2.Тәжірибелік дағдылар тізімі (ОҚТЕ тапсырмалары)
№ 1 бекетіне арналған тапсырмалар
№ 1
60 жастағы пациент М. ессіз күйінде қабылдау бөліміне жеткізілді.
Объективті: үстіртін тыныс, ПЖ– 96 соққы/минөт, АҚ–70/50 с.б.б., кейде аяқ-қолының тырысуы байқалады.
Сараптамаларында: гипергликемия 33 ммоль/л, гиперазотемия, гипернатриемия, рН-7,32.
Сұрақ: 1-қадам – берілген тапсырманы негіздеңіз (интерпретациялаңыз).
2-қадам – қорытынды жасаңыз.
Жауабы: 1-қадам – ПЖ жоғарылаған (қалыпты жағдайда 60-80 соққы/мин), АҚ төмендеген (қалыпты жағдайда 110/70 немесе 120/80 мм с.б.б.), қан сарысуында глюкоза деңгейі жоғарылаған (қалыпты жағдайда 3,58-6,05 ммоль/л), сарысуда мочевина деңгейі жоғарылаған (қалыпты жағдайда 2,5-8,32 ммоль/л), сарысуда -натрий деңгейі жоғарылаған (қалыпты жағдайда 135-145 ммоль/л), қанның рН-компенсацияланбаған ацидоз (қалыпты жағдайда 7,35-7,45 ммоль/л).
2-қадам – Науқаста диабеттік кома дамыған.
№ 2
32 жастағы пациентте анықталды: ЖСЖ-жүректің соғу жиілігі – 75 соққы/минөт, артериялық қысым - 175/115 с. б.б.
Қосымша зерттеуде: көз түбі тамырларының айқын тарылуы, микрогематурия, альбуминурия.
Анамнезінде: балалық шақта жедел диффузды гломерулонефритпен ауырған.
Сұрақ: 1-қадам – берілген тапсырманы негіздеңіз (интерпретациялаңыз).
2-қадам – қорытынды жасаңыз.
Жауабы: 1-қадам – АҚ жоғарылаған (қалыпты жағдайда 110/70 немесе 120/80 мм с.б.б.), несепте эритроциттер және альбуминдер анықталды (қалыпты жағдайда болмауы тиіс).
2-қадам – Науқаста нефрогенді гипертензия дамыған.
№ 3
Ю. есімді науқаста жүктемеден кейін кенеттен қорқыныш сезім, бас айналуы, тахикардия пайда болады. Артериялық қысым - 270/165 с.б.б. Бүйрек үсті безінің УДЗ-і және рентген-тексеруі арқылы бүйрек үсті безінің милы қабатының өспесі – феохромоцитома анықталды.
Сұрақ: 1-қадам – берілген тапсырманы негіздеңіз (интерпретациялаңыз).
2-қадам – қорытынды жасаңыз.
Жауабы: 1-қадам – АҚ жоғарылаған (қалыпты жағдайда 110/70 немесе 120/80 мм.с.б.б.), феохромоцитома кезінде қандағы адреналин деңгейі жоғарылайды (қалыпты жағдайда 0,48 нмоль/л-ден төмен).
2-қадам – Науқаста эндокринді гипертензия дамыған.
№ 4
50 жасар А. есімді науқас 20 сағатқа созылған төс артындағы басып ауырсыну сезіміне шағымданды.
ЭКГ да: синустық ритм, тереңдеген Q тісшесі бірінші тіркелімде және ST кесіндінің жоғарлауы.
Сараптамаларында: қанда АСТ белсенділігінің күрт жоғарылауы, лейкоцитттер 12х109/л, тромбоциттер 450х109/л, протромбиндік индекс 120%-ға жоғарылады.
Сұрақ: 1-қадам – берілген тапсырманы негіздеңіз (интерпретациялаңыз).
2-қадам – қорытынды жасаңыз.
Жауабы: 1-қадам – ЭКГ-де патологиялық өзгерістер байқалады, қандағы АСТ деңгейі жоғарылаған (қалыпты жағдайда 11-47 ХБ), лейкоциттердің саны жоғарылаған (қалыпты жағдайда 4,5-9х109/л), тромбоциттер саны жоғарылаған (қалыпты жағдайда 200-400х109/л), протромбиндік индекс жоғарылаған (қалыпты жағдайда 100%).
2-қадам – Науқаста миокард инфаркті дамыған.
№ 5
Таулы аймақта тұратын 10 жасар бала. 4-ші дәрежедегі түйінді зобпен клиникаға түсті. 5 жасынан бастап – денелік және психикалық дамуы кешеуілдеген, тұйық, ашушаң.
Объективті: төмен маңдайлы, жалпақ бетті, ауызы үлкен, көз шұңқырлары терең, әжімді құрғақ тері, кариесті тістер, жалпақ табан, ПЖ 42 рет минөт, АҚ 85/55 с. б.б.
Сараптамада: I131 – дің несеппен бөлінуі едәуір төмендеген.
Сұрақ: 1-қадам – берілген тапсырманы негіздеңіз (интерпретациялаңыз).
2-қадам – қорытынды жасаңыз.
Жауабы: 1-қадам – ақыл-есі кемісітігіне тән сыртқы белгілері байқалады; ПЖ төмендеген қалыпты жағдайда 60-80 соққы/мин, АҚ төмендеген (қалыпты жағдайда 110/70 немесе 120/80 мм с.б.), несеппен I131 шығарылуының азаюы ағзада йод тапшылығын көрсетеді.
2-қадам – Нәресте эндемиялық кретинизммен ауырады.
№ 6
Генетикалық кеңес беру бөлімінде З. есімді әйел өз сіңлісінің орақ тәрізді жасушалы анемияның ауыр түрімен ауыратынын, ал өзі мен күйеуінің денінің сау екенін хабарлады. Тексеру барысында З. есімді әйелдің мүкіс (аномальді) генді тасымалдайтыны анықталды.
Сұрақ: 1-қадам – берілген тапсырманы негіздеңіз (интерпретациялаңыз).
2-қадам – әйел балаларының орақ тәрізді анемиямен ауыру болжамына қорытынды жасаңыз.
Жауабы: 1-қадам – Ауру сіңлісінде қалыпты Hb А орнына патологиялық Hb S анықталды, 3. есімді әйелде Hb А-мен қатар шамалы пайызда Hb S кездеседі, жұбайында патологиялық Hb S жоқ.
2-қадам – Әйелдің балалары 100% дені сау, алайда 50% балалары мүкіс генді тасымалдаушы болады.
№ 7
З. есімді 40 жасар пациент ентігу, оң жақ қабырға астының ауырсынуына шағымданды.
Объективті: беті домбыққан және бозарған. Жүректің сол және оң жақ шекараларының 2 см-ге кеңеюі, жүректің соғу жиілігі–100 соққы/мин, жүрек үндері бәсеңкі, өкпеде – майда көпіршікті сырыл, тыныс алу жиілігі 26 рет/мин., мойын көк тамырларының домбығуы, қабырғалық доғадан бауырдың 3 см-ге шығуы, аяқтарының ісінуі.
Сұрақ: 1-қадам – берілген тапсырманы негіздеңіз (интерпретациялаңыз).
2-қадам – қорытынды жасаңыз.
Жауабы: 1-қадам – Жүректің шекаралары ұлғайған, ЖСЖ жоғарылаған (қалыпты жағдайда 60-80 соққы/мин), ТЖ жиілеген (қалыпты жағдайда 16-18 рет/мин), бауыры ұлғайған (қалыпты жағдайда қабырға доғасынан төмен түспеуі керек); барлық белгілері кіші және үлкен қан айналым шеңберінде іркілістің болуын дәлелдейді.
2-қадам – Науқаста тоталды жүрек жетіспеушілігі дамыған.
№ 8
Альпинистер тобы теңіз деңгейінен 6500 м жоғары Эверест шыңына көтерілгенде бір альпинист есін жоғалтты. Оттегілік масканы қолданғаннан альпинист есіне қайта оралды. Теңіз деңгейінен 3000 м жоғары орналасқан лагерге альпинисті жеткізгеннен соң, оның жағдайы бірітіндеп жақсарды.
Сұрақ: 1-қадам – берілген тапсырманы негіздеңіз (интерпретациялаңыз).
2-қадам – қорытынды жасаңыз.
Жауабы: 1-қадам – теңіз деңгейінен 6500 м биіктікте атмосфералық қысым төмен, (қалыпты жағдайда 760 мм с.б.), оттегінің деңгейі де төмендеген, 3000 м биіктікте атмосфералық қысым және оттегі деңгейі жоғарылайды.
2-қадам – Альпинистте гипобариялық гипоксия дамыған.
№ 9
10000 м биіктікте ұшақ кабинасының герметизациясы бұзылды. Ұшақты осы биіктікте жүргізу үшін пилот оттегелік маска арқылы демалды. Бірақ оның жағдайы нашар болып қала берді. Осыған байланысты жедел түрде қонуға мәжбүр болды.
Сұрақ: 1-қадам – берілген тапсырманы негіздеңіз (интерпретациялаңыз).
2-қадам – қорытынды жасаңыз.
Жауабы: 1-қадам – Ұшақ ішінде атмосфералық қысым қалыпты (760 мм с.б.), ұшақ сыртында 10 000 м биіктікте қысым анағұрлым төмен; кабинаның тұтастығы бұзылғанда ұшақ ішінде де қысым күрт төмендейді.
2-қадам – Ұшақта дамыған патологиялық жағдай жылдам декомпрессиямен байланысты.
№ 10
Клиникаға келіп түскен емізулі жастағы 2 монозиготты егіздерде тексеру барысында анықталды: бауырдың ұлғаюы, аш қарынға сарысуда глюкоза мөлшерінің төмендеуі, гепатоциттерде фосфорилазаның белсенділігі төмендеуі және гликоген мөлшерінің жоғарылауы.
Сұрақ: 1-қадам –тапсырманың берілгендерін негіздеңіз (интерпретациялаңыз).
2-қадам – қорытынды жасаңыз.
Жауабы: 1-қадам – 2 монозиготты егіз болғандықтан тұқым қуалайтын патологияның түрі, бауыры ұлғайған (қалыпты жағдайда қабырға доғасынан шықпауы тиіс), ашқарынға сарысудағы глюкоза деңгейі төмендеген (қалыпты жағдайда 3,58-6,05 ммоль/л), фосфорилаза белсенділігі төмендеген (гликоген ыдырауын катализдеуші фермент).
2-қадам – Егіздерде гликогеноз дамыған - гепатоциттерде гликогеннің патологиялық шектен тыс жиналуы.
№ 11
С. Есімді жүкті әйел генетикалық кеңес беру бөліміне келді. Ол өз сіңлісінің фенилкетонуриямен ауыратынын айтты.Ал С. Есімді әйелдің өзі тексеруден өткен және фенилкетонуриямен ауырмайды. Күйеуінің әулетінде фенилкетонуриямен ешкім ауырмаған. Тексеру нәтижесінде анықталды: күйеуі дені сау және мүкіс генді тасымалдамайды.
Сұрақ: 1-қадам – берілген тапсырманы негіздеңіз (интерпретациялаңыз).
2-қадам – әйел балаларында фенилкетонурияның болу мүмкіндігі туралы қорытынды жасаңыз.
Жауабы: 1-қадам – Фенилкетонурия аутосомды – рецессивті түрде беріледі, әйелдің жұбайы мүкіс генді тасымалдаушы болмайды.
2-қадам – болашақта әйел балаларының фенилкетонуриямен ауру болжамы 0-ге тең.
№ 12
30 жастағы ер адамда қала сыртындағы демалу аймағына келгеннен кейін 1,5 сағаттан соң байқалды: қабағының қызаруы және ісінуі, көздерінің жасаурауы, мұрын бітелуі, даусының қырылдауы, тамағының жыбырлауы, тыныс алудың қиындауы. Үйге қайтқан соң ер адамда аталған симптомдары біршама азайды.
Сұрақ: 1-қадам – тапсырманың берілген негіздеңіз (интерпретациялаңыз).
2-қадам – қорытынды жасаңыз.
Жауабы: 1-қадам – Берілген симптомдар аллергиялық серпілістің дамуын дәлелдейді. Ол қала сыртында дамыған, өсімдіктердің жақсы өсуімен байланысты, сондықтан өсімдік тозаңы аллерген болып табылады.
2-қадам – Ер кісіде поллиноз дамыған.
№ 13
Науқасқа аяғының ашық жарақатына байланысты оған екінші рет антигистаминді препаратпен «қорғалатын» сіреспеге қарсы қан сарысуы енгізілді. Соңғы инъекциядан кейін 9-шы тәулікте оның дене температурасы көтеріліп, буындарының ісінуі мен ауырсынуы және терісінде қатты қышымалы бөртпе пайда болды.
Сұрақ: 1-қадам – тапсырманың берілгенін негіздеңіз (интерпретациялаңыз).
2-қадам – қорытынды жасаңыз.
Жауабы: 1-қадам – Берілген симптомдар аллергиялық серпілістің дамуын нақтылайды; сіреспеге қарсы сарысу аллерген болып табылады; серпіліс 9-шы тәулікке қарағанда дамиды, өйткені осы уақыт арасында зақымдаушы әсері бар иммундық кешен түзіледі.
2-қадам – Зардап шегушіде сарысу ауруы дамыған.
№ 14
52 жастағы науқаста хирургиялық жолмен өкпедегі обыр өспесін алып тастағаннан кейін және химиотерапиялық емдеуден 1 жыл өткен соң сол бұғана асты лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталды. Биопсия нәтижесінде алынып тасталынған өкпе обырының құрылысына ұқсас өспелік жасуша анықталған.
Сұрақ: 1-қадам – тапсырманың берілгенін негіздеңіз (интерпретациялаңыз).
2-қадам – қорытынды жасаңыз.
Жауабы: 1-қадам – Өкпе обырын кесіп алғанда өспенің алынбай қалған жасушалары лимфа ағысымен сол жақ бұғана асты лимфа түйіндеріне барып, сол жерде көбейеді, сондықтан құрылысы бойынша кесіп алынған өспе жасушаларымен ұқсас келеді.
2-қадам – Науқаста өспе жасушаларының метастаздануы дамыған.
№ 15
56 жастағы ер кісі тез шаршайтынына, тоқтағанда қойып, жүрген кезде пайда болатын балтыр бұлшықетінің ауырсынуына, аяқтың жаурағыштығына, ұйып қалуына шағымданады.
Қарағанда: аяқтары бозарған терісі құрғақ, мұздай, тырнақтары сынғыш, табанының сырт жағындағы артерияларының соғуы екі аяқтада сезілмейді.
Сұрақ: 1-қадам – тапсырманың берілгенін негіздеңіз (интерпретациялаңыз).
2-қадам – қорытынды жасаңыз.
Жауабы: 1-қадам – Науқастың шағымдары аяқтарындағы қан айналым бұзылыстарын айқындай түседі; аяқтарының бозаруы және табан сыртындағы артерияларының соғуының сезілмеуі оларға қан келуінің азаюын көрсетеді. Табандағы терісінің мұздайлығы олардағы зат алмасу үрдісінің төмендеуіне тән. Терісінің құрғақтығы және тырнақтығының сынғыштығы – қоректенуінің бұзылуын дәлелдейді.
2-қадам – ер кісіде аяқтарының ишемиясы дамыған.
№ 2 бекетіне арналған тапсырмалар
№ 1
Гемограммада: Hb 40 г/л, Эр 0,79х1012/л, түстік көрсеткіші 1,52.
Жағынды да мегалобласттар анықталды.
Сұрақ: 1-қадам – гемограмманы негіздеңіз (интерпретациялаңыз).
2-қадам – қорытынды жасаңыз.
Жауабы: 1-қадам – Hb – төмендеген (қалыпты жағдайда 120-160 г/л), эритроциттер – азайған (қалыпты жағдайда 4-6х1012/л), түстік көрсеткіш – жоғарылаған (қалыпты жағдайда 0,85-1), мегалобласттар анықталады– ірі көлемді эритроциттер.
2-қадам – гемограммада мегалобласттық анемияға тән белгілер анықталады (В12-тапшылықты анемиясы мысал болады).
№ 2
Гемограммада: Hb 45 г/л, Эр 2,2х1012/л, түстік көрсеткіші 0,6.
Жағынды да микроциттер анықталады. Сарысулық темірдің деңгейі қалыпты жағдайдан төмен.
Сұрақ: 1-қадам – гемограмманы негіздеңіз (интерпретациялаңыз).
2-қадам – қорытынды жасаңыз.
Жауабы: 1-қадам – Hb – төмендеген (қалыпты жағдайда 120-160 г/л), эритроциттер – азайған (қалыпты жағдайда 4-6х1012/л), түстік көрсеткіш – төмендеген (қалыпты жағдайда 0,85-1), микроциттер табылған – ұсақ көлемді эритроциттер.
2-қадам – Гемограммада темір тапшылықты анемияға тән белгілер анықталады.
№ 3
Гемограммада: Hb 135 г/л, Эр 4,5х1012/л, лейкоциттер 17х109/л.
Сұрақ: 1-қадам – гемограмманы негіздеңіз (интерпретациялаңыз).
2-қадам – қорытынды жасаңыз.
Жауабы: 1-қадам – Hb – өзгеріс жоқ (қалыпты жағдайда 120-160 г/л). эритроциттер – өзгеріссіз (қалыпты жағдайда 4-6х1012/л), лейкоциттер – жоғарылаған (қалыпты жағдайда 4,5-9х109/л).
2-қадам – Гемограммада лейкоцитоз анықталады.
№ 4
Гемограммада: Hb 130 г/л, Эр 4,2х1012/л, лейкоциттер 3,4х109/л.
Сұрақ: 1-қадам – гемограмманы негіздеңіз (интерпретациялаңыз).
2-қадам – қорытынды жасаңыз.
Жауабы: 1-қадам – Hb – өзгеріссіз (қалыпты жағдайда 120-160 г/л), эритроциттер – өзгеріссіз (қалыпты жағдайда 4-6х1012/л), лейкоциттер – төмендеген (қалыпты жағдайда 4,5-9х109/л).
2-қадам – Гемограммада лейкопения анықталады.
№ 5
Жалпы билирубин 41,04 мкмоль/л, тікелей билирубин 23,94 мкмоль/л, зәрде тікелей билирубин анықталды, қанда және несеп құрамында уробилиноген анықталмады, экскрементте стеркобилиноген табылмады.
Сұрақ: 1-қадам – гемограмманы негіздеңіз (интерпретациялаңыз).
2-қадам – қорытынды жасаңыз.
Жауабы: 1-қадам –Жалпы билирубин – жоғарылаған (қалыпты жағдайда 3,4-22,2 мкмоль/л), тікелей билирубин – жоғарылаған (қалыпты жағдайда 0-5,1 мкмоль/л), тікелей билирубин несепте болмауы тиіс, уробилиноген қанда және несепте болуы тиіс, стеркобилиноген нәжісте болуы тиіс.
2-қадам – Сараптамада механикалық (бауырастылық) сарғаю белгілері анықталды.
№ 6
Гемограммада: Hb 125 г/л, Эр 4,7х1012/л лейкоциттер 18х109/л.
Сұрақ: 1-қадам – гемограмманы негіздеңіз (интерпретациялаңыз).
2-қадам – қорытынды жасаңыз.
Жауабы: 1-қадам – Hb – өзгеріссіз (қалыпты жағдайда 120-160 г/л), эритроциттер – өзгеріссіз (қалыпты жағдайда 4-6х1012/л), лейкоциттер – жоғарылаған (қалыпты жағдайда 4,5-9х109/л).
2-қадам – Гемограммада лейкоцитоз анықталды.
№ 7
Гемограммада: Hb 128 г/л, Эр 4,6х1012/л, лейкоциттер 5,2х109/л, тромбоциттер 150х109/л.
Сұрақ: 1-қадам – гемограмманы негіздеңіз (интерпретациялаңыз).
2-қадам – қорытынды жасаңыз.
Жауабы: 1-қадам – Hb – өзгеріссіз (қалыпты жағдайда 120-160 г/л), эритроциттер – өзгеріссіз (қалыпты жағдайда 4-6х1012/л), лейкоциттер – өзгеріссіз (қалыпты жағдайда 4,5-9х109/л), тромбоциттер – азайған (қалыпты жағдайда 200-400 х109/л).
2-қадам – Гемограммада тромбоцитопения анықталды.
№ 8
Несептің жалпы сараптамасында: дируез 1000 мл/тәу несептің тығыздығы 1020.
Тұнба микроскопиясында: көру алаңында 40-50 эритроциттер.
Сұрақ: 1-қадам – несеп сараптамасын негіздеңіз (интерпретациялаңыз).
2-қадам – қорытынды жасаңыз.
Жауабы: 1-қадам – тәуліктік дируез төмендеген (қалыпты жағдайда 1,5-2 л/тәу), несептің тығыздығы жоғарылаған (қалыпты жағдайда 1010-1011), несепте эритроциттер табылды (қалыпты жағдайда несепте болмауы тиіс).
2-қадам – несеп сараптамасында олигурия және гематурия анықталды.
№ 9
Гемограммада: Hb 95 г/л, Эр 3,3х1012/л, түстік көрсеткіші 0,86.
Сұрақ: 1-қадам – гемограмманы негіздеңіз (интерпретациялаңыз).
2-қадам – қорытынды жасаңыз.
Жауабы: 1-қадам – Hb – азайған (қалыпты жағдайда 120-160 г/л), эритроциттер – азайған (қалыпты жағдайда 4-6х1012/л), түстік көрсеткішінде - өзгеріссіз (қалыпты жағдайда 0,85-1).
2-қадам – Гемограммада нормохромды анемия белгілері анықталды.
№ 10
Гемограммада: Hb 86 г/л, Эр 3,3х1012/л, түстік көрсеткіш 0,78.
Сұрақ: 1-қадам – гемограмманы негіздеңіз (интерпретациялаңыз).
2-қадам – қорытынды жасаңыз.
Жауабы: 1-қадам – Hb – азайған (қалыпты жағдайда 120-160 г/л), эритроциттер – азайған (қалыпты жағдайда 4-6х1012/л), түстік көрсеткіш – төмендеген (қалыпты жағдайда 0,85-1).
2-қадам – Гемограммада гипохромды анемия белгілері анықталды.
№ 11
Гемограммада: Hb 41г/л, Эр 0,8х1012/л, түстік көрсеткіш 1,5.
Сұрақ: 1-қадам – гемограмманы негіздеңіз (интерпретациялаңыз).
2-қадам – қорытынды жасаңыз.
Жауабы: 1-қадам – Hb – азайған (қалыпты жағдайда 120-160 г/л), эритроциттер – азайған (қалыпты жағдайда 4-6х1012/л), түстік көрсеткіш – жоғарылаған (қалыпты жағдайда 0,85-1).
2-қадам – Гемограммада гиперхромды анемия белгілері анықталды.
№ 12
Зәрдің жалпы анализінде: диурез 800 мл/тәу, несептің тығыздығы 1029, нәруыз 1 г/л.
Сұрақ: 1-қадам – несептің сараптамасын негіздеңіз (интерпретациялаңыз).
2-қадам – қорытынды жасаңыз.
Жауабы: 1-қадам – тәуліктік диурез – төмендеген (қалыпты жағдайда 1,5-2 л/тәу), несептің тығыздығы – жоғарылаған (қалыпты жағдайда 1010-1011), несепте нәруыз табылған (қалыпты жағдайда несепте нәруыздың өте аз мөлшері болуы.
2-қадам – Несептің сараптамасында олигурия, протеинурия, белгілері анықталды.
№ 13
Жалпы билирубин 44,46 мкмоль/л, тікелей емес билирубин 41,9 мкмоль/л, қан және несеп құрамында уробилиноген анықталды, экскремент құрамында стеркобилиноген анықталды.
Сұрақ: 1-қадам – сараптаманы негіздеңіз (интерпретациялаңыз).
2-қадам – қорытынды жасаңыз.
Жауабы: 1-қадам –Жалпы билирубин – жоғарылаған (қалыпты жағдайда 3,4-22,2 мкмоль/л), тікелей емес билирубин – жоғарылаған (қалыпты жағдайда 3,4-17,1 мкмоль/л), уробилиноген қанда және несепте болуы керек, стеркобилиноген экскрементте (нәжісте) болуы керек.
2-қадам – Сараптамада гемолиздік (бауырүстілік) сарғаю белгілері анықталды.
№ 14
Несептің жалпы сараптамасында: дируез 1200 мл/тәу, несептің тығыздығы 1015. Тұнбаның микроскопиясында: көру алаңында 20-30 лейкоциттер.
Сұрақ: 1-қадам – несеп сараптамасын негіздеңіз.
2-қадам – қорытынды жасаңыз.
Жауабы: 1-қадам – тәуліктік дируез төмендеген (қалыпты жағдайда 1,5-2 л/тәу), несеп тығыздығы жоғарылаған (қалыпты жағдайда 1010-1011), несепте лейкоциттер табылған - (қалыпты жағдайда несепте болмауы тиіс).
2-қадам – Несеп сараптамасында олигоурия және лейкоцитурия анықталды.
№ 15
Гемограммада: Hb 180 г/л, Эр 7,5х1012/л, эритропоэтин қалыпты жағдайдан 20% жоғары.
Сұрақ: 1-қадам – гемограмманы негіздеңіз (интерпретациялаңыз).
2-қадам – қорытынды жасаңыз.
Жауабы: 1-қадам – Hb – жоғарылаған (қалыпты жағдайда 120-160 г/л), эритроциттер – жоғарылаған (қалыпты жағдайда 4-6х1012/л), эритропоэтиндердің жоғарылауы эритропоэздің белсенділігі артқанын дәлелдейді.
2-қадам – Гемограммада абсолютті эритроцитоз анықталды.
№ 3 бекетіне арналған тапсырмалар
№ 1
Тышқанды кішірек барокамераға кіргіземіз. 2-3 мин арасында барокамерадан ауаны шығарып тастаймыз. 1 мин кейін тышқанда тынышсыздық белгілері көрінеді, ал 3-4 мин кейін ол өледі.
Сұрақ: 1-қадам – экспериментті негіздеңіз (интерпретациялаңыз).
2-қадам – қорытынды жасаңыз.
Жауабы: 1-қадам – ауаны тартып алғанда барокамерадағы қысым төмендейді, сонымен қатар ондағы оттегінің мөлшері де азаяды.
2-қадам – Тышқанның өлімі оттегінің жетіспеушілігінен және жалпы гипобария әсерінен болуы мүмкін, яғни ауа қысымының төмендеуінен.
№ 2
Барокамерадан ауаны шығарып тастаймыз, кейін оны қалыпты атмосфералық қысымға дейін таза оттегімен толтырып, барокамераға тышқанды кіргіземіз. 2-3 мин аралығында атмосфералық қысымды төмендете отырып барокамерадан ауаны шығарамыз. Сол кезде сабырсыздық байқалып, сосын тынышталады. 8-10 мин кейін жануардың қалыпты жағдайы байқалады.
Сұрақ: 1-қадам – экспериментті негіздеңіз (интерпретациялаңыз).
2-қадам – қорытынды жасаңыз.
Жауабы: 1-қадам – ауаны тартып алғанда барокамерадағы қысым төмендейді, бірақ ондағы оттегі мөлшері қалыпты күйінде қалады, өйткені камераны таза оттегімен толтырады.
2-қадам – гипобария кезінде, яғни ауа қысымының төмендегеуінде, оттегінің мөлшері қалыпты болғандықтан патологиялық үрдіс дамымайды.
№ 3
Екі қоянға тері астына скипидарды енгізу арқылы қызбаны шақырамыз. № 1 қоянға алдын ала айқын гранулоцитопения шақыратын азот-иприт инъекциясын жасаймыз. № 2 қоян бақылауда.
Сұрақ: 1-қадам – экспериментті негіздеңіз (интерпретациялаңыз).
2-қадам – қорытынды жасаңыз.
Жауабы: 1-қадам – скипидар қызбаны шақырады, азот-иприт гранулоциттердің төмендеуіне әсер етеді, яғни осындай жағдайда эндогенді (лейкоцитарлық) пирогендердің түзілуі төмендейді.
2-қадам –№ 1 қоянда қызбаның интенсивтілігі төмендейді.
№ 4
Екі қоянда қызба туғызамыз: № 1 қоянға тері астына скипидар, ал № 2 қоянның көк тамырына пирогенал енгізу арқылы қызба туғызамыз.
Сұрақ: 1-қадам – экспериментті негіздеңіз (интерпретациялаңыз).
2-қадам – қорытынды жасаңыз.
Жауабы: 1-қадам – скипидар және пирогенал қызбаны шақырады, бірақ пирогеналды енгізген кезде эндогенді (лейкоцитарлық) пирогенді өндіру тікелей күшееді.
2-қадам –№ 2 қоянда қызба ертерек көтеріледі.
№ 5
Тышқандарға фенилгидразин енгіземіз. 30 мин өткен соң тышқандардың қанында эритроциттер санының азаюы және бос гемоглобиндердің болуы байқалған.
Сұрақ: 1-қадам – экспериментті негіздеңіз (интерпретациялаңыз).
2-қадам – қорытынды жасаңыз.
Жауабы: 1-қадам – фенилгидразин бос радикалдардың түзілуін күшейтеді, ал бос радикалдар эритроцит мембранасын зақымдайды, олардың гипергидратациясына және бұзылуына әкеп соқтырады, мұндай жағдайда эритроциттер саны төмендейді және бос гемоглобин анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |