«ОҢТҮстік қазақстан медицина академиясы ақ ао«южно-казахстанская медицинская академия»



бет3/3
Дата02.04.2023
өлшемі475.4 Kb.
#471600
1   2   3
фк химия срс1

ҚАЙНАТПА - медицинада – дәрі-дәрмектің сұйық түрі. Оларды дәрілік өсімдік шикізатынан алынған концентратты суда еріту немесе су моншасымен қыздыра отырып сумен экстракциялау арқылы алады.
Қайнатпаны сұйық дәрі ретінде ішеді (жүрек, бауыр, бүйрек, т.б. ауырғанда) және денеге шыққан жараны жуып, шаю үшін пайдаланады. Қайнатпаны дайындау үшін өсімдіктердің жапырақтары мен, гүлдерінің ірілігі 5 мм, сабағы, қабығы, тамыры мен тамыршаларын 3 мм, жемістері мен тұқымдарын 0,5 мм-дей, ал қабаты қалың өсімдік жапырақтарын 1 мм-ден артық болмайтындай етіп ұсақтайды.
Қайнатпаны экстракт концентратты еріту арқылы дайындайтын болса, онда экстракт концентрат мөлшерін рецептте көрсетілген өсімдік шикізатының мөлшеріне тең етіп алады. Егер рецептте дәрілік шикізат мөлшері көрсетілмесе, онда өсімдік шикізатының 10 салмақ бөлігінен 100 көлем бөлік қайнатпа дайындалады. Күшті әсер ететін дәрілік өсімдік шикізаттарынан қайнатпаны тек дәрігер жасаған рецепт бойынша дайындайды. 
Жанаргүл, меруертгүл,мекет, шүйгін шөп, т.б. өсімдіктер тамыры мен тамыршасынан Қайнатпаны 1:30 қатысында дайындайды. Сироптар, тұндырмалар және сұйық экстракттар алдын ала дайындалған Қ-ға қосылады. Құрамында алколоидтар болатын өсімдік шикізатынан Қайнатпаны дайындағанда, оған лимон, шарап немесе сутек хлор қышқылын қосады. Қышқыл мөлшері өсімдік шикізатының құрамындағы алколоидтың салмақ мөлшеріне байланысты қосылады. Емдік мақсатта жаңа дайындалған Қайнатпаны пайдаланады. Оны қолданар алдында шайқайды және салқын жерде сақтайды.
Қорытынды
Егер өзара араласпайтын немесе шекті еритін екі сұйық қоспасына екеуінде де жақсы еритін үшінші сұйықты косса, әуелі екі сұйықтьң ортасынан үшінші қабат пайда болады. Бұл — үшінші компоненттің, екі компонент арасында таралуы. Енді үшінші компонентті өте аз шамада алып, бірте-бірте көбейткенмен оның осы алғашқы екеуінде таралуы (еруі) өзгеріссіз калады. Мұны таралу коэффициенті дейді. Таралу коэффициентін таралу заңы деп те атайды.
5. http://kk.wikipedia.org/
6. http://sabakka.ucoz.kz/
7. http://referatkaz.kz/
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Патсаев Ә.К., Шитыбаев С.А., Туребекова Г.А. Физколлоидтық химия. Оқулық. - Шымкент, 2010.
2. Патсаев Ә.К., Шитыбаев С.А. Бейорганикалық және физколлоидтық химияның тәжірибелік-зертханалық сабақтарына қолданба. – Алматы, 2013.
3. Патсаев Ә.К., Туребекова Г.А. Физколлоидтық химия пәнінен зертханалық-тәжірибелік сабактарының материалдары. Оқу-әдістемелік құралы. – Алматы, 2015.
4. Туребекова Г.А. Физколлоидтық химия пәнінен студенттердің өзіндік жұмыстарына дайындалуға арналған тапсырмалары. Оқу-әдістемелік құралы. – Алматы, 2015.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет