ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы акушерия және гинекология кафедрасы



бет4/22
Дата05.12.2023
өлшемі373.5 Kb.
#485542
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Методич.-Акушерство-и-гинекология-МПД-каз

Әдебиеттер:

негізгі

  1. Бейсенбаева Р.С. Акушерия.- Алматы «Білім»,2004.

  2. Раисова А.Т. акушерия және гинекология.- Алматы, 2006.

қосымша
1. Акушерство / Учебник для медицинских вузов под ред. Г.М.Савельевой. - М., Медицина, 2000.
2. Акушерско-гинекологическая помощь / под ред. В.И.Кулакова.- М.: МЕДпресс, 2000.- 512 с.
3. Айламазян Э.К. Акушерство: Учебник для студентов медицинских институтов.- С.- Пб: "Специальная литература", 1997.
7. Бақылау (тесттер):
1. Жүктіліктің мерзімін анықтауда мәліметті әдіс:

  1. УДЗ мәліметі

  2. жүктіліктің күмәнсіз белгілері

  3. қынаптық тексеру

  4. жүктілікке иммунологиялық тест

  5. жүктіліктің күмәнді белгілері

2. Жүктіліктегі иммунологиялық тест ... анықтауға негізделеді.

  1. хориондық гонадотропинді

  2. қандағы прогестеронды

  3. плацентарлы лактогенді

  4. лютеиндеуші гормонды

  5. зәрдегі эстрогендерді

3. Жүктіліктің ерте мерзімінде қынаптық зерттеуде ... болып табылады.

  1. жатыр ұлғаюы мен жұмсаруы

  2. жатыр пальпациясында оның тығыздалуы

  3. жатырдың бір бұрышының асимметриясы

  4. жатыр өлшемінің ұлғаюы

  5. жатыр мойнына өтеберісте жұмсаруы

4. 20 апталық жүктілікте жатыр түбі деңгейі ... болады.

  1. кіндік пен қасаға екеуінің ортасында

  2. кіндіктен 2 саусақ төмен

  3. кіндіктен 2 саусақ жоғары

  4. кіндік деңгейінде

  5. қасағадан 4 елі жоғары

5. 32 апталық жүктілікте жатыр түбі деңгейі ... болады.

  1. кіндік пен семсер тәрізді өсіндінің ортасында

  2. семсер тәрізді өсіндіге дейін жетеді

  3. кіндік пен қасаға екеуінің ортасында

  4. семсер тәрізді өсіндіден 2 саусақ төмен

  5. семсер тәрізді өсіндіден 3 саусақ төмен

6. Жүктіліктің ... апта мерзімінен бастап нәрестенің жүрек соғысын тыңдауға болады.

  1. 20

  2. 22

  3. 16

  4. 25

  5. 10

7. Жатыр түбі деңгейі қасаға тұсына сай болуы жүктіліктің ... апталық мерзіміне тән.

  1. 12

  2. 13–14

  3. 7–8

  4. 9–10

  5. 5–6

8. Нәрестенің жетілгендігін бағалайтын негізгі критерий ... болып табылады.

  1. нәрестенің салмағы

  2. нәрестенің бойының ұзындығы

  3. жүктілік мерзімі

  4. Апгар шкаласы бойынша бағалауы

  5. бастағы жіктерінің және еңбектернің жағдайы

9. Плацента жиі ... орналасады.

  1. жатыр түбінің оң жағында

  2. жатырдың артқы қабырғасында

  3. жатырдың төменгі сегментінде

  4. жатырдың алдыңғы қабырғасында

  5. жатырдың бүйір бөліктерінде

10. Жүктілердің іш айналымы ... өлшенеді.

  1. кіндік аймағында

  2. семсер тәрізді өсінді аймағында

  3. кіндіктен 2 елі төмен

  4. кіндіктен 3 елі төмен

  5. қасаға деңгейінде

11. Қынаптық тексерудің мақсатына ... бағалау кіреді.

  1. жатыр мойнының ашылуын

  2. ұрық жағдайын

  3. қағанақ суларының жағдайын

  4. ұрықтың жүрек соғуын

  5. қынап тазалығын

12. Жүктіліктің айқын белгісіне ... жатады.

  1. жатырда ұрықтың анықталуы

  2. іштің өлшемінің ұлғаюы

  3. жүрек айну және құсу

  4. етеккірдің тоқтауы

  5. уыздың пайда болуы

13. Леопольд – Левицкийдің екінші тәсілі ... анықтайды.

  1. нәрестенің жатуын, позициясын және түрін

  2. келе жатқан бөлікті

  3. келе жатқан бөліктің кіші жамбасқа қатынасын

  4. жатыр түбі деңгейін

  5. жатырдың қозғыштығын

14. Леопольд – Левицкийдің үшінші тәсілі ... анықтайды.

  1. келе жатқан бөлікті

  2. нәрестенің жатуын, позициясын және түрін

  3. келе жатқан бөліктің кіші жамбасқа қатынасын

  4. жатыр түбі деңгейін

  5. жатырдың қозғыштығын

15. Егер соңғы етеккірі 3 наурызда болғанда босанудың болжам мерзімі ... желтоқсан болады.

  1. 10

  2. 30

  3. 12

  4. 20

  5. 1

Жауаптары - а






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет