Күтім ерекшеліктері. Сальмонеллезбен ауырған науқастардың күтімінде санитарлы-гигиеналық заңдарды сақтап және ағымды дезинфекцияны жүргізу маңызды жағдай болып табылады. Науқасты үй жағдайында күту болса осы жоғарыда айтылған ережелерді қатаң сақтау қажет.
Науқасқа медбике ауыруының бірінші күндері, әсіресе интоксикация, сусыздану және асқазан-ішек трактісінің бұзылыстары кезінде аса көңіл бөлу керек. Төсектік режим науқасқа сальмонеллездің ауыр ағымында, жедел кезеңінде тағайындалады (көбінесе 1 – 3 күн). Медбике науқастың нәжісін, оның жиілігін және сипатын бақылап, ауру тарихына тіркеп отыруы керек. Ал, сальмонеллездің гастроинтестинальді түрімен ауырған науқастарда сусыздану дамығандықтан диурездің көлемінде есептеп тұру қажет. Стационарда науқастың су жоғалтуын әрбір 2 сағат сайын нәжісті, несепті және құсық массаларының көлемін есептеу арқылы жүзеге асады. Науқастың нәжісі толық қалпына келмей, тек судноға немесе горшокқа отыруы керек. Төсектік режимдегі ауыр науқастарға судномен қамтамасыз етіп, медбике науқастың жамбасының тазалығын және тік ішекті жылы сумен сабынмен жуып, құрғату міндетті. Егер бұл процедура жасалмаса ауыр науқастарда тік ішектің аймағы тітіркеніп терісінің мацерациясы байқалуы мүмкін.
Емі. Сальмонеллездің гастроинтестинальді түрімен ауырған жағдайда біріншіден жылдамырақ асқазанды калий перманганатын немесе 3% натрий гидрокарбонатымен жуу керек (аурудың бірінші 12 сағатында). Асқазанды жуу таза су жуындысы болғанша жүргізеді.
1.Диета № 4 үстел, ал науқастың жағдайы жақсарып, нәжісі қалыптасқаннан кейін № 2 үстелге, және жалпыға ауыстырылады.
2. Этиотропты ем аурудың даму барысында бактериалді токсиндер басты роль атқарғандықтан сальмонеллездің гастроинтестинальді түрінде жүргізілмейді. Антибактериалді ем аурудың жайылмалы түрінде көрсетілген.
Сальмонеллезді емдеудегі маңызды орын су-электролитті балансты (регидратациялық) қалпына келтіру және интоксикациямен күресу (дезинтоксикациялық) болып табылады. Бұл мақсатта глюкозды-тұзды ерітінділер «Регидрон», «Оралит», «Цитроглюкосолан» және т.б. Дезинтоксикациялық мақсатта «Квартасоль», «Оактосоль», «Трисоль», «Хлосоль». Тырысқақ – организмнiң тез сусыздануымен жүретiн инфекциялық диареялық ауру. Қазақстанда 14.08.1993ж ОҚО-ның Келес районында тырысқақ бiрiншi рет тiркелдi. Инфекция көзіне ауру адам және сау вибриотасымалдаушы жатады. Залалдану механизмі фекальды-оральды, ол су, тамақ және тұрмыстық қатынас жолдарымен тарайды. Залалдану ауыз арқылы залалданған су немес тамақ қабылдаған кезде жүреді. Тырысқақтың токсиннің адам организміне әсер ету нәтижесінде құсу, іш өту, іштің кебуі, организмнің сусыздану мен тұзсыздану болады. Тырысқақты аса қауіпті инфекциялар қатарына жатқызады.
Достарыңызбен бөлісу: |