ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы студенттерге арналған тәжірбиелік сабақТЫҢ


Тақырыбы № 7: Ішкі орта сұйықтықтары. Қан және лимфа



бет10/22
Дата01.03.2024
өлшемі279 Kb.
#493924
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Методичка-Фарм-1курс-каз

Тақырыбы № 7: Ішкі орта сұйықтықтары. Қан және лимфа,
олардың құрамы, көлемі, функциясы. Қанды зерттеу әдістері.
2.Оқу сағат саны -2 сағат
3.Тақырып өзектілігі:Студенттерге қан құрамын,қанның негізгі көрсеткіштері туралы толығымен түсініктеме беру.
4.Оқыту мақсаты: Қанның ағзадағы атқаратын ролін,механизмдерін оқытып үйрету.
5.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Қанның басты қызметтерін атап көрсетіңіз.

  2. Қанның негізгі формалық элементтері.

  3. Қанның физико-химиялық қасиеттетрі.

  4. Қан плазмасының құрамы.

6.Ақпараттық-дидактикалық блок.
Қан, лимфа және тінаралық сұйықтық организмнің ішкі ортасын құрайды.Тіршілік үшін осы ішкі ортаның оның ішінде қан құрамының физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттері тұрақты болу шарт, тек осы тұрақтылықтың арқасында организм сырттағы құбылмалы да күрделі өзгерістерге төтеп бере алады.Жасушалардың тіршілігіне байланысты және олардың айналадағы табиғи құбылыстармен ойдағыдай қарым-қатынас жасауы әрдайым гомеостаздың сақталуына қауіп төндіретін жағдай болып саналады.
Қан- жан-жануарлардың тіршілік тіршілік етуіне аса қажет сұйықтық.. Жарақаттану салдарынан қанның 25-30% сыртқа ағып кетсе,тіршілікке қауіп төнеді, ал 50% ағып кетсе өледі. Қан тамырда жылжымай тоқтап қалса не қан ағысы тым баяуласа адам өлуі мүмкін.
Қанның негізгі қасиеттері:

  1. Тіршілікке қажет заттарды тіндерге жеткізеді, ал зат алмасу өнімдерін сыртқа уақытында шығарып отырады(тасымалдау қызметі).

  2. Оттегін өкпеден тіндерге, жасушалардағы көмір қышқыл газды өкпеге жеткізеді(тыныс алу қызметі).

  3. Ішек-қарыннан қоректік заттарды, витаминдерді, су мен тұздарды (минералдарды) тіндерге жкткізеді (трофикалық яғни нәрлендіру қызметі).

  4. Зат алмасу барысында пайда болған өнімдерді, мәселен,адам денесіндегі уытты заттар, азот қалдықтарын тіндерден бүйрекке, өкпеге, тер бездеріне, ішекке апарады.Сөйтіп оларды шығарып тастайды(экскрециялық қызмет).

  5. Қан жасушалары(лейкоциттер) плазмадағы антитәндер денеге енген микробтарды, вирустарды, табиғаты жат, улы заттарды бейтараптайды (қорғаныс қызметі).

  6. Адам денесіндегі көптеген әрекеттерді, үрдістерді реттеуге қатысады (гуморалдық) реттеу. Қандағы биологиялық әсері күшті заттар- гормондар, медиаторлар, метаболиттер ағзалар мен тіндерге өтіп тікелей немесе қантамырларының ішкі бетінде орналасқан хеморецепторларды тітіркендіру арқылы әсер етеді (рефлекстік реттеу).

  7. Қан жасушалары (пішінді элементтер) тін жасушаларымен креторлық байланыста болады.Креаторлық байланыс жаңарған жасушалардың және жасушлардың табиғи құрылысы мен кейпінің сақталуын қамтамасыз етеді.

  8. Қан бүкіл денеге тән гомеостазды сақтай отырып жасушалар мен тінаралық сұйықтық коллойдтық,, осмостық тұрақтылығын сақтайды.Осмостық тұрақтылық бұзылса жасушалар ісіп не бүрісіп қалады. РН тұрақтылығын сақтауда буферлік рөл атқарады.

  9. Қан көп энергия шығарып қызып кеткен ағзаларды суытады, ал суыған ағзаларды жылытады. Сөйтіп, дене қызуын бірқалыпта сақтауға қатысады.

Сұйық зат ретінде қанға физикалық және химиялық қасиеттер тән. Қан қызыл түсті, оның құрамы өте күрделі. Қанның түсі, реңі эритроцит ішіндегі гемоглобиннің әртүрлі газдармен, басқа да химиялық заттармен реакцияға түсіп, тиісті қосындылар құруына байланысты.
Қанның келесі физикалық қасиеті оныңтұтқырлығы. Ол қан түйіршіктері мен плазмадағы, әсіресе ірі молекулалы заттардың деңгейіне байланысты. Қан тұтқырлығы қанның қойылуына не сұйылуына қарай әрдайым өзгеріп отырады. Демек, қанның бұл қасиеті қан түйіршіктерінің, плазма белоктарының әсіресе глобулиндердің мөлшеріне байланысты. Қанның тұтқырлығы әдетте судың тұтқырлығынан 4-5 есе артық. Плазманың тұтқырлығы 1,7-2,2.
Қанның өте маңызды қасиеттерінің бірі- осмостық қысымы. Қою және сұйық ерітіндіні қатар қойып, олардың арасына мембрана салса, еріткіш (су) сұйық ерітіндіден қою ерітіндіге өте бастайды.Жартылай өткізгіш мембрана арқылы ерітіндіні өткізетін итерме күш осмостық қысым деп аталады. Ол жарғақтың екі жағындағы(бетіндегі) ерітінділерге еріген электролиттер мен молекулалар санына, олардың арасындағы айырмашылыққа байланысты.
Осмостық қысымы қанның қысымына тең тұз ерітіндісі изотониялық ерітінді деп аталады. Мысалы, жылы қандылар үшін 0,85-0,9%. NACI ерітіндісі, салқын қандылар үшін 0,65%. Бұл ерітінділер физиологиялық ерітінді деп аталады.Қанға қарағанда тұзы аз болса – гипотониялық ерітінді дейді. Мұндай ерітіндіге су тіндерге қарай өтетін болғандықтан олар ісіп кетеді. Тұз мөлшері қандағы тұз мөлшерінен жоғары болса гипертониялық ерітінді дейді. Мұндай ерітіндіде жасуша құрамындағы су сыртқа шығады да жасуша бүрісіп қалады. Сонымен осмостық, онкостық қысымдар, тіршілік үрдістердің барысына тікелей әсер етеді. Жасушалар өлмей қалыпты қызмет атқару үшін осмостық қысым тұрақты болуға тиіс.
Адам қанының осмостық қысымы- бірден-бір тұрақты көрсеткіш. Оның тұрақтылығын күрделі механизмдер қамтамасыз етеді. Солардың бірі қан және тін иондарыменсудың ара-қатынасы. Суды сіңіріп немесе қанға өткізуде эритроциттер маңызы өте зор. Эритроциттер микроосмометр ролін атқарады. Олар судың артығын өзіне сіңіріп бүйрек, тер бездері, өкпе сияқты ағзаларға жеткізеді, яғни эритроциттерді контейнер және тасымалдаушы ретінде тануға болады.
Осмос гомеостазын қамтамасыз ететін арнайы әрекеттік жүйе бар, оның бөлімдері осмостық қысымының өзгеруіне өте сезімтал келеді. Осмостық қысымды қан мен лимфа тамырларының және орталық жүйке жүйесі- гипоталамус қабылдайды да рефлексті түрде иондардың артығы көбінесе бүйрек арқылы сыртқа шығарылады, ал иондар қанда аз болса, олардың бүйректе қайта сіңуі күшейеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет