Оқу ? жұмысын ұйымдастыру формасын сипатта. Сынып-сабақтық жүйеге сипаттама беріңіз, оның нашар және жақсы жақтары неде


Типтер бойынша жалпы білім беру мектептері



бет4/8
Дата26.07.2023
өлшемі81.42 Kb.
#475823
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
2 тапсырма

Типтер бойынша жалпы білім беру мектептері



2005


2010

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021




Барлық мекеме, бірлік

8 233

7 839

7 790

7 721

7 640

7 563

7 511

7 450

7 414

7 393

7 398

7 440

7 550

оның ішінде:








































бастауыш мектептер

1 203

992

961

932

887

869

857

787

714

668

689

710

760

негізгі мектептер

1 233

1 168

1 139

1 120

1 089

1 075

1 076

1 040

1 013

1 002

1 077

1 077

1 093

орта мектептер

5 512

5 346

5 327

5 293

5 289

5 278

5 392

5 273

5 320

5 344

5 632

5 653

5 697

Оқитындардың саны, адам

2 850 937

2 552 183

2 541 862

2 551 502

2 597 942

2 685 063

2 799 585

2 930 583

3 050 770

3 186 234

3 337 783

3 481 347

3 597 159

оның ішінде:






































бастауыш мектептер

34 502

24 620

25 455

24 070

24 368

26 139

27 201

25 634

24 287

22 080

26 855

32 097

41 339

негізгі мектептер

105 924

90 278

85 554

80 881

81 435

80 529

81 786

78 291

69 579

71 619

83 282

86 493

93 597

орта мектептер

2 669 063

2 372 663

2 357 571

2 372 277

2 414 891

2 509 230

2 661 782

2 751 879

2 878 453

3 011 635

3 227 646

3 362 757

3 462 223

Оқитындардың саны, адам

2 850 937

2 552 183

2 541 862

2 551 502

2 597 942

2 685 063

2 799 585

2 930 583

3 050 770

3 186 234

3 337 783

3 481 347

3 597 159

оның ішінде:








































1-4 сыныптар

972 931

98 599

1 008 459

1 056 916

1 121 946

1 176 734

1 267 276

1 336 071

1 406 967

1 461 119

1 512 816

1 524 929

1 557 593

5-9 сыныптар

1 454 059

1 202 743

1 191 833

1 184 780

1 183 630

1 181 009

1 237 437

1 249 312

1 348 840

1 439 604

1 517 823

1 620 806

1 691 917

10-11(12) сыныптар

397 649

342 703

322 546

292 234

276 031

258 155

266 003

270 421

294 963

285 511

307 144

335 612

343 916

Барлық мекеме, бірлік

8 233

7 839

7 790

7 721

7 640

7 563

7 511

7 450

7 414

7 393

7 398

7 440

7 550

оның ішінде:








































күндізгі

8 157

7 755

7 706

7 636

7 561

7 484

7 432

7 373

7 339

7 319

7 329

7 370

7 481

кешкі

76

84

84

85

79

79

79

77

75

74

69

70

69

Оқитындардың саны, адам

2 850 937

2 552 183

2 541 862

2 551 502

2 597 942

2 685 063

2 799 585

2 930 583

3 050 770

3 186 234

3 337 783

3 481 347

3 597 159

оның ішінде:






































күндізгі

2 824 639

2 531 045

2 522 838

2 533 930

2 581 607

2 673 238

2 785 297

2 917 826

3 039 086

3 175 903

3 327 777

3 472 182

3 587 657

кешкі

26 298

21 138

19 024

17 572

16 335

11 825
























4. Әртүрлі мектеп типтеріне басшылық және басқару.

Педагогика ғылымында мектепті басқару – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Ол жайлы ғалым-педагог Н.Д.Хмель өзінің зерттеулерінде: «педагогикалық процесті басқару дегеніміз әлеуметтік жүйені басқару» -деп көрсеткен . Қазiргi заман мектебi – күрделi де кіріктірілген жүйе, ол оқушылардың, оларды оқытып, тәрбиелейтiн мұғалiмдердiң, мектеп әкiмшiлiгiнiң (директоры, оның оқу және тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары), оқу-тәрбиелiк және қызмет көрсететiн адамдардың іс-әрекетiнен, мектеп алдында тұрған жалпы мiндеттердi шешуге белгiлi бiр жағдай жасайтын материалдық базадан тұрады. Сонымен қатар, мектеп дегенiмiз – мұғалiмдер мен онда қызмет ететiн адамдар ұжымы, олар бiлiм беру жүйесiн мемлекеттiк т?р?ыдан басқарудың объектiлерi болып табылады. Қазiргi мектептi өзара байланысы бар, iшкi құрылымы және социуммен белгiленетін тұтас әлуметтiк-педагогикалық жүйе ретiнде қарастыру керек. Ол өзара тығыз байланысты екi жүйеден тұрады: басқарушы және басқарылушы. Бұл қазiргi кез-келген оқу-бiлiм беру мекемесiнiң алдына өмiрдiң өзi қойып отырған мiндеттердi жүзеге асыру бойынша барлық жұмыстың басты ұйымдастырушысы ретiндегi мектеп директорының тiкелей басқару іс-әрекетiнде көрiну керек. Мектеп басшылығы мен мұғалiмдерден тұратын басқару жүйесi жетекшi болып келедi. Басқарылушы кiшi жүйеге оқушылар мен олардың ұйымдары жатады.
Мектептi басқарудың басты мәнi – оқыту мен тәрбиелеудегі оңтайлы нәтижені алу мақсатында оқушылар мен олардың ата-аналарына педагогтардың мақсатты бағытталған ықпал етуінен тұрады.
Адамдар жеке iстей алмайтын немесе жекелеп iстеу тиiмсiз болғанды жұмыла iстеу үшiн басқару қажеттiгi туындайды. В.Г.Афанасьевтiң пайымдауынша: “Басқару – қоғамның, оның кез-келген даму сатысындағы, iшкi өзiне тән қасиетi. Бұл қасиеттiң жалпылық сипаты бар және ол қоғамның жүйелiк табиғатынан, адамдардың қоғамдық, ұжымдық еңбегiнен, еңбек пен өмiр барысында қарым-қатынас жасау, өзiнiң материалдық және рухани өмiрiнiң жемiсiмен алмасу қажеттiгiнен бастау алады” [2,38].

ХХ-ХХI ғасырлар тоғысында?ы басқару бiлiмiнiң қарқынды өсуi мен өзгеру уақыты. Бұл эволюцияның бастапқысы ретiнде басқарудың классикалық мектебiнiң негiзiн салушы А. Файольдiң еңбектерiн атауға болады, ол 1916 жылы басқарудың жалпы принциптерiн ұсынған. Ғылыми басқарудың теориялық негізі кеңестік әдіснамалық мектепте жасалған дәл осылар болады [3].

“Басқарудың классикалық теориясы” 1930-жылдарға дейiн ең басты орында болған. ХХ ғасырдың 30-жылдарында

басқарушылық ғылым дамуында “басқарушылық қатынастар теориялары” атты жаңа бағыт қалыптасты. Классикалық теория бiрлескен іс-әрекет нәтижелiлiгiнiң негiзгi шарттары не, қашан, қайда және қалай iстеу керектiгiн анықтайтын басқарудың нақты ресми құрылымы, жемiстi жұмысты (ең бастысы, материалдық жағынан) қамтамасыз ету деп санаған. Ал адамдар қатынасының теориясы адамның ұйымдағы мiнез-құлқын анықтайтын факторларды, мақсаттылық пен жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды бiрiншi орынға қояды. Бұл теория ХХ ғасырдың 50-60-жылдары Батыста, әсiресе АҚШ-та кең өрiс жайған, тәжiрибеде оң нәтиже бере алмаған, дегенмен басқарудың демократиялық әдiстерiн кеңiнен енгiзу әрекетi де осы теориямен байланысты. “Адамдық қарым-қатынас теорияларының” орнына, басқарудың жүйелiк теориялары, жағдайаттық теориялар, басқарудың рационалистiк (ақыл-ой талабына ғана негiзделген) және мiнез-құлықтың жағымды жақтарын бiрiктiруге ұмтылған,

ұйымдастырушылық даму теориялары келдi.


Мектептi басқару мәселесiне арналған көптеген зерттеулер бар: оларда мектептi басқарудың (Э.Г. Костяшкин, Ю.А. Конаржевский, В.П. Стрезикозин, П.В. Худоминский, Т.И. Шамова, Н.Д. Хмель, Н.Н. Тригубова, т.б.) мәнi ашылады. Басқарушылық еңбектi ғылыми ұйымдастырудың жүйесiн енгiзу бойынша (И.П. Раченко, Умирбекова Ж.Б., Г.Т. Хайруллин, Г.А. Уманов т.б.); мұғалiмдердiң шығармашылық зерттеушiлiк және эксперименталды қызмет-әрекетiн ұйымдастыру бойынша, ғылымды практикаға енгiзу бойынша (А.А. Бейсенбаева, Л.И. Гусев, В.И. Журавлев, В.И. Загвязинский, Б.А. Койшибаев, В.В. Краевский, Г.Л. Лукпанов, М.Н. Скаткин, Я.С. Турбовский, т.б.); мамандықты жетілдіру бойынша (Я.С. Бенцион, Г.И. Горская, Л.С. Коробкова, Ш.Т. Таубаева, В.П. Топоровский, т.б.); мамандықты көтерудiң психологиялық-педагогикалық және ақпараттық негiзiн құру бойынша (Г.С. Сухобская, А.С. Пискунов, т.б.); Қазақстандағы педагогикалық кадрлардың мамандығын көтеру жүйесiн дамыту тарихы бойынша (Б.А. Альмухамбетов т.б.) жұмыстар жүргiзiледi. Мектеп басқарудың жаңашылдық аспектiлерi М.М. Поташкин, В.С. Лазарев, Л.И. Моисеев, И.И. Цыркун, Н.Р. Юсуфбекова және т.б. еңбектерде талданған. Алайда, мектеп басшыларын ұйымдастыруға және мектепке жаңалық ендіруді басқаруға даярлаудың әдiснамасы және маңызы педагогика ғылымында жеткiлiктi баяндалмаған.
Басқарудың қызметтерiн тек дидактикалық тұрғыдағы аспектiлермен шектеген қате болар едi. Бiлiм беру мектептерiндегi педагогикалық ұжымның жүзеге асыратын тәрбиелiк жүйесі де басқаруға келеді. Әсiресе, мектептердегi тәрбиелiк жұмыстың тәрбиенiң қалыптасқан стереотипiнiң түбегейлi өзгеруiмен, ондаған жылдар бойы қалыптасқан балалардың қоғамдық ұйымдарының (пионерлер, комсомол) жойылуымен, идеялардың түпкiлiктi ауысуымен қазiргi кезеңiндегi қиыншылықты ескерсек, басқарудың маңызы зор. Қоғамның әлеуметтiк-экономикалық өмiрiндегi қиыншылық жағдай, бiлiм берудiң, қазiргi тәрбиелiк процестi белсендiрудi, оның жаңа түрлері мен әдiстерiн табуды, әсiресе, бұл процестi басқарудың басқа амалдарын табуды өте қатты қажет етедi.
Қазақстан Республикасында беделдi азаматты тәрбиелеу мәселесi ерекше мәнге ие болып отыр, яғни бұл процесс педагогикалық басқару практикалық маңызды мәселе болып табылады.
Г.И. Щукинаның пiкiрi бойынша, басқару– мектеп iшiндегi “психологиялық, ұйымдастырушылық және әдiстемелiк” сияқты күрделi процестер мен қатынастарды саналы түрде реттеу. Алайда басқарудың алдыңғы қатарлы тәжiрибесiн жинақтап қорыту тек материалды жинаумен ғана және оны тиiстi ғылыми-әдiстемелiк тұрғыдан бағаламай, тек баяндаумен ғана шектеледi. Материалдарда, көбiнесе, негiзгi идеялар мен тәжiрибенiң талдауы болмайды және оларды қолданудың кеңес-ұсыныстары берiлмейдi, оны енгiзудiң шарттары да көрсетiлмейдi. Ал кейбiр жағдайларда, тұтас жұмыс жүйесi емес, керiсiнше, жекелеген тәсiлдер ғана суреттелiп таратылады. Кейде, мектеп басшылары мен бiлiм беру органдары үшiн ешқандай тәжiрибелiк құндылығы жоқ көптеген материалдар жинақталады. М.М. Поташник былай дейдi: ”Басқару – мектептiң қалыптасуын, тұрақтануын, тиiмдi қызмет етуiн және дамуын қамтамасыз ететiн барлық субъектiлердiң мақсатты іс-әрекетi”. Бұл анықтама маңызды екi нәрсеге назар аудартады: бiрiншiден, кез-келген басқарудың мақсатты іс-әрекет болып табылатынына; екiншiден, ол басқалардан өзiнiң мiндеттерiмен ерекшеленетiніне. К.Я. Вазинаның пiкiрiнше: ”Басқару – нақты бiр мақсатқа жетудi қамтамасыз ететiн қалыптасуға жауап беретiн жүйенiң қызметi”.
Педагогикалық басқару әлеуметтiк мақсатта жүзеге асады, ол адамдардың іс-әрекетiн басқару мен олардың бiрiгуiне қатысты. Алайда, ол жалпы әлеуметтiк басқарудан өзiнiң объектiлерiмен (оқушылар, мектептер, мектептен тыс мекемелер, халыққа бiлiм беру бөлiмшелерi, т.б.), олардың заңдылықтарымен ерекшеленедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет