«ОҢТҮстік қазақстан медицина академиясы ақ ао«южно-казахстанская медицинская академия»


Экстракциялау үшін алынған экстрагенттердің төмендегідей ерекшеліктері болуы керек



бет2/3
Дата02.04.2023
өлшемі475.4 Kb.
#471600
1   2   3
фк химия срс1

Экстракциялау үшін алынған экстрагенттердің төмендегідей ерекшеліктері болуы керек:
таңдамалылығы
жылдам қалпына келуі
бастапқы еріткіштен тығыздығы немесе тұтқырлығы бойынша өзгешелігі,
ұшқыштығының аз болуы
улы болмауы, т.б.
Экстракциялаудың артықшылығына:
жұмыстық темпераның төмен болуы, сұйытылған ерітіндіден бағалы құраушыны немесе қажетсіз қоспаны бөліп алу тиімділігі, қайнау темперасы жақын заттарды бөлу және ректификациялы біріктіру мүмкіндігі, т.б. жатады.
Экстракциялау мұнай өнімдерінен ароматтық көмірсутектерді, минералдық кендерден металдарды, өсімдік шикізаттарынан органик. қосылыстарды, т.б. бөліп алу үшін қолданылады.
Экстракциялау аналитик. химияда: элементтерді хим. талдау, оларды бөлу және тазалау, т.б. үшін қолданылады. Онда экстрагент ретінде спирт, кетон, жай және күрделі эфирлер, аминдер, т.б. қосылыстар пайдаланылады.
Фармацияда экстракция өсімдік шикізаттарынан эфир майларын,коллойдтарды, тағы басқа физиологиялық активті заттарды бөліп алу үшін қолданылады. Токсикологиялық химияда улы заттарды бөлу үшін қолданылады. Дәрілік технологияда тұндырма,қайнатпаларды алу үшін қолданылады.
Тұндырмалар
Тұндырма - дәрілік өсімдік шикізаттарынан спиртпен экстрациялау арқылы алынатын сұйық дәрілік сорындылар. Тұндырманың дәмі, иісі, бояуы оны дайындауда қолданылатын дәрілік өсімдік шикізаттарға (ДӨШ) ұқсас болады. ДӨШ-тің бір түрінен дайындалған сорындыны қарапайым, ал бірнеше түрінен алынған сорындыны – күрделі тұндырма деп атайды.
Тұндырмаларды дайындау үшін кептірілген өсімдік материалдарын, ал кей кезде жас өсімдік шикізаттарын қолданады. Әсері күшті емес құрғақ стандартты шикізаттан тұндырманы 1:5 не 1:10 қатысында дайындайды. ДӨШ-тен әр түрлі тұндырмаларды дайындағанда, еріткіш ретінде этил спиртінің әр түрлі концентрациясын қолданады.
Тұндырмалар емдік тәжірибелерде жеке препарат ретінде ішке және сыртқа, сондай-ақ микстура, тамшылар, жағылмалар, пластырлар құрамына енгізіліп отырады. Төмен температурада бірнеше тәулік тұндырып, сүзіп тазалайды. Әсер етуші заттар тұндырманың мөлшерін, этанол концентрациясын, тығыздығын, құрғақ қалдықты анықтайды. Егер әсер етуші заттардың мөлшері жоғары болса, тұндырманы нормасына дейін сұйылтып, стандарттайды. Алынған тұндырмаларды түрлі шыны ыдыстарда қаттап, рәсімдеп, жарық түспейтін салқын жерде (12 – 15айналымы, бөлшекті мацерация, перколяция, қою және құрғақ еріткі-концентраттарды еріту әдістерімен алады.
ҚАЙНАТПАЛАР


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет