Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер


-параграф. «Биология» оқу пәнінің мазмұны



бет195/294
Дата06.03.2024
өлшемі2.8 Mb.
#494503
түріБағдарламасы
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   294
65 - 132 › AK H0

1-параграф. «Биология» оқу пәнінің мазмұны

4. «Биология» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:



  1. 10-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 36 сағат;

  2. 11-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 36 сағат.

5. Оқу пәнінің мазмұны 4 бөлімді қамтиды:
1) тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері;
2) көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік. Эволюциялық даму;
3) ағза мен қоршаған орта;
4) қолданбалы кіріктірілген ғылымдар.
6. «Тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) тірі ағзалардың көптүрлілігі;
2) қоректену;
3) заттардың тасымалдануы;
4) тыныс алу;
5) бөліп шығару;
6) қозғалыс;
7) координация және реттелу.
7. «Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік. Эволюциялық даму» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) көбею;
2) жасушалық айналым;
3) өсу және даму;
4) тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары;
5) селекция негіздері;
6) эволюциялық даму.
8. «Ағза мен қоршаған орта» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) биосфера, экожүйе, популяция;
2)экология және адам қызметінің қоршаған ортаға әсері.
9. «Қолданбалы кіріктірілген ғылымдар» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) молекулалық биология мен биохимия;
2) жасушалық биология;
3) микробиология және биотехнология;
4) биомедицина және биоинформатика.
10. Биология пәнінің 10-сыныпқа арналған базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
1) «Тірі ағзалардың әртүрлілігі». Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдері. Филогенетикалық шежіре ағашы. Кладограммалар. Кладограммалар мен филогенетикалық ағаштар.
2) «Заттардың тасымалдануы». Пассивті тасымалдау механизмі: қарапайым диффузия, жеңілдетілген диффузия. Белсенді тасымалдың механизмі.
3) «Тыныс алу». Аденозинүшфосфаттың құрылысы мен қызметі. Метаболизм түрлері. Энергетикалық алмасу кезеңдері. Митохондрияның құрылымы мен қызметтері. Митохондрия құрылымдары мен жасушалық тынысалу үдерістерінің өзара байланысы.
4) «Бөліп шығару». Су мөлшерінің реттелуі. Нысана мүшелер. Гипофункция. Гиперфункция. Адам денесіндегі қан мен басқа сұйықтықтарды жасанды тазарту. Диализ әсерінің себептері. Диализ әдістері: перитонеальды, гемодиализ. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі. Диализ және бүйрек трансплантациясы. Артықшылықтары мен кемшіліктері.
5) «Қозғалыс». Көлденең жолақты бұлшықет ұлпаларының құрылысы. Бұлшықет талшықтарының жиырылу механизмі.
6) «Координация және реттеу». Орталық жүйке жүйесінің құрылысы. Мидың құрылысы мен қызметтері. Жұлынның құрылысы мен қызметтері.
7) «Жасушалық цикл» Өсімдіктер мен жануарлардағы гаметогенез. Гаметалар. Гаметогенез кезеңдері. Өсімдіктердегі спорогенез және гаметогенез. Онкологиялық жаңа түзілулердің пайда болуы. Обыр алды жағдайлардың туындауына әсер етуші факторлар. Қартаю. Қартаю үрдісі туралы теориялар.
8) «Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары». Модификациялық өзгергіштік. Белгілердің өзгеруіндегі вариациялық қатарлар.
Зертханалық жұмыс «Вариациялық қатар мен қисыққа құрылған модификациялық өзгергіштікті зерттеу».
9) Белгілердің тұқым қуалауындағы цитологиялық негіздер. Жынысқа тіркес тұқым қуалау. Есептер шығару.
10) Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы. Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі. Көп аллельділік. Комплиментарлық. Полимерия. Гендік, хромосомалық, геномдық мутациялар. Модельдеу «Адам кариограммасын құру. Геномдық мутацияны оқып білу». Хромосомалар санының ауытқуымен байланысты адамның хромосомдық аурулары.
11) «Селекция негіздері». Селекция әдістері арқылы ауыл шаруашылық өсімдіктері мен жануарлардың қолтұқымдарын жақсарту тәсілдері.
12) «Эволюциялық даму». Тұқымқуалайтын өзгергіштік пен эволюция арасындағы өзара байланыс. Тұқымқуалайтын өзгергіштік – эволюция негізі. Комбинативтік өзгергіштік, мутациялар. Табиғи сұрыпталу. Тіршілік үшін күрес. Гендер дрейфі. Популяциялық толқындар. Эволюцияның дәлелдемелері. Түр түзілудің механизмі. Антропогенез кезеңдері. Проантроптар. Архантроптар. Палеоантроптар. Неоантроптар.
13) «Молекулалық биология және биохимия». Жердегі тіршілік үшін судың маңызы. Көмірсуларды жіктеу: моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер. Көмірсулардың қасиеттері мен қызметтері. Липидтердің құрылымдық компоненттері. Майлардың құрылысы мен қызметтері. Нәруыздарды құрамы (жай, күрделі) және қызметі бойынша жіктеу. Нәруыз денатурациясы мен ренатурациясы.
Зертханалық жұмыс «Нәруыздардың құрылымына әртүрлі жағдайлардың әсері (температура, pH)».
14) Биологиялық нысандарда нәруыздың болуы.
Зертханалық жұмыс «Биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау».
15) Дезоксирибонуклеин қышқылы молекуласының қызметі. Рибонуклеин
қышқылы (РНҚ) молекуласының құрылысы мен қызметтері.
16) «Жасушалық биология». Жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктері. Жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланыс. Жасуша мембранасының сұйық-мозаикалық моделі.
17) «Биотехнология» Микроағзаларды өндірісте, ауыл шаруашылығында, медицинада, тұрмыста қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері. Гендік инженерияның маңызы. Полимеразды тізбекті реакцияны (ПТР) қолдану. Полимеразды тізбекті реакцияның таксономия, медицина және криминалистикадағы маңызы. Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың оң және теріс тұстары. Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтары.
18) «Биомедицина и биоинформатика». Биомеханиканы робототехникада қолдану. Инженерлік биомеханика (экзоқаңқа, робототехника т.б.). Медициналық биомеханика (протездеу т.б. Эргометриялық биомеханика (оптимизация т.б.) Жүрек автоматиясының механизмі. Жүрек бұлшықеттерінің жиырылғыштығы. Электрокардиография, оның диагностикалық маңызы.
11. Биология пәнінің 11-сыныпқа арналған базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
1) «Қоректену». Хлоропластың құрылымдық компоненттері және олардың қызметтері. Фотосинтездің пигменттері.
Зертханалық жұмыс «Әртүрлі өсімдік жасушаларында фотосинтездеуші пигменттердің болуын зерттеу».
2) Фотосинтездің жарық кезеңі. Фотофосфорлану. Фотосинтездің қараңғы кезеңі. Кальвин циклі. Фотосинтездің жылдамдығына әсер ететін факторлар. Фотосинтездің шектеуші факторлары: жарық толқынының ұзындығы немесе жарық интенсивтілігі, көмірқышқыл газының концентрациясы, температура.
3) Хемосинтез. Фотосинтез бен хемосинтез үдерістерін салыстыру.
4) «Заттардың тасымалдануы». Заттар тасымалдануының симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдары және олардың маңызы.
5) «Координация және реттеу». Биологиядағы басқару жүйесі. «Басқару жүйесі» ұғымы. Гормондардың әсер ету механизмі. Инсулин мен эстроген мысалдарында гормондардың нысана-жасушаларға әсер ету механизмі.
6) «Көбею». Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары. Сперматогенез бен оогенезді салыстыру.
7) «Өсу және даму». Бағаналы жасушалар ұғымы және олардың қасиеттері (қайта жаңаруы, жіктелуі). Бағаналы жасушалардың түрлері: эмбрионалды және соматикалық. Практикада қолданылуы. Этикалық аспектісі.
8) «Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары». Дезоксирибонуклеин қышқылының кездейсоқ мутациясы. Халықаралық «Адам геномы» жобасы.
9) «Биосфера, экожүйе, популяция». Түрлердің биоалуантүрлілігі мен экожүйенің тұрақтылығынң арасындағы байланыс. Түрлердің биоалуантүрлілігі. Жергілікті экожүйедегі ағзалардың саны мен таралуын анықтауда түрлі статистикалық әдістерді қолдану. Жергілікті экожүйенің биоалуантүрлілігін анықтауда кездейсоқ іріктеу әдісінің маңызы.
Зертханалық жұмыс «Талдаудың статистикалық әдістерін қолдану арқылы өз аймағының экожүйесінің жағдайын анықтау».
10) «Экология және адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері». Ғаламдық жылыну: себептері, салдарлары және шешу жолдары. Модельдеу «климаттың ғаламдық жылынуының компьютерлік моделі». Қазақстанның экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары.
11) «Молекулалық биология және биохимия». Антиденелердің құрылысы мен құрылымы. Антиген мен антидененің әрекеттесу механизмі. Фермент пен субстраттың өзара әрекеттесуі. Ферментативті катализде белсенді орталықтың рөлі. Ферменттердің иммобилизациясы.
12) Транскрипция. Трансляцияның кезеңдері.
13) «Жасушалық биология». Жасушалардың негізгі компоненттерін анықтау.
Зертханалық жұмыс «Жасушалардың негізгі компоненттерін микрофотографиялар қолданып сипаттау».
14) «Биотехнология». Грамм оң және грамм теріс бактериялар және олардың құрылыс ерекшеліктері. «Рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылы» ұғымы. Рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылының қолданылуы. «Клондау» ұғымы. Ферменттердің медицинада, химияда және өнеркәсіпте қолданылуы.
15) «Биомедицина және биоинформатика». Электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсер ету ерекшеліктері. «Биоинформатика» ұғымы. Биоинформатиканың құралдарын зерттеулерге қолдану. Экстрокорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) әдісі және оның маңызы. Экстрокорпоральды ұрықтандырудың этикалық аспектілері. Моноклоналды антиденелердің маңызы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   294




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет