Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «13» маусымдағы



Дата23.02.2016
өлшемі140.46 Kb.
#10606




Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

2012 жылғы «13» маусымдағы

№ 186 қаулысына

5-қосымша


«Жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз 
қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған
құжаттарды ресiмдеу»

мемлекеттiк қызметінің регламенті




  1. Негізгі ұғымдар

1. Осы «Жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресiмдеу» регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:



  1. тұтынушы - жеке тұлға;

  2. уәкілетті орган - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бiлiм бөлiмi.

  3. әкім - аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі.

2. Жалпы ережелер


2. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы 3-бабының 3-тармағы 1-4) тармақшысына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi – мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының сақталуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгiлейтiн және орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, лауазымды адамдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк қызмет көрсету жөніндегі қызмет тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық акт.

Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары мен өзге де жеке және заңды тұлғалардың іс-қимылының (өзара іс-қимылынық) сипаттамасын да белгілейді.

3. Мемлекеттiк қызметті осы регламентің 1-қосымшасына сәйкес уәкілетті органдар көрсетеді.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету нысаны автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетiледi.

6. Мемлекеттік қызмет «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексі, «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 140 қаулысы (бұдан әрі - Стандарт) және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

7. Көрсетiлетiн мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға


құжаттарды ресімдеу (әрі қарай - үзінді) немесе қызмет көрсетуден бас тарту жөнінде дәлелді жауапты қағаз тасығышта Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес беру болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар.


8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша, мемлекеттік қызмет көрсетудің барысы туралы ақпаратты уәкілетті органдардан алуға болады, олардың мекен-жайлары мен жұмыс кестесі Стандарттың 9-қосымшасында көрсетілген.

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы мәліметтер Оңтүстік Қазақстан облыс әкімінің www.ontustik.gov.kz сайтында орналасқан.

9. Орталықтағы немесе уәкілетті органдағы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 7-қосымшасына сәйкес.

10. Уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуының негізі Стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тұтынушы тиісті құжаттарды ұсынбауы болып табылады.

11. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушыдан өтініш алған сәттен бастап және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін берген сәтке дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1) тұтынушы уәкілетті органға қызмет көрсету жөнінде өтініш береді;

2) уәкілетті органның кеңсе қызметкері тұтынушы ұсынған өтінішті қабылдайды, тіркейді және тұтынушыға тұтынушының мемлекеттік қызметті алатын күні жазылған барлық құжаттарды алу жөнінде қолхат беріледі.

3) уәкілетті органның кеңсе қызметкері жауапты қызметкерді анықтау үшін басшыға құжаттарды алып кіреді.

4) басшы жауапты қызметкерді анықтап, орындау үшін жолдайды.

5) уәкілетті органның жауапты қызметкері бала тәрбиелеуге үміткердің, тұрғын үй-тұрмыстық өмір сүру жағдайын зерттеу үшін қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі кеңеске жібереді немесе Стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тұтынушы тиісті құжаттарды ұсынбаса бас тартады.

6) қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі кеңес бала тәрбиелеуге үміткердің тұрғын үй-тұрмыстық өмір сүру жағдайын зерттейді және актіні ресімдейді.

7) кеңестің барлық мүшесі қол қойған актіні уәкілетті органға жібереді.

8) уәкілетті орган актінің негізінде жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресiмдеу жөнінде қаулының жобасын дайындайды және әкімге алып кіреді.

9) әкім қаулыға және үзіндіге қол қояды.

10) уәкілетті органның жауапты қызметкері әлеуметтiк қамсыздандыруға рәсімдеу жөнінде хаттың жобасын дайындайды және басшыға алып кіреді.

11) басшы әлеуметтiк қамсыздандыруға рәсімдеу жөнінде хатқа немесе дәлелді бас тарту туралы хатқа қол қояды.

12) уәкілетті органның кеңсе қызметкері рәсімдеу жөнінде жауапты немесе дәлелді бас тарту туралы хатты тіркейді және тұтынушыға табыстайды.

12. Орталықта және уәкілетті органда мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың мейлінше саны бір қызметкерді құрайды.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әрекеттер (өзара әрекеттер) тәртібінінің сипаттамасы
13. Уәкілетті органға құжаттарды қабылдау осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша жауапты атқарушы арқылы жүзеге асырылады.

Уәкілетті органға құжаттар тапсырылған соң тұтынушыға тұтынушының мемлекеттік қызметті алатын күні жазылған барлық құжаттарды алу жөнінде қолхат беріледі, оған тұтынушының мемлекеттік қызметкерлерді алу күні жазылады.

14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы уәкілетті органға Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды тапсыруы қажет.

15. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) жұмылдырылған:

1) уәкілетті органның кеңсе қызметкері;

2) әкім;

3) уәкілетті органның басшысы;

4) уәкілетті органның жауапты атқарушысы.

5) қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі кеңес.

16. Әр әкімшілік әрекетті (рәсімді) орындау мерзімі көрсетілген ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдері) реттілігі мен өзара әрекеттерінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

17. Мемлекеттік қызмет көрсетудің үдерісінде және әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты бейнелейтін кестелер осы Регламенттің 3-қосымшасында көрсетілген.


  1. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктері.

18. Мемлекеттік қызмет көрсететін жауапты тұлға уәкілетті органның басшысы болып табылады.

Уәкілетті органның басшысы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға жауапты болады.

«Жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз 


қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызметінің регламентіне

1-қосымша


Уәкілетті органдардың тізбесі


Уәкілетті органдардың атауы

Заңды мекен - жайы



Байланыс
телефоны

«Бәйдібек аудандық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы,
Тасболатов көшесі, №1 үй

8-72548
2-15-52

«Ордабасы аудандық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Ордабасы ауданы,
Темірлан ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, №17 үй

8-72530
2-16-13

«Мақтарал аудандық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Мақтарал ауданы,
Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, №3 үй

8-72534
6-52-65

«Отырар аудандық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Отырар ауданы,
Шәуілдір ауылы,
Ұ.Арғынбеков даңғылы, №21 үй

8-72544
2-14-51

«Созақ аудандық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Созақ ауданы,
Шолаққорған ауылы,
Жібек жолы көшесі, №55 үй

8-72546
2-22-21

«Түркістан қалалық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Түркістан қаласы,
Әйтеке би көшесі, №29 үй

8-72533
4-30-67

«Түлкібас аудандық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Түлкібас ауданы,
Т.Рысқұлов ауылы,
Д.Қонаев көшесі, №44 үй

8-72538
5-21-21

«Шардара аудандық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Шардара ауданы, Шардара қаласы, Шардара тұйығы, нөмірсіз үй

8-72535
2-21-51

«Сарыағаш аудандық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Сарыағаш ауданы,
Сарыағаш қаласы,
Уманов көшесі, №10 үй

8-72537
2-14-93

«Қазығұрт аудандық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Қазығұрт ауданы,
Қазығұрт ауылы, Д.Қонаев көшесі, нөмірсіз үй

8-72539
2-15-57

«Төлеби аудандық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Төлеби ауданы,
Леңгір қаласы,
Төле би көшесі, №296 үй

8-72547
6-16-22

«Арыс қаласының білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Арыс ауданы,
Арыс қаласы,
А.Салықбаев көшесі, №23 үй

8-72540
2-17-01

«Сайрам аудандық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Сайрам ауданы,
Ақсукент ауылы,
Жібек жолы көшесі, нөмірсіз үй

8-72531
2-21-92

«Кентау қалалық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Кентау қаласы,
Яссауи даңғылы, №85 үй

8-72536
3-00-50

«Шымкент қалалық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі


Шымкент қаласы,
21 мөлтек аудан, Жангелдин көшесі, №17 үй

8-7252
56-86-06

«Жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз 
қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызметінің регламентіне

2-қосымша


Әкімшілік әрекеттердің реттілігі және өзара әрекеттілігін сипаттау
1-кесте. ҚФБ әрекеттерін сипаттау


Негізгі үдерістің әрекеттері (барысы, жұмыс легі)

әрекеттің №

(барысы, жұмыс легі)



1

2

3

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның кеңсе қызметкері

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның жауапты атқарушысы

Әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау, тіркеу

Құжаттармен танысады, орындау үшін жауапты атқарушыны белгілеу

Құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асыру, дәлелді бастартуды немесе әкім қаулысының жобасын дайындау

Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастырушылық-бөлу шешімі)

Бұрыштама үшін басшыға құжаттарды жіберу

Бұрыштама салу, құжаттарды жауапты атқарушыға жіберу

Құжаттарды әкімге жіберу

Орындалу мерзімдері

30 минут

1 сағат

14 жұмыс күні ішінде

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3

4




Негізгі үдерістің әрекеттері (барысы, жұмыстардың легі)




Әрекеттің № (барысы, жұмыстардың легі)

4

5

6

ҚФБ атауы

Әкім

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның жауапты атқарушысы

Әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттармен танысу

Құжаттармен танысу

Үзінді дайындау

Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастырушылық-бөлу шешімі)

Әкімдіктің қаулысына қол қою

Дәлелді бас тартуға қол қою

Құжаттарды әкімге тапсыру

Орындалу мерзімдері

5 жұмыс күні ішінде

1 сағат

5 жұмыс күні ішінде

Келесі әрекеттің нөмірі

5

6

7

Негізгі үрдіс әрекеті (жұмыс барысы,легі)



Әрекеттің № (барысы, жұмыс легі)

7

8

ҚФБ атауы

Әкім

Уәкілетті органның жауапты атқарушысы

Әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Хаттармен танысу

Үзіндіні жетім, балаларының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамтуға құжаттарды немесе дәлелді бастартуды рәсімдеу кітабында тіркеу

Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастырушылық-бөлу шешімі)

Үзіндіге қол қою

Тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тапсыру, үзіндіні беру жөнінде қолхатты немесе дәлелді бастартуды табыстау

Орындау мерзімі

5 жұмыс күні ішінде

Жұмыс күні ішінде

Келесі әрекеттің нөмірі

8




2-кесте. Қолдану нұсқасы. Негізгі үдеріс

1-топ ҚФБ
Уәкілетті органның жауапты атқарушысы

2-топ ҚФБ
Уәкілетті органның басшысы

3-топ ҚФБ
әкім

№ 1-әрекет
Құжаттарды қабылдау, қолхат беру, өтінішті тіркеу, уәкілетті органның басшысына өтініштерді жіберу

№ 2-әрекет
Бұрыштама қою


№ 3-әрекет

Әкім қаулысының жобасын дайындау





№ 4-әрекет

Әкімнің қаулысына қол қою



№ 5-әрекет

Үзіндіні ресімдеу





№ 6-әрекет
Үзіндіге қол қою

№ 7 әрекет
Үзіндіні тұтынушыға тапсыру







2-кесте Қолдану нұсқасы. Балама үдеріс.

1-топ ҚФБ
Уәкілетті органның жауапты атқарушысы

2-топ ҚФБ
Уәкілетті органның басшысы

№ 1-әрекет
Құжаттарды қабылдау, өтініштерді тіркеу, өтінішті уәкілетті органның басшысына жіберу

№ 2-әрекет

Бұрыштама қою



№ 3-әрекет

Құжатты қарастыру. Дәлелді бастарту ресімдеу



№ 4-әрекет

Дәлелді бас тартуға қол қою



№ 5-әрекет
Тұтынушыға дәлелді бастартуды жіберу



«Жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз 


қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызметінің регламентіне

3-қосымша

Әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі арасында өзара байланысты бейнелейтін схемалар



Тұтынушы уәкілетті органға қызмет көрсету жөнінде өтініш береді

(30 минут)



Қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі кеңес бала тәрбиелеуге үміткердің тұрғын үй-тұрмыстық өмір сүру жағдайын зерттейді және актіні ресімдейді , кеңестің барлық мүшесі қол қойған актіні уәкілетті органға жібереді

(17 жұмыс күні)




Уәкілетті орган актінің негізінде жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресiмдеу жөнінде қаулының жобасын дайындайды және әкімге алып кіреді

(бір күн ішінде)




Уәкілетті органның кеңсе қызметкері тұтынушы ұсынған өтінішті қабылдайды, тіркейді және басшыға құжаттарды алып кіреді

(30 минут)






Уәкілетті органның жауапты қызметкері бала тәрбиелеуге үміткердің, тұрғын үй-тұрмыстық өмір сүру жағдайын зерттеу үшін қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі кеңеске жібереді немесе тұтынушы тиісті құжаттарды ұсынбаса бас тартады

(8 жұмыс күні)



Жауапты қызметкерді анықтап, орындау үшін жолдайды

(30 минут)






Уәкілетті органның жауапты қызметкері әлеуметтiк қамсыздандыруға құжаттарды ресімдеу жөнінде хаттың жобасын дайындайды

(бір жұмыс күн ішінде)




Уәкілетті органның кеңсе қызметкері рәсімдеу жөнінде жауапты немесе дәлелді бас тарту туралы хатты тіркейді және тұтынушыға табыстайды

(1 сағат)



Тұтынушы




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет