Мұғалімнің күнделікті сабағын талдау
Мұғалім өзінің немесе әріптесінің сабақ берудегі әдістемесіне бақылау жасап, оның жұмысына пікір айту үшін сабақты талдай білуі керек.
Сабақты өтілу барысы бойынша талдауда мына мәселелерге көңіл аударылады:
Сабақта кіріспе бөлімі қалай жүзеге асты? Онда сыныптың сабаққа дайындығы қандай, оқулықтары жеткілікті ме, дәптері мен жазу құралын тексеру.
Үй тапсырмасын сұрау кезінде мынандай мәселелерге көңіл бөлінеді. Бүкіл сыныпты жұмыс істеуге қатыстыруды, қойылған сұрақтардың анықтығы, сұрау тәсілдері мен дағдыларды пайдалана білу, оқушылар жауабына қойылған бағалардың дұрыстығын талдау, жаңа материалдарды меңгеруге сай сұрақтардың сәйкестігі.
Жаңа материалдарды түсіндірудің өткен материалдармен байланысы, жаңа материалдарды түсіндірудің әдістемелік тәсілдері, материалдың мазмұнына, мақсатына сәйкестілігі. Көрнекіліктерді пайдалануы, химиялық сынақтәжірибелердің түрлері, орындалуы, жаңа материалды түсіндірудің өмірмен, күнделікті тұрмыспен байланысы. Сабақтағы тәрбиелік мақсаттар, оқушылардың химиялық тілді меңгеруі, оқушылардың сабақтағы белсенділігі.
Үй тапсырмасын талдауда мына мәселелер ескеріледі. Үй тапсырмасының көлемі, түсініктілігі, есептер мен жаттығулардың көлемі, сарамандық жұмыстардың мөлшері, сыныптан тыс оқулардың мәні, графикалық тапсырмалар, оларды орындау жөнінде нұсқаулар.
Мұғалімнің сабаққа дайындығы, әдістемелік шеберлігі, мәдениеті, ұқыптылығы, сөйлеу мәнері, педагогикалық әдебі.
Сабақ жоспарының орындалуы. Таңдаған әдістемелік тәсілдерінің дұрыстығы.
Сабақты бұдан да жақсартуға ұсыныстар, қорытындылар, тілектер. Сабақты талдауда басты назар аударатын негізгі мәселелер сабақтың мазмұны мен тәрбиелік, білімдік мәселелердің жүзеге асуы.
3. Мектеп типі, оған сипаттама.
Жалпы білім беретін мектеп – жалпы білім беретін мектеп – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламасын, сондай-ақ оқитындар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламасын пайдаланатын оқу орны. Жалпы білім беретін мектеп үздiксiз бiлiм беру жүйесiнiң негізгi буыны болып табылады және Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына мемлекеттiк стандарттың шегiнде тегiн жалпы орта бiлiм алудың мемлекет кепілдiк берген құқықты жүзеге асыру мүмкіндігін ұсынады.
Жалпы білім беретін мектептер мемлекеттік және мемлекеттік емес болады (басқа мемлекеттің меншігі, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының жеке мектептері). Статистикалық есептілікте жалпы білім беретін мектептер келесі тип бойынша топтастырылады: бастауыш (1-4 сыныптар), негізгі орта (5-9 сыныптар), жалпы орта (10-11(12) сыныптар), мектеп-интернаттар, дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектептер, түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер, гимназиялар, лицейлер және т.б.
Мұғалімдер мен оқытушылардың саны – тиісті кәсіптік білімі бар оқушылар мен студенттерді оқыту және тәрбиелеумен айналысатын, сондай-ақ тиісті кәсіптік білімі жоқ, алайда қажетті мамандардың болмауына байланысты Ұйым кеңесінің шешімі бойынша педагогикалық қызметпен айналысуға құқық алған тұлғалардың саны.
Біліммен жалпы қамту - жасына қарамастан оқу орнында нақты білім деңгейінде оқитын білім алушылардың нақты деңгейдегі халықтың теориялық жас тобындағы халықтың санына пайыздық қатынаста көрсетілген саны.
Біліммен таза қамту - нақты білім деңгейі үшін осы деңгейде оқитын теориялық жас тобындағы білім алушылар (студенттер) санының осы жас тобындағы халықтың жалпы санына арақатынасы.
Достарыңызбен бөлісу: |