«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы»



бет41/57
Дата02.01.2022
өлшемі324.83 Kb.
#452179
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   57
Лекция Мейіргер ісі 2 курс каз

Дәрiс тезистерi:


Тірі заттың негізгі қасиеттерінің бірі-тітіркенгіштік. Нерв жүйесін топографиялық принцип бойынша орталық және шеткі бөлімдер немесе жүйелер деп бөледі. Орталық нерв жүйесі деп сұр және ақ заттан тұратын жұлын мен миды, ал шеткі нерв жүйесі деп барлық қалғанын, яғни нерв түбіршектерін, түйіндерін, өрімдерін, шеткі нерв ұштарын атайды. Жұлын мен мидың сұр заты нерв орталықтары мен өсінділерінің тармақтарымен қоса алғандағы нерв клеткаларының жиыны.

Адамның біртұтас нерв жүйесі организмнің екі негізгі – ішкі және жануар бөлігіне сәйкес шартты түрде екі бөлікке бөлінеді: 1) Барлық ішкі ағзаларды, эндокриндік жүйе мен тері бұлшықеттерін, жүрек пен тамырларды, яғни организмнің ішкі ортасын түзетін ағзаларын нервтендіретін вегетативтік немесе автономды нерв жүйесі. 2) Нерв жүйесінің қаңқа мен кейбір ішкі ағзалардың (тіл, көмей, жұтқыншақ) ерікті бұлшықетін (жануар тіршілігі мүшелерін) нервтендіретін анимальды нерв жүйесі.

Нерв жүйесінің вегетативтік бөлігін өз кезегінде симпатикалық және парасимпатикалық деп екіге бөледі, кейде қысқаша оларды жүйе деп те атайды.Симпатикалық жүйе организмнің барлық бөліктерін, ал парасимпатикалық жүйе оның тек белгілі бір аймақтарын ғана нервтендіреді.

Жұлын (medula spinalis) - омыртқа өзегінде жатады, (еркектерде 45см және әйелдерде 41-42 см) алдынан артына қарай біршама қысыңқы цилиндр тәж тәрізді, ол жоғарыда (бас жағында) тікелей сопақша миға ауысып, ал төменде (құйрық жағында ) конус тәрізді сүйірлене, ІІ бел омыртқа деңгейінде аяқталады.

Мұны білудің практикалық маңызы бар (жұлын сұйықтығын алу немесе жұлынға анестезия жасау мақсатында белді тескен кезде шприц инесін ІІІ және IV бел омыртқаларының қылқанды өсінділері арасынан енгізу керек)

Жұлын нервтері - nn. spinales – дененің миотомдарына (миомерлеріне) сәйкес орналасады, әрбір нервке оған жататын тері учаскесі (дерматом) сәйкес келеді.



Адамда 31 жұп жұлын нерві бар, атап айтқанда 8 жұп мойын 12 жұп көкірек, 5 жұп бел, 5 жұп сегізкөз және 1 жұп құйымшақ нервтері. Әрбір жұлын нерві жұлыннан екі түбірмен шығады: артқы (сезімтал ) және алдыңғы (қозғалыс) түбірлері. Екі түбір омыртқааралық тесік арқылы омыртқа өзегінен шығатын бір сабауға қосылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет