Сабақ 9
1. Тақырыбы: Құрамында алкалоидтар, жүрек гликозидтері, эфир майлары, сапониндер, иілік заттары және антрогликозидтер бар шикізатпен сулы сығындылар дайындау.
2. Мақсаты: Дәрілік өсімдік шикізатын және экстрагент мөлшерін есептеуді, құрамында эфир майлары, иілік заттары, жүрек гликозидтері, алкалоидтар және т.б. бар қайнатпалар мен тұнбалар дайындау.
3. Оқыту мақсаты:
Студент білуге тиіс:
дәрілік өсімдік шикізатын экстрагирлеудің теориялық негіздерін (шикізат түрі, шикізаттың анатомо-морфологиялық ерекшеліктері, әсер етуші заттардың физико-химиялық қасиеттері, қосалқы заттардың әсері);
экстракциялау тиімділігіне әсер ететін факторларын (шикізаттың майдалануы, шикізат пен экстрагент қатынасы, экстрагент қасиеті, экстрагирлеу режимі, концентрациялар айырмашылығы);
дәріханада сулы сығындыларды дайындауға қолданылатын қондырғыны қолдануын;
әсер етуші заттардың сығындылау механизмін.
сулы сірінділерді дайындау, сапасын бағалау және босату бойынша нормативті құжаттар талабын.
Студент істей алуға тиіс:
шикізатты экстракциялауға дайындауды;
жазылымдағы дәрілік өсімдік шикізатының, судың және басқа ингредиенттердің мөлшерін есептеуді;
Жоғары биологиялық белсенді немесе құрамында көбірек алкалоидтары бар шикізат массасына корректілер ендіру;
дәрілік өсімдік шикізатының табиғатын ескеріп сулы сіріндінің оптимальды технологиясын дәйектеуді;
тұнбалар және қайнатпаларды дайындауды: өсімдік шикізатын майдалау, елеу, өлшеу, суды өлшеу, белгілі температурада тұндыру, сүзу, шикізатты сығу, көлемін белгіге дейін сумен жеткізуді;
сулы сығындылар дайындауда кіші механизация құралдарын қолдануды;
тұнбалар мен қайнатпалардың сапасын бағалауды;
дәрілік түрлерді орамдап, босатуға безендіруді.
Достарыңызбен бөлісу: |