Жағдайлық есеп №1
Р. азаматтың 7 адамнан тұратын жанұясында бір апта ішінде 3 адам іш сүзегімен ауырған. Ауырғандар 10, 12, 14 жаста.
Шағымдары: әлсіздік, қалтырау, бас ауру, тамаққа тәбеттің болмауы, дене қызуы -38-390С. Аурулар ауруханаға жатқызылған, диагноз «іш сүзегі» - деп қойылған. Эпидемиологиялық тексеру кезінде бұл жанұяның сүтті бір сатушыдан сатып алатыны анықталған. Сүт сатушыны тексергенде іш сүзегінің қоздырғыштары табылған, фаготиптері ауырған балалардың фаготиптерімен бірдей.
Жұқпа көзін, таралу жолдарын анықтау. Алдын алу шараларын ұйымдастыру.
Жағдайлық есеп №2
Жұқпалы аурулар ауруханасына «іш сүзегі» диагнозымен ауру адам жатқызылған. Науқас асханада аспазшы болып жұмыс істейді. Жанұясында 4 адам бар. Суды даладағы су құбырынан алады. Әйелі – бала бақшада тәрбиеші. Баласы – колледж студенті. Қызы - мектеп оқушысы.
Эпидемияға қарсы шараларды жоспарлау.
Жағдайлық есеп №3
Үлкен қаланың бір аймағында соңғы айда 5 паратиф ауруы анықталған.
Ауырғандар түрлі үйлерде тұрады, үйлерінде тамақтанады, сапалы сумен қамтамасыз етілген.
Эпидемиологиялық тексеру барысында барлық ауырғандардың бір адамнан сүт сатып алғаны анықталған: Сүт сатушы адам қалаға жақын ауылда тұрады, 16 жыл бұрын парасүзек ауруымен ауырған.
Жұқпа көзін анықтау. Індетке қарсы шараларды жоспарлау.
1. Тақырыбы №12: Шигеллездардың этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қағидалары. Эпидемиологиялық қадағалау. Эшерихиоздардың этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қағидалары. Эпидемиологиялық қадағалау.
2. Мақсаты: студенттердің шигеллездардың этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қағидалары, эпидемиологиялық қадағалау, эшерихиоздардың этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қағидалары, эпидемиологиялық қадағалау туралы білімдерін жетілдіру.
Достарыңызбен бөлісу: |