Сабақ 6
1. Тақырыбы: Жоғары молекулалық қосылыстар және қорғалған коллоидтық ерітінділер технологиясы.
2. Мақсаты: Жоғары молекулалы қосылыстар және коллоидты заттар ерітінділерін дайындауды, теориялық ережелер негізінде және нормативті құжаттардың талабына сай дайын дәрілік түрлердің сапасын бағалауды үйрену.
3. Оқыту мақсаты:
Студент білуге тиіс:
жоғары молекулалы қосылыстар қасиеттерін, қорғалған коллоидты ерітінділер дайындаудың теориялық ережелерін;
коллоидты және жоғары молекулалы қосылыстар ерітінділерін дайындауды, сапасын бағалауды, сақтау және босату бойынша нормативті құжаттар талаптарын.
Студент істей алуға тиіс:
дәрілік зат пен еріткіш мөлшерін есептеуді;
жеке жазылымдар бойынша жоғары молекулалы қосылыстар және коллоидты ерітінділер дайындаудың оптимальды технологиясын таңдауды;
жоғары молекулалы қосылыстар және коллоидты ерітінділердің технологиялық сатылар бойынша (өлшеу, еріту, қыздыру, сүзу) дайындауды;
жоғары молекулалы қосылыстардың қасиеттерін ескеріп фильтрлеуші материалдарды таңдауды;
дәрілік түрді босатуға орамдау, безендіру және сапасын бағалауды;
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Тақырып бойынша латын терминологиясы.
Коллоидты ерітінділер. ЖМҚ, олардың қасиеттері, ісінуі, еруі.
ЖМҚ ерітінділерінің тұтқырлығы, олардың тұрақтылығы, бұзылыс шақыратын факторлар.
ЖМҚ ерітінділері және коллоидты ерітінділер технологиясының ерекшелігі.
Жоғары молекулалы заттар ерітінділерінің технологиясы: жазылымдағы компоненттердің сыйымдылығын анықтау, улы және күшті әсер ететін заттардың дозаларын тексеру, бақылау паспортын құрастыру, технологиясының сатылары бойынша дайындаудың рациональды тәсілін және таратуды таңдау (еріту, фильтрлеу, орамдау, безендіру және босату), әр сатыда және дайын дәрілік түрдің сапасын бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |