Жағдайлық есеп №1
5 жастағы балаға өткір дизентерия диагнозы қойылған, бала бақшаға бармайды. Жанұясы 4 адамнан тұрады, 2 жасар інісі бала бақшаға барады, анасы сыра сатушы, әкесі-заводта жұмысшы. Жанұя 3 бөлмелі пәтерде тұрады, оның бір бөлмесінде басқа жанұя тұрады, олардың 2 жасар бөбектер тобына баратын баласы 4 ай бұрын іші жиі өтіп ауырған, 2 айдан кейін қайтадан іші өткен.
Ошақты жою шараларын жоспарлау.
Жағдайлық есеп № 2
Бала бақшада 3 күн ішінде 45 баладан 28-і ауырған. 25-інде тамақтан улану белгілері болған, 3 -інің нәжісінде қанмен шырыш аралас болған.
Аурулардың нәжісінен, құсықтарынан шигелла Зонне табылған.
Ауырған балалар түрлі топтарға қатысады. Асханадан алынған жұғындылардан да шигелла Зонне табылған. Ыдыстармен қаймақ берілген. Қаймақ бөлме температурасында сақталған. Қаймақты бұл бала бақшада жұмыс істемейтін завхоздың әпшесі таратқан.
Ошақты жою шараларын жоспарлау.
Жағдайлық есеп № 3
20-21 қыркүйек күндері бала бақшаның 3 тобында бір уақытта 15 бала ауырған. Ауырған балалардың дене қызуы көтерілген, іштері ауырып жиі-жиі өткен. 22 қыркүйекте тағы 4 бала ауырған. Балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Диагноз – дизентерия.
Өршудің себебін анықтау, ошақты жою шараларын жоспарлау.
1.Тақырыбы №13: Қоздырғыштары нәжіс-ауыздық механизммен берілетін вирусты гепатиттердің (АВГ және ЕВГ) этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қағидалары. Эпидемиологиялық қадағалау.
2.Мақсаты: студенттердің қоздырғыштары нәжіс-ауыздық механизммен берілетін вирусты гепатиттердің (АВГ және ЕВГ) этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қағидалары, эпидемиологиялық қадағалау туралы негізгі теориялық білімдерін жетілдіру
3. Оқыту мақсаты:
Студенттерге қоздырғыштары нәжіс-ауыздық механизммен берілетін вирусты гепатиттердің (АВГ және ЕВГ) этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы туралы білімдерін жетілдіру
Алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қағидалары туралы үйрету
Эпидемиологиялық қадағалау туралы үйрету
Достарыңызбен бөлісу: |