4. Қынаптың жыртылуы, себептері, клиникалық белгілері, емі Себептері: көбінде қынап қабырғаларының жеткілікті созылмауынан, дамып жетілмеуінен, бастың шалқая туылуынан, ірі нәрестеде, шапшаң босануда және аралық жыртылғанда қынап қабырғалары да жиі жарақаттанады.
Қынаптың жыртылған жерін қынап айналары арқылы анықтап, тігіс салады.
Аралық, сыртқы жыныс мүшелерінің, қынаптың жарақаттануының алдын-алу үшін: босану ағымын (екінші кезеңде) дұрыс жүргізу; акушерия операцияларын дұрыс қолдану (босану биомеханизміне сәйкестендіріп); аралықтың жыртылу қаупінде перинео немесе эпизиотомия жасау қажет.
Сыртқы жыныс мүшелерінің және қынаптың гематомасы Гематома (қанды ісік) сыртқы жыныс мүшелерінің және қынап қабырғасының қан тамырларының жарақаттануы салдарынан пайда болады; ол көбінесе үлкен жыныс ернеуінде, аралықта, қынап қабырғасының астында (қынап шелінде) кездеседі. Гематоманың мөлшері жарақаттанған қан тамырларының көлеміне және қанның ұю қасиетіне байланысты; мөлшері кейде нәрестенің басындай болады. Гематома (қанды ісік) босану ағымында (акушерлік қысқаш салғанда, шапшаң немесе босанудың ұзаққа созылуында) пайда болады.
Клиникалық белгілері. Гематома - көкшіл-қара қоңыр қанды ісік. Кәлемі үлкен гематомаларда қанның қызыл түйіршіктері төмендеп, кейде іріңдейді. Әйелдің ыстығы көтеріліп, денесі түршігеді, ауырғаны артып, қанның құрамы өзгереді.
Емі. Көлемі кішкентай гематомаларды консервативті жолмен (витаминдер, антибиотиктер), ал көлемі тез арада үлкейген гематоманы тек - хирургиялық жолмен емдейді. Қанды ісікті кесіп, жиналған қанды тазалап алып тастайды, қан тамырларын байлайды. Қуысты тігіп, дренаж қалдырады.
5. Жатыр мойнының жыртылуы, клиникалық белгілері, емі Босану ағымыңда жатыр мойны жайылып, қатты созылып жұқарады, осыған байланысты оның шеттері шамалы ыдырайды. Босанудың патологиялық ағымында жатыр мойны жыртылып, қан шығыны артады. Жатыр мойны жырты луының (ж.м.ж.) үш дәрежесін ажыратады.
I дәрежесінде ж.м.ж. - 2 см.
II дәрежесінде ж.м.ж. - 2 см-ден артық.
III дәрежесіңде ж.м.ж. - қынап күмбезіне дейін жетеді.
Клиникалық белгілері. Негізгі белгісі қан шығынының артуы, қалыпты жағдайда (ж.м.ж.) норесте туысымен бірден қан кетеді, екінші кезеңде қан тамырлары нәресте денесімен басылып, қан шығыны болмайды (нәресте денесі, басы тұылған кезде қанды болады). Бала жолдасы бөлініп туылмай, қан шығынының қай жерден екенін анықтау қиын, бірақ қан шығыны ж.м.ж. салдарынан болғанда, жатыр қатты жиырылады. Айнаны қынап қуысына орнықтырып, жатыр мойнын қарайды. Жатыр мойнының шеттеріне бірнеше қысқыш салып, оларды ауыстырып, жатыр мойныныц ернеулерін түгел қарайды.
Емі. Жыртылған жерге тігіс салу. Жатыр мойньш арнайы жалпақ қысқышпен үстап, оны жыртылған жерге қарама-қарсы жанына тартады. Бірінші тігісті жоғарғы бұрышына жыртылған жерден (1-2 см) жоғары салады және тігісті салғанда жатыр мойнының шырышты қабатын тікпейді (7-сурет).