Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер


-параграф. Оқыту мақсаттарының жүйесі



бет250/294
Дата06.03.2024
өлшемі2.8 Mb.
#494503
түріБағдарламасы
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   294
65 - 132 › AK H0

2-параграф. Оқыту мақсаттарының жүйесі
14. Бағдарламада оқу мақсаттары кодпен берілген. Кодтың бірінші саны сыныпты, екінші және үшінші саны негізгі бөлімдердің ретін, төртінші саны оқу мақсатының ретін көрсетеді. 10.2.1.1 кодында: «10» – сынып, «2.1» – негізгі дағдылар, «1» – оқу мақсатының реті.
15. Оқыту мақсаттарының жүйесі бөлім бойынша әр сыныпқа берілген:
1) білу және түсіну:



Негізгі дағдылар

Оқыту мақсаттары




10-сынып

11-сынып

1. Көркем шығармадағы поэтикалық қолданыстардың мәнін ашу, мәтіндегі қызметін түсіну

10.1.1.1 көркем шығармадағы поэтикалық тілдің ерекшелігін айқындау

11.1.1.1 шығарма мәтініндегі жекелеген сөздердің образдық, концептілік мәнін түсіну

2. Шығарма үзінділерімен жұмыс

10.1.2.1 жекелеген нысандардың, сөз образының идеяны ашудағы рөлін түсіну

11.1.2.1 көркем шығарманың құрамды бірліктерімен шығармашылық жұмыс

3. Шығармадағы өзекті мәселе, идеялық мазмұн

10.1.3.1 мәтіннің өзекті ойын/шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын түсіну

11.1.3.1 көркем шығармадағы образдар (сөз образдары) мен мотивтердің туынды идеясымен байланысын түсіну;
11.1.3.2 шығарманың өзекті ойын, концепциялық мәнін, өмір шындығымен байланыста түсіну

4. Көркем шығармадағы форма мен мазмұн бірлігі

10.1.4.1 шығармадағы объективті идеяны, (пәлсапалық трактаттардағы мәнді), көркемдік шешімді айқындау;
10.1.4.2 әдеби шығарманың композициялық құрылымы мен мазмұн бірлігін талдау арқылы идеялық мазмұнын түсіну

11.1.4.1 әдеби шығарманың композициялық құрылымы мен мазмұн тұтастығын талдау арқылы көтерілген әлеуметтік, гуманистік, тұлғатанымдық, психологиялық, заманауи мәселелерді терең түсіну

5. Интерпретация (ауызша, жазбаша)

10.1.5.1 шығарманың идеялық мазмұнын заманауи көзқарастармен кіріктіре отырып интерпретациялау;
10.1.5.2 көркем шығарманы өзге жанрда (әңгіме, мысал, миниатюра ) ауызша/жазбаша интерпретациялау

11.1.5.1 көркем шығарманың идеялық концепциясын сақтай отырып өзге нысанда (сценарий, мозайка, комикс) интрепретациялау

2) талдау және жинақтау:





Негізгі дағдылар

Оқыту мақсаттары




10-сынып

11-сынып

1. Әдеби шығарманың композициялық құрылымы мен идеялық мазмұнын талдау

10.2.1.1 әдеби шығарманың композициялық құрылымы мен идеялық мазмұнын, талдау, (ментальді карта, кластер, тұжырым кестесі нысандарда) жинақтау

11.2.1.1 әдеби шығарманың композициялық құрылымы мен идеялық мазмұнына талдау, авторлық ұстанымды айқындау

2. Көркем шығармадағы образ, типтік характер

10.2.2.1 көркем шығармадағы образдарды жинақтау мен даралау

11.2.2.1 көркем шығармадағы образдарды жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету

3. Көркем шығарманың тілі, стилі

10.2.3.1 шығарманың идеялық-көркемдік мазмұнын ашуда қаламгер қолданған тіл ерекшелігі: лексика- семантикалық, мәнмәтіндік, образдық, мәнін талдау

11.2.3.1 қаламгердің даралық стилін (шығарма тілінің лексика- семантикалық, этномәдени, когнитивті мәнін, образдық-эстетикалық өрісін) талдау

4. Көркемдік тәсілдер

10.2.4.1 шығармадағы көркемдік тәсілдерге талдау (троп пен фигура түрлері), авторлық идеалды айқындау

11.2.4.1 шығармадағы көркем дік тәсілдерге (троп пен фигура түрлеріне) талдау, авторлық интенция, идеалды айқындау

3) бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім):





Негізгі дағдылар

Оқыту мақсаттары




10-сынып

11-сынып

1. Тарихи шындық және көркемдік шешім

10.3.1.1 көркем мәтіндегі шығарманың ұлттық және тарихи құндылығын бағалау;
10.3.1.2 көркем мәтіндегі мәселені мазмұндас туынды үлгілерімен салыстырып бағалау

11.3.1.1 шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырып, ұлттық және тарихи құндылығын бағалау

2. Көркемдік құндылығы

10.3.2.1 шығарманың танымдық, көркем-эстетикалық құндылығына баға беру

11.3.2.1 шығарманың идеясын көркемдік- эстетикалық құндылық тұрғысынан әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап баға беру

3. Әдеби эссе

10.3.3.1 шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби хат, лирикалық эссе, миниатюра жазу

11.3.3.1 көркем шығарманың гуманистік, жалпы адамзаттық, рухани құндылығына баға бере отырып объективті, субъективті эссе жазу

4. Әдеби сын

10.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын (рецензия) жазу

11.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, әдеби сын, мақала жазу

15. Тоқсандағы бөлімдер мен бөлімшелер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.
16. Осы оқу бағдарламасы Жалпы орта білім беру деңгейінің қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған желілік «Абай мектептерінің» 10-11-сыныптарына арналған «Абайтану» оқу пәні бойынша Үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспарға (оқыту қазақ тілінде) сәйкес жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   294




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет