ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы ТӘжірибелік сабақҚа арналған әдістемелік өҢдеу



бет18/35
Дата25.04.2024
өлшемі163.81 Kb.
#499846
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35
метод-ПЗ-инф.бол.-ОЗ-каз

Есептер:
1.Жергілікті емхана дәрігері қабылдауына 5 жастағы баланы алып келген. Кабинеттің алдында кезекте бала 30 минуттай күткен. Шағымдары: дене температурасының жоғарылауы, жұтынғанда ауырсыну. Көргенде: аңқасы аздап қызарған, бадамша бездері қалыпты, қалың ақ-сұр түсті жабынды мен жабылған, алынбайды, алған жерлерде қан шығып жатыр. Бала бір апта көлемінде ауылдан көшіп келген, екпелері жөнінде ешқандай мәлімет жоқ.
1.Сіздің болжам диагнозыңыз
2.Кезекші дәрігердің іс-әрекеті
2. 6 жасар қыз бала, ауруының 3 күні қаралған. Аруы жіті басталған, шағымдары: басының ауруы, әлсіздік, құсу, жұтынғанда ауру сезімі бар. Қарағанда: жартылай ашық ауыз бен дем алады, дауысы дисфониялы, мойын талшықтары ісінген. Аңқада аздап қызарған, бадамша бездері ісінген. Жабынды күшпен шпательмен алынады. Иек асты лимфабездері бұршақ тәрізді ұлғайған, ауырсынусыз. Жүрек тондары тұйық, журек шекаралары жас ерекшеліктеріне сәйкес.АҚ 100/60 ммрс ст
1. Сіздің болжам диагнозыңыз
2. Зерттеу көлемін анықтаңыз
3.Емдеу көлемін тағайындаңыз
3. 6,5 жасар баланың 10 күн шамасында құрғақ жөтел пайда болған. Дене температурасы қалыпты, патологиялық өзгерістер болмаған. Жөтел бір те бірте күшейіп, 4 апта бойы сақталған. Туылған кезден бастап көп нәрсеге аллергиялық реакциялар болғандықтан, ешқандай екпе егілмеген. Аллергологтың бақылауында. Аңқасы-аздап қызарған. Өкпеде-құрғақ сейілденген сырылдар. Жүрек тондары анық, ырғақты. Іші жұмсақ, пальпацияланғанда ауырсынусыз. Дәреттері қалыпты. Бала балабақшаға барады, онда бір ай ішінде бірнеше көкжөтел жағдайлары тіркелген.
1. Сіздің болжам диагнозыңыз
2.Зерттеу көлемін анықтаңыз
3.Осы баланың жасына лайықта дәл есептелген ем тағайындаңыз.
4. 4 жасар бала ауруының 2 күні стационарға түскен, диагнозы: «Дифтерия жергілікті түрі» Қарағанда: жағдайы ауыр, ауызымен демалады, даусы өзгерген. Тері қабаты бозғылт. Аңқасы қызарған. Бадамша бездері ұлғайған. Тонзилярды бездері, лимфа түйіндері, ұлпалары өзгермеген. Бауыры 3 см ұлғайған. Қабылдау бөлімінің дәрігерлері мен дифтерия диагнозы расталмаған.
1.Қандай симптомдарына байланысты расталмаған
2.Қандай ауруға күдіктенуге болады
3.Қосымша тағайындаулар, зерттеулер қосыңыз
5. Балаға 1 жас 6 ай, жедел ауырған, дене қызуы 38,7ºС, жөтел пайда болып, мұрнынан су аға бастаған, жұтқыншақтың артқы қабырғасында бұдыр білінеді. 2-ші күні лимфа түйіндері, бауыр, талақтың ісінуі көрінеді.

  1. Болжам диагнозы. Дифференциальды диагноз.

  2. Тексеру жоспары.

3.1,5 жасар Наташа дене қызуы 37,8ºС-қа көтеріліп, жедел ауырды. Мұрыннан су ағу, жөтел пайда болды. ЖРВИ-ға амбулаторлы емделді. Т – 37,5ºС 5-ші күнге дейін сақталып, мойын аймағында ісіну пайда болды. Нәресте инфекциялық стационарға жатқызылды. Преморбидті фоны ауырмаған. Түскен уақытта жағдайы ауыртпалықтың деңгейінде /яғни орташа/, салмағы 11,100, пульсі минутына 125 соққы, тынысы минутына 28 рет. Мұрнымен тыныс алуы ауырлаған, бөлінді жоқ. Аранында миндалиналар ұлғайған. Алдыңғы және артқы мойын лимфа түйіндері «цепочка» түрінде. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары таза, ырғақты. Іші жұмсақ. Бауыр қабырға доғасы астынан 4 см төмен түседі, ал көкбауыры 2 см төмен түседі. Нәжіс пен несеп шығаруы бұзылмаған. Қан анализінде: эр – 3,5х1012/л, НВ – 120 г/л, ТК – 0,9, л – 20х109/л, Э – 1%, С – 17%, Л – 59%, М – 10%, атипиялық мононуклеарлар – 17%.

  1. Клиникалық диагноз қою.

  2. Неге негіздеп диагнозды қойдыңыз?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет