Крахмалды қабықшалар (Oblatae. Capsulae amylaceae) жағымсыз иiстi немесе қатты бояғыш заттарды салу үшiн қолданылады. Олар бiрiне-бiрi кигiзiлетiн екi тостағаншадан: «түбiнен» және «қақпағынан» тұрады.
Крахмалды капсулалар дайындаудың өндiрiстiк процессi үш операциядан құралады:
1) крахмалды қоспаны дайындау
2) қабықтарды қалыптау
3) қабықтарды кесу.
1. Крахмалды қоспа бидай крахмалы мен крахмал желiмiнен дайындалады. Зауыттарда қабықтар алу процессi үздіксіз болады, сондықтан қоспаны өндiрiс қалдықтарынан дайындайды. Бұл үшiн жарамсыз және кесiлген қабықтарды қазанда 20-22°С температурада жiбiтедi, iсiнген қоспаны ет тартқыш арқылы өткiзедi және осы бiркелкi ботқа тәрiздес қоспаға крахмалдың қажеттi мөлшерiн қосады. Алынған қамырдың ылғалдылығы 67-68 % шамасында болуы керек.
2. Қабықшаларды дайындау. Қабықтарды гидравликалық престе қыздыру арқылы қалыптайды. Пресс екi плитадан тұрады: жоғарғы қозғалмайтын плитаға матрицалар және төменгi жылжымалы плитаға пуансондар орналасқан. Матрицада қабықшалардың көлемi бойынша жасалған тереңдетiлген тесiктер бар, ал пуансондар осыларға сәйкес шығыңғы, шошақ болып келген. Жұмыс алдында матрица 110-120°С температураға дейiн, ал пуансондар 120-140°С-қа дейiн қыздырылады және шабдалы майымен майланады. Сонан соң төменгi плитаға крахмалды қоспаны құяды. Төменгi плита жоғары көтерiлiп, пуансондар матрица тесiктерiне тығыз кiргiзiледi және оларда 45-55 секунд бойына ұсталып тұрады. Жоғары температура мен қысым әсерінен крахмал декстринге дейiн жартылай гидролизденедi, сөйтіп, ол крахмалды қоспаны желiмдейдi. Осы кезде қоспа қалыпталған қабықшалар орналасқан қатты табақтар (беттер) құра тез кебедi. Сонан соң төменгi плитаны төмен түсiрiп, құрғақ крахмалды (қабық) табақты плитадан түсiрiп алады.
3. Қабықтарды кесу. Қабықтардың сынғыштығын төмендету үшiн оларды 30-40°С температурада, ылғалдылығы 98-99% ылғалдағыш камерада өңдейдi, ылғалдау мерзiм 8-10 мин. Ылғалданған крахмалды табақтардың ылғалдылығы 14-15% болуы керек. Сонан соң қабықшаларды арнайы кескiш машиналарда кесiп, ойып алады.
Достарыңызбен бөлісу: |