Ағынды сулардың түрлері - Тұрмыстық ағынды сулар;
- Жаңбырлы ағынды сулар;
3) Өнеркәсіптік ағынды сулар: Ағынды суларды механикалық әдіспен тазарту МЕХАНИКАЛЫҚ ӘДІС Суды механикалық жолмен тазарту әдісі - ластанған сулардан арнайы құралдардың көмегімен ерімейтін зиянды қосындыларды бөлуге бағытталған.. Бұл әдіспен ластанған судың 60%, өндірістік қалдық сулардың - 95%-ке дейін ерімейтін қосындылардан айыруға болады. Механикалық тазарту әдісі екі жолмен жүзеге асады: перколяция және фильтрация. Механикалық тазалаудың қандай түрін қолдану су құрамындағы қоспалардың қасиеттеріне және оларды шығару толықтығына байланысты. Іркінді суларды сүзу әр қилы торларда жүргізіледі. Механикалық тазалаудың қандай түрін қолдану су құрамындағы қоспалардың қасиеттеріне және оларды шығару толықтығына байланысты. Іркінді суларды сүзу әр қилы торларда жүргізіледі.
Барабанды торлар – олар металлды сүзгі торымен қапталған үздіксіз айналып тұрушы барабан. Олардың ұяларының өлшемдері 0,5 х 0,8 мм, осы барабанның 4/5 суға батып тұратындай орнатылады. Тазаланатын су барабанның ішіне түсіп тор элементтері арқылы сүзіліп камераға шығады.
Тұндыру. Өндірістік іркінді судағы ерімеген қоспалардан тазарту үшін горизонтальды және радиальды тұндырғыштарды қолданады. Іркінді судағы, бетіне қалқып шығушы, қоспалардан тазалау үшін арнайы тағайындалған тұндырғыштарды қолданады: мұнай ұстағыштарды, май ұстағыштарды, шайыр ұстағыштарды. Тұндырғыштардағы секциалардың саны екіден кем болмау керек.
Майды ұстау. Майларды су қоймаларына жіберуге рұқсат етілмейді, себебі олар су бетін жұқа қабықпен қаптап, ауадан суға оттегінің өтуін қиындатып, өзіндік тазалану процессін нашарлатады. Сондықтан асханалардың, ет комбинаттардың, май зауыттарының, жүнді бастапқы өңдеу фабрикаларының іркінді сулары алдымен май ұстағыштардан өтуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |