Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы



бет13/24
Дата09.03.2016
өлшемі3.73 Mb.
#47011
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24

Бұқаралық ақпарат құралдары

Облыста 2012 жылы - 433, 2014 жылы - 240 БАҚ тіркелген, оның ішінде әрекет етіп тұрған – 194, оның ішінде 2012 жылы - 181 немесе 93 %, 2014 жылы - 220 немесе 91,6 % - баспа басылымдар (2012 ж. 170-газет, 11-журнал, 2014 ж. 182-газет, 38-журнал), электрондық БАҚ – 2012 ж. 13 немесе 7 %, 2014 ж. 20 немесе 8,3 % (2012 ж. 8, 2014 жылы 10 телекенал, 3 радио, 2 кабелдік теледидардың операторлары, 2014 жылы 7 – интернет ресурс).

Тематикалық бағыт бойынша ақпараттық бағыттағы БАҚ үлесі жоғары –2012 жылы 41,9%, 2014 жылы - 46,7 %, қоғамдық саяси бағытта 2012 жылы 22,6%, 2014 жылы - 53,3 %. 90% мемлекеттік емес БАҚ.

Басылымдардың және телевизиялық бағдарламалардың сапасы және деңгейінің жоғарылағаны байқалады.

Интернет сайты бар БАҚ саны өсуде.

Басылымдардың тираждары да өсуде (қоғамдық саяси бағыттағы басылымдардың саны 5 мыңнан 36 мың экземплярға дейін барады).

«Қазтелерадио» инфрақұрылымы облыс аймағын «Хабар»-92,7 %, «Қазақстан» - 98,9 %, «Евразия» -78 %, «Қазақстан-Шымкент» -78,6 % қамтиды.

Кабелдік теледидарда кең тараған, қазіргі таңда ол 2 операторлармен ұсынылған.

2012 жылдан бастап облыс көлемінде жұмыс жүргізіп жатқан бұқаралық ақпарат құралдарының саны 235. Оның 95 % баспа (192-і газет, 31-і журнал) 5 % электронды БАҚ (9-ы телеарна, 3-уі радио, 4 кабельді оператор).
Спорт

Облыс көлемінде 2009 жылы - 61 мемлекеттік спорт мекемелері қызмет атқаруда, оның ішінде 35 БЖСМ, 17 ОРДБЖСМ, 2 ЖСШМ, Б.Саттарханов атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернаты, 4 МКҚК және «Ордабасы» кәсіби футбол командасы» акционерлік қоғамы жұмыстар жүргізуде.

2013 жылы облыста 76 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемелері мен кәсіпорындары жұмыс атқарды. Оның ішінде: 18 облыстық, 48 қалалық және аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері мен 8 облыстық және 1 аудандық мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындары мен 1 акционерлік қоғамы.

2014 жылы облыста 80 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемелері мен кәсіпорындары жұмыс атқаруда. Оның ішінде: 18 облыстық, 52 қалалық және аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері мен 8 облыстық және 1 аудандық мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мен 1 акционерлік қоғам «Мамандандырылған футбол клубы «Ордабасы» жұмыс атқаруда.

2009 жылы облыс көлемінде спорт нысандарының жалпы саны - 3529 бірлікті құрап, оның ішінде 21 стадион, 1 спорт сарайы, 1 оқу-жаттығу орталығы, 27 спорт кешені, 18 жүзу бассейні оның ішінде, 2 жабық бассейн, 16 ашық бассейін жұмыс жасайды. Ал, облыстың ауыл-аймақтарында барлық спорт нысандарының саны 2772 бірлікті құрап отыр.

2013 жылдың қорытындысымен облыс көлемінде спорт нысандарының жалпы саны - 4932 бірлік тіркелген. Оның ішінде: 27 - жүзу бассейні, спорт залдары – 846, спорттық манеждер – 11, ашық ату тирі – 203, қарапайым спорт алаңдары – 3608, ипподром – 2, хоккей корттары – 1, ату алаңы – 1, теннис корттары – 34 және ыңғайластырылған залдар -137.

2014 жылдың қорытындысымен облыс көлемінде спорт нысандарының жалпы саны - 5023 бірлік тіркелген. Оның ішінде: 28 - жүзу бассейні, спорт залдары – 879, спорттық манеждер – 12, ашық ату тирі – 204, қарапайым спорт алаңдары – 3656, ипподром – 3, хоккей корттары – 1, ату алаңы – 1, теннис корттары – 34 және ыңғайластырылған залдар - 140.

Облыс бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатындардың 2009 жылы жалпы саны 176 837 адам немесе жалпы тұрғындардың 9,9% құрады. 2012 жылдың қорытындысымен 427 602 мың адам 16 %-ға жетсе, 2013 жылы 488321 мың адам 18 %-ға дене шынықтыру және спортпен шұғылданған, 2014 жылдың қорытындысы бойынша жалпы шұғылданушылар саны 556133 адамды құрап, 20% жетіп отыр.

Облыстың спорт мектептерінде спортпен айналысушылар спорттың 49 түрімен шұғылданады, оның ішінде 27 олимпиадалық спорт түрімен 28 212 адам шұғылданады, ал, олимпиядалық емес спорт түрімен 7 610 адам шұғылданады. Облыс бойынша 2013 жылы спорттың 58 түрі дамуда: 35 - олимпиадалық, олимпиядалық емес – 23.

Спорт түрлерінен облысымыздың 638 спортшысы Қазақстан Республикасының ұлттық командасының құрамына еніп, оның ішінде: 254 – ересектер, 201 - жастар, 183 - жасөспірімдер құрамасына енген. 924 спортшы 1-ші санатты, 1126 спорт шеберіне үміткерлер, 110 – спорт шеберлері, 20 халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.

Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктерінде 2009 жылы облыс спортшылары 259 алтын, 224 күміс және 269 қола медаль жеңіп алған (2008 жылы, 247 алтын, 208 күміс және 271 қола медаль).

2009 жылы Азия чемпионаттары мен біріншіліктерінде облыс спортшылары 55 алтын, 24 күміс және 27 қола медаль жеңіп алды (2008 жылы, 51 алтын, 23 күміс және 26 қола медаль).

2012 жылы облыс спортшылары спорттың 52 түрі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, барлығы 1086 медаль жеңіп алған. Оның ішінде: 367 алтын, 348 күміс, 310 қола медальдарына қол жеткізді.

2013 жылдың қортындысымен Азия чемпионаттарында облыс спортшылары, 34–алтын, 20 – күміс және 23 – қола медальге қол жеткізді (2012 жылы 13 алтын,7 күміс, 10 қола) осы уақыт арасында өткен Әлем чемпионаттарында облыс спортшылары, 9 - алтын, 9 - күміс және 13- қола медальге ие болды.(2012 жылы 15 алтын, 4 күміс,12 қола).

Сонымен қатар, Азия чемпионаттарында облыс спортшылары 13 алтын, 7 күміс және 10 қола медальге, Әлем чемпионаттары мен Кубоктарында 15 алтын, 4 күміс және 12 қола медальге ие болды.

2013 жылы 713 медальге қол жеткізіп отыр. Оның ішінде: Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктерінде 221 алтын, 213 күміс, 228 қола, Азия чемпионаттарында облыс спортшылары 19 алтын, 11 күміс және 13 қола медальге, Әлем чемпионаттары мен Кубоктарында 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медальге ие болып отыр. Облыс спортшылары 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 26 медальге көбейген.

2014 жылы облыстың спорт мектептерінде спорттың 59 түрімен 52848 спортшы шұғылданады. 2014 жылы Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктерінде 388 алтын, 374 күміс, 337 қола, Азия чемпионаттарында облыс спортшылары 37 алтын, 24 күміс және 27 қола медальге, Әлем чемпионаттары мен Кубоктарында 13 алтын, 9 күміс және 13 қола медальге ие болып отыр. 2011 жылмен салыстырғанда 2014 жылы 12643 спортшыға көбейді.

Жалпы әлеуметтік саланың негізгі проблемалары:

- облыс ауыл тұрғындарының қалаға көшуі;

- орта кәсіптік білім беру мекемелеріне мұғалімдердің жетіспеушілігі;

- дәрiгерлiк қызыметкерлердің бiлiктiлiк деңгейiнің жеткiлiксiздігі;

- медицина мекемелерiндще құрал- жабдықтардың жеткiлiксiздігі;

- Шымкент қаласында нәрестелiк өлiм-жiтiмнiң көрсеткiштерiнiң өсуi;

- халықтың мәдени белсенділігінң жеткіліксіздігі;

- әлеуметтік салада бюджет қаражатын қолдану тиімділігінің төмендігі.
2.2.3. Инфрақұрылым кешені

Құрылыс

Облыс бойынша құрылыс жұмыстарының (қызмет көрсету) көлемі 2009 жылы 124114,8 млн.теңгені құрады, 2003 жыл деңгейінен 19 есеге өскен. Бұл көрсеткіш 2012 жылы 170 648 млн.теңгені құрады, 2011 жылмен салыстырғанда 121,8 % -ды құраса, 2013 жылы 179 654,7 млн.теңге, 2012 жылмен салыстырғанда 100,9 % -ды құрады. 2014 жылы 120077,4 млн.теңге, 2013 жылмен салыстырғанда 102,3 % жоғарғы көрсеткішті құраған.

Құрылыс жұмыстарының көлемінің өсуі Созақ (2,2 есеге), Төлеби (1,9 есеге), Отырар (1,3 есеге), Шардара (1,5 есеге), 2013 жылы Созақ (110 %), Шардара (110 %), Түлкібас (103 %) аудандарында байқалуда.

2014 жылдың қорытындысымен құрылыс жұмыстарының көлемінің өсуі (ҚЖК өсуі) 187614,9 млн. теңгені құрап, ҚЖФКИ 2013 жылмен салыстырғанда 99,3 % -ды құрады. ҚЖК төмен болуы инфляция деңгейінің (105,2%) өсуімен байланысты.

Облыстағы құрылыс қызметін 2009 жылы - 1416 ұйым, 2013 жылы - 538 ұйым (2003 жылы 266 ұйым) іске асырған, құрылыс саласында 9,4 мың адам, 2013 жылы 21 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылған, орташа айлық жалақы 2003 жылмен салыстырғанда екі есеге өскен. Облыста 5180 оқушыға арналған жалпы білім беру мекемелері, 5216 мың шаршы метр тұрғын үй, 2013 жылы облыста барлығы 402,7 мың шаршы метр тұрғын үй ғимараттары, соның ішінде 103,6 мың шаршы метр мемлекеттік меншіктегісі, 266,1 мың шаршы метрі жеке тұрғын үйлер және 33 мың шаршы метрі коммерциялық тұрғын үйлер қолданысқа берілген.

2014 жылы барлығы 405,027 мың шаршы метр тұрғын үй ғимараттары, соның ішінде 41,711 мың шаршы метрі мемлекеттік бюджет есебінен, 323,657 мың шаршы метрі жеке тұрғын үйлер, 31,095 мың шаршы метрі коммерциялық тұрғын үйлер және 8,564 мың шаршы метрі басқа көздер арқылы тұрғын үйлер қолданысқа берілді.

2014 жылы тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға тапсыру жоспары 457,3 мың шаршы метр, 2014 жылдың қорытындысымен 405,027 мың шаршы метрді құрап отыр (-52,273 мың шаршы метр).

Себебі, «ҚИК» АҚ арқылы 2014 жылы жоспарланған уақытында 15 тұрғын үй ғимараты (56,2 мың ш.м., 1080 пәтер) пайдалануға тапсырылмады.

Аумақтық-әкімшілік бөліктерде құрылыстардың негізгі көлемі Шымкент қаласында жүргізілген (47,5 %). Құрылыс жүргізу көлемі бойынша екінші орын Арыс қаласының (17,7%), 2013 жылы екінші орын Түркістан қаласының (12,1 %), үшінші орын Сайрам ауданының (12 %) еншісіне түсті. Ал қалған 12 аумақтық-әкімшілік бөліктер еншісіне құрылыс көлемінің барлығы 49 % түсті. 2014 жылы құрылыстың негізгі көлемі Шымкент қаласында жүргізілген (37,5%), Сайрам ауданы (8,3%), Түркістанда (7,8%), Созақ ауданында (7,8%).

2009 жылы облыстағы барлық құрылыс инвестицияларының 46,1 % үлесі Шымкент қаласына тиген. Құрылыстағы инвестициялық үлесі бойынша екінші орында 12,6 % үлесімен Арыс қаласы болды. Ал, Бәйдібек ауданының құрылыс инвеcтициясындағы үлесі тек 1,2 % құрады.

2013 жылы меншікті нысан бойынша тұрғын үй құрылысына жұмсалған инвестициялар көлемі 15 641,6 млн. теңгені құрады. Аудандар мен қалалар бөлінісінде инвестициялардың Шымкент, Түркістан қалаларының және Созақ ауданының үлесіне тиеді. Шымкент қаласында тұрғын үй құрылысына 6 867,1 млн. теңге, Түркістан қаласында 1 294,8 млн. теңге және Созақ ауданында 1 627,6 млн. теңге инвестициялар салынды. Облыстағы құрылыс дамуының маңызды көрсеткіші толық және әкімшілік-аумақтық бөліктердегі тұрғын үйлерді пайдалануға беру болып табылады.

2014 жылы тұрғын үй құрылысына жұмсалған инвестиция көлемі 26120,5 млн. теңгені құрады. Аудандар мен қалалар кесіндісінде Шымкент қаласы бойынша 15 967 млн. теңге, Түркістан қаласында – 1 821,1 млн. теңге, Созақ ауданында – 1 167,8 млн. теңге инвестиция салынды.

2003 - 2009 жылдар аралығында тұрғын үйлерді пайдалануға беру 94 %, 2011-2013 жылдар аралығында 176 %-ға өскен, 2011 жылы - 609,3 мың, 2013 жылы - 174 мың шаршы метрді құраған.

Облыстағы құрылысты жүргізудің әркелкілігі сондай-ақ аумақтық-әкімшілік бөліктерде де байқалуда. Егер Шымкент қаласындағы тұрғын үйлерді пайдануға енгізу 2003 жыл мен 2009 жыл аралығында 47 %, Сарыағаш ауданында бұл көрсеткіш 2,3 есеге, Арыс қаласында 1,9 есеге, Ордабасы ауданында шамамен 0,9 есеге төмендеген. Созақ және Төлеби аудандарында тұрғын үйлерді пайланауға енгізу 2 есеге, Кентау қаласында шамамен 1,8 есеге, ал, 2013 жылы Түркістан қаласында 4 есеге, Арыс қаласында 54 %, Бәйдібек ауданында 74 % өскен.

2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы облыс бойынша тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға тапсыру 100,6%-ы, Шымкент қаласы бойынша - 101,8%-ды, Арыс қаласы бойынша-101,2%-ды, Түркістан қаласы бойынша - 128,4%, Қазығұрт ауданы бойынша – 117,1% құрады.

Құрылыс саласында негізгі проблемалары:


  • құрылыс материалдарын өндіретін өнідірістер жабдықталуының техникалық деңгейінің төмендігі:

  • өндірісті техникалық жағынан қайта жарақтандыру мен жаңарту үшін құрылыс кәсіпорындарының айналым қаражаттарының жеткіліксіздігі;

  • өнімдерді өндірудің өзіндік құнының жоғарылығы;

  • нормативті-ақпараттық қамтамасыз ету дамуының әлсіздігі:

  • импортты алмастырғыш пен экспортқа бағытталған жаңа өндірісті дамытуға инвестициялардың жетіспеушілігі;

  • инженерлік құрамдағы және жұмысшы мамндардың білікті кадрларының жетіспеушілігі;

  • құрылыс материалдарына маусымдық сұраныс;

  • саланың материалдық-техникалық базасының деңгейі заманауи талаптарға сәйкес келмейтіндігі, басым кәсіпорындардың негізгі қорының тозуы 60-70 пайызды құрайтындығы;

  • ескірген технология, экологиялық талаптарды сақтамай, энергия қуатын жоғары деңгейде пайдаланатындығы;

  • құрылыс материалдары өндірісіндегі өнімдердің жекелеген түрлерінің бәсекеге қабілетсіздігі;

  • мемлекеттік сатып алу жөніндегі тендерлердің бұлыңғырлығы болып табылады.


Проблемаларды шешу жолдары:

- ТМД елдерінде құрылыста кеңінен қолденылатын сұйық резіңке (изоляциялық материал), жылуизоляциялық және конструкциялы-жылуизоляциялық арасы қуыс «Гростек» материалын, жылу сақтайтын гранула түріндегі «Гростек» төсегіш материалын, «Пенетрон» құрғақ құрылыс қоспасын, «Изолат» изоляциялық материалын, «Сэндвич-үйлер» (каркасты үйлер) және алынбас қалып (опалубка) және т.б. жаңа материалдар мен технологияларды құрылыс саласында қолдану;

- қаланың өндірісті-коммуналды аумақтарында шағын кәсіпкерліктің өндірісті бағыттағы нысандарын орналастыру үшін мамандандырылған аумақтар бөлу;

- заманауи сәулетті-эстетикалық, технологиялық және функционалдық талаптарға жауап беретін, мамандандырылған аумақтарды кешенді жобалауды қамтамасыз ету;

- нысандардың жаңа түрлерін, соның ішінде көпфункционалды іскерлік орталықтарды жобалауды және құрылысын салуды тәжірибеге ендіру.


Электроэнергетика

Электрэнергетика облыс экономикасының базалық саласы болып табылады. Энергияның ішкі көздері аймақтың электроэнергиясына деген жалпы тапшылығының 45 %-47 % қамтамасыз етеді.



Электр және жылу энергиясын өндірудің динамикасы

Атауы

Өлшем бірлігі


2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.


2014 ж

2014 ж

2010 ж.%

Электр энергия

млрд. кВт. Сағ.

1,32

1,38

1,23

1,34

85,4

Жылу энергия

млн. Гкал

1,2

1,4

1,5

128,3

128,3

Өнеркәсіп өндірісінің жылдан жылға артуымен экономиканың нақты секторының және облыс тұрғындарының электр энергиясына қажеттілігін толығымен қанағаттандыруда. Стансалар өндіретін электр энергияның көлемі келесі таблицада көрсетілген.



Стансалар өндіретін электр энергияның көлемі


Электрстанциялар


2008 жылы

2009 жылы

2010 жылы

2011 жылы

2012 жылы

2013 жылы

2014 жылы

Өсуі, %

«Шардара СЭС» АҚ


627,5

627,5

670,5

495,7

569,3

464,5

565,1

82,1

«3-Энергоорталық» АҚ

683,3

753,4

867,9

824,4

804,8

741,7

755,2

98,2

«Келесгидрострой» АҚ

4,8

4,8

3,2

3,2

5,0

5,2

5,2

100

Барлығы:

1315,6

1385,7

1541,6

1323,3

1 379,1

1211,4

1325,58

91,3

Әр түрлі иеліктегі 3 электр стансасында электр энергиясы өндіріледі.



Оңтүстік Қазақстан облысындағы электр стансалар


Электрстансалар

Белгіленген қуаты

«Шардара СЭС» АҚ

100

«3-Энергоорталық» АҚ

160

«Келесгидрострой» АҚ

1,32

Барлығы:

261,32


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет