Uжоспары: Басқарудың парадигмалары, құндылықтары



Дата23.12.2023
өлшемі26.44 Kb.
#487689
менедж


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ - БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖƏНЕ ТƏЖІРИБЕЛІК НЕГІЗДЕРІ, БАСҚАРУДЫҢ ƏДІСНАМАСЫ 1 бөлім. Педагогикалық менеджмент негіздері Тақырып 1.1.1. Білім беру жүйесін басқарудың қазіргі парадигмалары, құндылықтары. Менеджменттің ғылым ретінде пайда болуы, даму кезеңдері, тарихы, басқару концепциялары. Менеджмент, педагогикалық менеджмент ұғымдары. UМақсаты: UМенеджменттің ғылым ретінде пайда болуы, даму кезеңдері жəне тарихы, оның кəсіби білім беру жүйесіндегі түрленуі. Басқарудың парадигмалары, құндылықтарын, пəнін, ұғымын жəне əдіснамасын анықтау UНегізгі ұғымдар: Uбасқару, парадигма, құндылықтар, менеджмент ұғымы, даму кезеңдері, педагогикалық менеджмент
UЖоспары: 1. Басқарудың парадигмалары, құндылықтары.
2. Менеджменттің ғылым ретінде пайда болуы, даму кезеңдері жəне тарихы, оның кəсіби білім беру жүйесіндегі түрленуі.
3. Ғылыми менеджмент мектептері.
4. «Менеджмент», педагогикалық менеджмент ұғымдары. Қазақстандық білім жүйесі бəсекеге қабілетті, үш тілде еркін сөйлейтін, еуразиялық көпмəдениетті, əртүрлі ұлт арасында тіл табыса алатын жəне техника мүмкіндіктерін пайдалана алатын, базалық құзыреттіліктерді меңгерген, өзге халықтың мəдениеті мен дəстүрін қолдайтын тұлғаны қалыптастыруға бетбұрыс алды. Қазіргі таңда жеке тұлғаның құзырлығын қалыптастыру мақсатында еліміздің білім беру жүйесі нəтижеге бағытталған білім беру моделіне көшті. Жаңа білім беру моделінің жекелеме элементтері нақты білім беру тəжірибесінде көрініс тапты, жаңа оқу орындары, жаңа бағдарламалар мен оқулықтар, білім берудің жаңа əдістері мен технологиялары пайда болды.[1] Бүгінгі қоғамның талабының бірі – жалпы білім беретін, бастауыш мектептердің педагогикалық үрдісін менеджмент негізінде басқару. Осындай өзгерістерге орай білім беру жүйесін басқару парадигмалары да жаңғыртылуда. Басқару парадигмасы (парадигма латынша paradeigma – үлгі)– ғылыми концепцияға негізделген негізгі идея, ғылым дамуының белгілі кезеңінде ғылыми қауымдастық тарапынан қабылданған болжамдардың мəнін түсіндіру жəне ғылыми тану үрдісінде пайда болатын мəселелерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт (қалып) ретінде пайдаланылатын теориялық жəне əдіснамалық ережелердің жиынтығы. Басқару тəжірибесінің жинақталуына байланысты басқару парадигмалары өзгеріске ұшырап отырады. Соңғы жылдары басқару- ұйымдастыру мəдениетіне, басқарудың жаңа əдістері мен қағидаларына, менеджердің көшбасшылық сапаларына бағытталған.Қазіргі басқару парадигмасында тиімді (рационалды) басқару қағидасы басшылыққа алынады. Қазіргі басқару парадигмасы: «ашық 7 жүйенің» құрылуы; басқарудың əдістерін жетілдіру; басқаруды орталықсыздандыру; əкімшілік-орындаушылық командалардың тиімді түрлері, мақсатты - бағдарлы жобалау; жаңашыл-бейімді білім беру жүйесін басқару арқылы қарастырылады. «Ашық жүйенің» құрылуы негізінде, мектеп сыртқы ортаға сай бейімделіп, қаржылық, əлеуметтік, мəдени, саяси, ғылыми-техникалық өзгерістерге дайын болуы қажет. Мектептің сыртқы ортаға бейімделу жетістігі мұғалімдердің кəсіби біліктіліктеріне, шығармашылық қызметтеріне, ой- өрісінің тереңдігіне, қарым-қатынас мəдениетіне, билік құрылымына, басқару əдістері мен формаларына жəне басшының осы жұмыстарды ұйымдастыра алу құзыреттілігіне тікелей байланысты. Басқару əдістері ішкі жəне сыртқы орта жағдайларда таңдалып, жұмыстың тиімділігіне қарай қолданылады. Педагогикалық үрдіске қатысушылардың дербес таңдаулары арқылы шығармашылық өсуге жағдай жасалып, жұмыстың жаңа тəсілдері енгізілетін болады. Басқаруды орталықсыздандыру (децентрализация) арқылы басшы, өз міндеткерліктерін, əкімшілік кеңестің мүшелеріне жолдайды, ұжым боп шешім қабылдауға жағдай жасайды. Əкімшілік-орындаушылық командалар, қаржылық, əлеуметтік, психологиялық əдістерді қолдану арқылы, мектептің сыртқы жəне ішкі мəселелерін дербес шешетін болады. Мақсатты - бағдарлы жобалау қызметі маңызды мəселелер бойынша нақты іс-əрекеттерді ұйымдастыру жəне қалыптасқан жағдайды өзгертуді жүзеге асырады. Жобалау, нақты есептер, ғылыми негіздер бойынша болашақтың моделін қамтамасыз етеді, əсіресе ашық жүйелерде. Жобалық ойлау педагогикалық жүйелерді басқару парадигмасының өзгерісінде өзекті орында болып отыр.[1] Жаңашыл-бейімді білім беру жүйесін басқару-кəсіби саладағы, өмірде болып жатқан өзгерістерге, жағдайларға тез икемделу, білім беру жүйесінің бəсекеге қабілеттілігін арттыратын үздіксіз дамуды білдіреді.[2] Қазіргі кезде оқушыға білім, білік, дағдыларды беру жеткіліксіз бола бастады. Бүгінгі басты құндылық оқушының білімі мен білігі ғана емес, оның ойлау қабілетін, ақпараттық жəне қарым-қатынастық мүмкіндіктерін дамыту, өзінің іс-əрекетін өзі басқару тəсілдерін меңгерту. Бұл білімнің ролін төмендетпейді, жаңа сапалары қалыптасқан ойлау деңгейі, өз мүмкіндіктерін сыни бағалай жəне дамыта білуге апаратын сатылы үдерісті құрайды. Білім, білік, дағдыдан жоғары нəтижелер бар, ол - тұлға ресурстарындағы өзгерістерге негізделген білім нəтижесі. Білім алушының тұлғалық ресурстарын мотивациялық (тұлғаның құндылықтық бағдарлары, қажеттіктері мен сұраныстары); əрекеттік (игерілген əрекет түрлері мен амалдары); танымдық (іс–əрекет барысында бағыт беруді қамтамасыз ететін білімі) деп ажыратуға болады. Мотивациялық ресурстары дамуының көрсеткіштері - оқушының тұлғалық сапалары, əрекеттік ресурстары дамуының көрсеткіштері – метапəндік (құзыреттілік) нəтижелері, ал танымдық ресурстар дамуының көрсеткіштері - пəндік нəтижелері деп қарастырады. Тұлғалық нəтижелер – оқушылардың білім беру үрдісінде қалыптасқан құндылықтар жүйесі, олар оқушының өзіне, өз біліміне сыни 8 көзқарасы, оқытудағы өз ролін бағалауы, танымдық зеректігі, т.б. анықтайды. Метапəндік нəтижелерді классификациялаудың бірнеше түрлері бар, білім алушының ізденушілік мəдениеті: жалпы оқу мəдениеті, ақпартпен жұмыс істеу мəдениеті, зерттеу жүргізу мəдениеті; жобалау мəдениеті: оған жобалау əрекетінің алгоритмін білу, жобалау жəне оны жүзеге асыра алу мəдениеті жатады; коммуникативтік мəдениет: өз пікірін білдіре алу, өзгелерді тыңдай алу, дискуссия жасай білу, конфликттерді шеше білу, бағалай білу жатады. Пəндік білім нəтижелері құрылымының компоненттері ретінде алынатындар: фактілер мен нақты мəліметтер;тірек ұғымдар; себеп– салдарлық байланыстар; заңдар мен заңдылықтар; ережелер мен қағидалар; идеялар мен теориялар; əдістер; мəдениеттанымдық мағлұматтар, құндылықтар мен дəстүрлер; проблемелар мен гипотезалар.Сонымен, пəндік нəтижелер– білім алушылардың оқылатын жеке пəндер деңгейінде игеретін əлеуметтік тəжірибенің нақты элементтері болып табылады. Оқушының проблемаларды өз бетімен шешу қабілеттерін дамытуда аталған тұлғалық, метапəндік жəне пəндік нəтижелерін біріктіретін интергативтік нəтижелердің маңызы зор. Білім берудегі интегративтік нəтиже білім алушының білімділік деңгейін көрсетеді. Білімділік – тұлғаның игерілген əлеуметтік тəжірибесін пайдалана отырып проблемалар класын, түрлерін өз бетімен шешуге қабіллеттілігін көрсететін жалпы білім нəтижесі. Білімділік деңгейі тұлғаның өзі шешуге қабілеті жететін проблемалар класы, түрлері арқылы белгілінеді. Олар: Сауаттылық–оқу əрекетіндегі проблемаларды шеше алу қабілеттілігімен сипатталатын білімділік деңгейі. Сонымен қатар, бұл деңгей өз əрекетін ұйымдастыра алу, өзге де білім үрдісіне қатысушылармен қарым– қатынас жасау проблемаларын шеше алуды да қамтиды; Функционалдық сауаттылық – қоғамдық ортадағы əлеуметтік рөлдерді (оқушы, тұтынушы, қызметкер, клиент, азамат, отбасындағы, жолдастар арасындағы, қызмет бабындағы рөлдер, т.б.) жүзеге асыру проблемаларын шешуге қабілеттілігімен сипатталатын білімділік деңгейі. Кұзіреттілік – өмірлік жəне кəсіби жолын таңдаудағы проблемаларды шеше алу қабілеттілігімен сипатталатын білімділік деңгейі. Білім берудің жаңа нəтижелеріне жету – ол білім нəтижелерінің жаңа компоненттері тұлғалық, метапəндік жəне пəндік нəтижелерді меңгеру негізінде жүзеге асырылады. Білім нəтижелері білім беру мақсатын айқындайды, М.Фулланның айтуынша «білім берудің нəтижеге бағытталған мақсатын нақты белгілеу арқылы оқыту мен бағалау үрдістеріне мақсатқа қол жеткізетін өзгерістер енгізуге болады». ХХІ ғасырдың басынан бастап білім нəтижелерінің əлеуметтендіріле бастағаны байқалады. Егер, əлеуметтендіру үрдісін адамның өмірде кездесетін сан алуан проблемаларды шешуге қабілеттілігін дамыту деп қарастырсақ, бұл жағдайда білім беру мəні білім алушылардың əлеуметтік тəжірибесін, өз мүмкіндіктерін пайдалану негізінде проблемаларды шешуге қабілеттілігін арнайы дамыту болып табылады. 9 Жаңа білім парадигмалары жалпы білім беретін мектептерде білімнің жаңа мақсатын, міндеттерін, басымдылықтарын, келесі құндылықтарын: көпжылдық тарихы мен ұлттық тағылым, салт- дəстүрлер; педагогикалық шеберлік пен кəсібилікке негізделген білім бағдарламаларының сапасы; мектептегі қолайлы жағдай мен ұстаз беделінің кепілі болып табылатын білім беру жүйесінің мəдениеті; мектептің тұрақты дамуы, стратегиялық даму басымдықтары негізінде анықтайды. Бəсекелестік қағидасын басшылыққа ала отырып, мектептің Стратегиясында келесі бес басымдық анықталған: инновациялар, тұрақты даму, көптілділік, аймақтық инновациялық жүйеге ену жəне кəсіпкерлік ойлау, бұл оқу орнын сапалы өзгерту бағытындағы негізгі бағдар болады. Менеджменттің ғылым ретінде пайда болуы, дамуы жəне тарихы. Адамдарды басқару өнері ежелгі заманнан қалыптасып, ғасырлар бойы жетілдіріліп, бүгінде заманауи түрге еніп отыр.Менеджменттің теориясы мен практикасының дамуы бірнеше кезеңдерге бөлінеді: І кезең – ежелгі кезең (б.э.д. 6-9 ғғ.- ХҮІІІ ғ. дейін) Алғашқы қауымдық құрылыста ру басшысының, қауымдық жетекшінің көмегімен, басшылығымен бірігіп тіршілік еткен, кейіннен термешілік пен аң аулаудан өнеркəсіптік өндіріске ауысу менеджементтің қалыптасу бастамасы болды. Біздің заманымызға дейінгі басқару принципінің жан-жақтылығын зерттеп сипаттама берген адам Сократ (470-439 жж.) мемлекеттің билігі «үздіктерге» яғни тəжірибелі, адал, əділетті, ұқыпты, мемлекеттік басқару өнерін меңгерген адамға берілуі керек. Платон (б.з.д 428-348) мемлекеттік басқарудың түрлерін талдаумен бірге басқару органдарының функцияларын анықтаған, «Мінсіз мемлекет» азаматтардың тұрмыс-тіршілігіне қажеттіні жасайтын қолөнершілердің жер өңдеушілердің, қауіпсіздікті сақтайтын əскерилердің жəне ақылмен, əділетті түрде басқаратын философбасқарушылардың бірлестігі болуы керектігін айтқан, ал Александр Македонский (б.з.д 356-323) əскерді басқарудың теориясы мен практикасын дамытты. Менеджмент туралы сөз болғанда біз ең бірінші Əбу Нəсір ƏлФарабиді (870-950) еске аламыз. Əл-Фараби басқару мен патшалық құруға, жоғары өкіметтің негізі болып табылатын басқару саясатына зор мəн берген. Оның ойынша басқару өнерінің басты бір ерекшелігі – адамдар мен əлеуметтік топтардың үйлесімдігіне жету, олардың мұң-мүддесін ескеру. Басқару теориясы жайлы алғашқылардың бірі болып 2,5 мың жылдықта жазған Ежелгі Қытай ойшылы Конфуций болды. Ол адамдарды заң арқылы басқару емес, моралдық қағидалар мен қалыптасқан дəстүрлерге байланысты басқару керектігін жəне қоғамның дамып, гүлденуі үшін басшының өзі моралдық жағынан көшбасшы- қайырымды, ұқыпты болуын, осы сапаларды басқаларда да дамыту керектігін жəне мемлекеттік қызметті атқаратын адамдардың сыпайылығы басқарудың негізгі, міндетті элементі болып табылады деген тұжырым айтты.[3] ІІ кезең – индустрияның даму кезеңі (1776-1890 жж.). Өкілдері: А. Смит, Р.Оуэн, Б. Бэббидж,Э. Юр т.б. Бұл кезеңде басқарудың теориялық 10 негіздерін іздеу бағытында өнеркəсіп иелері, ғалымдар түрлі эксперименттік сынамалар жүргізді. Шотланд экономисті Адам Смит (1723-1790 жж) менеджмент əдістерін мемлекеттік басқару саласында қолданып, мемлекет басшысының міндеттеріне анықтама берді жəне жұмыстың тиімділігі мен оны бақылау теориясының негізін қалады. Менеджменттегі реформаторлық идеялардың авторы Роберт Оуэн (1771 - 1858 жж.) басқа адамдардың еңбегінің көмегіне сүйеніп, ұйым мақсатына жету идеясын жасап, ынталандыру əдістерінің жұмысшылардың еңбек өнімділігін көтеру үшін қажеттілігін дəлелдеді. Басқару саласында алғашқылардың бірі болып басқару бұйрық беру емес, жеке тұлғалардың біріккен іс əрекеті, ұйым мақсатына жету үшін адам жəне басқа да ресурстарды қолдану екендігін анықтады. Ағылшын математигі, алғаш рет аналитикалық есептеу машинасын ойлап тапқан Чарльз Беббидж (1751-1871 жж) басқару теориясына ауқымды үлес қосқан, ол «Машиналар мен мануфактуралар экономикасы» (1832) еңбегінде еңбекті мамандыққа байланысты ақыл-ой жəне физикалық еңбек деп бөлу керектігін, жұмысшыға істеген еңбегіне қарай жалақы төлену керектігін айтты. ІІІ кезең – басқаруды бір жүйеге (систематизация) келтіру кезеңі (1856-1960 жж.) Бұл кезеңде ғылыми басқару бір жүйеге келтіріліп, басқару мектептері, концепциялары қалыптасты. Ғылыми басқару концепциясы, негізін салушы Ф. Тейлор, оның еңбектері «Ғылыми менеджмент ұстанымдары» (1911), «Фабриканы басқару» (1903). Ол менеджментті нақты заңдары мен ережелері, принциптері, жоспарлауы бар ғылым ретінде қарастырды. Ф. Тейлор еңбектерінің құндылығы сол оның теориясы бойынша өнеркəсіпті кеңейту, жұмысшылардың еңбегін ынталандыруды жетілдіру арқылы еңбек өнімділігін арттыру. Ф. Тейлор жəне оның қолдаушылары еңбек операцияларына талдау жасай отырып, оны жетілдірудің түрлі əдістерінің негізін қалады. [1] Фредерик Уинслоу Тейлор (1856-1915 жж) - американдық инженер, менеджмент пен еңбекті ұйымдастырудың ғылыми негізін қалаушы, еңбекті ғылыми басқару жүйесі кейіннен Тейлоризм деп аталды. Ф. У. Тейлордың айтуы бойынша: ғылыми басқарудың басты идеясы- əр адамның іс əрекеті ғылыми негізде құрылуы керек, соған сай əр қызметкерді қажетті дағдыларды меңгерту үшін оқыту керектігін айта отырып, ғылыми басқарудың келесі принциптерін ұсынады: орындалған əрбір жұмыс ғылыми тұрғыдан талданса, ондай жұмысты орындаудың ең озық əдісі анықталатын болады;кез келген жұмысты орындау үшін кəсіби маман керек, ол үшін қызметкерлердің білімін көтеру керек; қызметкер еңбегін ынталандыру арқылы еңбек өнімділігінің артуына, шығармашылықпен еңбек етуге, еңбекке деген құлшынысты, белсенділікті туғызуға жағдай жасалады; менеджерлер жеке адамдармен серіктес болғанда ғана жұмыс ғылыми негізде орындалады; менеджерлер мен қызметкерлердің жауапкершілігі жоғары болуы тиіс. Менеджер жұмыстың күрделі түрін орындайды: жоспарлау жəне бақылау, ал белгіленген мақсаттың жүзеге асуын қызметкерлер орындайтын болады. 11 Тейлор өз жүйесінің мəнін білім арқылы басқару, еңбектегі үйлесімділік, серіктестік, əр жұмысшының жағдайын жасау екендігін жəне өнеркəсіптегі билікті сол сала бойынша маманданған адам (менеджер) жүзеге асыру керектігін айтты. [4]. Классикалық- əкімшілік басқару концепциясы, ұйымды басқарудың жалпы мəселелері мен принциптерін жасауға бағытталды. Оның көрнекті өкілі «ғылыми менеджменттің атасы» Анри Файоль (1841 - 1925 жж.) — француздың тау-кен инженері, менеджмент теоретигі. Файоль теориясы бойынша басқару жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау функцияларынан тұратын үрдіс. [5] Сондай-ақ ол басқарудың 14 принципін ұсынды: еңбекті бөлу, билік жəне жауапкершілік; бір басшылықтың болуы; тəртіптілік, марапаттау; басқарудың орталықтан жүргізілу; иерархия, тəртіп; əрекет бірлігі; ұйым қызығушылықтарын жоғары қою; əділеттілік; жұмысшылардың тұрақтылығы; инициатива; корпоротивті рух; жұмысшылардың бірлігі, татулығы, үйлесімділік, күштің бірлігі.[6] Г. Эмерсон «Өнімділіктің он екі принципі» (1911) атты еңбегінде өнеркəсіпті басқарудың принциптерін құрастырып, ұсынады. Оның көзқарасы бойынша еңбек игілікті болуы керек. Адамдық қатынастар концепциясы, адам ресурстарын көтеру, адамды ынталандыру, топтың жеке адамға ықпалы, əлеуметтік əсер етуге негізделеді. Джордж Элтон Мэйо ( 1880-1949) —американдық психолог, өнеркəсіп басқаруды зерттеуші, менеджменттегі «адамдық қатынастар мектебінің» негізін салушы. Мэйо концепциясының негізгі қағидалары: топтық тəртіпке бағытталу, бағыныштылық пен бюрократиялық ұйымдастыру адамның табиғаты мен оның еркіндігімен үйлеспейді, басшылар өнімдерге емес, адамдарға назар аударуы керек. Э.Майо өнеркəсіптегі əлеуметтік құрылым мəнін анықтап берді. Американдық психолог, ізгілендіру психологиясының негізін салушы Абрахам Маслоу (1908-1970ж) қажеттілік пирамидасы моделін ұсынды. А. Маслоу тұжырымдамасы бойынша адам əрекетіне ықпал ететін оның қажеттіліктері дейді, яғни еңбек өнімділігі жұмысшының жалақысын көтеруден емес, оған деген басшылықтың, əріптестердің, жалпы ұжымның қарым-қатынасынан артады. Бихевиористік мінез-құлық концепциясы (1950 жылдан күні бүгінге дейін), адамдардың еңбек етуде ішкі потенциалды мүмкіндіктерін қолдану, ұйымды құру мен тиімді басқаруға негізделеді. Бихевиоризм - адамның сыртқы орта ықпалдарына қарсы жауап ретіндегі əрекет-қылығын қарастыратын психологиялық теория, оның негізгі формуласы: S-R ықпалжауап (стимул-реакция). Басқарудағы бихевиористік концепция еңбек барысында адамдардың ішкі потенциалды мүмкіндіктеріне ықпал етуге сол арқылы жағымды мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған.[39] Крис Арджирис өз еңбегін ұйымдастыруды дамыту мен менеджерлерді оқытуға арнап, əрбір адамның бойындағы психологиялық энергия көзін дұрыс бағыттау керектігін айтады. 1960 ж. «Т-тобын» - тренинг тобы құрды. 12 Мақсаты: тұлғааралық қатынастар мен дағдыларға үйрету.Əлеуметтік психолог Ренсис Лайкерт (1903-1981)- «Жүйе-4» əзірледі, ол жүйе бойынша ұйым адамдарды ынталандыру негізінде құрылып, мына жағдайлар арқылы көрініс береді: мақсат белгілеу, шешім қабылдау, бақылау, орталықсыздандыру. IY кезең- Ақпараттар (сандық) кезеңі (1960 ж.- бүгінгіге дейін). Сандық концепциялар кибернетика мен сандық машиналардың шығуымен байланысты болды. Басқаруға сандық тəсілдерді енгізумен байланысты тұжырымдар Р. Акофф, Л. Берланфи, Э. Бир, А. Гольдбергер, Р. Каллиен, П. Клейн, Р. Люс, Д. Форрестер т.б. еңбектері мен зерттеулерінде тұжырымдалады. Э.С.Бир – кибернетиканы басқару саласында алғаш қолданушы болды. Ол басқаруды тиімді ұйымдастыру ғылымы деп атады. П. Ф. Друкер (1909-2005жж.) – ХХғ. менеджмент теоретигі, инновациялық экономика теориясы мен кəсіпкерлік қоғам теориясын қалыптастырды. Бұл теория жаңа ақпараттық қоғамның идеясына негізделген. Қазіргі менеджмент

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет