Бақылау есептері.
1.Науқас 40 жаста ,ауырғанына 3-ші күн .Шағымдары іштің ауырсынуы,дене қызуының көтерілуі,іштің өтуі,бас ауруы.Ауру 12 сағаттан соң, үй температурасында бір тәулік бойы сақталған қуырылған үйректі жегеннен соң басталған.
Обьективті қарағанда дене қызуы 39градус,жалпы жағдайы орташа.Науқас әлсіз,терісіжамылғысыбозарған,іші кебіңкі,эпигастра аймағы және кіндік тұсы ауырсынады.Ішек қысылуы жоқ..Бауыры және көк бауыры ұлғаймаған. Үлкен дәреті сұйық йісті,көкшіл іріңмен.
Сіздің диагнозыңыз және тактикаңыз,дәрігерге дейінгі алғашқы көмек.
2. Көшеде жедел жәрдем дәрігерімен табылған науқас ессіз жағдайда,қардың үстінде жатыр. Обьективті қарағанда естен танған, аузынан алкоголь иісі сезіледі.Тері жамылғысы көгерген,мұздай,беті және қолы ісінген. Жалпы бұлшық еттерінің тартылысы.Тынысы беткей,сирек минутына 8 рет. Жүрек соғысы 40 рет минутына,ҚҚ -120-70 с.б.Тік ішек температурасы 30 градус.
Сіздің диагнозыңыз және тактикаңыз,дәрігерге дейінгі алғашқы көмек.
№5 Тақырыбы: Қан сорғыш жәндіктер тістеген кездегі аллергиялық раекция. ШМК қызметінің қимылы.
Мақсаты: Қауіпті жағдайдағы науқастың мәселесін шешу үшін төтенше медицина мен жедел медициналық көмекте әр түрлі генездегі аллергиялық теакция кезіндегі мейірбике процесін өз бетімен іске асыру.
Тапсырма: тақырыпты өз бетінше оқу.
Орындау түрі: баяндама, рефератты қорғау, презентация, тесттік сұрақтарды, жағдайлы есептерді шешу және дайындау, жедел шұғыл жәрдем алгоритмдарын құрастыру.
Орындау және бағалау критерилері: Интернет материалдарын қолдана отырып әдебеттерге шолу жасау.
Реферат дайындау және қорғау
Достарыңызбен бөлісу: |