Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы студенттің Өзіндік жұмысына арналған әдістемелік өҢдеу


Қорытынды білім деңгейін бағалайтын тесттер



бет3/5
Дата21.06.2016
өлшемі0.94 Mb.
#152506
түріРеферат
1   2   3   4   5

Қорытынды білім деңгейін бағалайтын тесттер:

1. Жіті сарыптың негізгі симптомдары:



  1. қызба, полилимфоаденит,тершеңдік, гепато и спленомегалия

  2. қызба, диспепсия,сол мықын жағының ауырсынуы, спазмды сигма

  3. тамақтың ауырсынуы,құрғақ жөтел,қызба, жергілікті лимфаденит

  4. әлсіздік,бас ауруы,қызба,жүрек айну,құсу

  5. іштің ауруы,әлсіздік, қызба, жүрек айну,құсу

2. Жіті сарыпта лимфа түйіндері:

  1. бұршақ көлеміне дейін ұлғайып, ауырсынусыз, тінмен бітіспеген

  2. грек жаңғағына дейін ұлғайған, ауырсынуымен, тінге бітісіп кеткен

  3. қалыпты өлшемде, өзгеріссіз

  4. ұлғаймаған

  5. өзгеріссіз

3. Жіті сарыптың жеделдеу және созылмалы түрге өтуіне ... байланысты.

  1. кеш басталған еммен кеш диагностикадан

  2. қоздырғыыш түрі мен көлемінен

  3. инфекция берілу жолынан

  4. ағзаның төзімділігінен

  5. инфекция кіру көзінен

4. Легионеллездің маусымдылығы:

  1. күз

  2. қыс

  3. жаз

  4. көктем

  5. жаз - күз

5. Легионеллездің этиотропты емінде қолданылады:

  1. гормондар

  2. сары су

  3. гамма - глобулин

  4. антибиотиктер

  5. вирусқа қарсы препараттар

6. Легионеллездің жасырын кезеңі:

  1. 1 – 3 апта

  2. 2 – 10 күн

  3. 1 – 2 ай

  4. 12 – 24 сағат

  5. 3 – 6 ай

7. Понтиак қызбасы сипатталады:

  1. бөртпемен, ринитпен

  2. бронхитпен, ринитпен

  3. пневмониямен, ринитпен

  4. бронхитпен, гепатомегалиямен

  5. пневмониямен, бөртпемен

8. Форт - Брагг қызбасы сипатталады:

  1. бөртпемен, ринитпен

  2. бронхитпен, ринитпен

  3. пневмониямен, ринитпен

  4. бронхитпен, гепатомегалиямен

  5. бронхитпен, бөртпемен

9. Лептоспироздағы өлімнің негізгі себебі:

  1. жіті бүйрек жетіспеушілігі

  2. инфекциялық-токсикалық шок

  3. жіті бауыр жетіспеушілігі

  4. жіті бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі

  5. менингит

10. Лептоспироздың диагностикасында ... әдісі қолданылмайды.

  1. креатининнің клиренсін анықтау

  2. зертханалық жануарларға жұқтыру

  3. серологиялық реакциялар

  4. жұлын ми сұйықтығын,зәрді,қанды егу

  5. зәрде микроскопия әдісімен лептоспироларды анықтау

Есептер:

1. Науқас А., 18 жаста студент – биолог, 10.08. ауруының 3 – ші күні мына шағымдарымен түскен: басының қатты ауруы, бұлшықетінің ауруы, шаршағыштық, пен ыстығының көтерілгендігі. Іле өзенінің ауданында тәжірибеде жүргенде: денесі қалтырап, ыстығы көтеріліп, басы, бұлшықеттері ауырған.

Объективті: дене қызуы 39,3 С. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Көзін жұмып жатыр. Беті іскен, конъюнктив тамырлары гиперемияланған, склералары инъекцияланған. Көз алмалары, балтыр бұлшықеттерін басқанда ауырсынады. Жүрек тондары айқын, таза. Тамыр соғысы ырғақты, толымдылығы орташа, минутына 100 рет. АҚҚ 105/ 70 мм.с.б. Өкпесінде везикулярлы тыныс, шүйде бұлшықетінің аздап кернеулігі байқалады. Іші жұмсақ, ауырмайды. Бауыры мен талағы қабырға доғасына сәйкес. Үлкен дәреті жоқ. Ауруының 5 – ші күні кеудесі мен аяқ – қолдарында қызылша бөртпелері тәрізді ашық дақтар пайда болған, 3 күннен соң жоғалып кеткен және дене қызуы төмендеген.


  1. Сіздің болжам диагнозыңыз

  2. Тексеру және емдеу жоспарын құрыңыз

2. Науқас Г., 36 жаста, хайуанаттар фермасында істейді, ол жерде түлкілер мен песецтерді күтеді. Ауруының 5 – ші күні түскен. Шағымдары: басы мен бұлшық еттерінің қатты ауруы, тәбетінің төмендеуі. Ауру жедел басталған: дене қызуы 37,6С – қа көтерілген, әлсіреген.бірден төсеккке жатқан, денесі, әсіресе аяқтары сырқырап ауырған, дене қызуы барлық күндері жоғары. Басының ауруына байланысты дәрмектерді ішкен, жағдайы жақсармаған. Бүгін денесінің сарғайғанын байқаған, жағдайы күрт төмендеген, дене қызуы 39 – қа көтерілген.

Объективті: дене қызуы 38,9С, жалпы жағдайы ауыр, әлсіз, адинамиялы, санасы айқын. Терісі мен көзінің қасаң қабағы сарғайған, денесі мен аяқ – қолдарында көптеген петехиялар бар. Балтыр бұлшықеттерінің басқанда ауырсынады. Көздің қасаң қабығы мен конъюнктивасының қан тамырлары инъекцияланғаан. Араны таза, тілі ылғалды, ақ жабындымен қапталған. Жүрек тондары тұйықталған, пульсі минутына 120 рет, АҚҚ 85/65 мм.с.б. өкпесінде везикулырлы тыныс. Ішінің конфигурациясы қалыпты, жұмсақ, сезімтал, бауыры мен талағы 3 см ұлғайған. Нәжісі қалыпты, несеп бөлуі еркін, ауырсынбайды, несебі қызғыш. Ұрғылау симптомы 2 жағынан да аздап оң мәнді.

ЖҚА: лейк. – 13х10/л, п/я – 16%, с/я – 56%, л – 26%, мон – 3%, СОЭ – 45 мм./час

ЖЗА: салмағы – 1012, ақуыз – 0,066, лейк – 10-16 к/а, эрит.- 30-40 к/а.



  1. Сіздің болжам диагнозыңыз

  2. Тексеру және емдеу жоспарын құрыңыз

3. Ж., 15 жаста, мектеп оқушысы. Алматы қаласының шетінде тұрады. Үйінде сиыр, ешкі, қойлары бар. Екі апта бұрын ауырған. Кешке қарай дене қызуы 38С – қа дейін көтеріліп, діріл, қалшылдау пайда болған, медициналық көмек шақырмаған, мектепке барып жүре берген. Екі аптадан соң дене қызуы 39 С дейін көтеріліп, қалшылдап, басы ауырып, терлеп, буындары ауырған. Стационарға жатқызылды.

Объективті: дене қызуы 38,8С, жалпы жағдайы қанағаттанарлық, активті. Буындары қарағанда өзгермеген, терісі қалыпты түсті, ылғалды, жүрек және өкпе жағынан патология жоқ. Іші қалыпты конфигурацияда, ауырмайды. Бауыры мен талағы қабырға доғасынан 2 см. шығады, тығыз, ауырғандығы жоқ. Үлкен дәреті қалыпты. Тәбеті жақсы. Ұрғылау симптомы теріс. Несеп бөлуі қалыпты. Ауруханада дене қызуы 37 – 39 С, тершеңдік болған, буындары, бұлшықеттері, белі ауырған. Тәбеті қанағаттанарлық, шамалы басы ауырған.



ЖҚА: лейк. – 4,3х10/л, т/я – 2%, с/я – 40%, л – 51%, мон – 7%, СОЭ – 25 мм./сағ.

  1. Сіздің болжам диагнозыңыз

  2. Тексеру және емдеу жоспарын құрыңыз



1. Тақырыбы №7: Грипп және басқа ЖРВИ. Орнитоз. Менингококты инфекция.

2. Мақсаты: студенттерге грипп және басқа ЖРВИ, орнитоз, менингококты инфекцияның эпидемиологиясының теориялық тұрғыда негіздеу; эпидемиологиялық диагностикасын, емін, күтімін және алдын – алу принциптерінің негіздерін; эпидемияға қарсы және алдын-алу шараларды жоспарлауға үйрету.

3. Тапсырма:

  • Тұмау, ЖРВИ, орнитоздың, менингококты инфекцияның эпидемиологиясын оқу.

  • Тұмау, ЖРВИ, орнитоз, менингококты инфекция тақырыптарына реферат дайындау.

  • Презентация, дисскусия дайындау.

  • Медициналық құжаттарды толтыру.

4. Орындау түрі: әдебиетпен жұмыс және электронды оқулықтар мен жұмыс, ахуалдық есептерді шешу, презентация және рефераттарды дайындау.

5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері:

  • Реферат жазудың сапасын бағалау: тақырыптың негізгі кезеңдерін сипаттау, заманауи әдебиеттер мен электрондық мәліметтерді қолдануы.

  • Клиникалық есептерді құрастыруда теориялық білімін қолдана білу.

Бағалау критерилері балдық-рейтинг әріптік жүйе бойынша
6. Тапсыру мерзімі:

  • 7 апта

7.Әдебиет:

Негізгі:

  1. Покровский В.И., Пак С.Г., Брико Н.И., Данилкин Б.К. Инфекционные болезни и эпидемиология. «ГОЭТАР-Медиа» 2007 г.

  2. Инфекционные болезни у детей: учебник для мед. вузов (под ред. Г.Н. Тимченко), СПб, 2006.-57 с.

  3. Шувалова Е.П. Инфекционные болезни. М., 2005.

  4. Сейдуллаева Лиза Баишневна. Тропические инфекции и инвазии: Учеб. пособие/Л.Б. Сейдулаева. –Алматы: «Ғылым», 2001. -576 с.

Қосымша:

  1. Инфекционные болезни: национальное руководство / Под ред. Н.Д. Ющука, Ю.Я. Венгерова. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009. -1056 с.

  2. Амиреев С.А., Муминов Т.А. и др., Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных и паразитарных болезнях т. 2, Алматы, 2008 г.

  3. Амиреев С.А., Муминов Т.А., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных болезнях т. 1, Алматы, 2007 г.

  4. Практика лабораторных исследований при инфекционных заболеваниях/Ю.В. Лобзин, Ю.П. Финогеев, В.Ф. Винакмен и др.: под общ.ред. Ю.В. Лобзина. –СПб.: ЭЛБИ-СПб., 2005. -275 с.

  5. Возианова Ж.И. Инфекционные и паразитарные болезни. Киев. 2002 г.

  6. Рахманов А.Г., Пригожина В.К. Инфекционные болезни. Справочник медицинской сестры. Питер.2001.

  7. Ющук Н.Д., Бродов Л.Е. Острые кишечные инфекции, диагностика и лечение. М. 2001 г.

  8. Эмонд Р. и др. Инфекционные болезни, цветной атлас. Перевод с англ., 1989.

8. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.):

Бастапқы білім деңгейін бағалайтын тестер:

1. Тұмаудың жиі асқынуы болып ... .



  1. пневмония

  2. полиневриттер

  3. трахеобронхиттер

  4. синуситар

  5. менингиттер мен энцефалиттер

2. Тұмаудың вирустарын бөлу негізі:

  1. ішкі нуклеокапсидтің антигенді құрылымы

  2. аурудың ағымы

  3. географиялық таралымы

  4. сыртқы ортаға төзімділігі

  5. нейраминидазаның болуы

3. Тұмаудағы бас синдромдары:

  1. интоксикациялық және катаральды

  2. диспепсиялық

  3. астеновегетативті

  4. артралгиялық

  5. абдоминальды

4. Тұмаудағы қызба және интоксикация ... салдарынан пайда болады.

  1. вирусемия және интоксикация

  2. тыныс жолдарында вирустың репродукциясы

  3. тыныс жолдарының зақымдалуы

  4. түрлі жүйелердің бактериалдық асқынулары

  5. патологиялық үдерістің кері өтуі

5. Тұмаудық клиникасы:

  1. қызба,трахеит, мұрынның бітуі

  2. қызба

  3. жөтел, конъюнктивит, қызба

  4. төстің ауырсунуы

  5. іштің ауырсынуы

6. Паратұмауда көбіне ... зақымдалады.

  1. көмей

  2. мұрын

  3. жұтқыншақ

  4. көмекей

  5. бронхтар

7. ... экспресс диагностикасында мұрын шырыштысынан жағынды алу әдісі қолданылады.

  1. ЖРВИ

  2. менингокок инфекциясында

  3. инфекциялық мононуклеоз

  4. эпидемиялық паротит

  5. желшешекте

8. ЖРВИ-да мұрын шырыштысынан экспресс диагностика әдісімен жағындыны ... алады.

  1. физиологиялық ерітіндіге малынған ағаш таяқшасындағы мақта тампонымен

  2. шпательмен

  3. физиологиялық ерітіндіге малынған мақта түйіршігімен

  4. шыны таяқшасымен

  5. физиологиялық ерітіндіге малынған дәке тампонымен

9. Риновирусты инфекцияның негізгі симптомы:

  1. мұрыннан көп көлемде сұйық бөлінуі

  2. бас ауруы

  3. жоғарғы температура

  4. аңқадағы қабыну процестері

  5. симптомсыз өту

10. Респираторлы синциальды инфекция қоздырғышы:

  1. миксовирустар

  2. пикорнавирустар

  3. энтеровирустар

  4. герпесвирустары

  5. ротавирустармен

Қорытынды білім деңгейін бағалайтын тесттер:

1. Орнитоз қоздырғышы:



  1. хламидия

  2. вирустар

  3. стрептокок

  4. рикетсиялар

  5. қарапайымдылар

2.Орнитозда инфекция көзі:

  1. адам

  2. жануарлар

  3. жәндіктер

  4. құстар

  5. балықтар

3.Орнитоздың берілу механизмі:

  1. ауыз-нәжіс

  2. парентеральды

  3. аэрогенді

  4. трансмиссивті

  5. транспланцентарлы

4.Орнитоз жиі ... кездеседі:

  1. жазда

  2. қыста

  3. жыл мезгілдерін таңдамай кездеседі

  4. жаз-күз

  5. қыс-көктем

5."Менингит" - … қабынуы.

  1. жұмсақ және қатты ми қабатының

  2. тор тәріздес қабаттың

  3. жұлын мидың

  4. ми тамырларының

  5. ми және жұлынның

6. Менингококты инфекцияда зерттелуге жататын материалдар:

  1. қан, мұрын қуысының шырышы, жұлын ми сұйықтығы

  2. қан, нәжіс, зәр

  3. жағынды, бөртпе элементтерінен биоптат

  4. ішкі ағзалардың кесіндісі

  5. жұлын ми сұйықтығы

7. Менингококты инфекция қоздырғышы:

  1. neisseria meningitidis

  2. francisella bwarensis

  3. maclomyces prendonidi

  4. dermopүilis peoosis

  5. salmonella typhi

8. Менингококты инфекцияның жайылмалы процессінің болу себептері:

  1. ағзаның иммунды жүйесінің бұзылуы, С және М иммуноглобулиннің жетіспеушілігі, осы аурулардың генетикалық таралуы

  2. ағзаның иммунды жүйесінің бұзылуы, жоғарғы вегетативті орталықтың бұзылыстары

  3. С және М иммуноглобулиннің жетіспеушілігі, лимфа түйіндерінің барьерді утраты

  4. осы аурулардың генетикалық таралуы, ОЖЖ бұзылуы

  5. ағзаның иммунды жүйесінің бұзылуы, С және М иммуноглобулиннің жетіспеушілігі, жүйке түйіндерінің дистрофиялық өзгерістері

9. Паратұмаудағы аурудың кезеңділігі:

  1. көктемгі-қысқы

  2. күзгі-қысқы

  3. күзгі-жазғы

  4. болмайды

  5. жазғы

10. Паратұмаудың жиі асқынулары:

  1. пневмония

  2. пиелонефрит

  3. миокардит

  4. отит

  5. гайморит

Есептер:

1. 5 айлық Сережа, аурудың 2 – ші күні балалар жұқпалы ауруханасына түсті. Жедел ауырды, балада дене қызуының 39С – қа дейін жоғарлау,тәбетінің төмендеуі, мазасыздану, ұйқысының бұзылуы байқалды. Келесі күні сирек, құрғақ жөтел, тыныс алудың қиындауы, қайталамалы құсу, қысқа уақытты тырысулар болды. Отбасында әжесі ЖРВИ – мен ауырып жатыр. Түскен кезде: дене қызуы 39,8С, пульсі-146 рет 1 мин., ТЖ-55 рет 1 мин. Жалпы жағдайы ауыр, тежелген. Тері қабаттары бозғылт, аздап көгерген, көкірек аймағында 5 нүктелі геморрагиялық бөртпенің элементтері бар. Склералары инъецияланған, мұрынмен тыныс алу қиындаған, ауызы жартылай ашық, анқаның кілегей қабаты қызарған, аздап көгерген, аздап қан құйылулар анықталады. Жұмсақ таңдайда майда түйіршіктену бар. Тілі ылғалды, «географиялық», лимфобездер ұлғаймаған. Өкпесінде – қорапты, қатаң дыбыс. Жүрек тондары тұйықталған, жиіленген. Іші жұмсақ, ауырмайды. Нәжіс пен зәр шығарлуы өзгермеген Менингеалды белгілер теріс, мидың ошақты зақымдану белгілері жоқ. ЖҚА: Эр. 4,5х10 /л, Нв- 144 г/л, ТК-0,9, Л-4х10 /л, ЭТЖ-3мм/сағ.

1. Сіздің болжам диагнозыңыз?

2. Диагнозды дәлелдейтін әдістер?

3. Ем тағайындаңыз.

2. Науқас Ж., 45 жаста, Алматы облысындағы құс фермасында жұмыс атқарады. Аурудың 6 – ші күніне келесі шағымдармен түсті: әлсіздік, дене қызуының көтерлуі, жөтел, көкірек аймағының оң бөлімінде ауырсыну.

Ауру өткір басталды: қалтырау, дене қызуы 38 С. Жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежесі. Дене қызуы 38 – 39С, жөтел, мұрынның бітелуі. Жөтелге қарсы дәріні, аспиринді қолданған, бірақ тиімділігі болмаған.

Объективті: дене қызуы 38 С. Жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежесі , есі анық. Тілі жабындымен қапталған, ылғалды, өкпесінде – қалыпты өкпе дыбысы, тыныс алуы везикулярлы, тұрақты сипатта құрғақ шашыраңқы сырылдар. Іші қалыпты конфигурациялы, тыныс алуда бауыр және көк бауыр пальпацияланады. Нәжісі қалыпты. Жүрек тондары тұйықталған. Пульс 95 мин., ритмді. АҚҚ 100/65 мм.с.б. 1 аптадан кейін дене қызуы қалыпқа түсті. Айығып кетті.



  1. Сіздің болжам диагнозыңыз.

  2. Тексеру жоспарын құрыңыз.

  3. Емдеу жоспарын құрыңыз.



1. Тақырыбы №8: Аралық бақылау.

2. Мақсаты: эпидемиологиялық диагностикасының, ем, күтім және алдын – алу принциптерінің негіздерін; эпидемияға қарсы және алдын- алу шараларды жоспарлауға үйрету.

3. Тапсырма:

  • Эпидемиологияны үйрену.

  • Осы тақырыпқа реферат дайындау.

  • Презентация, дисскусия дайындау.

  • Медициналық құжаттарды толтыру.

4. Орындау түрі: әдебиетпен жұмыс және электронды оқулықтар мен жұмыс, ахуалдық есептерді шешу, презентация және рефераттарды дайындау.

5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері:

  • Реферат жазудың сапасын бағалау: тақырыптың негізгі кезеңдерін сипаттау, заманауи әдебиеттер мен электрондық мәліметтерді қолдануы.

  • Клиникалық есептерді құрастыруда теориялық білімін қолдана білу.

Бағалау критерилері балдық-рейтинг әріптік жүйе бойынша
6. Тапсыру мерзімі:

  • 8 апта

7. Әдебиет:

Негізгі:

  1. Покровский В.И., Пак С.Г., Брико Н.И., Данилкин Б.К. Инфекционные болезни и эпидемиология. «ГОЭТАР-Медиа» 2007 г.

  2. Инфекционные болезни у детей: учебник для мед. вузов (под ред. Г.Н. Тимченко), СПб, 2006.-57 с.

  3. Шувалова Е.П. Инфекционные болезни. М., 2005.

  4. Сейдуллаева Лиза Баишневна. Тропические инфекции и инвазии: Учеб. пособие/Л.Б. Сейдулаева. –Алматы: «Ғылым», 2001. -576 с.

Қосымша:

  1. Инфекционные болезни: национальное руководство / Под ред. Н.Д. Ющука, Ю.Я. Венгерова. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009. -1056 с.

  2. Амиреев С.А., Муминов Т.А. и др., Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных и паразитарных болезнях т. 2, Алматы, 2008 г.

  3. Амиреев С.А., Муминов Т.А., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных болезнях т. 1, Алматы, 2007 г.

  4. Практика лабораторных исследований при инфекционных заболеваниях/Ю.В. Лобзин, Ю.П. Финогеев, В.Ф. Винакмен и др.: под общ.ред. Ю.В. Лобзина. –СПб.: ЭЛБИ-СПб., 2005. -275 с.

  5. Возианова Ж.И. Инфекционные и паразитарные болезни. Киев. 2002 г.

  6. Рахманов А.Г., Пригожина В.К. Инфекционные болезни. Справочник медицинской сестры. Питер.2001.

  7. Ющук Н.Д., Бродов Л.Е. Острые кишечные инфекции, диагностика и лечение. М. 2001 г.

  8. Эмонд Р. и др. Инфекционные болезни, цветной атлас. Перевод с англ., 1989.

8. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.):

1. Тақырыбы №9: Энтеровирусты инфекция. Сіреспе. Тілме.

2. Мақсаты: студенттерге энтеровирусты инфекция, сіреспе, тілменің эпидемиологиясының теориялық тұрғыда негіздеу; эпидемиологиялық диагностикасын, емін, күтімін және алдын – алу принциптерінің негіздерін; эпидемияға қарсы және алдын-алу шараларды жоспарлауға үйрету.

3. Тапсырма:

  • Энтеровирусты инфекцияның, сіреспенің, тілменің эпидемиологиясын оқу.

  • Осы тақырыптарға реферат дайындау.

  • Презентация, дисскусия дайындау.

  • Медициналық құжаттарды толтыру.

4. Орындау түрі: әдебиетпен жұмыс және электронды оқулықтар мен жұмыс, ахуалдық есептерді шешу, презентация және рефераттарды дайындау.

5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері:

  • Реферат жазудың сапасын бағалау: тақырыптың негізгі кезеңдерін сипаттау, заманауи әдебиеттер мен электрондық мәліметтерді қолдануы.

  • Клиникалық есептерді құрастыруда теориялық білімін қолдана білу.

Бағалау критерилері балдық-рейтинг әріптік жүйе бойынша
6. Тапсыру мерзімі:

  • 9 апта

7.Әдебиет:

Негізгі:

  1. Покровский В.И., Пак С.Г., Брико Н.И., Данилкин Б.К. Инфекционные болезни и эпидемиология. «ГОЭТАР-Медиа» 2007 г.

  2. Инфекционные болезни у детей: учебник для мед. вузов (под ред. Г.Н. Тимченко), СПб, 2006.-57 с.

  3. Шувалова Е.П. Инфекционные болезни. М., 2005.

  4. Сейдуллаева Лиза Баишневна. Тропические инфекции и инвазии: Учеб. пособие/Л.Б. Сейдулаева. –Алматы: «Ғылым», 2001. -576 с.

Қосымша:

  1. Инфекционные болезни: национальное руководство / Под ред. Н.Д. Ющука, Ю.Я. Венгерова. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009. -1056 с.

  2. Амиреев С.А., Муминов Т.А. и др., Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных и паразитарных болезнях т. 2, Алматы, 2008 г.

  3. Амиреев С.А., Муминов Т.А., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных болезнях т. 1, Алматы, 2007 г.

  4. Практика лабораторных исследований при инфекционных заболеваниях/Ю.В. Лобзин, Ю.П. Финогеев, В.Ф. Винакмен и др.: под общ.ред. Ю.В. Лобзина. –СПб.: ЭЛБИ-СПб., 2005. -275 с.

  5. Возианова Ж.И. Инфекционные и паразитарные болезни. Киев. 2002 г.

  6. Рахманов А.Г., Пригожина В.К. Инфекционные болезни. Справочник медицинской сестры. Питер.2001.

  7. Ющук Н.Д., Бродов Л.Е. Острые кишечные инфекции, диагностика и лечение. М. 2001 г.

  8. Эмонд Р. и др. Инфекционные болезни, цветной атлас. Перевод с англ., 1989.

8. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.):

Бастапқы білім деңгейін бағалайтын тестер:

1. Энтеровирусты инфекцияның ауру қоздырғышы:



  1. бактериялар

  2. риккетсиялар

  3. Коксаки және ЕСНО вирустары

  4. реовирустар

  5. Рабдовирустар

2. Энтеровирусты инфекцияның ауру көзі болып табылады:

  1. бактерия тасымалдаушылар

  2. аурулар мен вирус тасымалдаушылар

  3. үй жануралары

  4. кеміргіштер

  5. жабайы жануарлар

3. Ауру қоздырғышының таралу механизмі:

  1. трансплацентарлық

  2. фекальды оральды және ауа-тамшы

  3. тек қана ауа-тамшы

  4. трансмиссивтік

  5. вертикальді

4. Энтеровирустар қай жастағы топтарды зақымдайды:

  1. 3 айға дейінгі нәрестелердегі

  2. ересек адамдарды

  3. үлкен балаларды

  4. 3 жастан 10 жасқа дейінгі балаларды

5. Аурудың маусымдық жоғарылауы қай кезеңде болады:

  1. күзгі-қысқы

  2. жазғы-күзгі

  3. көктем-жазда

  4. қыс-көктем

  5. жыл бойы

6. Тілменің асқынуы:

  1. флегмона, абсцесс, некроз, флебит

  2. туберкулез, трофикалық жаралар

  3. пневмония

  4. нефрит

  5. жүрек-қантамыр жетіспеушілігі

7. Тілмеде жергілікті:

  1. анық гиперемия, қабынудың шекаралы анық

  2. терінің инфильтрациясы және ісінуі, гиперемия аймағынан асып түсуі

  3. зақымдалған тері аймақтары ауырсынбайды

  4. ортасында инфильтрат бар, шекарасы анық

  5. өзгеріссіз

8. Тілмелік қабынуға тән:

  1. аймақтық лимфа түйіндерінің ұлғаюы

  2. көп мөлшерде лимфа түйіндерінің ұлғаюы

  3. аймақтық лимфа түйіндерінің іріңдеуі мен жарылуы

  4. ұлғайған лимфа түйіндерінің болмауы

  5. ұлғайған лимфа түйіндерінің аймағында терінің қызаруы

9. Тілмеде кіру қақпасы:

  1. терінің және шырышты қабаттың зақымдалған аймақтары

  2. жоғарғы тыныс жолдары

  3. АІТ

  4. бастың шашты аймағы

  5. сыртқы жыныс мүшелері

5. Тілмеде көбіне ... қабыну аймағы болып табылады.

  1. бет және аяқ-қол

  2. бет және шырышты қабат

  3. денеде

  4. денеде және аяқ қолда

  5. денеде және шырышты қабатта


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет