5. Білім берудің және оқытудың әдістері: науқастың төсегінде жұмыс жасау, клиникалық жағдайларды талдау.
6. Әдебиет негізгі:
Бейсенбаева Р.С. Акушерия.- Алматы «Білім»,2004.
Раисова А.Т. акушерия және гинекология.- Алматы, 2006.
Руководство по акушерству и гинекологии для фельдшеров и акушерок: под ред. В.Н.Прилепской, В.Е.Радзинского. – М., 2007. – 688 с.
Радзинский В.Е. Акушерство: учебник + CD. М., 2008. – 904 с.
қосымша:
Бейсенбаева Р.С. Акушерлік таным .- Алматы.
Мухина С.А., Тарновская И.И. «Практическое руководство к предмету «Основы сестринского дела», Москва, 1998
7. Бақылау ( сұрақтары, тест, ситуациялық жағдайлар )
- әйел жыныс ағзаларының қабыну ауруларының жіктелуі
- әйел жыныс ағзаларының арнайы емес аурулары
- әйел жыныс ағзаларының арнайы аурулары
- әйел жыныс ағзаларының қабыну ауруларының диагностикасы
- әйел жыныс ағзаларының қабыну ауруларының клиникасы
- әйел жыныс ағзаларының қабыну ауруларының емі
- хирургиялық емге көрсеткіш
Тест:
1) Вульвовагинит дамуына әкелетін факторлар:
a) қыздар гениталийінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері: кілегейдің қалың қатпарлығы, эстрогенге төмен қанығу, жіңішкеру, қынаптың нейтралді немесе сілтілі ортасы
b) экзогенді патологиялық факторлар: жыныс ағзалары жарақаты, қынапқа бөгде зат түсу
c) зиянды әдеттер және алиментарлы бұзылыстар
d) мастурбация
e) эндогенді патологиялық факторлар: анемия, қан аурулары, пиелит, цистит, инфантилизм.
2) Тірі трихомонадтар оңай анықталады:
a) люминисцентті микроскопиялық зерттеуде
b) нативті жағындыда
c) дәнді егуде
d) Романовсий-Гимзе бойынша бояғанда
e) «толық тамшы» жағындыда
3) Науқас 28 жаста, жыныс жолдарының қышуына, қысуына, ірімшіктәрізді йіссіз бөліндіге шағымданады. Болжам диагноз:
a) хламидиоз
b) гонорея
c) қынап кандидозы
d) трихомониаз
e) жай серозды кольпит
4) Бактериальді вагиноздың негізгі клиникалық симптомын анықтаңыз:
a) жағымсыз иісті көп мөлшерлі ақ бөлінділер
b) диспареуния
c) аралықтың, сыртқы жыныс ағзаларының қышуы
d) дизурия
e) жамбастағы ауырсыну
5) Бейарнамалы сальпингиттің ауырсынулы формасын емдеу:
a) физиоем, санаторно-курортты ем
b) антибиотиктер, физиоем
c) иммуностимуляторлар (пирогенал), бірмезетте физиоем, ҚҚСЕП, ыдыратушы терапия, балшықпен емдеу
d) антибактериальді ем, витаминотерапия, энзима, иммуномодуляторлар, ҚҚСЕП, анальгетиктер
e) активті ыдыратушы терапия, гинекологиялық массаж
6) Генитальді туберкулез кезіндегі етеккір циклінің бұзылысы:
a) ациклді қан кету
b) сирек және аз мөлшерлі менструация
c) көп және ұзақ менструация
d) контактты қан кету
e) етеккір арaлық қан кету
7) Пельвиоперитонит формалары:
a) серозно-фиброзды, іріңді
b) ошақты, іріңді
c) ошақты, инфильтративті
d) фиброзды, инфильтративті
e) ошақты, фиброзды
8) Әйел 40 жаста. Жатырішілік контрацептив фонында перитонит, пиосальпинкс жыртылуында оперативті ем көлемі:
a) абсцессі бар және контрастирленген түтікті алып тастау, жатырды қосалқыларымен экстирпациялау, құрсақ қуысын дренаждау
b) абсцессі бар және контрастирленген түтікті алып тастау, құрсақ қуысын дренаждау
c) жатырдың абсцессі бар және контрастирленген қосалқыларымен қынапүстілік ампутациясы, құрсақ қуысын дренаждау
d) абсцессі бар түтікті алып тастау, құрсақ қуысын дренаждау
e) зақымданған түтікті алып тастау, құрсақ қуысын дренаждау
9) Жатыр қосалқыларының қабынуы кезіндегі хирургиялық емге көрсеткіш, мынадан басқа:
a) тубоовариальді түзілім
b) пиосальпинкс
c) пиовар
d) пельвиоперитонит
e) рецидивті сальпингит
10) Жедел гонореяның клиникалық симптомдары:
a) гематурия, ациклді қан кету
b) қышу, жиі кіші дәретке бару
c) қынапта күйдіру сезімі, қышу, көпіршікті, иісті ақ бөлінділер.
d) дизурия, іштің төменгі бөлігінің ауырсынуы
e) іріңді бөлінділер, іштің төменгі бөлігінің ауырсынуы, қанды бөлінділер, дизурия, дене қызуының жоғарылауы
Достарыңызбен бөлісу: |