8. Бақылау: Тақырып бойынша реферат, презентацияның, тестілік тапсырмалардың, глоссарийдің болуы.
Тапсырма № 11
1. Тақырыбы: Кеуде қуысы ағзаларының және қабырғаларының веналары. Лимфа тамырлары, түйіндері. Кеуде қуысы ағзаларының және қабырғаларының нервтенуі.
Анатомияның зерттеу тәсілдері.
2. Мақсаты: Кеуде, құрсақ және жамбас қуыстары ағзаларының нервтенуiн зерттеу. Қолдың және аяқтың артерияларының, веналарының және лимфа тамырларының құрылысын зерттеу.
3. Тапсырма:
Кезбе нерв, ядролары, мидан және бастан шығатын жерлерi.
Кезбе нервтiң бас бөлiгi.
Вегетативтiк нерв жүйесiнiң орталық және шеткi бөлiктерi
Симпатикалық нерв жүйесiнiң парасимпатикалықтан айырмашылықтары
Құрсақ өрiмi, жұп және тақ өрiмдер
Симпатикалық нерв жүйесiнiң жамбас бөлiгi, өрiмдер, тармақтар
4. Орындау түрі: Реферат, презентация, тест тапсырмаларды құрастыру, тақырып бойынша глоссарий.
5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері:
СӨЖ критерилерінің орындауы:
Реферат – А4 форматындағы, 14 TNR шрифтімен жазылған 10-12 беттен тұратын тақырыптың мазмұны немесе қысқаша баяндау. Құрылымы дәстүрлі: титул парағы, кіріспе, негізгі бөлім, тұжырымдар, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Презентация – ақпаратты әртүрлі техникалық құралдармен және оларсыз беру үлгілері. Ереже бойынша тың идеялар, жобалар, жұмыс түрлері және т.б. ұсынылады. Оған көркемдеу және біртұтас графикалық стильдегі мәтіндер беріледі.
Тестілік тапсырмалар – құрастыру кезінде 15 тесттен кем болмауы тиіс, 5 берілген дұрыс жауаптан біреуін дұрыс таңдауы.
Глоссарий – таблица түрінде келетін, берілген тақырып бойынша терминдер мен ұғымдардың сөздігі.
Достарыңызбен бөлісу: |