалпы ереже


1. Осы Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Каменскорал ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Каменскорал ауылдық округінің ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2. Каменскорал ауылдық округінің аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді  сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.




2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі


      3. Бөлек жиынды Каменскорал ауылдық округтің әкімі шақырады.

Меңдіқара ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешім бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Каменскорал ауылдық округі ауылының шегінде бөлек жиынды өткізуді Каменскорал ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Каменскорал ауылдық округі ауылының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7. Бөлек жиынды Каменскорал ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Каменскорал ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.


      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Каменскорал ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Меңдіқара аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Каменскорал ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

2014 жылғы 28 наурыздағы №233 Меңдіқара аудандық мәслихаттың шешімі

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы

Қарақоға ауылдық округінің бөлек

жергілікті қоғамдастық жиындарын

өткізу қағидасын және жергілікті

қоғамдастық жиынына қатысу үшін

ауыл тұрғындары өкілдерінің

сандық құрамын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса берілген Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы бекітілсін.

2. Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы М. Гизбрехт
Аудандық

мәслихаттың хатшысы В. Леонов
Нормативтік қүқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіміне 2014 жылдың 24 сәуірдегі 4636 санымен енгізілді.

2

Мәслихаттың



2014 жылғы 28 наурыздағы

№233 шешіміне

қосымша

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл

тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы



Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округінің Ұзынағаш ауылының тұрғындарына

95

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округінің Байғожа ауылының тұрғындарына

9

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округінің Жарқайың ауылының тұрғындарына

10

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округінің Құлшықай ауылының тұрғындарына

20

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округінің Төлеңгүт ауылының тұрғындарына

14

Мәслихаттың

2014 жылғы «28» наурыздағы

№233 шешімімен бекітілген




Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет