«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы»



бет32/57
Дата02.01.2022
өлшемі324.83 Kb.
#452179
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   57
Лекция Мейіргер ісі 2 курс каз

Дәрiс тезистерi:


Тамырлар жүйесi бөлiнедi: 1) Қан тамырлар жүйесi. 2) Лимфатикалық жүйе. Қан тамырлар жүйесi – жүрек, тамырлар және капиллярлар. Жүрек 2 жартыдан тұрады, артериалды, венозды. Аорта сол қарыншадан артериальдi қанды алып, бүкiл организмге таратады. Шашта, тырнақтарда, көздiң мүйiздi қабатында тамырлар болмайды.

Микроциркуляция – микроскопиялық деңгейдегі тамырлар арнасының қан мен лимфа арасындағы қозғалысы.

Коллатеральды қан айналымы бүйірлік жанама қан тамырлары арқылы жүретін қан ағымы. Капиллярдың физиологиялық маңызын айту керек – олардың арқасында клеткалар қоректенедi, артериальдi қан веноздық қанға айналады.

Қан және лимфа тамырлары әр уақытта құрамына формалық элементтер кіретін қан және лимфамен толтырылған. Формалық элементтер жілік майындағы бағандық клеткаларының өсіп-өну нәтижесінде дамиды. Клеткалардың бір бөлігі осы жерде пайда болып, одан әрі айырша безде дамиды. Сондықтан жілік майы мен айырша без орталық қан жасаушы ағзалар деп аталады. Клеткалардың арнаулы формаларға айналу жолдарындағы өзгерістерінің едәуір бөлігі лимфа түйіндері мен көкбауырда іске асады, сондықтан оларды шеткі қан жасаушы және иммундық жүйе мүшелері деп атайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет