Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер


Жалпы орта білім беру деңгейінің



бет150/294
Дата06.03.2024
өлшемі2.8 Mb.
#494503
түріБағдарламасы
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   294
65 - 132 › AK H0

Жалпы орта білім беру деңгейінің
жаратылыстану-математикалық бағытындағы
10-11-сыныптарына арналған «Химия» оқу пәні бойынша
Үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген)..

2. «Химия» пәнін оқытудың мақсаты - білім алушыларға зат және олардың айналымы, заттар қасиеттерінің олардың құрамы мен құрылысына тәуелділігін түсіндіретін заңдар мен теориялар туралы білім жүйесін ұсыну, шынайы өмірде қауіпсіз қолдана алу, ақпаратты сыни бағалау және шешім қабылдау үшін химиялық үдерістердің мағынасын, негізгі заңдар мен заңдылықтарды түсіну.
3. Негізгі міндеттері:

  1. заттар және олардың бір-бірімен әрекеттесу заңдылығы туралы білім жүйесін қалыптастыру ( фактілер, түсініктер, заңдар және теориялар);

  2. зияткерлік және экспериментальдық біліктер мен дағдылар түрінде

іс-әрекеттердің танымал әдістерін жүзеге асыру тәжірибелерін қалыптастыру;

  1. жаңа проблемаларды шешуде жаңа бір жағдайда бұрын меңгерілген білім және білікті өз бетімен жаңғыртуды талап ететін шығармашылық, ізденіс іс-әрекеттер тәжірибесін қалыптастыру, танымал іс-әрекеттер негізінде жаңа әдісін қалыптастыру;

  2. қоғамның әрбір мүшесінің өмірлік проблемасын шешуге әсер ететін, «Химия» пәнінің жиынтық үлесі болып табылатын өзекті және пәндік құзыреттіліктің қалыптасуында көрінетін, қоршаған ортаға қарым-қатынасын көрсететін адам әрекетінің объектіге немесе қаражатқа құнды және сындарлы қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   294




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет