Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары



Дата22.02.2016
өлшемі272.61 Kb.
#1919

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

2009 жылғы «___»_________________

№ ____ қаулысымен бекітілген



Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының 2010 - 2014 жылдарға арналған

стратегиялық даму жоспары

Мазмұны





Миссия және көзқарас


3-б.



Ағымдағы жағдайды талдау


3-7-б.



Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері


7-8-б.



Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал қатерлер


8-10-б.



Нормативтік құқықтық актілер


10-11-б.



Бюджеттік бағдарламалар

12-14-б.


Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының миссиясы және көзқарасы
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының (бұдан әрі – облыс әкімінің аппараты) миссиясы – облысты тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамыту шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен әкімі қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.
Облыс әкімі аппаратының көзқарасы - өңір экономикасының бәсекеге қабілеттілігін және халықтың өмір сүру сапасын көтеруде алға қойған міндеттерді тиімді шешу.
2. Ағымдағы жағдайды талдау
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының жұмыс регламентіне сәйкес заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу өзге корреспонденциядан бөлек жүргізіледі. Облыс әкімінің аппараты қызметтік құжаттар мен жеке тұлғалардың өтініштерін қарауды, жоғары тұрған, төмен тұрған және басқа да органдармен, мекемелер мен ұйымдармен құжат айналымын, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ нормативтік-құқықтық және әкімшілік-өкімдік сипаттағы облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін әзірлеуге қатысады.

Ай сайын АРМ ЕУОЛ «1-ОЛ» базасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасына жіберіліп отырады. 2009 жылдың 1-жартыжылдығы бойынша статистикалық есеп дайындалды.

2009 жылғы 1 шілдеден бастап «Электрондық құжат айналымының корпоративті-ақпараттық жүйесі» атты кіріс және шығыс құжаттарын тіркеудің жаңа бағдарламасы іске қосылды.

Облыс әкімінің аппаратында 2009 жылы қызметтік хат-хабарларды, нормативтік актілерді және азаматтардың өтініштерін қамтитын құжат айналымының жалпы көлемі 11980 мың бірлікті құрайды, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 15 пайызға көп.

323 директивті құжат келіп түсті, оның ішінде ҚР Үкіметінің 187 қаулысы, Қазақстан Республикасының 85 Заңы, ҚР Президентінің 17 Жарлығы, ҚР Президентінің 14 өкімі және ҚР Премьер-Министрінің 20 өкімі түсті.

Облыс бойынша 2008 жылы жалпы құжат айналымы 126006 бірлікті құрады, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 26 пайызға көп.

Құжат айналымының арту себептері:


  • жоғары тұрған органдардан түскен тапсырмалардың 22%-ға артуы;

  • ақпараттық сипаттағы құжаттардың 29%-ға артуы;

  • шешуді қажет ететін мәселелер қойылған құжаттардың 35%-ға артуы;

  • бақылауда тұрған және мәселенің ұзақ шешілуін қажет ететін құжаттардың, тиісті мемлекеттік органдармен хат алмасулардың 15%-ға артуы;

  • марапаттау материалдарының 40%-ға артуы;

  • жер учаскелерін бөлу құжаттарының 16%-ға артуы.

Облыс әкімі аппараты құжат айналымы 27255 бірлікті құрады, бұл 2007 жылдың ұқсас кезеңінен 19 пайызға көп.

Түскен құжаттардың жалпы саны ішінде 12087-сі облыс басшылығының тапсырмаларымен бөлімдерге, басқармаларға, қала және аудан әкімдеріне жіберілді. 8698 құжат бақылауға алынды.

Облыс әкімінің аппаратына түскен құжаттар басым дені мына мәселелерді қамтиды:

Қаржы және несие – 40 %, басшылар тапсырмалары– 34%, әлеуметтік –экономикалық сипатта - 16%, жабдықтау сипатында –20%.





Директивті құжат

2008

2009

+,-

ҚР Заңдары

121

87

-34

ҚР Президентінің Жарлықтары

41

30

-11

ҚР Үкіметінің қаулылары

362

336

-26

ҚР Президентінің өкімдері

17

32

+15

ҚР Премьер-Министрінің өкімдері

39

30

-9

Барлығы:

580

515

-65



Қызметтік корреспонденцияның құжат айналымы

Қызметтік корреспонденцияның жалпы құжат айналымы 2009 жылы 11980 бірлікті құрады,бұл 2008 жылмен салыстырғанда 31%-ға көп.

Кіріс корреспонденциясы 8425 бірлікті құрайды және 2008 жылдың көлемінен 18%-ға артық. Осы ретте барлық корреспонденттерден түскен хат-хабарлардың өсуі байқалды.
2009 жылдың 7 айындағы кіріс корреспонденция туралы мәлімет


Корреспондент

Кіріс құжаттарының саны, бірлік

2008

2009

+,-

ҚР Парламенті

24

8

-3

ҚР Президентінің Әкімшілігі

335

360

-98

ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі

1265

1048

-212

Министрліктер мен ведомстволар

1773

1635

-147

Облыстық басқармалар

122

162

+7

Аудандық, қалалық әкімдіктер

180

216

+20

Басқа да ұйымдар

3601

4996

+38

Жиынтығы

7300

8425

+15

Жасалған талдау көрсеткендей, кіріс корреспонденциясы көлемі жоғары тұрған органдардан 14 пайызға немесе 3,1 мыңға дейін, облыстық құрылымдық бөлімшелерден 10 пайызға немесе 2,4 мыңға дейін түскен құжаттар санының өсуі есебінен ұлғайған.

2009 жылы барлығы 3555 бірлік шығыс құжаты жөнелтілген, оның ішінде 1021 – бастамашылдық шығыс хат-хабарлар (2008 жылға қарағанда 11%-ға көп) және 2534 – шығыс жауап хаттар (16%-ға көп).
2007 және 2008 жылдардағы шығыс хат-хабарлар туралы мәлімет


Корреспондент

Шығыс құжаттарының саны, бірлік

2008

2009

+,-

ҚР Парламентінің МәжілісіК

82

115

+14

ҚР Президентінің Әкімшілігі

218

399

+18

ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі

271

391

+14

Министрліктер мен ведомстволар

1211

1321

+11

Облыстық басқармалар

620

800

+13

Аудандық, қалалық әкімдіктер

201

256

+13

Басқа да ұйымдар

211

273

+13

Жиынтығы

2814

3555

+13


Бақылаудағы құжаттардың айналымы
2009 жылы барлығы 2803 қызметтік құжат бақылауда болды, бұл 2008 жылдың көлемінен 38%-ға артық. Оның ішінде: сыртқы бақылауда - 2803(38%) құжат орындалу мерзімдерімен түсті, ішкі бақылауда - 215 (7%) құжат облыс әкімінің бұрыштамасына сәйкес.

Бақылауға алынған құжаттар көлемі түскен құжаттардың жалпын 39%-ды құрайды. Оның ішінде бақылаудағы 3132 құжаттың ішінде 2803-і (38%) мерзімінде орындалса, 2 (1%) құжат мерзімінен кешіктіріліп орындалды, бұл жіберілген сұрау хаттардағы мерзімдердің өтіп кетуімен байланысты. Мысалы, ақпарат беру мерзімі көрсетілген жоғары органның құжаты 1-ден 5 күнге дейін кешіктіріліп түскен.


Жеке және заңды тұлғалардан түскен жазбаша өтініштер

2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратына 2063 жазбаша өтініштер түскен. ҚР Парламентінің Мәжілісінен – 42, ҚР Парламентінің Сенатынан – 35, ҚР Президентінің Әкімшілігінен – 457, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінен – 129.



Проблемалық мәселелер

2009

%

Тұрғын үй-коммуналдық қызмет жұмысы

110

5,7

Тұрғын үй алу және тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды жақсарту

410

21,1

Жер пайдалану және жер учаскелерін беру

121

6,2

Әлеуметтік қамсыздандыру және зейнетақы

85

4,4


Азаматтарды жеке қабылдау
2009 жылы облыс әкімінің және оның орынбасарларының, облыс әкімі аппараты басшысы мен оның орынбасарларының жеке қабылдауында на 232 адам болды, 2008 жылмен салыстырғанда 21 адамға немесе 12%-ға көп.

Барлық көтерілген мәселелер бойынша тиісті құрылымдарға тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын бақылау жүзеге асырылды.



Өкімдік құжаттарды шығару:

әкімдік қаулылары - 248

облыс әкімінің өкімдері – 212

облыс әкімінің шешімдері - 42

аппарат басшысының бұйрықтары - 249

хаттамалық тапсырмалар - 104


Облыс әкімі аппаратының кадр саясаты

Қазіргі таңда (1.07.2009 жылғы жағдай бойынша) облыс әкімі аппаратының штат саны 104 бірлікті құрайды, нақты 104 адам жұмыс істейді, оның ішінде 42-сі әйелдер.

Ұлты бойынша 93 мемлекеттік қызметші – қазақ, 4 - орыс, 3 - өзге ұлт өкілдері.

Облыс әкімі аппаратының барлық қызметкерлері жоғары білімді, 2 мемқызметшінің ғылыми атағы бар. Мемлекеттік қызметтегі орташа жұмыс өтілі 12 жыл, атқаратын лауазымда – 3 жыл. Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы 38 жасты құрайды. Өзге мемлекеттік органдардан ауысу тәртібімен 16 адам қабылданды. 2008 жылы 18 мемлекеттік әкімшілік қызметшілер аттестациядан өтті. Аттестация қорытындысы бойынша барлығы да атқаратын қызметтеріне лайық. Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2 қызметкері Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасымен марапатталды.

Сонымен бірге облыс әкімі аппаратының кадрлармен жұмысын одан әрі жетілдіре түсу керек.

Оңтүстік Қазақстан облысының кадрлар әлеуетін тиімді пайдалануды арттыру, кадрларды іріктеу кезінде демократиялық ғағидаттарды бекіту, басқарушы кадрларды іріктеу мәселелері бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының әкіміне ұсыныстар әзірлеу және енгізу, мемлекеттік қызметшілердің тәртібін арттыру, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және облысты толыққанды дамыту мақсатында облыс әкімі Оңтүстік Қазақстан облысы басқару кадрларының резерві туралы ережені бекітті. Ол саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметтің кадрлар резервін жасақтау, резервке алынған кәсіби дайындалған білікті азаматтарды басқарушы мемлекеттік лауазымдарға ұсыну мәселелерін реттейді.

Бұдан бөлек, компьютерлік және өзге де техниканы жете меңгерген, шығармашылық тұрғыда және ілгері ойлай білетін жаңа формациядағы мемлекеттік қызметшілерді, жоғары сыныпты мамандарды, өз ісінің шеберлерін, іскер де конструктивті, өз отанының патриоттары болып табылатын және Мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексін сақтауды өзінің негізгі міндеті деп білетін адамдарды тәрбиелеуге айрықша көңіл бөлу керек.

Мемлекеттік тілді терең меңгеру және шетел тілдерін үйрену мемлекеттік қызметшілер үшін аса маңызды міндет болуға тиіс.

Басты мақсат – орындаушылық және еңбек тәртібін, жұмыс сапасын тиісті деңгейге көтеріп, ұжым ішінде салауатты моральдық-психологиялық ахуалды қамтамасыз ету, басқарудың басшылық пен қызметкерлердің өзара сыйластығына негізделген заманауи нысандары мен әдістерін ендіру. Осы негізде аппарат қызметінің тиімділігіне қол жеткізу.

Облыс әкімінің аппаратын құқықтық қамтамасыз ету
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, құқықтық хабардарлық мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру және көтеру, сапалы заң шығармашылық қызмет.

Кез келген органның қызмет көрсеткіштерінің бірі көрсетілетін қызметтің сапалы болуы, ол ұдайы жақсарып отыруы тиіс. Мемлекеттік басқару жүйесі мен мемлекеттік қызмет көрсетулердің ашықтығы жеткіліксіз дәрежеде екенін атап айту керек.

Сонымен бірге деректер тұрғындардың жартысынан көбісі көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтердің сапасына қанағаттанбайтындарын айғақтайды, бұл осы көрсеткіштерді жақсарту жөнінен шаралар қабылдауды талап етеді. Көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылаудың тиімді тетіктері мен әдістерін жасау мақсатында қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттері енгізілетін болады.

Мемлекеттің құқықтық мәдениет жағдайы оның құқықтық жүйесі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық хабардарлығы мен құқықтық мәдениетін одан әрі көтеру үшін 2009 – 2011 жылдарға арналған тиісті өңірлік бағдарлама іске асырылады.


3. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері


І стратегиялық бағыт.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, құқықтық хабардарлық пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру және көтеру, сапалы заң шығармашылық қызмет.




1.1-мақсат.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру, олардың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету.



Мақсатты индикатор:

2012 жылға жергілікті мемлекеттік басқару органдары көрсететін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне кем дегенде 95% тұтынушылардың қанағаттануы.



1.1.1-міндет.

МС ИСО 9001:2000 енгізу



Көрсеткіштер:

Облыстың аудандық деңгейдегі сертификатталған мемлекеттік мекемелерінің 80%-ға дейін көбеюі.



1.2-мақсат.

Заң шығармашылық қызметтің сапасын көтеру.



Мақсатты индикатор:

Облыс әкімдігі мен әкімінің нормативтік-құқықтық актілері жобаларының сапалы сараптамасы.



1.2.1-міндет.

Облыс әкімдігі мен әкімінің нормативтік-құқықтық актілері жобаларына олардың жоғары тұрған деңгейдегі актілерге сәйкестігіне сараптама жасау.



II стратегиялық бағыт.

Тұрғындар мен ұйымдарға мемлекеттік ақпараттық-интерактивті автоматтандырылған қызметтерді көрсету.



2.1-мақсат.

Үкіметтің WEB-ресурстары және облыс әкімдігінің порталы арқылы әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерінің ашықтығын, сапасы мен тиімділігін арттыру.



Мақсатты индикатор:

Мемлекеттік электронды қызметтер санын 15-20%-ға дейін ұлғайту.



2.1.1-міндет.

Азаматтарға, ұйымдарға арналған мемлекеттік электронды қызметтерді әзірлеу. Мемлекеттік электронды қызметтерге азаматтар мен ұйымдардың қатерсіз қолжетімділігін қамтамасыз ету. Ақпараттық жүйелердің ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету.



Көрсеткіштер:

1. Облыс әкімдігі порталы арқылы электронды қызмет көрсету тетіктерінің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту.

2. Электронды мемлекеттік қызметтерді көрсететін жүйелерді өнеркәсіптік пайдалану үшін іске қосу.

3. Мемлекеттік органдардың жергілікті-есептегіш желілерінің ақпарат қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі, Интернет желісіне қосылудың бірыңғай шлюзі арқылы деректермен алмасу және беру.



III стратегиялық бағыт.

Ведомствоаралық ұйымдарда бірыңғай көліктік орта арқылы электронды құжат айналымы жүйесін және басқа да ақпараттық жүйелерді дамыту. Ақпараттандыру саласына түрлі технологияларды ендіру. Халықтың компьютерлік сауаттылығы мен ІТ мамандарын даярлау деңгейін көтеру.



3.1-мақсат.

Мемлекеттік органдар, тұрғындар және бизнес құрылымдары үшін электронды құжат айналымы жүйесіне және өзге де ақпараттық жүйелерге қолжетімділік пен қауіпсіздікті арттыру. Нормативтерге сәйкес негізгі құрадармен қамтамасыз етілуі.



Мақсатты индикатор.

Ендірілген жүйені сапалы қолдану, қауіпсіз корпоративті-көлік ортасы арқылы деректермен алмасу және беру. Мемлекеттік органдарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жетілдіру.



3.1.1-міндет.

Облыстың ақпараттық ресурстары мен жүйелерінің өзара әрекеттестігі негізінде әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру үшін жағдайлар жасау, мемлекеттік қызметшілерді дербес компьютерлермен және қажетті ұйымдық техникамен жабдықтау.



Көрсеткіштер:

Тұрғындардың жалпы санынан компьютерді қолдану дағдыларын меңгергендер санын 20%-ға дейін қамтамасыз ету, халықаралық деңгейде білім алған ІТ мамандары санын көбейту. Моральдық тұрғыдан ескірген техниканы ауыстыру. Жергілікті атқарушы органдарда ақпараттық жүйелерді жетілдіру.




4. Функционалдық мүмкіндіктер және ықтимал қауіп-қатерлер
Қазіргі таңда облыс әкімінің аппараты әзірленген Стратегиялық жоспарды толық көлемде және сапалы орындауға қабілетті барлық кәсіби және материалдық ресурстарға ие. 2010 – 2012 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарды іске асыру үшін облыс әкімінің аппараты мынадай функционалдық өзгерістерді жүргізеді:

Ұйымдастыру құрылымы, мемлекеттік қызметшілердің өкілеттіктері мен жауапкершілігі қайта қаралып, Оңтүстік Қазақстан облысын дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталатын болады. Өйткені, облыс әкімі аппаратының материалдық, техникалық, адами, басқару және қаржы өзіндік ішкі резервтерін қаншалықты толық көлемде пайдалана алуы құрылымның қалай жасалатынына тікелей байланысты болмақ. Ұйымдастыру құрылымы облыс әкімі аппаратының жұмыс істеу логикасын көрсетеді және облыстың стратегиялық даму бағыттарына сай болады.

Облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру құрылымын оңтайландырудың негізгі нәтижесі оны мыналардың есебінен қызмет ерекшелігіне сәйкестендіруге табан тірейтін болады:

- нақты нәтижелерге (мақсатты көрсеткіштерге) қол жеткізу үшін облыс әкімі аппараты ішіндегі ұйымдық буындар мен оған есеп беретін құрылымдар бойынша функцияларды, өкілеттіктер мен жауапкершілікті дәл бөлу;

- тиісті регламенттер әзірлеу арқылы әкімнің аппараты ішінде және оған есеп беретін құрылымдарда басқару және орындау деңгейлері арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

- материалдық көтермелеу әдістерін қоса алғанда, қызметкерлердің уәждемесі мен қызмет нәтижелерін бағалау жүйесін ендіру, алға қойған стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуде әкім аппаратының барлық қызметкерлерінің моральдық және материалдық қызығушылығын тудырады.

1. Облыс әкімі аппараты ішінде және оған есеп беретін құрылымдардағы инфрақұрылым мен жұмыс процестері ұйымдастыру құрылымына, тиісті функцияларға, өкілеттіктерге және жауапкершілікке сәйкес келтіріліп, мыналарды қамтитын болады:

- электронды құжат айналымына негізделген із жүргізу, бұл құжаттарды өңдеу уақытын айтарлықтай қысқартып, тиісінше, оларды жедел қарауды арттырады;

- қызметтік және орындаушылық тәртіп;

- IT қамтамасыз ету, операциялық процестер, байланыс жүйесі, ұстау және техникалық қызмет көрсету материалдық-техникалық жарақтандыру жүйесін жетілдіру есебінен жүзеге асырылады. Атап айтқанда, ақпаратты жинау және пайдалану жүйесінің еңбек сыйымдылығын реттеуге және қысқартуға, сондай-ақ ақпараттық ресурстармен тиімді жұмыс жасау және оларды күнделікті жұмыста қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған шаралар қабылданады.

2. Облыс әкімі аппараты қызметкерлерін оқыту семинарларына, біліктілікті арттыру курстарына қатыстыру қарастырылуда. Ұжымның ауызбірлігін қамтамасыз ету, қызметкерлердің корпоративтік рухын көтеру және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында корпоративтік және спорт іс-шаралары ұйымдастырылатын болады. Стратегиялық жоспарды іске асыру барысында мақсаттарға қол жеткізуге кедергі болатын бірқатар мән-жайлар да бар, олар – мемлекеттік сатып алу кезіндегі баға қауіп-қатері (тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бағасы өсуі мүмкін, білікті мамандардың жалақысы жоғары жекеменшік компанияларға кетуі).

5. Стратегиялық жоспарды әзірлеуге негіз болған нормативтік құқықтық актілер тізбесі
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан – дамуға» атты халыққа Жолдауы;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 12 наурыздағы №765 Жарлығымен бекітілген «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан - жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жөніндегі жалпыұлттық жоспар;

- «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы;

- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі»;

- «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №303 Заңы;

- «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысы;

- «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №453 Заңы;

- «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы №217 Заңы;

- «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-ІІ Заңы;

- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы;

- «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 Заңы;

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшiлерiн қайта даярлау және олардың біліктiлігін арттыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығы;

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығы;

- ОҚО әкімдігінің 2005 жылғы 28 қаңтардағы № 80 қаулысымен бекітілген «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;

- «Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдар штат санының лимиттері туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 21 қаңтардағы №14 қаулысы

- «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының жұмыс регламенті туралы» облыс әкімінің 2009 жылғы 20 тамыздағы № І-214ө өкімі.

3-қосымша
Бюджеттік бағдарламаны нысаны


Бюджеттік бағдарлама әкімшісі

«Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама)

001 - «Облыс әкімнің қызметін қамтамасыз ету»

003 - «Жергілікті органдардың аппараттары»

007 - «Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру»

009 – «Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру»



Сипаттама

Штат саны 104 бірлікті құрайтын облыс әкімі аппаратына жүктелген функциялар мен міндеттерді нәтижелі орындау, мәдени іс-шаралар өткізу

Стратегиялық бағыт

Облыс әкімінің қызметін қамтамасыз ету

мақсат

Облыс әкімінің аппаратын ұстау және облыс әкімінің қызметін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру

Міндеттер

Облыс әкімі аппаратының қызметін ұйымдастыру-құқықтық, ақпараттық-талдамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру саласына мемлекеттік саясатты іске асыруды қаржылай қамтамасыз ету. Өздерінің лауазымдық міндеттерін нәтижелі орындау және кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, теориялық және практикалық білімдерін жаңарту

Көрсеткіштер

Көрсеткіш атауы

Өл-шем бір-лігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2008 жыл (есеп)

2009 жыл

(ағымдағы жылдың жоспары)




2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Сандық көрсеткіш-тері

Штат саны 104 бірлікті құрайтын облыс әкімі аппа-ратына жүктелген функ-циялар мен міндеттерді орындау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету

Бір-лік

%

94

90



104

90

104

100



104

100

104

100


Сапалық көрсеткіштер






















Тиімділік көрсеткіш-тері

- бюджеттік қаражаттардың уақтылы игерілуі;

- кредиторлық берешекке жол бермеу



%

мың


теңге

100
0


100
0


100
0


100
0


100
0



Нәтиже көрсетшкіш-тері






















Бағдарлама-ны іске асыру шығыстары

Облыс әкімінің қызметін қамтамасыз ету;
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру;
Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру


мың

теңге


мың

теңге

мың

теңге



360 502,6

15 379,0


152 144,0

408 051,0

15 804,0


-

450 588,0

22 929,0


26 350,0

516 670,0

18 890,0


561493,0

19 633,0




5-қосымша
Бюджеттік шығыстардың жиынтығы

мың теңге






Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2008 жыл (есеп)

2009 жыл

(ағымдағы жылдың жоспары)




2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

1. Қолданыстағы бағдарла-малар, оның ішінде:
















Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар
















001 - «Облыс әкімнің қызметін қамтамасыз ету»

003 - «Жергілікті органдардың аппараттары»





528025,6
360 502,6




423 855,0
408 051,0



499 867,0
450 588,0



535 560,0
516 670,0



581 126,0
561 493,0


007 - «Мемлекеттік қызмет-шілердің біліктілігін арттыру»


15 379,0

15 804,0

22 929,0


18 890,0

19 633,0

009 – «Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру»

152 144,0

-

26 350,0







2. Әзірлеуге ұсынылатын бағдарламалар, оның ішінде:

-

-

-

-

-

Даму бюджеттік бағдарламалары

-

-

-

-

-

Шығыстардың барлығы, оның ішінде:

-

-

-

-

-

Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар

-

-

-

-

-

Даму бюджеттік бағдарламалары

-

-

-

-

-

3. Ақылы қызметтер:

-

-

-

-

-

Түсімдер

-

-

-

-

-

Шығыстар

-

-

-

-

-


6-қосымша
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер мен бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарды бөлу
мың теңге


Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер мен бюджеттік бағдарламалар (атаулары)

Есепті кезең

Жоспарлы кезең




2008 жыл (есеп)

2009 жыл

(ағымдағы жылдың жоспары)




2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

І стратегиялық бағыт.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, құқықтық хабардарлық пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру және көтеру, сапалы заң шығармашылық қызмет.



Мақсат.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру, олардың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету.



Міндет. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратын ұстау, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, облыс әкімі аппаратының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, бюджеттік қаражаттарды уақтылы және сапалы қамтамасыз ету

001 - «Облыс әкімнің қызметін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы


528025,6


423 855,0


499 867,0


535 560,0


581 126,0

Мемлекеттік орган бюджетінің жиынтығы


528025,6


423 855,0


499 867,0


535 560,0


581 126,0




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет