Есептер:
1.Науқас О. 24 жаста. Ауруханаға ауруының 9-шы күні, түскен. Ауруханаға түскен кездегі шағымдары; басының ауруы, денесінің сырқырауы, жалпы әлсіздік, тәбетінің төмендеуі. Ауырғандық біртіндеп дене қызуының көтерілуімен басталған, субфебрильдіден жоғарылағанға дейін, басының ауырғандығымен, қалтырауымен, аздап терлеумен басталған.
Науқас дәрігерге көрінбеген. Жеміс-жидектерлі үнемі жумайды. Әр түрлі жерден қайнамаған ауыз суын қолданған. Ауруханаға түскенде дене қызуы 390С, жалпы жағдайы орташа ауырлықта, әлсіз, қуқыл тартқан, аздап тежелген, санасы айқын, тілінің ортасы аздап жабындымен қапталған жиектері және ұшы таза, ісінген, тістің іздері бор, зеві (тамақ саңылауы) таза, Құрсақ терісінде аздаған, диаметрі 2-3 мм розеолалар байқалады, теріден аздап шығыңқы орналасқан. АҚҚ 90-60 мм сын.бағ. Р8-66 рет ырғақты, толымдылығы қанағаттанарлық. Құрсағы жұмсақ, аздап кепкен, аздап құрылдайды, перкуторлық дыбыс қысқарды илеоцекальдық аймақта байқалады. Бауыр қабырға асты шетінен 1 см шығыңқы. үлкен дәреті тоқтаған, несеп бөлуі еркін.
Сіздің диагнозыңыз.
Медбике күтімі.
Алдын-алу шаралары.
2.Науқас И. 18 жаста, ауырғаннан соң 15-ші күні келіп түскен. Жедел ауырған, жоғары дене қызуы (38-390С) тамағының ауруы, бас ауыруы болған. Дене қызуы жоғары күйінде қалған бас ауыруы, әлсіздік күшейген. Түскен кезде: дене қызуы 390С, жағдайы ауыр. Науқастың тері жамылғысы бозғылт, әлсіз ұйқышыл. Тілі ісінген, тілінің бетінде жамылғы қапталған, тілдің ұшы мен шеттері таза. Іштің және кеуде терісінде аздаған мономорфты розеолезді бөртпе. АҚ-90/50 мм.сын.бағ.өкпеде жайылмалы құрғақ сырылдар. Іші кепкен, жұмсақ, ауырмайды. Бауыр және талақ пальпацияланады, қабырға шетінен 1 см төмен. Қабылдау бөлімінде үлкен дәреті ботқа тәрізді, қара түсті болған.
Сіздің диагнозыңыз.
Медбике күтімі.
Алдын-алу шаралары.
3.ҚЖАА-ға іш сүзегі диагнозымен ауру келіп түсті.
1. Қандай эпидемияға қарсы шаралар жүргізу керек.
2. Қандай жедел жәрдем көрсету керек.
4.Науқас П., 44 жаста. Ауруханаға сырқатының 4 – ші күні жалпы әлсіздікке, аузының құрғауына, шамалы ауруына, тыныс алуының қиындауына, көзінің айқын көрінуіне шағымданып түсті.
3.03. – дәмі өзгермеген, үй жағдайында консервіленген саңырауқұлақтарды жеген. Сонымен қатар бірге пісірлген тауық және қаймақпеен араластырылған қиярдан жасалған салат жеген.
4.03. - жұмыста әлсіздікті сезініп, басы айналып, ішінің сәл ауырғандығын сезінген, 2 рет құсқан және 1 рет сұйық үлкен дәретке отырған.
5.03. – нашар көре бастаған, барлық заттар тұмандалып көрінген, сонымен қатар қалшылдау және тершеңдік пайда болған.
6.03. – қатты тағамдарды жұта алмай, көруі нашарлаған. Бұл күні таңертен жедел жәрдем бригадасын шақырып, ауруханаға жеткізілген.
Объективті: дене қызуы 37,8С, жалпы жағдайы ауыр, адинамиялы, есі анық. Қабағының түсуі, ыжеңіл анизокория, маңқы дауыс. Тыныс алуының қиындауы, суды қиналып ішеді, аз порциялармен. Пульс минутына 118 рет. Толымдылығы орташа. АҚҚ – 90/60 мм.с.б. жүрек тондары әлсіз, өкпесінде везикулярлы тыныс. Іші жұмсақ, ауырғандығы жоқ, шамалы кепкен. Үлкен дәреті клизмадан соң ғана, зәр шығаруы қалыпты.
сіздің болжам диагнозыңыз
тексеру және емдеу жоспарын құрыңыз
5.Ж., 15 жаста, мектеп оқушысы. Алматы қаласының шетінде тұрады. Үйінде сиыр, ешкі, қойлары бар. Екі апта бұрын ауырған. Кешке қарай дене қызуы 38С – қа дейін көтеріліп, діріл, қалшылдау пайда болған, медициналық көмек шақырмаған, мектепке барып жүре берген. Екі аптадан соң дене қызуы 39 С дейін көтеріліп, қалшылдап, басы ауырып, терлеп, буындары ауырған. Стационарға жатқызылды.
Объективті: дене қызуы 38,8С, жалпы жағдайы қанағаттанарлық, активті. Буындары қарағанда өзгермеген, терісі қалыпты түсті, ылғалды, жүрек және өкпе жағынан патология жоқ. Іші қалыпты конфигурацияда, ауырмайды. Бауыры мен талағы қабырға доғасынан 2 см. шығады, тығыз, ауырғандығы жоқ. Үлкен дәреті қалыпты. Тәбеті жақсы. Ұрғылау симптомы теріс. Несеп бөлуі қалыпты. Ауруханада дене қызуы 37 – 39 С, тершеңдік болған, буындары, бұлшықеттері, белі ауырған. Тәбеті қанағаттанарлық, шамалы басы ауырған.
ЖҚА: лейк. – 4,3х10/л, т/я – 2%, с/я – 40%, л – 51%, мон – 7%, СОЭ – 25 мм./сағ.
сіздің болжам диагнозыңыз
тексеру және емдеу жоспарын құрыңыз
6.Науқас А., 18 жаста студент – биолог, 10.08. ауруының 3 – ші күні мына шағымдарымен түскен: басының қатты ауруы, бұлшықетінің ауруы, шаршағыштық, пен ыстығының көтерілгендігі. Іле өзенінің ауданында тәжірибеде жүргенде: денесі қалтырап, ыстығы көтеріліп, басы, бұлшықеттері ауырған.
Объективті: дене қызуы 39,3 С. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Көзін жұмып жатыр. Беті іскен, конъюнктив тамырлары гиперемияланған, склералары инъекцияланған. Көз алмалары, балтыр бұлшықеттерін басқанда ауырсынады. Жүрек тондары айқын, таза. Тамыр соғысы ырғақты, толымдылығы орташа, минутына 100 рет. АҚҚ 105/ 70 мм.с.б. Өкпесінде везикулярлы тыныс, шүйде бұлшықетінің аздап кернеулігі байқалады. Іші жұмсақ, ауырмайды. Бауыры мен талағы қабырға доғасына сәйкес. Үлкен дәреті жоқ. Ауруының 5 – ші күні кеудесі мен аяқ – қолдарында қызылша бөртпелері тәрізді ашық дақтар пайда болған, 3 күннен соң жоғалып кеткен және дене қызуы төмендеген.
сіздің болжам диагнозыңыз
тексеру және емдеу жоспарын құрыңыз
7.Науқас Г., 36 жаста, хайуанаттар фермасында істейді, ол жерде түлкілер мен песецтерді күтеді. Ауруының 5 – ші күні түскен. Шағымдары: басы мен бұлшық еттерінің қатты ауруы, тәбетінің төмендеуі. Ауру жедел басталған: дене қызуы 37,6С – қа көтерілген, әлсіреген.бірден төсеккке жатқан, денесі, әсіресе аяқтары сырқырап ауырған, дене қызуы барлық күндері жоғары. Басының ауруына байланысты дәрмектерді ішкен, жағдайы жақсармаған. Бүгін денесінің сарғайғанын байқаған, жағдайы күрт төмендеген, дене қызуы 39 – қа көтерілген.
Объективті: дене қызуы 38,9С, жалпы жағдайы ауыр, әлсіз, адинамиялы, санасы айқын. Терісі мен көзінің қасаң қабағы сарғайған, денесі мен аяқ – қолдарында көптеген петехиялар бар. Балтыр бұлшықеттерінің басқанда ауырсынады. Көздің қасаң қабығы мен конъюнктивасының қан тамырлары инъекцияланғаан. Араны таза, тілі ылғалды, ақ жабындымен қапталған. Жүрек тондары тұйықталған, пульсі минутына 120 рет, АҚҚ 85/65 мм.с.б. өкпесінде везикулырлы тыныс. Ішінің конфигурациясы қалыпты, жұмсақ, сезімтал, бауыры мен талағы 3 см ұлғайған. Нәжісі қалыпты, несеп бөлуі еркін, ауырсынбайды, несебі қызғыш. Ұрғылау симптомы 2 жағынан да аздап оң мәнді.
ЖҚА: лейк. – 13х10/л, п/я – 16%, с/я – 56%, л – 26%, мон – 3%, СОЭ – 45 мм./час
ЖЗА:салмағы – 1012, ақуыз – 0,066, лейк – 10-16 к/а, эрит.- 30-40 к/а.
сіздің болжам диагнозыңыз
тексеру және емдеу жоспарын құрыңыз
Достарыңызбен бөлісу: |