Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер


-тарау. «Биология» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру (төмендетілген оқу жүктемесімен)



бет197/294
Дата06.03.2024
өлшемі2.8 Mb.
#494503
түріБағдарламасы
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   294
65 - 132 › AK H0

3-тарау. «Биология» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру (төмендетілген оқу жүктемесімен)
1-параграф. «Биология» оқу пәнінің мазмұны (төмендетілген оқу жүктемесімен)
16. «Биология» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі(төмендетілген оқу жүктемесімен):
1) 10-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағат;

  1. 11-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағат.

17. Оқу пәнінің мазмұны 4 бөлімді қамтиды:
1) тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері;
2) көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік. Эволюциялық даму;
3) ағза мен қоршаған орта;
4) қолданбалы кіріктірілген ғылымдар.
18. «Тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) тірі ағзалардың көптүрлілігі;
2) қоректену:
3) заттардың тасымалдануы;
4) тыныс алу;
5) бөліп шығару;
6) қозғалыс;
7) координация және реттелу.
19. «Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік. Эволюциялық даму» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) көбею;
2) жасушалық айналым;
3) өсу және даму;
4) тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары;
5) селекция негіздері;
6) эволюциялық даму.
20. «Ағза мен қоршаған орта» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) биосфера, экожүйе, популяция;
2) адам қызметінің қоршаған ортаға әсері.
21. «Қолданбалы кіріктірілген ғылымдар» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) молекулалық биология мен биохимия;
2) жасушалық биология;
3) микробиология және биотехнология;
4) биомедицина және биоинформатика.



  • 22. Биология пәнінің 10-сыныпқа арналған базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:

1) «Тірі ағзалардың әртүрлілігі». Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдері. Филогенетикалық шежіре ағашы. Кладограммалар. Кладограммалар мен филогенетикалық ағаштардың айырмашылығы. Кладограммалар мен филогенетикалық ағаштардың эволюциялық маңызы.
2) «Заттардың тасымалдануы». Беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының диффузия жылдамдығына әсері. Эритроцит жасушасы беттік аудан мөлшерінің, көлемге қатынасының маңызы.
Зертханалық жұмыс «Жасушаның беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасын анықтау».
3) Пассивті тасымалдау механизмі: қарапайым диффузия, жеңілдетілген диффузия. Белсенді тасымалдың механизмі.
4) «Тыныс алу». Аденозинтүшфосфаттың (АТФ) құрылысы мен қызметі. Аденозинтүшфосфаттың синтезі: глюкозаның анаэробты және аэробты ыдырау кезеңдері. Метаболизм түрлері. Энергетикалық алмасу кезеңдері. Митохондрияның құрылымы мен қызметтері. Митохондрия құрылымдары мен жасушалық тынысалу үдерістерінің өзара байланысы.
5) «Бөліп шығару». Су мөлшерінің реттелуі. Нысана мүшелер. Әсер ету эффектсі. Гипофункция. Гиперфункция. Адам денесіндегі қан мен басқа сұйықтықтарды жасанды тазарту. Диализ әсерінің себептері. Диализ әдістері: перитонеальды, гемодиализ. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі. Диализ және бүйрек трансплантациясы. Артықшылықтары мен кемшіліктері.
6) «Қозғалыс». Көлденең жолақты бұлшықет ұлпаларының құрылысы. Миофибрилла құрылымы (саркомерлер, актин, миозин т.б.). Жылдам және баяу жиырылатын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттерін, орналасуы мен құрылысы.
7) «Координация және реттеу». Орталық жүйке жүйесінің құрылысы. Мидың құрылысы мен қызметтері. Жұлынның құрылысы мен. Механорецепторлардың түрлері. Пачини денешігі мысалында рецепторлардың тітіркендіргіштің өзгерісіне жауап беру реакциясы.
8) «Жасушалық цикл» Өсімдіктер мен жануарлардағы гаметогенез. Гаметалар. Гаметогенез кезеңдері. Өсімдіктердегі спорогенез және гаметогенез. Ісіктің пайда болуы. Обыр алды жағдайлардың туындауына әсер етуші факторлар. Қартаю. Қартаю үрдісі туралы теориялар.
9) «Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары». Модификациялық өзгергіштік. Белгілердің өзгеруіндегі вариациялық қатарлар.
Зертханалық жұмыс «Вариациялық қатар мен қисыққа құрылған модификациялық өзгергіштікті зерттеу».
10) Белгілердің тұқым қуалауындағы цитологиялық негіздер. Дигибридті будандастыру кезіндегі хромосомалардың тәуелсіз ажырауы. Жынысқа тіркес тқұым қуалау.
Есептер шығару.
11) Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы. Кроссинговер нәтижесінде белгілердің тұқымқуалау заңдылықтарының бұзылуы. Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі. Көптік аллельділік. Комплиментарлық. Полимерия. Кенеттен және индуцияланған мутация. Гендік, хромосомалық, геномдық мутациялар. Модельдеу «Адам кариограммасын құру. Геномдық мутацияны оқып білу». Хромосомалар санының ауытқуымен байланысты адамның хромосомдық аурулары.
12) «Селекция негіздері». Селекция әдістері арқылы ауыл шаруашылық өсімдіктері мен жануарлардың қолтұқымдарын жақсарту тәсілдері. Гибридизация (будандастыру). Полиплоидия. Жасанды мутагенез.
13) «Эволюциялық даму». Тұқымқуалайтын өзгергіштік пен эволюция арасындағы өзара байланыс. Тұқымқуалайтын өзгергіштік – эволюция негізі. Комбинативтік өзгергіштік, мутациялар. Табиғи сұрыпталу. Тіршілік үшін күрес. Гендер дрейфі. Популяциялық толқындар. Эволюцияның дәлелдемелері: молекулалық-генетикалық, салыстырмалы-анатомиялық, эмбриологиялық, палеонтологиялық, биогеографиялық, биохимиялық дәлеледемелер. Түр түзілудің механизмі. Түр түзілудің оқшаулаушы механизмі. Түртүзілудегі репродуктивті оқшаулану. Антропогенез кезеңдері. Проантроптар. Архантроптар. Палеоантроптар. Неоантроптар.
14) «Молекулалық биология және биохимия». Жердегі тіршілік үшін судың маңызы. Көмірсуларды жіктеу: моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер. Химиялық құрылымы. Көмірсулардың қасиеті және қызметтері. Липидтердің құрылымдық компоненттері. Майлардың химиялық құрылысы мен қызметтері. Нәруыздарды құрамы (жай, күрделі) және қызметі бойынша жіктеу. Нәруыздардың құрылымдық деңгейлері мен құрылысы. Нәруыз денатурациясы мен ренатурациясы.
Зертханалық жұмыс «Нәруыздардың құрылымына әртүрлі жағдайлардың әсері (температура, pH)».
15) Биологиялық нысандарда нәруыздың болуы.
Зертханалық жұмыс «биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау».
16) Дезоксирибонуклеин қышқылы молекуласының қызметі. Репликация механизмі. Дезоксирибонуклеин қышқылы. Мезелсон мен Сталь тәжірибесі. Чаргафф ережесі. Рибонуклеин қышқылы (РНҚ) молекуласының құрылысы мен қызметтері. Матрицалық рибонуклеин қышқылы. Рибосомалық рибонуклеин қышқылы. Транспорттық рибонуклеин қышқылы. Рибонуклеин қышқылы және дезоксирибонуклеин қышқылы молекулалары құрылысының ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
17) «Жасушалық биология». Жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктері. Жасушаның негізгі компоненттері: жасуша қабырғасы, плазмалық мембрана, цитоплазма және оның органоидтары (мембранасыз, бірмембраналы және қосмембраналы). Ядро. Жасушаның негізгі компоненттерінің қызметтері. Жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланыс. Жасуша мембранасының сұйық-мозаикалық моделі. Мембраналық нәруыздардың, фосфолипидтердің, гликопротеиндердің, гликолипидтердің, холестеролдың қызметі.
Зертханалық жұмыс «Жасуша мембранасына әртүрлі жағдайлардың әсері».
18) «Биотехнология» Микроағзаларды өндірісте, ауыл шаруашылығында, медицинада, тұрмыста қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері. Полимеразды тізбекті реакцияны (ПТР) қолдану. Медициналық диагностикалауда, әкелікті негіздеуде, тұлғаларды дербестендіру медицинасында, гендерді клондауда, дезоксирибонуклеин қышқылы секвенирлеуде мутагенезде полимеразды тізбекті реакцияның маңызы. Гендік -инженериялық манипуляциялаудың кезеңдері. Гендік инженерияның маңызы. Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың оң және теріс тұстары. Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтары.
19) «Биомедицина и биоинформатика». Биомеханиканы робототехникада қолдану. Инженерлік биомеханика (экзоқаңқа, робототехника т.б.). Медициналық биомеханика (протездеу т.б. Эргометриялық биомеханика (оптимизация т.б.) Жүрек автоматиясының механизмі. Жүрек бұлшықеттерінің жиырылғыштығы. Электрокардиография, оның диагностикалық маңызы.

  • 23. Биология пәнінің 11-сыныпқа арналған базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:

  • 1) «Қоректену». Хлоропластың құрылымдық компоненттері және олардың қызметтері. Фотосинтездің пигменттері.

  • Зертханалық жұмыс «Әртүрлі өсімдік жасушаларында фотосинтездеуші пигменттердің болуын зерттеу».

  • 2) Фотосинтездің жарық кезеңі. Фотофосфорлану. Фотосинтездің қараңғы кезеңі. Кальвин циклі. Фотосинтездің жылдамдығына әсер ететін факторлар. Фотосинтездің шектеуші факторлары: жарық толқынының ұзындығы немесе жарық интенсивтілігі, көмірқышқыл газының концентрациясы, температура.

Зертханалық жұмыс «Шектеуші факторлардың фотосинтездің интенсивтілігіне әсерін зерттеу».
3) Хемосинтез. Фотосинтез бен хемосинтез үдерістерін салыстыру.
4) «Заттардың тасымалдануы». Заттар тасымалдануының симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдары және олардың маңызы. Жасуша мембранасы арқылы заттар тасымалдануының типтері. Натрий-калий сорғысы белсенді тасымал механизмінің мысалы ретінде. Мембраналық потенциалды сақтаудағы белсенді тасымалдың ролі. Су потенциалы.
Зертханалық жұмыс «Түрлі концентрациялы тұз ерітінділеріндегі жасушалардың су потенциалын анықтау».
5) «Координация және реттеу». Биологиядағы басқару жүйесі. «Басқару жүйесі» ұғымы. Температураның/көмірқышқыл газының/оттегі газының деңгейлерінің реттелуі мысалында кері байланыс принципі. Гормондардың әсер ету механизмі. Инсулин мен эстроген мысалдарында гормондардың нысана-жасушаларға әсер ету механизмі. Өсіргіш заттар. Өсіргіш заттардың өсімдіктерге әсер ету механизмі. Ауксин әсері.
Зертханалық жұмыс «Ауксиннің тамырдың өсуіне ықпал етуі».
6) «Көбею». Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары. Сперматогенез бен оогенезді салыстыру.
7) «Өсу және даму». Бағаналы жасушалар ұғымы және олардың қасиеттері (қайта жаңаруы, жіктелуі). Бағаналы жасушалардың түрлері: эмбрионалды және соматикалық. Практикада қолданылуы. Этикалық аспектісі.
8) «Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары». Дезоксирибонуклеин қышқылының кездейсоқ мутациясы. генетикалық үдеріс қателері: репликация және рекомбинауия. Халықаралық «Адам геномы» жобасы. Адамның геномдық езоксирибонуклеин қышқылынын секвенирлеу. Жоба аясында жүргізілген зерттеулердің маңызы.
9) «Биосфера, экожүйе, популяция». Түрлердің биоалуантүрлілігі мен экожүйенің тұрақтылығынң арасындағы бпйланыс. Түрлердің биоалуантүрлілігі. Харди - Вайнбергтің генетикалық тепе-теңдік заңы. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін қорғау. Жергілікті экожүйедегі ағзалардың саны мен таралуын анықтауда түрлі статистикалық әдістерді қолдану. Жергілікті экожүйенің биоалуантүрлілігін анықтауда кездейсоқ іріктеу әдісінің маңызы.
Зертханалық жұмыс «Талдаудың статистикалық әдістерін қолдану арқылы өз аймағының экожүйесінің жағдайын анықтау».
10) «Экология және адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері». Ғаламдық жылыну: себептері, салдарлары және шешу жолдары. Модельдеу «климаттың ғаламдық жылынуының компьютерлік моделі». Қазақстанның экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары.
11) «Молекулалық биология және биохимия». Антиденелердің құрылысы мен құрылымы. Антиген мен антидененің әрекеттесу механизмі. Фермент пен субстраттың өзара әрекеттесуі. Ферментативті катализде белсенді орталықтың рөлі. Ферменттердің иммобилизациясы;
Зертханалық жұмыс «Иммобилизациялаудың ферменттердің белсенділігіне әсерін зерттеу».
12) Транскрипция. Трансляцияның кезеңдері. Генетикалық кодтың қасиеттері: үшөрімділігі, көптігі, әмбебаптығы, бірін-бірі жаппайтындығы.
13) «Жасушалық биология». Жасушалардың негізгі компоненттерін анықтау.
Зертханалық жұмыс «Жасушалардың негізгі компоненттерін микрофотографиялар қолданып сипаттау».
14) Органелдердің сызықтық ұлғаюын есептеу. Оптикалық және электронды микроскоптардың үлкейту және айқындау мүмкіндіктері арасындағы айырмашылықтар.
15) «Биотехнология». Грамм оң және грамм теріс бактериялар және олардың құрылыс ерекшеліктері. «Рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылы» ұғымы. Рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылын алу тәсілдері. Рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылының қолданылуы. «Клондау» ұғымы. Ағзаларды клондау тәсілдері. «Микроклондау арқылы көбейту» ұғымы. Микроклондау арқылы көбейтудің кезеңдері мен әдістері. Маңызы. Ферменттердің медицинада, химияда және өнеркәсіпте қолданылуы.
16) «Биомедицина және биоинформатика». Электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсер ету ерекшеліктері. «Биоинформатика» ұғымы. Биоинформатиканың құралдарын зерттеулерге қолдану. Экстрокорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) әдісі және оның маңызы. Экстрокорпоральды ұрықтандырудың этикалық аспектілері. Моноклоналды антиденелердің маңызы. Моноклоналды антиденелердің өндірісі. Моноклоналды антиденелер көмегімен ауруларды диагностикалау және емдеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   294




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет