7. Әдебиет:
Қазақ тілінде:
Негізгі:
1.Қ.М.Тұрланов С.А.Қалқабаева. Жедел медициналық жәрдем. Оқулық. Алматы, 2004,330бет.
Қосымша:
2.С.А.Қалқабаева. Бірінші медициналық көмек. Оқу құралы, Шымкент, 2008,220 бет.
Орыс тілінде:
Негізгі:
3.Орта медициналық қызметкерлер үшін нұсқау+CD.Ю.П.Никитина, В.А.Чернышева. медицинасымен - М., 2007. -992п
4.Верткин А.Л.Шұғыл медициналық көмек. Фельдшерлерге нұсқау: оқулық-3-ші баспа. М., 2008.-400п
Қосымша:
5.Мухина С.А., Тарновская И.И.Мейірбике ісі негіздері пәніне әдістемелік нұсқау, Москва,199 «Мейірбике ісі» журналы
6.Иванова В.И., Тарновская И.И. Мейірбике ісін ұйымдастыру, Минск, 2006. 7.«Мейірбике ісі» журналы
8.«Медициналық көмек» журналы.
8. Бақылау ( сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.) ұсынылады.
Бақылау сұрақтары:
1.Көмір қышқыл газымен уланған кезде дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті неден бастау керек ?
2.Тамақтан улану кезінде дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті неден бастау керек ?
3.Наркотикалық заттармен уланған кезде дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті неден бастау керек ?
4.Қышқылмен және сілтімен уланған кезде дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті неден бастау керек ?
5.Жылан және жәндіктер уымен уланған кезде дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті неден бастау керек ?
Бақылау тесттері.
1. Көмірқышқыл газымен улану белгілеріне тән емес:
А) басының ауыруы, бас айналуы
Б) бұлшық еттерінің әлсіздігі, ұйқышылдық
В) денеде алқызыл түсті дақтардың болуы
Г) тері қабаттарының бозаруы
Д) тері қабаттарының қызаруы
2. Көмірқышқыл газымен ауыр уланған кезде бірінші кезекте ... керек.
А) өкпені жасанды желдендіру
Б) жәбірленушіні таза ауаға шығару
В) жәбірленушіні емдеу мекемесіне тасымалдау
Г) жәбірленушіні ауруханаға жатқызу
Д) жүрек-өкпе реанимациясын жасау
3. Жіті уланған жәбірленушілерді ... ауруханаға жатқызу керек.
А) тыныс алу жетіспеушілігі кезінде
Б) ес-түссіз жағдайда
В) жіті уланудың барлық жағдайларында
Г) жүрек-қантамыр жетіспеушілігі кезінде
Д) ауыр жағдайында
4. Теріге улы зат түскен кезде ... қажет.
А) зақымданған аймақты ағын сумен жуу
Б) асептикалық таңғыш салу
В) ылғалды сүлгімен сүрту
Г) теріні спиртке малынған тампонмен сүрту
Д) зақымдалған аймақты асептикалық ерітінделермен жуу
5. Медициналық көмек көрсетудің ауруханаға дейінгі кезеңінде антидотты терапияны қолдану үшін ... қолданбайды.
А) сутек асқын тотығын
Б) ақ лайды
В) магнии тотығын
Г) активирленген көмірді
Д) энтеродезді
6. Тағаммен улану кезінде дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету барысында, бірінші кезекте ...
А) тұзды, іш жүргізетін дәрілерді тағайындайды.
Б) парэнтеральді дегидратация жасайды.
В) емдеу мекемесіне тасымалдайды.
Г) асқазанды жуады.
Д) дене қызуын төмендететін дәрілерді тағайындайды.
7. Асқазанды удан ... арқылы нәтижелі тазартады.
А) инфузиялық терапия
Б) жасанды құсық шақырту
В) ішке активирленген көмірді қабылдау
Г) тазалау клизмасын жасау
Д) асқазанды жуу
8.Ересек науқастың асқазанын зонд тәсілімен нәтижелі жуу үшін ... кем емес су қажет.
а) 10 литрден+
б) 5 литрден
в) 2 литрден
г) 15 литрден
д) 500 мл-ден
9. Ботулизмнің негізгі белгісіне ... жатады.
а) аурудың белгілері консервіленген тағамдарды жегеннен соң 12-24 сағаттың ішінде пайда болуы+
б) аурудың белгілері консервіленген тамақты жегеннен соң, лезде пайда болуы
в) дене қызуының 38-40°C-ге дейін жоғарылауы
г) дене қызуының төмендеуі
д) сілекейдің мөлшерден тыс бөлінуі
10. Саңырауқұлақпен уланудың негізгі белгілеріне ... тән емес.
а) нәжістің кідіруі+
б) сілекейдің мөлшерден тыс бөлінуі
в) бас ауыру және бас айналу
г) көз көрудің нашарлауы, галлюцинация
д) іштің ауыруы, құсу, іш өтуі
Достарыңызбен бөлісу: |