ОҚу -әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар семей



бет4/7
Дата05.07.2016
өлшемі1.17 Mb.
#179325
1   2   3   4   5   6   7

Пайдаланылған әдебиеттер:

1 Бердалиев К.Б. Қазақстан экономикасын басқару негіздері: оқу

құралы.- Алматы: Экономика, 2001. – 107-109 бет;

2 Галиева Д.Т. Кадровая политика Национального Банка Казахстана

//Банки Казахстана. - №2.– 2004. – 20-23 с;

3 Банковское дело /под ред. Г.С.Сейткасимова. – Алматы. – Қаржы-

Қаражат. – 1998. – 499 с;

4 Управление деятельностью коммерческого банка (банковский

менеджмент) /под ред. О.И.Лаврушина. – Москва:Юристъ, 2006. – 688 с;

5 Саханова А.Н., Исингарина Ж.С. Стратегическое управление в

банковской деятельности // Банки Казахстана. - №1 – 2003. – 27-29 с;

6 Алавердов А.Р. Роль и место управления персоналом в системе

банковского менеджмента //Банковское дело, №10. – 2005. – 20-25 с;

7 Уилсон Д.С., Дафт Л.Р. Управленческий менеджмент. – Санкт-

Питербург: Питер, 2002. – 221 с;

8 Старобинский Э.Е. Кадровая политика зарубежом //Управление

персоналом, №10. – 2000. – 35-38 с;

9 Статистический ежегодник Казахстана: статистический сборник / Под

ред. А.Л. Смаилова. – Алматы: Агентство Республики Казахстан по статистике,

2003. – 466с.

10 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның 2004, 2005, 2006, 2007, 2008

жылдардың жылдық қаржылық есептемелері;

11 «Туран Алем Банкі» АҚ-ның 2004, 2005, 2006, 2007, 2008 жылдардың

жылдық қаржылық есептемелері;

12 «Казкоммерцбанк» АҚ-ның 2004, 2005, 2006, 2007, 2008 жылдардың

жылдық қаржылық есептемелері. 42

Ұсынылған әдебиет:

1. Джаманов А.Х. Основы учебно-исследовательской работы студентов.А.,1989,190с

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі,

Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті


Тақырыбы: Дипломдық жұмысты безендіру және орындау
Мазмұны:

  1. Дипломдық жұмысты мәні мен мақсаты.

  2. Тақырыпты таңдау және дипломдық жұмысты дайындауды ұйымдастыру

  3. Дипломдық жұмысты орындау.

  4. Дипломдық жұмыстың құрылымы мен мазмұны.

  5. Дипломдық жұмысты орындау барысында кесте, сурет, формулаларды рәсімдеу тәртібі.

  6. Диплом жұмысын қорғау.

  7. Қолданылған әдебиет

Дипломдық жұмысты мәні мен мақсаты

Дипломдық жұмыс дегеніміз - бұл кез келген студенттің ғылыми-тәжіребиелік жұмысы, оны оқуды бітіру кезінде жасайсыз. оны қорғау кезінде өз біліміңіз бен деңгейіңізді ұққан біліміңізді ұштарлайсыз.

Біздің тәлімгерлерге арналған сайтта тегін алуға мүмкіндік бар дайын дипломдарды көшіріп алу қызықты творчествалық мүмкіндіктерді пайдаланып, оны бізде жариялап, өз дипломдық жұмыстарыңызға пайдалануға болады.

Дипломдық жұмысты орындау барысында негізгі мақсат:

мамандық бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын жүйелеуге, бекіту мен кеңейтуге және нақты ғылыми, техникалық, әкономикалық, өндірістік, сонымен қатар мәдени мақсаттарды шешуге;

ғылыми зерттеу әдісін меңгеру және өз бетінше жүмыс жүргізе алу мен мәселелерді шешу кезіндегі әксперимент жүргізу дағдыларын дамыту;

студенттің қазіргі заманғы өндіріс, ғылым, техника, мәдениет және кәсіби қрырлылық жағдайындағы дербес жұмысқа дайындығын анықтау;

Диплом жұмысы (жоба) белгілі бір мамандық пен ғылым саласының бір өзекті мәселелесін, зерттеу және дербес ізденіс нәтижелерін қорытындылайды;

Диплом жұмысы ғылыми жетекшінің жетекшілігімен орындалады және мына келесі талаптарға жауап беруі тиіс: ғалымдармен, аналитиктермен, практиктермен, атап айтқанда, инженерлермен, конструкторлармен, менеджерлермен, экономистермен бірге өткізілген зерттеулер мен жобалар шешімдерінің қорытындылануы;

зерттелген обьектілер бойынша ғылыми негізделген теориялық тркырымдардың болуы;

нақты мәселелерді шешуді қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нәтижелердің болуы;

Диплом жұмысын орындау кезінде келесі міндеттер шешіледі:

1) дипломдық жұмыстың теориялық материалдарына талдау жасалып жүйелендіріледі;
2) зерттеу әдісі мен объектісі бөлінеді;

3) тақырыпты зерттеуде статистикалық мәліметтер мен талдау жасауға жинақтар туындайды;

4) ақпараттық жинақтарға талдау жасалады;

5) талдау нәтижесінен шешімдер қабылданады..

Дипломдық жұмысты орындау барысында студент мынандай жағдайларды көрсете білуі керек:

таңдаған тақырыбы бойынша теориялық сұрақтар, проблемалар, барысында білімін көрсету керек;

студент дипломдық жұмысқа дейінгі өткен тәжірибесінде жинаған құжаттары мен өзінің іздену барысында тақырыпқа талдау жасауы керек;

Өндірісте экономикалық басқару барысында студент өз бойынша қорытынды жасап экономикалық дамытуды бағыт бойынша қорытындылай алуы тиіс;ұсынылған іс – шара бойынша әлеуметтік – экономикалық бағалау әдісін қолдануды білу; таңдаған тақырып бойынша теориялық және тәжірибелік мәнін білімді орналастыру;

Дипломдық жұмысқа қойылатын жалпы талаптар:мақсаттың бағыттылығы;нақты құрастыру;материалдың логикалық үйлесімділгі;зерттеу тереңдігі және сұрақтың толық қамтылуы;аргументтердің дәлелді болуы;мағлұматтардың қысқа және анық болуы;жұмыс нәтижесін баяндаудың нақтылығы; ұсыныстардың дәлелді және негізді болуы сауатты рәсімдеу.

Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы. Аталған талап күндізгі бөлімдегі студенттерге қойылған дипломға дейінгі тәжірибе барысында нақты материлдарды жинау үшін, ал сыртқы бөлімнің студенттеріне жұмыс істеуіне байланысты кафедра меңгерушісінің келісімімен интернет ресурсындағы құжаттан алып және тағы басқа ақпараттарды пайдалануға болады.

Жаңа тәсілдерді пайдалану. Дипломдық жұмысты жазу барысында студент мамандық бойынша теория және тәжірибе барысыныда өз білімін тереңдетеді. Сол себептен студент жұмысты орындау барысында міндетті түрде отандық және шетел әдебиеттерін сонымен қатар статистикалық мәліметтерге жүгіну керек.

Кешенді жүйелік тұрғыдан қарастыру. Дипломдық жұмыс бойынша тапсырманы орындағаннан кейін, жұмыстың объетісімен танысып, оның кешенді жүйесін пайдаланып, теориялық жағынан суреттеп оның қиын объектісінің механизмін толық қамтамасыз ету керек.

Жұмыста жүйелік кешен бойынша туындаған сұрақттарға терең талдау жасап нақты экономикалық техникалық және өндірістік тапсырмаларды шешуге бағыттау керек. Студенттің ұсынысы мен қосымша құжаттары дипломдық жұмыстың экономикалық бағалау мен әлеуметтік маңызыды кұрсеткіші болып табылады.

Шығармашылық элементтердің болуы. Дипломдық жұмыс шығармашылық жұмыс болып есептеледі сондықтан ол ғылыми іздену элементтерінен тұрады. Онда студенттің өз бетінше шығармашылық ойлау қабілеті, пайдаланылатын құқықтық нормалық актілерді жаңа әдістемелер есебі бойынша қолдана алуы көрсетіледі. Егер студент Университет қабырғасында ғылыми жұмыстарға араласып статьялар жазып жүрсе, онда ол дипломдық жұмысты орындау барысында өзінің ой өрісінің терең екенін көрсете алады.

Жұмыстың көлемі мазмұны және безендірілуніңі талапқа сай болуы. Жүргізілген зерттеудің соңғы безендірілуі берілген талапқа сай болуы тиіс.

Дипломдық жұмысты орындау төмендегі кезеңге сай болуы керек:

тақырыпты таңдап, оны бекіту;

жұмыстың жоспарын күнтізбелік кесте бойынша орындау;

теориалық құжаттар мен статистикалық мәліметтер мен техникалық технологиялық құжаттар жиынтығы;

тәжірибе құжаттары мен талдау жиынтығын дайындау;

жұмысты безендіру;

ғылыми жетекшіден дипломдық жұмысқа пікір алу;

жазылған жұмысқа рецензия алу;

жұмысты кафедраға көрсетіп қорғауға рұқсат алу;

жұмысты қорғауға дайындық.

2. Тақырыпты таңдау және дипломдық жұмысты дайындауды ұйымдастыру

Дипломдық жұмыстың тақырыбы студенттің мамандығына сәйкес негізгі бірнеше жағдайға сай таңдалуы тиіс.

Тақырыпты таңдаған кезде міндетті түрде төмендегіні басшылыққа алу керек: тақырып мамандыққа сай болуы тиіс; тақырыптың маңыздылығы; жұмысты орындағанда мысалға алған кәсіпорынның құжаттарының құндылығы мен нәтижелілігі; жұмыс барысында нормативтік актілер мен статистикалық мәліметтердің болуы; Дипломдық жұмыстың тақырыбын күндізгі бөлім студенттері тәжірибеге кетудің алдында таңдалады, ал сыртқы бөлім студенттері соңғы сессияның алдында таңдалады;


Егер жұмыс тәжірибе өтетін кәсіпорынның құжаттары негізінде орындалса тақырып сол кәсіпорынның атқаратын қызметіне сай болуы тиіс. Ал сырттай оқу бөлімінің студенттері тақырыпты өз өндіріс қызметіне сай алады.

Егер студенттің өзінің ұсынатын тақырыбы болса, ол теориялық тәжірибелік жағынан маңыздылығы болса кафедра меігерушісінің рұқсатымен сол тақырыпты алуға болады. Ол ұшін студент өз шешімін жазба тұрінде ұсынады.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы және ғылыми жетекшілер кафедра отырысында қаралып және университет ректорының бұйрығымен бекітіледі.

Дипломдық жұмысты орындау барысында кафедра студентке қолайлы жағдайды жасайды.

Студентке міндетті түрде қажет: кеңес беретін ғылыми жетекші; талапқа сай әдістемелік көрсеткіштер; нақты құжаттар алу және өңдеу кезінде көмек көрсету.

Ғылыми жетекші:дипломдық жұмысқа байланысты тапсырма беру; күндізбелік кестені орындауға көмек беру ; тақырып бойынша дұрыс әдебиеттер тізімін беру; бекітілгін кесте бойынша кеңес беру; жұмыстың орындалу жұйесін қадағалап ол жұнінде кафедраға ақпарат беру; жұмыстың орындалуы жөнінде толығымен пікір беру.

Дипломдық жұмысқа берілген сағат бойынша студентті әр тарау бойынша кафедра шақыруға құқық беріледі.

Дипломдық жұмыстың кеңесшісі болып сол Университеттің оқытушылары мен қатар, басқа жоғары оқу орнының оқытушылары мен мамндығы сәйкес келетін ғылыми атағы бар қнеркәсіп мамандары, мемлекеттік орган қызметткерлері де бола алады.

3.Дипломдық жұмысты орындау

Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімі күндізгі бөлім студенті дипломға дейәнгі тәжірибе де жүрген кезінде орындалады. Сонымен қатар студент жауапты:кәсіпорынның экономикалық техникалық процессінің ерекшелігімен танысу; практикалық материалдарды жинап жаттау; соның негізінде талапқа сай қорытынды жасау;

Осы кезде студент:ғылыми жетекші мен бірге студент күнтізбелік жоспар бойынша дипломдық жұмыс барысындағы сұрақтарға жауап береді; жүйелі түрде әдебиеттермен жұмыс жасайды; алғашқы материалдарды жинап талдау жасайды; ғылыми жетекшімен тығыз байланыста болу; әр бөлімді жазып болғаннан кейін ғылыми жетекшіге тексеруге алып келу керек; жіберген қателер бойынша дұрыстап толықтыру керек ; берілген уақыт бойынша ғылыми жетекшіге немесе кафедраға келіп есеп беру керек;.

Тәртіп бойынша дипломдық жұмыстың мәтінін рәсімдеу, диплом алдындағы тәжірибе есебін қорғағаннан кейін орындалады. Сол себептен дипломдық жұмыстың тақырыбы өзгертілмейді, бірақ мазмұнына кейбір өзгерістер енгізу мүмкін. Дипломдық жұмыс қорғауға жіберілуден екі апта бұрын дайын болуы тиіс. Жұмыстың дұрыс және уақытында орындалуына студент жауапты.

4.Дипломдық жұмыстың құрылымы мен мазмұны

Диплом жүмысы (жобасы) компьютер, принтер арқылы А4 форматты ак кағаздың бір жақ бетіне бір интервал (аралық) сақтай отырып орындалады. Шрифт-қалыпты, кегль 14.Диплом жүмысының (жобаның) мәтіні жан-жағынан қалдырылатын ашық орындардың (поля) мына мөлшерлерін сақтай отырып басылуы тиіс: сол жағынан - 30 мм, жоғары жағынан - 20 мм, оң жағынан - 10 мм және төменгі жағынан - 25 мм.Айқындалып назар аударылатын терминдерге, формулаларға, теоремаларға, компьютерлік жағдайлардағы түрлі гарнитурлы шрифтарды пайдалануға рұқсат беріледі.

Диплом жұмысының (жобаның) орындау тәсіліне қарамастан басылған мәтіннің сапасы мен иллюстрациялардың, кестелердің ресімделу ӘЕМБ - дан басып шығарылған кездегі айқындығы талапты қанағаттандыруы тиіс.

Диплом жұмысын (жобаны) әзірлеу барысында көрінген қателер және графикалық дәлсіздіктерді, тазартқышпен немесе ақ бояумен бояу арқылы түзетуге және сол жерге машинамен басылған әдіспен немесе қара сиямен не қара тушпен - қолжазба түрінде түзетуге рүқсат беріледі.

Дипломдық (жоба)жүмыстағы тегі, мекеменің, үйымның, фирманың аттары, өнімнің аталуы және басқа жалқы есімдер атаулары түпнүсқа тіліне келтіріледі.

Диплом жүмысының (жобаның) құрылымдық әлементтерінің атаулары «Мазмүны», «Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілеулер мен қысқартулар», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі», қүрылымдық әлементтерінің басында жазылуы тиіс.Диплом жүмысын (жобаны) бөлімге және бөлімшелерге бөлу қажет. Әрбір бөлім және бөлімше аяқталған ақпараттан түруы қажет.

Бөлімдердің атаулары диплом жүмысының (жобаның) тақырыбын ашып көрсетуі, ал бөлімшелердің атаулары өзі сәйкес бөлімінің тақырыбын ашып көрсетуі тиіс.Бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары олардың мазмүнын нақты және қысқаша дәріптеуі тиіс.Бөлімдер мен бөлімшелердің тақырыптарын абзацтан кейін бас әріппен, аяғында нүкте қоймай, астын сызбай басу қажет.

Егер де атаулар екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөледі.

Диплом жүмысының (жобаның) беттерін араб сандарымен нөмірлеу қажет. Беттің нөмері қағаздың төменгі жағының ортасына нүктесіз қойылады.

Титул беті жалпы беттердің нөмірленуіне қосылады. Титул бетіне нөмір қойылмайды.

Жекелеген беттерге орналастырылған иллюстрациялар және кестелер диплом жұмысы (жобаның) беттерінің жалпы нөмерлеріне косылады.АЗ формат парағындағы иллюстрациялар, кестелер бір бет ретінде есептелінеді.

Диплом жұмысының (жобаның) бөлімдерінің барлық құжаттың өн бойына абзацтан кейін араб сандарымен белгіленіп нүктесіз қойылған реттік саны болуы қажет. Бөлімшелер бөлімдер аясында нөмірленуі қажет. Бөлімшелер нөмірі, нүктемен бөлінген бөлім мен бөлімше нөмірлерінен тұрады. Бөлім нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Бөлімдер екі немесе бірнеше бөлімшеден тұрады.

Диплом жұмысының (жобаның) әр бөлім жаңа парақтан (беттен) басталуы қажет. Бір бөлімнің ішіндегі бөлімшелер бір-бірінен мәтіннен екі жол төмен түсіріліп бөлінеді.Диплом жұмысының (жобаның) беттері және қосымшасы, диплом жұмысының (жоба) құрамына кіретін барлық беттерінде нөмірлері болуы қажет.Диплом жұмысындағы (жобада) иллюстрациялар (сызбалар, карталар, кестелер, схемалар, диаграммалар, түсірілген суреттер) бірінші немесе келесі беттерде екендігі ескертілген мәтіннен кейін орналасуы керек.Иллюстрациялар компьютермен де түрлі-түсті жолмен де орындалуы мүмкін. Барлық иллюстрацияларға сілтемелер болуы қажет.

Диплом жұмысына (жобада) орналасқан сызбалар, кестелер, диаграммалар, схемалар, иллюстрациялар конструкторлық қү-жаттардың бірыңғай жүйесі (БЖКҚ) мемлекеттік стандарттың талаптарына сай болуы тиіс.Қосымшадағы иллюстрациялардан басқа иллюстрациялар араб сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.Егер сурет біреу болса, онда ол «Сурет 1», «Сурет» сөзі және оның аталуы жолдың ортасынан жазылуы тиіс .Иллюстрацияларды бөлімдер шеңберінде (ішінде) нөмірлеуге болады. Мұндай жағдайда иллюстрациялар нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірі мен иллюстрацияның реттік нөмірінен тұрады. Мысалы: Сурет 1.1.Иллюстрациялардың қажет болған жағдайда, атаулары мен қоса түсіндіретін мәліметтері болуы мүмкін сурет астындағы мәтін. Бүл жағдайда былай жазылады: Сурет 1. Банк жүйесінің құрылымы.

Барлық кестелерге диплом жұмысында (жобада) сілтемелер болуы қажет. Сілтеме қоюда «кесте» деп нөмірлері көрсетіліп жазылуы қажет.

Қосымшаға шығарылған кестелерден басқа, кестелер арап сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.

Бөлімдер ішіндегі кестелерді нөмірлеуге рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда кестелер нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірінен және кестенің реттік нөмірінен тұрады.

Кесте жолдары және графа атаулары жекеше турде бас әріппен жазылады, ал графаның тақырыпшалары, егер тақырыпша бір сөйлемнен тұрса, тармақша әріптермен, немесе егер олар дербес мағынаға ие болса, бас әріппен жазылады. Кестенің тақырыбы мен тақырыпшасынан кейін нүкте қойылмайды.

Кестелердің сол жағынан, оң және төменгі жағынан, ережедегідей, сызықпен шектелуі тиіс. Кестелердің шрифт мөлшерін, мәтіндегіден кем алуға рұқсат беріледі.Кестелер бойынша ескерту кестенің аяқталуын білдіретін соңғы устінен жазылады.

Әрбір формулалар және теңдеулердің жоғары және төменгі жағынан бос, бір жолдан кем емес орын қалдыру қажет. Егер теңдеу бір жолға симаса, онда ол теңдеу тендік таңбаларынан кейін (=) немесе қосу белгісінен кейін (+), алу (-), көбейту (х), бөлу (:), немесе математикалық белгілерден кейін көшірілуі тиіс және келесі жолдардың басында таңба тағы қайталанады.Символдар мен сандық коэффиценттердің мағыналарын түсіндіру формулаға сәйкес келтіріліп, формулада берілген бірізділікпен жүргізілу керек.

Диплом жүмысындағы (жобадағы) формулаларды реттік нөмірлермен нөмірлеу барлық жұмыс шегінде дөңес жақшаға алынып, арап сандарымен оң жақ шетте бір жолда қарастырылады.
Мәтіндегі формулалардың реттік нөміріне сілтеме жақшаға алынып жасалады. Мысалы - (1) формулада.Бөлімше шегінде (ішіндегі) формулаларды нөмірлеуге рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда формула нөмірлері нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірлері мен формулалардың реттік нөмірінен тұрады, мысалы (3.1).

Пайдаланған дерек көздеріне сілтемелер квадратты (шаршылы) жақшаға алынады.

Дерек көздері туралы мәлімет диплом жұмысының (жобаның) мәтініндегі дерек көздерінің сілтемелерінің жасалу реті бойынша орналасу керек және абзацтан кейін арап сандарымен нүктесіз нөмірленеді.Қосымшалар осы диплом жүмысының (жобаның) жалғасы ретінде келесі парақтарына рәсімделеді.Диплом жұмысының (жобаның) мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме болуы тиіс. Қосымшалар мәтіндегі сілтемелердің ретіне қарай орналасады.Әрбір қосымша жаңа беттен басталып «Қосымша» сөзі мен атауы беттің жоғарғы жағының ортасында көрсетілуі тиіс.Қосымшаның аты болуы қажет, ол жеке жолға, мәтінге симметриалы түрде бас әріппен жазылады.

Қосымшалардың диплом жұмысының (жобаның) қалған бөлімдерімен басынан басталатын ортақ нөмірлері болуы тиіс.



Дипломдық жұмысты орындау барысында кесте, сурет, формулаларды рәсімдеу тәртібі

Жалпы талап

Дипломдық жұмыс қатты А4 форматта қапталады. Дипломдық жұмыстың көлемі 60 беттен кем және 80 беттен аспауы тиіс. Дипломдық жұмыс компьютер мен теріліп принтермен А4 формада ақ қағаздың бір бетіне бір интервалмен Times New Roma14 шрифт бойынша шығарылады.Дипломдық жұмыс көлемі: оң жағы – 10мм, жоғары – 20мм, сол жағы – 30мм, төменгі жағы – 25мм болуы тиіс. Бөлім ішіндегі бөлімшелер өз арасында екі жолдан кейін бөлініп жазылады.

Кестені тек сөйлемнен кейін ғана орналастыру керек. Барлық кестелерге сілтеме керек. Сілтеме жасауда кесте деп жазылып номер қойылуы керек. Егер кесте келесі бетке жалғасатын болса алдыңғы беттегі кестенің соңы жабылмайды. Келесі бетте жалғасқан кестенің үстінен сол жағында «2-кестенің жалғасы» деп көрсетіледі.

Егер кестенің арасы үзілетін болса міндетті түрде бір бос көз немесе 2 интервал қашықтықта болуы тиіс.

Қолданылғын әдебиеттер тізімі араб санымен және нүктесіз белгіленеді. Әдебиетер тізімін номірлеу азат жолдан басталмайды.

Дайын болған дипломдық жұмыстың алғашқы бетіне студенттің қолы қойылып, ғылыми жетекшіге ұсынылады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы, мазмұны, безендірілуі, талапқа сай орындалуы ғылыми жетекшінің тексеруінен өткізіледі. Ғылыми жетекші дипломдық жұмыстың жазылу барысында оның маңыздылығына, құндылығына және жіберген кемшіліктеріне, жұмысты орындау барысында студенттің студунттің еңбегін бағалау барысында пікір жазады. Егер студент жұмысты орындау барысында күнтізбелік кесте бойынша тапсырманы уақытында орындамаса, керекті қосымшаларды толықтырмаса, дипломдық жұмысқа жауапкершіліксіздікпен қараса, ғылыми жетекші пікір жазғанда қателіктерді көрсетуі тиіс.

Дипломдық жұмыс орындау барысында ол талапқа сай ма әлде сай емес пе, берілген сұрақтарға жауап бере алама жоқ па, оны ғылыми жетекшінің пікірі арқылы белгіленеді. Егерде ғылыми жетекші студенттің жұмысына қанағаттанса, жұмыстың алғашқы бетіне өз қолын қояды.

Егер ғылыми жетекшінің теріс пікірі болса кафедра меңгерушісі туындаған проблемаларды шешу үшін студенттің жұмысын тексеруге жетекші оқытушылар арасынан комиссия мүшесін құрып, қорғауға жіберуге болама жоқпа соған шешім қабылдайды. Сонымен қатар ғылыми жетекші дипломдық жұмысқа өз шешімін яғни пікірін жазуға міндетті.

Қорғауға жіберілген жұмыстың сырты арнайы материалмен мұқаба жасалынып, безендіру жағынан тексеруге жіберіледі. Рицензенттердің тізімі университет ректорының бұйрығымен бекітіледі. ҒІИ мен жоғары оқу орнының және ұйымдар мен кәсіпорындардың мамандары рицензет бола алады. Сонымен қатар студент өндірістік тәжірибеде болған кәсіпорынның мамандары рицензия жаза алады.

Дипломдық жұмысты қорғау

Дипломдық жұмысты қорғауға дейін студент көрнекі пособия, баяндама дайындап сонымен қатар рецензенттің ескертулеріне жауап әзірлейді.

Студент 7-10 минут ішінде жұмысын баяндау қажет.

Жұмысты жариялау кезінде студент назар аудару керек:актуальность темы;жұмысты орындау барысында әдістемелік теориялық база жағдайы; тексеріс жүргізу нәтижесі;кәсіпорында туындаған проблемаларды шешу, жұмысты дамыту барысында атқарылатын жұмыстар жайынды анық қосымша қорытынды; Жұмысты қорғау барысында теориялық жағдайы, нормативтік құжаттар немесе әдебиеттерді қарастыру емес, негізгі мақсат зерттеген жұмыс барысына толығымен тоқталу керек.

Дипломдық жұмысты жариялау кезінде көрнекілік схемалар, слайдттар, диаграмма, кестелер жұмыстың орындалу негізінде формулалар мен қорытынды қосымшалар студентке жеңілдік етеді. Студент дипломдық жұмысын жариялап болғаннан кейін, МАК және қорғауға қатысып отырғандардың сұрақтарына жауап береді.

Ғылыми жетекші мен рецензеттің пікірі тыңдалып, студент рецензенттің ескертулеріне жауап береді.

Мемлекеттік аттестациалық комиссия мүшесі дипломдық жұмыстың қорытынды нәтижесін талқылаудан кейін, бестік бал жүйесі бойынша шығарады.

Мемлекеттік аттестациалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша:дипломдық жұмысты қорғау нәтижесі қаралады;мемлекеттік емтиханды тапсру есебімен бағалау;студентке үздік диплом және квалификациясына сай дипломды ұсынуға шешім қабылдау; ерекше үздік студент, келешек магистратураға тапсыруға ұсынылады.

Қолданылған әдебиеттер:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



3. Тәжірибелік сабақатар

Тәжірибелік сабақтар 1, 2. Ғылыми зерттеуді ұйымдастыру және жоспарлау

Тәжірибелік сабақтың мазмұны:

1. Ғылыми зерттеуді ұйымдастыру.

2. Ғылыми зерттеуді құру схемасы
Сабақтың мақсаты: ғылыми зерттеуді жоспарлау және ұйымдастыруды үйрену.

Ғылым тарихи дамуда қалыптасқан және табиғат, қоғам, ойлау заңдары жүйесінің қоғамдық тәжірибе негізінде үздіксіз дамуы.

Ғылыми пән материяның әртүрлі формадағы қозғалысы және адам санасындағы осы формалардың бейнесі. Ғылым олардың шығу тегімен дамуына дұрыс тсініктеме беріп, құбылыстар арасындағы байланысты ашады. Және адам білімін әлемдегі тәжірибеде қолдану мақсатында толықтырады.

Ғылым техника өндірісте біркелкі жүйе қалыптасады.

Ғылым білімдердің жинақталған жүйесі ретінде анықталады және бірмезгілде білімдерді алуға бағытталған ұйымдасқан жүйе.

Ғылымның жалпы жіктелуі: 3 бөлімнен тұрады:

1 Жаратылыс тану ғылымдары

2 Қоғамдық ғылымдар

3 Философия

Ғылымның басты қызметі мен мақсаты қоршаған әлемді тану болып табылады. Ұрпақтан ұрпаққақалдыру ғылым дамуының заңдылықтары мен басты факторлары.

Ғылымның басқа басты заңдылықтары болып, жаңа ғылымдардың негізі болып табылатын жеке салалардың байланысы.

Ғылымның дифференциациясы мен мамандандырылуында бірізділік байқалады. Және сол уақытта олардың даумынада жағдай туады. Ғылыми техикалық прогресс әрқашан дами бермейді, олардың баяулауы келесідей қалыптардан тұрады: шектелу, ақпарат өте қатты тасқында берілу және ғылыми зерттеудегі асигновацияның жеткіліксіздігі. Ғылымның дамуы мен мақсаттарға жетуі ғылыми зерттеу жолымен яғни ғылыми әдістердің үрдістердің қорытындының әртүрлі факторларға әсер ету көмегімен жүреді. Мақсаты, нақты объекті жан жақты дұрыс анықтау және оның құрылымын сипаттамасын оқыту ғылымдағы өңделген принциптер мен әдістерждің байланысын білу сонымен қатар пайдалы қорытындылар алып, оны өндіріске енгізу болып табылады. Ғылыми зерттеудегі тапсырмаларды орындаудың басты қызметін білудің логикалық әдісі жатады. Ол үрдістер құбылыстардағы ойды және ұсыныстарды өзгертуге және өзгерістердегі шешімдерді қабылдауға мүмкіндік туғызады. Ғылыми зерттеуге берілетін басты талаптардың бірі болып қарастырылатын құбылыс арасындағы байланыс пен тәуелділікті орнатудың мүмкіндігі табылады. Ғылыми зерттеудің сатысы неғұрлым жоғары болса, нәтижесі де соғұрлым терең болады. Ғылыми зерттеу тақырыптарына келесідей талап қатарлары беріледі. Акуалдылығы, экономикалық тиімділігі мен маңызы, енгізудің шындығы, тұрақтылығы мен болашағы.

Ғылыми зерттеудің жоспарының формасы: жеке жоспар- тізімі, мазмұны және жұмыстың орындалу көлемі, осы көрсетілген жұмыстардың барлығының орындалу уақыты.

Жұмыс жоспары-кешендердегі шаралартізімі қабылданған болжамдардың дамуы мен тесерілуі жөніндегі. Ол өз кезегінде сұрақ тарихын, зерттелетін тақырыптың теориялық және тәжірибелік мағынасын қарастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет