Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер


Жалпы орта білім беру деңгейінің мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын желілік «Абай мектептерінің»



бет248/294
Дата06.03.2024
өлшемі2.8 Mb.
#494503
түріБағдарламасы
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   294
65 - 132 › AK H0

Жалпы орта білім беру деңгейінің мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын желілік «Абай мектептерінің»
10-11-сыныптарына арналған «Абайтану» оқу пәні бойынша Үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).

2. «Абайтану» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасының мақсаты:
1) Абай шығармашылығының идеялық, мазмұндық-құрылымдық сипатын, тілдік, стильдік, жанрлық ерекшеліктерінен жүйелі білім беру;
2) білім алушылардың танымдық (тілдік танымдық, дүниетанымдық, тұлғатанымдық) қабілеттерін дамыту;
3) Абай ілімдері арқылы тұлғалық қасиеттерді: адамгершілік, этномәдени, тарихи, ұлттық құндылықтарды таныту, бағалай алу құзыретін дамыту, шығармашылық қабілетін шыңдау;
4)білім алушылардың өзіндік даму бағытын, сыни ой-пайымын қалыптастыру;
5)әдеби-эстетикалық талғамдары мен ізгілік және іскерлік құндылықтарын, коммуникативті құзыреттерін жетілдіру;
6) білім алушылардың сөздік қорын дамыту.
3. «Абайтану» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасының міндеті:
1) Абайдың өлеңдері мен қарасөздерінде өрнектелген «қуатты ойды» таразылау, пәлсапалық сөздерінің мән-мағынасын ашу арқылы тәлімгерлік тағылымын таныту;
2) ақынның аудармашылық шеберлігін және нәзиралық дәстүрін таныту;
3) Абайдың қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын, ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған идеялық-көркемдік ықпалын, өлең өнеріндегі қайталанбас қолтаңбасы мен шеберлігін, ақындық мектебін таныту;
4) ақын шығармалары арқылы ұлттық болмысымызды ұғыну, түрлі ұлттар әдебиетіндегі ұқсастықтарды ажырату, басқа ел әдебиетінің көрнекті үлгілерімен салыстыра алу;
5) Абайдың иман жолын таразылайтын ой толғамдарын шығармалары арқылы игеру, Алланы ақылмен тану қағидаттарын пайымдау;
6) ақынның шығармашылық бастауларын, қазақтың дәстүрлі өнерінен үйренгенін, сөз өнерін дамытудағы реформаторлық қырын, шығыс әдебиетімен байланысын зерделеу, Абай шығармашылығына шығыс мәдениетінің ықпалын тану, Абайдың тұлғалық кемелдену жолын саралау;
7) Абайдың орыс, еуропа әдебиеті классиктерімен шығармашылық өзектестігін, орыс, батыс қаламгерлерімен шығармашылық байланысын зерделеу, ұлттық мәдениеттегі маңызды орнын бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   294




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет