Оңтүстік Қазақстан облысының 2013 жылдың қаңтар-қазан айларындағы



Дата23.02.2016
өлшемі69.59 Kb.
#5550


Оңтүстік Қазақстан облысының

2013 жылдың қаңтар-қазан айларындағы

әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындысы
Өнеркәсіп. 2013 жылдың қаңтар-қазанында облыста 447,9 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 2012 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне – 102,7% құрады.

  • Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 26,5% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі – 5,4% артып, 118,8 млрд. теңгені құрады.

  • Өңдеу өнеркәсібі (үлесі - 65,1%) өнімінің нақты көлем индексі – 102,0%, өнім көлемі 291,6 млрд. теңгені құрады.

  • Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 31,3 млрд. теңгені, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне 110,6% құрады.

  • Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 6,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 110,5% құрады.

Аса маңызды өнімдердің ішінде мақта иірімжібі – 1,0% (3796 тонна), мақта маталары – 1,8% (19,9 млн. шаршы метр), газойли өндіру – 8,1% (өндірілгені 1178,4 мың тонна), портландцемент – 9,8% (1659,2 мың тонна), жылу энергиясы – 39,3% (3563,8 мың Гкал) өсті.

Сонымен қатар, мақта талшығы – 5,1% (60,6 мың тонна), бензин өндіру – 0,6% (863 мың тонна), құрылыс кірпіштері – 32,8% (92,6 мың м3), бетон – 19,0% (635 мың тонна) кеміді.



Ауыл шаруашылығы. 2013 жылдың қаңтар-қазанында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі, қолданыстағы бағада, 275,7 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3% – ға кеміген. Оның ішінде мал шаруашылығы – 104,3 млрд. теңге (102,9%), егін шаруашылығы – 170,3 млрд. теңгені (102,0%) құрады.

Облыстың ауылшаруашылық тауар өндірушілері 145,6 мың тонна - мал және құс етін (тірі салмақта), немесе 2012 жылдың тиісті кезеңіне – 104,2%, сүт – 580,2 мың тонна, немесе 101,6%, жұмыртқа – 232 млн. дана, немесе 98,3% өндірді.

2013 жылдың 1 қарашасында облыстағы шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара мал саны – 873,6 мың басты, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне – 96,8%, қой – 3529 мың бас, немесе 95,2%, ешкі – 353,9 мың бас, немесе 89,9%, жылқы – 198 мың бас, немесе 99,6%, түйе – 20,8 мың бас, немесе 99,1%, шошқа – 33,7 мың бас, немесе 67,2%, құс саны – 2315,2 мың бас, немесе 96,1% құрады.

Көлік және байланыс. 2013 жылдың қаңтар-қазанында жедел деректер бойынша, темір жол көлігінен басқа, облыста барлық көлік түрлерімен 107,9 млн. тонна жүк және 1842,4 млн. жолаушы тасымалданған, немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне – тиісінше, 109,6% және 103,6% құрады.

Әуе көлігімен жүк тасымалдау – 63,1%-ға, жолаушылар тасымалдау – 3,4%-ға артып, 822 тонна жүк және 966,4 мың жолаушы тасымалданды.

2013 жылдың қаңтар-қазанында байланыс кәсіпорындары 7,8 млрд.теңгеге қызмет көрсеткен, бұл 2012 жылдың қаңтар-қазанымен салыстырғанда 0,7% артық. Халыққа көрсетілген қызметтің үлесі 70,5% құрады.

Табыс көлемінде басым үлес – жергілікті телефон байланысына (41,2%), халықаралық және қалааралық телефон байланысына (13,1%), интернет – 33,4% тиесілі.



Шағын кәсіпкерлік. 2013 жылдың 1 қарашасында облыс рыногында белсенді жұмыс істейтін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 113,3 мың бірлікті, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 104,3% құрады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің шығарған өнімі (тауарлары, көрсеткен қызметі) 451,1 млрд. теңгені (101,6%), жұмыспен қамтылғандар саны 270,4 мың адамды құрады (104,7%).



Инвестиция саласы. 2013 жылдың қаңтар-қазанында облыс экономикасын дамытуға, бағалау есебімен негізгі қорға 292,2 млрд. теңге инвестиция бағытталды, немесе 2012 жылдың тиісті кезеңіне – 128,4% құрады.

Негізгі инвестициялық салымдарды ірі кәсіпорындар жүзеге асырған, олардың көлемі 142,4 млрд. теңгені (48,7%), немесе – 198,5% құрады.

Республикалық бюджет қаржыларының үлесі 15,1%, немесе 44228 млн. теңге, жергілікті бюджет қаржыларының үлесі 14,4%, немесе 42202 млн. теңге, меншікті қаражаттар үлесі 25,1%, немесе 73206,2 млн. теңге, шетелдік қаражаттар – 6,0%, немесе 17424,9 млн.теңге қарыз қаражаты – 39,4%, немесе 115157,2 млн.теңге, құрады.

Инвестиция салымдарының басым салалары өнеркәсіп, көлік және қоймалау болып табылады, инвестициялардың жалпы көлеміндегі олардың үлесі, тиісінше 30,7% және 45,0% құрады.



Тұрғын үй құрылысын дамыту. 2013 жылдың қаңтар-қазанында тұрғын үй құрылысына 10,7 мпрд.теңге инвестиция бағытталған, бұл 2012 жылдың сәйкес кезеңінен 92,4% құрады.

Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 275 мың шаршы метрді құрады. 2013 жылдың қаңтар-қазанында пайдалануға берілген тұрғын үйдің нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңіне 100,5% құрады.



Сыртқы сауда. 2013 жылдың қаңтар-қыркүйегінде облыстың сыртқы сауда айналымының көлемі 3367,6 млн. АҚШ долларын немесе 2012 жылдың сәйкес кезеңіне 101,3%-ды құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше – 2042,4 млн. АҚШ доллары немесе 90,8%, импорт – 1325,2 млн. АҚШ доллары немесе 123,2% құрады.

Экспорттың тауарлық құрылымында (Кедендік Одақтың елдерінсіз) негізгі үлесті минералды өнімдер (74,7%), импортта - машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, приборлар мен аппараттар (32,2%), азық-түлік тауарлары (31,0%) орын алады.



Салықтық-бюджеттік сала. 2013 жылдың 1 қарашасына мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа төлемдердің көлемі 165,9 млрд. теңгені, немесе жоспарға – 104,8%, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 113,9% құрады.

Республикалық бюджет 107,8 млрд.теңгені (түсімдердің жалпы көлемінің – 64,9%), немесе, жоспарға – 102,7%, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 114,2% құрады.

Жергілікті бюджетке 58,1 млрд. теңге түсіп, жоспарға – 108,7% және өткен жылдың тиісті кезеңінен – 13,5% артты.

Ақша-несие саясаты. 2013 жылдың 1 қазандағы жағдайы бойынша екінші деңгейлі банктермен 184,5 млрд. теңге көлемінде несиелер берілді, бұл 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36,1% артқан, оның ішінде ипотекалық несиелендіруге 5763 млн. теңге несие берілді, немесе 28,1% артты.

Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға берілген несиелердің көлемі 31,3 млрд.теңгені құрап, 1,4 есеге артты.

Екінші деңгейдегі банктер несиесі негізінен – жеке тұлғаларға тұтыну мақсатында және басқада жеке қызмет түрлеріне – 58%, өнеркәсіп – 16,1%, сауда – 16,3%, ауыл шаруашылығы – 1,2%, құрылыс – 5,9%, көлік салаларын дамытуға – 2,4% берілген.

Облыс банктеріндегі халық салымының көлемі 106,6 млрд. теңгені, немесе 2012 жылдың сәйкес кезеңіне 27,8% артқан. Халық салымдарының басым бөлігі (73,3%) ұлттық валютада.



Бағалар. 2013 жылдың қазанында облыста тұтыну бағаларының индексі 2012 жылдың желтоқсанына 103,3% құрады. Азық-түлік тауарлары – 2,7%, азық-түлік емес тауарлары – 2,6%, ақылы қызметтер – 4,8%-ға қымбаттады.

Нарықта тамақ өнімдерінде баға өсімі жұмыртқаға – 12,5%, ет консервілеріне – 3,6%, сүзбеге – 2,2%, консервіленген немесе қайта өңделген көкөністерге – 2,1%, шарапқа – 1,7%, макарон өнімдеріне – 1,6%, консервіленген немесе қайта өңделген балыққа – 0,8% байқалды.

Азық-түлік емес тауарлардан жуу және тазалау құралдары-ның бағасы – 1,7%, жеке күтімге арналған жабдықтар – 0,7%, фармацевтикалық өнімдер, киім және аяқ киімдер – 0,4% ға көтерілді. Жеке көлік үшін жанар-жағар май құралдары 3,7%, оның ішінде АИ-92 бензині – 7,2%, АИ-96 – 4,1%, дизельдік отын – 3,4%, АИ-80 бензині - 1% қымбаттады.

Ақылы қызмет көрсету саласында салттық қызметтің бағасы – 14,8%, монша және сауна – 6,7%, аяқ киім жөндеу – 5%, санатории – 4,6%, теміржол көлігі – 2,6%, емхана қызметі – 0,7% көтерілді.



Халықты әлеуметтік қорғау. Жыл басына аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 6432 адамды құраса, 1 қарашаға олардың саны 38,2% кеміп, 3978 адамды немесе облыс халқының 0,1% құрады.

    • 7307 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9913 адамға кем.

  • 18 жасқа дейінгі 245,5 мың балаға жәрдемақы төленді, немесе 25,2 мың балаға артты.

  • Тұрғын үй көмегі 7645 отбасыға көрсетілді, немесе 794 отбасыға кеміді.

Демография. 2013 жылдың 1 қазанына облыс халқының саны 2721,7 мың адамды құрады, (2012 жылдың 1 қазанына – 2667,0 мың адам) оның 1065,3 мыңы қала халқы (39,1%), 1656,4 мыңы – ауыл халқы (60,9%).

Жұмыспен қамту. 2013 жылдың IІІ тоқсанында облыста экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 1256,2 мың адамды, жұмыссыздар – 69,7 мың адамды, жалпы жұмыссыздық деңгейі – 5,5% құрады.

Ағымдағы жылдың 1 қарашасына жұмысқа орналастыруға өтініш білдірген 59917 жұмыссыздың – 48804-і, немесе 81,5% жұмысқа орналастырылды. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 8930 ресми тіркелген жұмыссыз тартылды.

Сонымен қатар, 22328 жаңа жұмыс орны, оның ішінде 20057 тұрақты жұмыс орны ашылды.

Халықтың табысы. 2013 жылдың қыркүйекте облыс халқының орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 35001 теңгені құрап, 2012 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 5,1%-ға артты. Нақты ақшалай табысының индексі 99,7% құрады.

Денсаулық сақтау. 69 нысанның құрылысы мен қайта құру жұмыстарына бюджеттен 10830,8 млн.теңге қарастырылды.

Бюджет қаржысы есебінен 38 нысанның күрделі жөндеу жұмыстарына 3930,9 млн. теңге, 14 нысанның ЖСҚ әзірлеу үшін – 25,5 млн. теңге қаралған.

Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында, республикалық бюджеттен – 1007,7 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 4595,9 млн. теңге, оның ішінде 73,3 млн. теңгесі 3 медициналық колледжге қарастырылған.

Сала желісі 919 мемлекеттік мекемелерден құралады, оның ішінде: 106 – аурухана, 266 – амбулаторлы-емханалық мекеме, 244 – медициналық пункт, 286 – фельдшерлік-амбулаториялық пункт, 17– басқалар.



Білім беру. Облыста 122,5 мың тәрбиеленушісі бар 1178 мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелері жұмыс істейді, оның 619-ы балабақша, 559-ы шағын орталықтар.

Балалардың мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі (1 жастан 6 жасқа дейін) – 35,1%, «Балапан» бағдарламасы (3 жастан 6 жасқа дейін) бойынша – 61,5% құрады.

2012-2013 оқу жылында жалпы білім беру мектептері мен мектеп-интернаттарының саны – 1040 (о.і. 14 коррекциялық мектеп), ондағы оқушылар саны – 538,2 мың адамды, оның ішінде жекеменшік мектептер саны – 7, ондағы оқушылар саны – 1,7 мыңды құрады.

Облыста жалпы орта білім беретін 1019 мектеп толығымен байланыс және Интернет жүйелеріне қосылған, оның ішінде 829 – ауыл мектептері. Мектептер 44,7 мың бірлік компьютерлік техникамен жабдықталған, немесе бір компьютерге 12 оқушыдан келеді (2012 жылдың сәйкес кезеңіне орта есеппен 17 оқушы).

Спутниктік оқу телеарналары арқылы қашықтықтан оқыту жүйесіне 356 мектеп қосылған. Облыс мектептері 671 мультимедиялық-лингафондық кабинеттермен жабдықталған және 380 мектепке 1434 интерактивті тақталар орнатылған.

Орта білімді мамандар даярлаумен 94 колледж (оның ішінде 44 – мемлекеттік) жұмыс істейді, жалпы контингенті 75,6 мың оқушыны (мемлекеттік – 41,6 мың оқушы) құрады.



Облыста жоғары білікті мамандар даярлаумен 12 жоғарғы оқу орны (оның ішінде 4 – мемлекеттік) айналысады. Оларда 77,8 мың студенттер, оның ішінде 30,2 мың студент – мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында оқиды.

Мәдениет. Облыста 745 мәдениет және өнер мекемелері қызмет етеді. Оның ішінде: 435 кiтапхана, 13 – мұражай, 267 – клубтық мекеме (мәдениет үйлерi, клубтар, автоклубтар), 8 – театр, 11 – демалыс саябағы, 1 - цирк және т.б. халыққа мәдени қызмет көрсетуде.

Спорт. Облыста 4764 – спорт ғимараттары, оның ішінде 23 – стадион, 3516 – жазық-алаңшалық ғимараттар халықтың, оның ішінде оқитын жастардың арасында көпшілік спорттық-сауықтыру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың саны 455,6 мың адамды немесе облыс халқының 16,8% құрады.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет