Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы студенттің Өзіндік жұмысына арналған әдістемелік өҢдеу


Қорытынды білім деңгейін бағалайтын тесттер



бет4/5
Дата21.06.2016
өлшемі0.94 Mb.
#152506
түріРеферат
1   2   3   4   5

Қорытынды білім деңгейін бағалайтын тесттер:

1. Тiлме ауруындағы инфекция көзi:



  1. ауру адам

  2. реконвалесцент

  3. вирус тасымалдаушы

  4. паразит тасымалдаушы

  5. вибрион тасымалдаушы

2. Тiлмемен жиi ауыратындар:

  1. жасы кәрi адамдар, көбiнесе әйелдер

  2. балалар

  3. ер адамдар

  4. жас өспiрiмдер

  5. алкоголиктер

3.Тiлме кезiндегi ену қақпалары:

  1. терiнiң зақымдаған учаскелерi және кiлегей қабықтары

  2. жоғары тыныс жолдары

  3. iшек қарын тракты

  4. бастың шашты бөлiгi

  5. сыртқы-жыныс мүшелерi

4.Тілме эритемасына ... тән емес

  1. пальпацияда ауырсынусыз

  2. айқын шекаралар, шеттік аймақтарға орнығу

  3. интакты теріден айқын

  4. шеттері дұрыс емес пішінді

  5. түсі өзгермеген

5. Тілмеге тән емес клиникалық симптом:

  1. гепатоспленомегалия

  2. эритема

  3. геморрагиялық сұйықтығы бар буллалар

  4. шеткілікті лимфаденит

  5. жалпы интоксикация

6. Сіреспенің асқынулары:

  1. коронарлы қан тамырларының тарылуы

  2. асфиксия

  3. пневмония

  4. бұлшық еттердің және байламдардың үзілуі, сүйектердің сынуы

  5. асқазан-ішектен қан кету

7. Сiреспеге тән симптомдар:

  1. сардоникалық күлкi ,шайнау бұлшық еттерiнiң сiресуi

  2. қызбаның көтерiлуi

  3. қатты бас ауру

  4. тоқтаусыз құсық

  5. тырысу

8. Сіреспенің берілу жолдары:

  1. тұрмыстық-қатынастық

  2. алиментарлы

  3. ауа-тамшылы

  4. сулы

  5. трансмиссивті

9. Сiреспе қоздырғышы:

  1. клостридиялар

  2. вирустар

  3. спирохеталар

  4. вибриондар

  5. қарапайымдылар

10. Сіреспеде жасырын кезеңінің ұзақтығы ... .

  1. 5 күннен 14 күнге дейін

  2. 1 жылдан және көп

  3. 48 сағат

  4. 1 ай

  5. 2-5 сағат

Есептер:

1. Науқас Г., 63 жаста, 30 желтоқсан күні ауруының 2 күні қаралған, шағымдары дене қызуы, басының ауырсынуы, ісіну, бетінде жағымсыз сезім болуы. Жіті ауырған: денесі салқындағаннан кейін жаурап, қалтыраған, дене ыстығы 38ºС. Жағдайы орта ауырлықта. Енжар, беті қызыарған, ісінген. Ұртының сырт жағында - бірнеше үлкен серозды сұйықтығы бар көпіршіктер бар. Жүрек тондары тұйық, пульс 110 соққы мин, өкпеде везикулярлы тыныс. АІТ тарапынан патология жоқ.

1.Сіздің диагнозыңыз

2.Емдеу және зерттеу жоспары

2. Науқас 8 жасар, 10 қараша күні келіп түскен, ауруының 1-ші күні әлсіздікке, ішінің ауруына шағымданады. Кешкісін қонақта болғанда, түрлі тағамды көп жеген.

Ауру кенеттен басталған: ауырсыну эпигастрий аймағында, көп ретті құсу, жүрек айну, жиі сұйық дәрет.

Объективті: температурасы 38°С. Жағдайы ауыр. Науқас бозғылт, көзі шаршаңқы, түсіңкі, тері тургоры төмен. Іші ісінбеген, жұмсақ, эпигастрий аймағында ауырсыну. Ішек спазмы жоқ. Жүрек тоны тұйықталған. АҚҚ - 85/50 с.б.б., пульс 100 соғысына. Өкпе аймағында өзгеріссіз. Дәретке отыруда. Үлкен дәреті көп мөлшерде сұйық, сулы, түсі ет жуындысына ұқсас.

1. Сіздің диагнозыңыз?

2. Тексеру жоспары?

3. Емдеу жоспары?

3. Науқас 3 жаста, 10 желтоқсан күні тұрақсыз дәреттің болуымен, ішінің толғақ тәрізді ауруымен, тәбетінің төмендеуімен шағымданады. Басында температурасы 38,3°С көтерілген, іштің төменгі бөлігінің ауруы және дәреттің 10-12 рет күніне болуы байқалады. Шырыш араласумен және дәретінде қан болғанын анасы байқамаған. Дәрігерге қаралмаған, фталазолды күнінде 1 таблеткадан 4 күн ішкен, содан ішінің өтуі тоқтаған, бірақта содан кейін жиі майлы, сүтті тағамдардан. Ішінің өтуі және ауырсынуы байқалады.

Объективті: температурасы 37,2°С. Жағдайы орташа. Салмағы төмендеген. Науқас бозғылт, тілі ылғалды, ақ жабындымен жабылған. Іші ісінбеген, жұмсақ. Дәретін қарағанда ботқа тәрізді шырыш аралас және аздап қан аралас. Жүрек және өкпе жағы өзгеріссіз.

1. Сіздің диагнозыңыз?

2. Тексеру жоспары?

3. Емдеу жоспары?


1. Тақырыбы №10: Гельминтоздар.

2. Мақсаты: студенттерге гельминтоздардың эпидемиологиясының теориялық тұрғыда негіздеу; эпидемиологиялық диагностикасының, ем, күтім және алдын – алу принциптерінің негіздерін; эпидемияға қарсы және алдын- алу шараларды жоспарлауға үйрету.

3. Тапсырма:


  • Гельминтоздардың эпидемиологиясын оқу.

  • Осы тақырыпқа реферат дайындау.

  • Презентация, дисскусия дайындау.

  • Медициналық құжаттарды толтыру.

4. Орындау түрі: әдебиетпен жұмыс және электронды оқулықтар мен жұмыс, ахуалдық есептерді шешу, презентация және рефераттарды дайындау.

5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері:

  • Реферат жазудың сапасын бағалау: тақырыптың негізгі кезеңдерін сипаттау, заманауи әдебиеттер мен электрондық мәліметтерді қолдануы.

  • Клиникалық есептерді құрастыруда теориялық білімін қолдана білу.

Бағалау критерилері балдық-рейтинг әріптік жүйе бойынша
6. Тапсыру мерзімі:

10 апта


7.Әдебиет:

Негізгі:

  1. Покровский В.И., Пак С.Г., Брико Н.И., Данилкин Б.К. Инфекционные болезни и эпидемиология. «ГОЭТАР-Медиа» 2007 г.

  2. Инфекционные болезни у детей: учебник для мед. вузов (под ред. Г.Н. Тимченко), СПб, 2006.-57 с.

  3. Шувалова Е.П. Инфекционные болезни. М., 2005.

  4. Сейдуллаева Лиза Баишневна. Тропические инфекции и инвазии: Учеб. пособие/Л.Б. Сейдулаева. –Алматы: «Ғылым», 2001. -576 с.

Қосымша:

  1. Инфекционные болезни: национальное руководство / Под ред. Н.Д. Ющука, Ю.Я. Венгерова. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009. -1056 с.

  2. Амиреев С.А., Муминов Т.А. и др., Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных и паразитарных болезнях т. 2, Алматы, 2008 г.

  3. Амиреев С.А., Муминов Т.А., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных болезнях т. 1, Алматы, 2007 г.

  4. Практика лабораторных исследований при инфекционных заболеваниях/Ю.В. Лобзин, Ю.П. Финогеев, В.Ф. Винакмен и др.: под общ.ред. Ю.В. Лобзина. –СПб.: ЭЛБИ-СПб., 2005. -275 с.

  5. Возианова Ж.И. Инфекционные и паразитарные болезни. Киев. 2002 г.

  6. Рахманов А.Г., Пригожина В.К. Инфекционные болезни. Справочник медицинской сестры. Питер.2001.

  7. Ющук Н.Д., Бродов Л.Е. Острые кишечные инфекции, диагностика и лечение. М. 2001 г.

  8. Эмонд Р. и др. Инфекционные болезни, цветной атлас. Перевод с англ., 1989.

8. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.):

Сұрақтар:

  1. Гельминтоздардың классификациясы

  2. Гельминтоздардың өмірлік циклы

  3. Гельминтоздардың пероральды және перкутантты анықтамасы

  4. Гельминтоздардың инвазиялық фазасы

  5. Шығу инвазиясы

  6. Гельминтоздардағы әдістеу зерттеулер

Бастапқы білім деңгейін бағалайтын тесттер:

1. Жетілген аскаридалар ... өмір сүреді және көбейеді.



  1. асқазанда

  2. аш ішекте

  3. тоқ ішекте

  4. бауырда

  5. өкпеде

2. Геогельминтерге ... жатады.

  1. эхинококкоз

  2. дифиллоботриоз

  3. тениаринхоз

  4. описторхоз

  5. аскаридоз

3. Аскариданың миграциялық кезеңінінде қолданылатын препарат:

  1. хлоксил

  2. вермокс

  3. пиперазин

  4. декарис

  5. ивермектин

4.Емінің нәтижелілігін аскаридозды емдегенде ... кейін тексереді :

  1. 2-3 күннен

  2. 1 аптадан

  3. 1-2 айдан

  4. 2-3 аптадан

  5. 1 жылдан

5. Аскаридоздың емінде қолданылады препарат:

  1. комбатрин

  2. бемосат

  3. дифезил

  4. минтезол

  5. пиперазин

6. Острицаның жетілген түрлері ... орналасады.

  1. өт қабында

  2. асқазанда

  3. аш ішекте

  4. тоқ ішекте

  5. бауырда

7. Острицаның жұғу механизмі:

  1. ауыз-нәжіс

  2. тері арқылы

  3. трансмиссивті

  4. вертикальды

  5. қан арқылы

8.Перианальдық аймақтан жағындыны ... алады.

  1. энтеробиазда

  2. сальмонеллезда

  3. дизентерияда

  4. іш сүзегінде

  5. иерсиниозда

9. Перианальдық аймақтан жағындыны алғанда мақтаны ... малып алады.

  1. 50 % глицерин

  2. 5 % спирт

  3. 2 % сутек қышқылына

  4. 70 % спирт

  5. суға

10.Қандай паразитарлық ауруда топырақ инфекция көзі болып есептеледі :

  1. энтеробиоз

  2. сарып

  3. сіреспе

  4. безгек

  5. гангрена

Қорытынды білім деңгейін бағалайтын тесттер:

1.Таспа құртының жұғу жолы:



  1. шикі ет өнімдерін пайдалану

  2. шикі балық өнімдерін пайдалану

  3. жақсы жуылмаған жеміс жидектер

  4. шикі құс етін пайдаланғанда

  5. шикі шошқа етін пайдаланғанда

2.Тениаринхозда ... аралық ие болады.

  1. ірі қара мал

  2. ит

  3. шошқа

  4. құстар

  5. адам

3.Тениаринхоздың берілу жолы:

  1. тағамдық

  2. ауа-тамшылы

  3. тұрмыстық-қатынастық

  4. жыныстық

  5. трансмиссивті

4. Тениозға жоғарыдағылардың бәрі тән мынадан басқа:

  1. анустан қоздырғыштың бөліндерінің шығуы

  2. жетілген және личинкалы кезеңінде адамда қоздырғыш көбеюі мүмкін

  3. аш ішекте ірі құрттардың көп жылдар өмір сүруі

  4. адам шошқа еті тағамдарын көп қолданғаннан жұғуы мүмкін

  5. шошқа цепенінің жұмыртқасы асқазанға түскеннен кейін цистицеркоз дамиды

5. Толық термикалық өңдеуден өтпеген еттен ... жұғады.

  1. тениоз

  2. дифиллоботриоз

  3. тениаринхоз

  4. трихинеллез

  5. эхинококкоз

6. Тениозда ... аралық ие болады:

  1. шошқа

  2. ит

  3. құстар

  4. ірі қара мал

  5. адам

7. Аш ішекте ... мекендемейди.

  1. мысық екіауызы

  2. аскариды

  3. острицы

  4. жалпақ құрт

  5. альвеококк

8. Трихинеллаға күдіктенгенде ... тағайындау қажет.

  1. вермокс

  2. декарис

  3. хлоксил

  4. ванкин

  5. комбантрин

9.Шистомозда ... аралық ие болып табылады.

  1. моллюстер

  2. иттер

  3. құстар

  4. ірі қара мал

  5. шошқа

10.Шистосомоздың берілу жолы:

  1. тұрмыстық-қатынастық

  2. тағамдық

  3. ауа-тамшылы

  4. жыныстық

  5. трансмиссивті



1. Тақырыбы №11: Оба. Туляремия. Сібір жарасы.

2. Мақсаты: студенттерде оба, туляремияның, сібір жарасының эпидемиологиясының теориялық негіздерін қалыптастыру, эпидемиологиялық диагностика әдістерін, емдеудің негізгі жағдайлары мен принциптерін, күтім көрсету және алдын алу туралы білімдерін тереңдету.

3. Тапсырма:

  • Оба, туляремия, сібір жарасының эпидемиологиясын оқу.

  • Осы тақырыптарға реферат дайындау.

  • Презентация, дисскусия дайындау.

  • Медициналық құжаттарды толтыру.

4. Орындау түрі: әдебиетпен жұмыс және электронды оқулықтар мен жұмыс, ахуалдық есептерді шешу, презентация және рефераттарды дайындау.

5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері:

  • Реферат жазудың сапасын бағалау: тақырыптың негізгі кезеңдерін сипаттау, заманауи әдебиеттер мен электрондық мәліметтерді қолдануы.

  • Клиникалық есептерді құрастыруда теориялық білімін қолдана білу.

Бағалау критерилері балдық-рейтинг әріптік жүйе бойынша
6. Тапсыру мерзімі:

11 апта


7.Әдебиет:

Негізгі:

  1. Покровский В.И., Пак С.Г., Брико Н.И., Данилкин Б.К. Инфекционные болезни и эпидемиология. «ГОЭТАР-Медиа» 2007 г.

  2. Инфекционные болезни у детей: учебник для мед. вузов (под ред. Г.Н. Тимченко), СПб, 2006.-57 с.

  3. Шувалова Е.П. Инфекционные болезни. М., 2005.

  4. Сейдуллаева Лиза Баишневна. Тропические инфекции и инвазии: Учеб. пособие/Л.Б. Сейдулаева. –Алматы: «Ғылым», 2001. -576 с.

Қосымша:

  1. Инфекционные болезни: национальное руководство / Под ред. Н. Д. Ющука, Ю.Я. Венгерова. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009. -1056 с.

  2. Амиреев С.А., Муминов Т.А. и др., Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных и паразитарных болезнях т. 2, Алматы, 2008 г.

  3. Амиреев С.А., Муминов Т.А., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных болезнях т. 1, Алматы, 2007 г.

  4. Зоонозные инфекции. Сборник учебно-методических пособий для студентов медицинских вузов. Под редакцией С.У. Пика. М 2007.- 154 стр.

  5. Практика лабораторных исследований при инфекционных заболеваниях/Ю.В. Лобзин, Ю.П. Финогеев, В.Ф. Винакмен и др.: под общ.ред. Ю.В. Лобзина. –СПб.: ЭЛБИ-СПб., 2005. -275 с.

  6. Лобанова Т.П., Кихтенко Н.В. Сибирская язва. 2003 г.

  7. Возианова Ж.И. Инфекционные и паразитарные болезни. Киев. 2002 г.

  8. Рахманов А.Г., Пригожина В.К. Инфекционные болезни. Справочник медицинской сестры. Питер.2001.

  9. Эмонд Р. и др. Инфекционные болезни, цветной атлас. Перевод с англ., 1989.

  10. Приказ МЗ РК № 725 от 1.10.2004 г. «Об усилении мероприятий по профилактике сибирской язвы в Республике Казахстан».

  11. Приказ МЗ РК № 905 от 30.12.2004 г. Об утверждении санитарно-эпидемиологических и ветеринарно-санитарных правил и норм «Организация эпидемиолого-эпизоотологического надзора и санитарно-противоэпидемических (профилактических) и ветеринарных мероприятий по сибирской язве в Республике Казахстан».

  12. Приказ МЗ РК № 725 от 1.10.2004 г. «Об усилении мероприятий по профилактике сибирской язвы в Республике Казахстан». Приказ МЗ РК № 129 от 27.03.06 г. «О мерах профилактике чумы на эпизотичной территорий РК на 2006-2010 годы».

  13. Приказ МЗ РК № 551 от 01.09.2000 г «О совершенствовании мер борьбы с туляремией».

8. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.):

Бастапқы білім деңгейін бағалайтын тестер:

1. Сібір жарасындағы карбункулдың пайда болуындағы негізгі белгілер:



  1. инемен шаншығанда бұзылу ошағының ауырсынусыз дамуы

  2. "қара нүкте"

  3. "суық ісік"

  4. аймақты лимфаденит

  5. периферия бойынша қабынған валиктер айналасында везикуланың болуы

2. Сібір жарасының буллезді түрінің басқа түрлерден ерекшелігі:

  1. көпіршіктердің қан аралас болуы

  2. карбункулдың болуы

  3. жоғары қызба

  4. аймақтық лимфатикалық түйіндер және жара аймағындағы ауырсынудың болмауы

  5. айқын интоксикация

3. Сібір жарасындағы эффективті ем болып табылады:

  1. сібір жарасына қарсы гамма-глобулинді енгізу

  2. антибиотикотерапия

  3. коллоидты және кристаллоидты сұйықтықтарды енгізу

  4. жергілікті байлама

  5. сульфаниламидтер

4. Инфицирленген сібір жарасының негізгі жолы:

  1. тұрмыстық-қатынас

  2. трансмиссивті

  3. аэрогенді

  4. алиментарлы

  5. сулы

5. Сібір жарасы дамуымен сипатталады ... .

  1. серозды-геморрагиялық қабыну некрозбен

  2. гранулалық түйін

  3. капилляротоксикоз

  4. спецификалық түйіршіктер, макрофагтардың түзілуімен

  5. шырышты қабықшаның везикуло-эрозивті бұзылуымен

6. Күйдiргi кезiндегi инкубациялық кезең орташа:

  1. 2-3 күн

  2. 20-30 күн

  3. 1-ай

  4. 1-жыл

  5. 2-3 ай

7. Күйдiргiнiң эдематозды формасына ... болуы тән.

  1. iсiну

  2. түбi қара жара

  3. лимфаденит

  4. томпақшалар

  5. қызарған,ортасында томпақша

8. Сібір жарасының инфекция көзі болып табылады ... .

  1. ірі қара мал

  2. қасқыр, шакал

  3. тышқан, сарышұнақ

  4. иксодты және гамазды кенелер

  5. таракан

9. Сібір күйдіргісінің жиі кездесетін түрі:

  1. Терілік

  2. Септикалық

  3. Өкпелік

  4. Ішектік

  5. Менингеальдық

10. Сібір жарасының жайылмалы формасында бірінші кезекте шалдығады:

  1. өкпе

  2. жүрек

  3. бауыр

  4. бүйректер

  5. жүйке жүйесі

Қорытынды білім деңгейін бағалайтын тесттер:

1. Оба инфекциясының резервуары:



  1. кеміргіштер,атжалмандар

  2. үй жануарлары

  3. құрбақалар

  4. құстар

  5. мысықтар

2. Обаның клиникалық түрі ... байланысты.

  1. берілу механизіміне , ену қақпасына

  2. макроағзаның иммундық жауабына

  3. макроағзаның вирулентілігіне

  4. қосымша патологияға

  5. созылмалы ауруларға

3.Обада тілдің түрі:

  1. ақ жабынды мен жабылған, бор мен сызылған секілді

  2. ісінген,шеттерінде тістің іздері бар

  3. "географиялық".

  4. "таңқұрай тәрізіді".

  5. сұр түстес жабындымен жабылған

4. Обаның терілік түрінде кіру қақпасының бұзылыс заңдылықтары :

  1. дақ, везикула, пустула, жара

  2. дақ, булла, пустула, жара

  3. эритема, везикула, булла, жара

  4. розеола, везикула, булла, жара

  5. дақ, пустула, экхимоз, карбункул

5. Обалық бубон:

  1. жіті ауырсынумен, ұлғайған лимфатүйін

  2. ұлғайған лимфатүйін

  3. қоздырғыштың ену қақпасы

  4. ұлғайған ауырсынумен бірнеше топ түйіндер

  5. лимфа түйінің ісігі

6. Туляремия кезінде тексеруде науқастан ... алынбайды.

  1. зәр

  2. бубоннан пунктат

  3. қан

  4. жараның түйінінен жұғынды алу

  5. конъюнктиваның бөлінуі

7. Туляремияның жайылған түрінің клиникасында болмайды:

  1. бөртпе

  2. гипотония

  3. ерте гепатоспленомегалия

  4. тұрақты бас ауруы, жалпы әлсіздік, миалгия

  5. қызбаның дұрыс емес және ремитерлеуші түрі

8. Туляремияның абдоминальді түріне тән емес:

  1. жиі сұйық дәрет, менингеальды белгілер

  2. бұлшықет ауырсынуы

  3. іштің ауырсынуы

  4. құсу, жүрек айну

  5. бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы

9. Туляремияда байқалмайды:

  1. беттің бозаруы, буындардың ауырсынуы

  2. қызба

  3. өкпенің гиперемиясы

  4. бауыр және көкбауырдың ұлғаюы

  5. лимфатикалық түйіннің ұлғаюы

10. Туляремиядағы клиникалық симптомның болмауы:

    1. анурия

    2. лимфаденопатия, полиморфты бөртпе

    3. бауырдың ұлғаюы

    4. аяқ-бұлшықеттерінің, арқаның, белдің ауырсынуы

    5. қызба, бас ауруы

Есептер:

Науқас Д., 53 жаста, қойшы, ауруханаға 13.08. күні ауруының 2-ші күнінде түсті. Шағымдары: дене қызуының көтерілгендігі, әлсіздік, бас ауруы, өне бойының қақсауы, жөтел. Ауырғандығы кеше кешке қалшылдаудан, ыстығының көтерілуінен, оң бүйрегінің шаншуынан басталған.

Объетивті: Т – 39,7ºС. Жағдайы ауыр. Ыңыранады. Тітіркенгіш, беті іскен, қызарған. Менигеальды симптомдары жоқ. Склера конъюнктиві тамырларының айқын инъекциясы, ылғалды тілі ақ жабындымен жабылған. Жүрек тондары аздап тұйықталған. АҚ – 85/60 мм сын. бағ., пульсі минутына 100 қағыс, толықтығы қанағаттанарлық, жұмсақ, ритмді, өкпелердің жоғарғы бөлігінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы, тынысы – брохтық реңде, тұрақты майда көпіршікті ылғалды сырыл. Қан аралас қақырық тастайды. Тыныс алуы мин. – 40 рет. Іші қалыпты конфигурациялы, жұмсақ, ауырмайды. Бауыры, талағы ұлғаймаған. Үлкен дәретке шықпайды. Тәбеті нашар. Бұдан 2 кұн бұрын киіз үйдегі көршісі белгісіз қызба ауруынан шейіт кеткен, дәрігерді шақырмаған, өздері жерлеп көмген.


  1. Сіздің диагнозыңыз.

  2. Тексеру және емдеу жоспары.

  3. Эпидемияға қарсы қандай іс-шаралар жүргізу қажет?

2. Науқас И., 28 жаста, аңшы, 3 апта бұрын ондатр сойған. 5 күн бұрын температурасы көтерілген, қалтырау, басының ауруы болған. 2-ші күні сол жақ бұлшықет асты аймағында ісіну болғаннан кейін дәрігерге қаралған.

Объективті: температурасы 37,5ºС. Жағдайы орташа ауырлықта. Сол жақ бұлшықет асты аймағында көлемі лимфатикалық түйін тауық жұмыртқасындай, пальпацияланады, әлсіз ауырсыну, орташа тығыздықта, тері айналасына жабыспаған, қозғалмалы, айналасы аздап гиперемияланған. Басқа ішкі орындарда патология жоқ.



    1. Диагноз қойыңыз.

    2. Тексеру жоспарын құрыңыз?

    3. Қандай эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізесіз?

3. Науқас 40 жаста, қойшы, жедел жәрдем бригадасы қараған. Бетінің ісінуіне (сол жақ беті), сол мұрын ұшында жара қара нүктемен байқалады. Пальпацияда ауырсынулы. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, температурасы 38,5°С. Сол көзінде шелдің әсерінен ісіңкі болып, ашылмайды. Пульс 91 соғысына, жүрек тоны әлсіз. Жақ асты лимфа түйіндері үлкейген ауырсынулы, таңдайда жабынды жоқ. Эпид.анамнезінде 4 күн бұрын егістіктер ауру сиырдың терісін сыпырған. Сиырдың ауру екенін білмеген, келесі күні ауылдан қалаға қызының ауырғанына байланысты кеткен.

1. Сіздің диагнозыңыз.

2. Тактикасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет