Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы дәрілер технологиясы кафедрасы ТӘжірибелік сабақҚа арналған әдістемелік нұСҚАУ


Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)



бет39/65
Дата06.09.2023
өлшемі0.75 Mb.
#476739
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   65
Практ-заниятия-Основы-фармацевтической-технологии-3-курс-5-семестр90-сагат-каз (1)

7. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)

  1. Тұнбалар және қайнатпалар. Анықтамасы. Жіктелуі.

  2. Тұнбалар және қайнатпаларды дайындаудың негізінде қандай процестер жатыр?

  3. Тұнбалар және қайнатпаларды дайындауда әсер етуші заттардың толық сірінділеуіне әсер ететін факторлар.

  4. Тұнбалар және қайнатпаларды дайындау кезінде өсімдік шикізатының майдалану дәрежесі қандай болуы керек?

  5. Рецепте көрсетілмесе тұнбалар мен қайнатпалардағы өсімдік шикізатының және сірінді көлемінің қатынасы қандай болуы тиіс?

  6. Экстрагентке қандай талаптар қойылады?

  7. Тұнбалар мен қайнатпаларды дайындау кезінде болатын шығындар қалай ескеріледі?

  8. Тұнбалар және қайнатпаларды дайындаудағы айырмашылықтар.

  9. “Жылдам” белгісі бар тұнбалар мен қайнатпаларды дайындаудың ерекшеліктері.

  10. Құрамында алкалоидтары бар өсімдік шикізатынан сулы сірінді дайындау.

  11. Құрамында иілік заттары, антрагликозидтері бар өсімдік шикізатынан сулы сірінді дайындау ерекшеліктері.

  12. Құрамында эфир майлары бар өсімдік шикізатынан сулы сірінді дайындау.

  13. Құрамында жүрек гликозидтері бар өсімдік шикізатынан сулы сірінді дайындау.

  14. Сулы сірінділерге дәрілік заттарды қалай енгізеді?

  15. Сулы сірінділерді өсімдік шикізатынан дайындағанда дәрілік заттардың концентрлі ерітінділерін не себепті пайдалануға болмайды?

  16. Сулы сірінділердің сапасын бағалау. Тұнбалар мен қайнатпалардың сақталу мерзімдері.



Ситуациялық есеп
Ал: Кодеиннен 0,12
Жалынгүл шөбінен 6,0: 200 мл
Натрий бромидінен
Калий бромидінен тең мөлшерде 4,0
Араластыр. Жібер. Босат. 1 ас қасықтан күніне 3 рет.
Студент 3 мм дейін майдаланған (Белсенділігі 80 БӘБ) жалынгүл шөбінен 6 г өлшеп, инфундирлік стаканға 212 мл суды құйды, 30 минутқа қайнап тұрған су моншасына қойды, бөлме температурасында 45 минут салқындатты, сүзді және 0,12 кодеинді, 4,0 натрий бромидін, 4,0 калий бромидін ерітті. Араластырды және «Микстураң этикеткасымен безендірді. Сигнатура жазды.
Студент қимылын сын көзбен бағалаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет