Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы дәрілер технологиясы кафедрасы ТӘжірибелік сабақҚа арналған әдістемелік нұСҚАУ



бет24/65
Дата06.09.2023
өлшемі0.75 Mb.
#476739
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   65
Практ-заниятия-Основы-фармацевтической-технологии-3-курс-5-семестр90-сагат-каз (1)

Тестік тапсырмалар
1. Стандартты фармакопеялық ерітінділер (сұйықтар) деп кейбір дәрілік заттардың (қышқылдардың, негіздердің, формальдегидтің және басқалардың) МФ-да көрсетілген белгілі нақты концентрациясында дайындалған......ерітінділерін айтады:
А) сулы
В) бейсу С) спирттік
D) концентрлі
Е) жұмысшы
2. 20%-50 мл пергидроль ерітіндісін дайындау үшін қажетті пергидроль және су мөлшері сәйкесінше:
А) 10 мл 40 мл
В) 20 мл 50 мл
С) 50 мл 20 мл
D) 20 мл 30 мл
Е) 30 мл 20 мл
3. Хлорсутек қышқылының 2 %-200 мл ерітіндісіне бақылау паспорты:
А) хлорсутек қышқылы сұйылтылған 4 мл тазартылған су 196 мл
В) хлорсутек қышқылы сұйылтылған 40 мл тазартылған су 200 мл
С) хлорсутек қышқылы 25%—4 мл тазартылған су 196 мл
D) хлорсутек қышқылы сұйылтылған 40 мл тазартылған су 160 мл
Е) хлорсутек қышқылы сұйылтылған 2 мл тазартылған су 198 мл
4. Мүсәтір және сірке қышқылы ерітіндісін дайындағанда:
А) нақты мөлшері ескеріледі В) бастапқы концентрациясын 1% деп алады
С) бастапқы концентрациясын 10% деп алады
Д) бастапқы концентрациясын 100% деп алады
Е) бастапқы концентрациясы 2% деп алады
5. 10%—200 мл калий ацетаты ерітіндісін дайындау үшін қажетті тазартылған су мен препарат /ГФ 35%/ мөлшері:
Препарат Су
А) 58,8мл 141,2 мл
В) 10 мл 200 мл
С) 200 мл 10 мл
D) 10 мл 190 мл
Е) 34 мл 166 мл
6. МФ X басылымы бойынша егер рецепте хлорсутек қышқылы
концентрациясы көрсетілмесе ....... концентрациядағы ерітіндісі
босатылады:
А) 8,3%
В) 25%
С) 33%
D) 30%
Е) 0,1 н
7. Стандартты фармакопеялық сұйықтық мөлшерін есептегенде бүтін зат ретінде /100 %/ қарастырылатын ерітінді:
А) Буров сүйықтығы
В) калий ацетаты ерітіндісі
С) формальдегид ерітіндісі
D) сутек асқын тотығы ерітіндісі
Е) сірке қышқылы ерітіндісі
8. Дайындау кезінде сұйылту формуласы қолданылатын стандартты
фармакопеялық сүйықтық: А) аммиак ерітіндісі
В) формалин
С) пергидроль
D) калий ацетаты сұйықтығы
Е) хлорсутек қышқылы
9. 10%-150 мл Буров сұйықтығы ерітіндісін дайындау үшін қажетті дәрілік зат пен тазартылған су мөлшері:
Препарат Су
А) 15 мл 135 мл
В) 10 мл 150 мл С) 150мл 10 мл
D) 10 мл 140 мл
Е) 10 мл 160 мл
10. Егер рецепте сірке қышқылы концентрациясы көрсетілмесе ........концентрациядағы ерітіндісі босатылады:
А) 30%
В) 5%
С) 10%
D) 98%
Е) 1%
11. Спирттік ертінділер технологиясының ерекшеліктері:
А) босататын ыдыста дайындайды, қыздырусыз ерітеді, фильтрлемейді
В) қосымша ыдыста дайындайды, салқындатып ерітеді, фильтрлемейді
С) босататын ыдыста дайындайды, қыздырып ерітеді, фильтрлемейді
D) қосымша ыдыста дайындайды, фильтрлейді
Е) қосымша ыдыста дайындайды, қыздырып ерітеді, фильтрлейді
12. Этанолды сумен сұйылту кезінде.......құбылысы жүреді:
А) контракция
В) конвекция
С) адсорбция
D) абсорбция
Е) молекулалар диссоциациясы
13. Егер рецепте этанол концентрациясы корсетілмесе ....... этанол босатылады:
А) 90%
В) 95%
С) 96%
D) 70%
Е) 40%
14. 5% йодтың спирттік ертіндісін дайындау үшін ......... этанол
қолданылады:
А) 96%
В) 90%
С) 70%
D) 40 %
Е) 30%
15. Құрамында этанол бар ерітінді ......... қосымша этикеткасымен безендіріледі:
А) "оттан сақтаңыз"
В) "қолданар алдында шайқаңыз"
С) "абайлап қолданыңыз"
D) "қолданар алдында қыздырыңыз"
Е) "құрғақ жерде сақтаңыз"
16. Құрамында этанол бар ерітіндіні қажет болған жағдайда ..............арқылы сүзеді.
А) құрғақ мақта тампоны
В) қағаз фильтр
С) қос қабат дәке
D) нутч-фильтр
Е) друк-фильтр
17. Сулы және спирттік ертінділердің ұқсас технологиялык ерекшеліктері:
А) салмақ-көлемдік әдіспен дайындау, еріткішті көлем бойынша дозалау
В) еріткішті ең соңында қосу
С) салмақ бойынша дайындау
D) дәрілік түрді міндетті түрде қыздыру
Е) дәрілік түрді міндетті түрде фильтрлеу
18. Сулы тамшылар технологиясының ерекшеліктері:
А) дәрілік заттарды еріткіш көлемінің жартысында еріту
В) концентрлі ертінділер көмегімен дайындау
С) асептикалық жағдайда дайындау
D) босататын құтыда дайындау
Е) дәрілік заттарды алдын-ала келіде үнтақтау
19. Морфин гидрохлоридінен 2%-10 мл ал. Босат. Белгіле. 10 тамшыдан 3 рет күніне. ЖРД және
ЖТД тексеріңіз:
А) 0,01 0,03
В) 0,2 0,6
С) 0,001 0,003
D) 0,1 0,3
Е) 1,0 3,0
20. Эфедрин гидрохлориді ерітіндісінен 2%-10 мл ал. Босат. Белгіле. 10 тамшыдан 3 рет күніне.
Тамшы технологиясының дұрыс реттілігін көрсетіңіз:
А) тазартылған судан 5 мл, эфедрин гидрохлоридінен 0,2, тазартылған судан 5 мл
В) тазартылған судан 10 мл, эфедрин гидрохлоридінен 0,2
С) эфедрин гидрохлоридінен 0,2, тазартылған судан 10 мл
D) эфедрин гидрохлоридінен 0,2, тазартылған судан 10 мл-ге дейін
Е) тазартылған судан 2 мл, эфедрин гидрохлоридінен 0,2, тазартылған судан 7,8 мл


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет