ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы мейірбике ісі кафедрасы анестезиология және реаниматология курсымен мамандығы : 051101 «Мейірбике ісі»


Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)



бет31/55
Дата28.10.2023
өлшемі145.08 Kb.
#481846
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   55
метод-ПЗ-СД-хир-и-реаним-каз

7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.):
Тесттік сұрақтар:
1. Жеңілдету немесе алып тастау мақсатында, ал кейде диагностикалық мақсатта мүше және тінге механикалық әрекет ету қалай аталады:
1) хирургиялық жету жолы;
2) оперативті араласу;
3) хирургиялық операция;
4) хирургиялық араласулардың көлемі;
5) хирургиялық операцияның кезеңі.
2. Мейірбикеге операция алдындағы кезеңнің мақсаттарын анықтаңыз:
1) диагнозды негіздеу;
2) операцияға көрсеткішті анықтау;
3) операцияның орындалу мерзімін анықтау;
4) операция көлемін қарастыру;
5) операцияға науқасты дайындау.
3. Операция алдындағы кезең қайсы сәттен басталады?
1) аурушылдық пайда болғаннан;
2) науқастың стационарға түскен сәтінен бастап;
3) диагнозды қойған сәттен бастап;
4) операцияға көрсетілімнің анықталған сәтінен бастап;
5) операцияның алғашқы тәулігінен бастап.
4. Операция нәтижесі бойынша операцияның төмендегі түрлерін ажыратады:
1) радикальді және паллиативті;
2) шұғыл және жоспарлы;
3) ашық және жабық;
4) емдік және диагностикалық;
5) микрохирургиялық және эндоскопиялық.
5. Эктомия – бұл:
1) мүше бөлігін алып тастау;
2) жыланкөз (свищ) орнату;
3) буынды ашу;
4) мүшені алып тастау;
5) аяқты не қолды алып тастау
6. Цистостомия – бұл:
1) асқазанға жыланкөз салу;
2) соқыр ішекке жыланкөз салу;
3) трахеяға жыланкөз қою;
4) қуыққа жыланкөз салу.
7. Шұғыл операциялар орындалады:
1) науқасқа оптимальді (тиімді) және келісілген мерзімде орындалады;
2) диагнозды қойған сәттен 24 сағаттан бастап бірнеше тәулікке дейінгі аралықта орындалады;
3) диагнозды қойған сәттен бастап және оның ары қарай орындалмауы адам өміріне қауіп туғызады;
4) операциядан кейінгі асқыну пайда болған сәтте орындалады;
5) басқа әдістер мен диагнозды негіздей алмағанда орындалады.
8. Хирургиялық операциялардың этаптарын атаңыз:
А) хирургиялық жету жолы;
Б) науқасты жатқызу;
В) оперативті араласу;
Г) қан кетуді тоқтату;
Д) жарақатты тігу.
Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз:
1) А,Б,В,Г,Д; 2) А,Б,В; 3) А,В,Д; 4) А,В,Г,Д; 5) В,Г,Д.
9. Науқасты операция алдындағы дайындық кезінде негізгі мақсаттары қандай?
1) аурудың сипатын айқындау;
2) диагнозды және жансыздандырудың түрін айқындау;
3) орындалатын операция көлемін және қосалқы ауруларын айқындау;
4) операцияға көрсеткішті айқындау;
5) эндогенді инфекциямен күресу, гиповолемияны және гипопротеинемияны алдын алу.
10. Операция орындалатын күні жоспарлы операцияға науқасты дайындау немен шектеледі?
1) операция алаңындағы аймақтың терісін (түгін) қыру және премедикация;
2) жалпы гигиеналық ванна;
3) асқазанды шаю және операция алаңын өңдеу;
4) қан құю және антибиотикотерапия;
5) ауыз қуысының санациясы және жатын орнын ауыстыру.
11. Бір рет қана қолданылатын шприцтер, инлер, ерітінді құюға арналған жүйелер және басқа бұйымдар қайсы үкімге сай өртеу арқылы утилизацияға жатады?
1) 17.08.1998ж. №420 үкім
2) Сан ПиН-нің 01.01.2001ж.-дан 06.03.2001ж. №8 үкімі
3) 26.11.2002ж. №1050 үкім
4) Сан ПиН-нің 01.08.02ж.-дан 8.07.2002ж. №3
5) 11.01.1999ж. №476 үкім
12. Процедуралық бөлмеде жұмыс қайсы үкімге сай жүргізіледі:
1) 17.08.1998ж. №420 үкім
2) Сан ПиН-нің 01.01.2001ж.-дан 06.03.2001ж. №8 үкімі
3) 26.11.2002ж. №1050 үкім
4) Сан ПиН-нің 01.08.02ж.-дан 8.07.2002ж. №3
5) 11.01.1999ж. №476 үкім




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет