Аннотация
Оқу – әдістемелік кешенінде кадрлық менеджмент ұғымы, менеджмент тиімділігі, ұйым түсінігі, ұйымның ішкі және сыртқы ортасы, мотивация туралы толық әрі жан – жақты қарастырылған. Бұл әдістемелік кешенінде кадрларды басқару нысаны, түрлері туралы анықтамалар қамтылған. Сонымен қатар ұйым және ұйымдағы жанжал, оны шешу жолдарына біршама назар аударылған. Нормативтик актілерге және оқулықтарға сүйене отырып толық сипаттама ұсынылған.
Оқу – әдістемелік кешенінде «Кадрлық менеджмент» пәні бойынша дәрістер, терминдер, өзін – өзі бақылау сұрақтары, практикалық сабаққа дайындалуға арналған әдістемелік нұсқаулықтар,бақылауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар берілген. Сонымен қатар оқу – жұмыс бағдарламалары да қамтылған. «Құқықтану» мамандығының күндізгі және сырттай бөлімдері студенттеріне арналған.
Оқу – әдістемелік кешеніне түсіндірме жазба
«Кадрлық менеджмент» пәнінің оқу жұмыс бағдарламасы 0201000 «Құқықтану» мамандығының 0201023 «Кеңесші-заңгер» біліктілігі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.08.2012 ж № 1080 «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес жалпы орта білім базасына жасалды.
Пәнді оқытудағы мақсаты – қазіргі заман менеджмент концепциясын және кадрлармен басқаруды, басқарудың ұйымдық – өкімдік әдістерін,кадр құрамын құру, кадрларды жоспарлау және басқару.
Пәннің бәсекеге қабілетті кадрларды дайындаудағы ролі мен маңызы – басқарудың әдіс – тәсілдерін меңгеруде бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау.
Осы оқу жұмыс бағдарламада «Кадрлық менеджмент» пәнін жүзеге асыру барысында оқытудың келесі түрлері қолданылады: дәрістер, семинарлар, саяхаттар, практикалық сабақтар.
Оқу материалдарының мазмұнының қиындығы мен ерекшелігін ескере отырып, келесі оқыту әдістері ұсынылады: әңгімелесу, пікірсайыс, жағдаяттық есептер шығару, өндірістік жағдаяттарды талдау, рөлдік және іскерлік ойындар, материалдарды таныстыру, шағын топтармен жұмыс істеу.
Танымдық әрекетті ұйымдастыру нысаны ұсыныс сипатында көрсетілген.
Оқу бағдарламасы келесі пәндер бойынша білім алушылардың білімдеріне негізделеді: әкімшілік құқық, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу, іскерлік қатынастардың этикасы мен психологиясы, құқықты ақпаратты автоматты өңдеу.
Курста алған білімі, келесі пәндерде қолданылады: еңбек құқығы, заң қызметін ұйымдастыру.
Осы оқу жұмыс бағдарламасы оқу материалдарын табыстырақ меңгеру мақсатында, банктік қызмет көрсетудегі практикалық мәселелерді шешуде дағдыны игеруде ықпал ететін практикалық сабақтарды жүзеге асыруды көздейді.
«Кадрлық менеджмент» пәні бойынша осы оқу жұмыс бағдарламасы білім беру ұйымдарына оқу жұмыс жоспарын құрастыруға негіз болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |